Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

«Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалардың құқықтарымен міндеттерінің туындау негіздері.........................................................................................................................
1.1.Ата-аналардың балалардың құқықтары мен міндеттері....................................4
1.2.Ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу.............................................6
2.Баланың құқықтары...............................................................................................
2.1.Баланың мүліктік емес құқықтары....................................................................10
2.2.Баланың мүліктік құқықтары.............................................................................15
2.3.Баланың қорғалу құқығы....................................................................................19
2.4.Балалардың құқық қорғау органдары................................................................22
Қорытынды..............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35
Қосымша.......................................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Ляззат 2Омаровна.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе 

     «Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.

     Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған  тәсіл бір-бірімен некеде тұратын  ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

     Жалпы  ата-аналармен балалардың құқықтары  мен міндеттеріне келсек

Балалардың  тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.

  Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады

 А)  баланың атын, тегін, әкесінің  атын және, сондай-ақ оның ұлты  мен азаматттығын анықтау кезінде 

Б) балаладың  құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда

     Жаңа  Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын.1

  Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты.

      Ал  баланың құқықтарына келесек,

   Баланың отбасында  өмір сүру және тәрбиелену құқығы

  1. Он  сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған  адам бала деп танылады.

  2. Әрбір  баланың мүмкін болғанынша отбасында  өмір сүруге және тәрбиеленуге  құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы жоқ.

     Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерн  қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетіне құрметтелуіне  құқығы бар.

  Ата анасы болмаған жағдайда, оларды ата ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында  баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

     Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар құқығын қорғау саласында глобалдыөзгерістерге жетті. 2002жылы 8 тамызда қабылданған Қазақстан  Республикасының балалар құқығы туралы Заңы құқығының дамуына өте  орасан зор әсерін тигізді. Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрады.

1.АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ      ҚАТЫНАСТАР. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ.

1.1.Ата-аналардың  балалардың құқықтары мен міндеттері 

     Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің туындау негізі.

     Ата-аналар мен балалардың арасындағы  құқықтық қатынастардың            пайда болуының негізгі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.  Алғашқы дәстүрлі және (нәмесе) кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

     «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес2 бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некені әйелден туған баласы әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.

     Баланы  неке бұзылған, оны жарамсыз деп  таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.3     Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуе қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді. Жаңа заң, сонымен бірге баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді.

     «Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабының  1-тармағына сәйкес баланың анасы  жағынан тегін ( анасы болуын) ананың медициналық мекемеде туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда –медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органын белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған жағдай да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.

     Бала  туғанда ата-анасы некеде болмаса , немесе анасы баласының әкесі  жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.

     Балалардың  тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі           құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.

     Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай  жағдайларда қолданылады

     А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде 

     Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың  атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

     В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда

     Жаңа  Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын4, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын5, баланың өз пікірін білдіру құқығын6.

       Құқықтық қатынастардың бірқатары  баланың ат алуға, әкесінің  атын және тегін алу құқығына  ие болуына байланысты.7    Балаға ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған  шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрметуі бойынша анықталады.

       Баланың тегі ата-анасының  тегімен айқындалады. Егер ата-аналардың тегі ортақ болса, онда сол тек балаға  да беріледі.

     Ал, ата-анасысының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының  келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша  балардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немеесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты  ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

     Егер  ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әр тұрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде  әкесінің немесе шешесінің ұлтымен  айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін 8.

     Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен  мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.

     Ата-аналардың  қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөнінде ата-аналардың өкілдігімен9

 анықталады. 
 
1.2.Ата-ананы құқықтарынан айыру және оларды    шектеу 

     1.Егер  ата-аналар (олардың біреуі):

1)ата-ана  міндеттерін орвндаудан, оның ішінде  алимент төлеуден қасақан жалтаратын  болса; 10

2)  өз  баласын перзетханадан бөлімшесінен  не өзге де балаларды тәрбиелеу,  емдеу немесе басқа да мекемелерден  алудан дәлелді себептерсіз бас  тартса;

3)өздеріңнің  ата-ана құқықтарын пайдаланып  қиянат жасаса;

4)балаларға  қатігездік көрсетсе,оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

5)заңдарда  белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уыт құмарлықпен  ауырады деген болып танылған  болса, оалар ата-ана құқығынан  айырылуы мүмкін.

     2. Өз балаларының не жұбайының  өміріне немесе денсаулығына  қарсы қасқана қылмыс жасаған  жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

     Ата-ана  құқығынан айыру тәрібі 11

     1. Ата-ана құқығынан айыру сот  тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана  құқығынан айыру туралы істер  ата-аналардың біреуінің олардың  орындағы адамдардың), кәмілетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі  міндеттер жүктелген органдардың  немесе ұйымдардың қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының)

Арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

     2. Ата-ана құқығынан айыру туралы  істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

     3. Ата-ана құқығынан айыру туралы  істі қарау кезінде сот ата-ана  құқығынан айырылған ата-аналардан, (олрдың біреуінен)алимент өндіріп  алу туралы мәселені шешеді.

     4.Егер  сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың (ардың біреуінің) іс әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізу міндетті.

Информация о работе Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар