Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 6

1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................10

1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................13

2. «РЗА» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«РЗА» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................................16
«РЗА» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау..................................................................................................................25


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

КаС ПОРЫННЫн НЕГ ЗГ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ.doc

— 281.00 Кб (Скачать)
p align="justify">техникалық  және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, көптеген материалдық ресурстары бар ең ірі мекеме.«РЗА» АҚ-ның негізгі саласы – құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіптерімен айналысатын кәсіпорын.

         Өндірісті жабдықтау бөлімінде  құрылыс материалдары қабылданып, тиісті жерлерге тарату жұмыстары жүргізіледі. Мұнда жүк тиеу-түсіру алаңы, ұзындығы 3,2 км темір жол тұйығы,қоймалар,ағаш өңдеу цехы, кіші мұнай базасы, 30 тонналық автоөлшегіш, тәулігіне 50м³ шығаратын бетон зауыты бар.

        Механикалық жөндеу шеберханасында  түрлі техникаларды жөндеу жұмыстары көрсетіледі.Шеберхана аумағында қосалқы бөлшектерді сақтайтын қойма, техникаларға арналған жабық гараж, түрлі бейнедегі токарь станоктары, темір ұстасының станоктары бар.

         Қоғамға қарасты 150 көлікке арналған көлік базасында аккумуляторлық, дәнекерлеу, токарь цехтары, жабық гараждар бар. Сонымен қатар Арал, Қазалы аудандарының жабық мекемелері және жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін сыйымдылығы 405 тн мұнай базасы және май тарату бекеті өз қызметтерін көрсетуде.

          «Рза» АҚ-да 1100-ге жуық жұмысшы-қызметкерлер істейді.Аудан облыстың солтүстігінде болғандықтан сырттан инвесторлар келмесе де, «Рза» АҚ-ы агроөнеркәсіп кешенінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосты.

           «Рза» АҚ кезінде шауашылығын  тоқтатқан ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру және агроөнеркәсіп секторын дамыту мақсатында Ғ.Мұратбаев, Майдакөл және Бекарыстан би ауылдарының шаруашылығын жүргізетін «Рза-Агро» ЖШС-ін құрды. Бұл серіктестік дәнді дақылдардың көптеген түрін өсірумен айналысады.Жыл сайын күріш, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа, бидай, жүгері егіліп, күтіп бапталып, егін жиналуда.

           Өндірілген күрішті кластерлік  жүйеге келтіру мақсаттында Оңтүстік  Кореядан «Корея Industrial Co LTD» компаниясынан сағатына 5,0 тн күріш ақтайтын жаңа технология алынып, 2006 жылы күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Жұмысшылар 2 ауысымда жұмыс жасайды.

          Күріш өнімдеріне Ресей, Белоруссия, Тәжікстан және Украина мемлекеттері  жоғары бағалайды. 1996 жылдан бері «Рза» АҚ-ы нан зауыты халық тұрғындарына қызмет көрсетіп тұр. Онда 12 түрлі өнім шығарылады.Атап айтқанда, қара нан, ақ нан, булочки, пряник, коржик, батон,плетенка, макарон өнімдері әзірленуде. Өнім сапасы, салмағы стандартқа сай. 2007жылы мамырында Солтүстік Қазақстан облысынан қара ала 100 голландиялық асыл тұқымды сиырлар әкелінді.Қазіргі таңда сиырлар төлдеп, мал басы көбейіп, сүт өндіру фермасы ашылды. Ферманы бүгінгі заманға сай техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.Ферма маңында жұмысшыларға арналған 2 пәтерлік 2 тұрғын үйде 4 отбасы тұрады. Сүт фермасында 6 түрлі сүт өнімдері׃ сүт, айран, қаймақ, сары май, сүзбе, құрт шығарылады. Қоғамның жұмысын толық жетілдіру үшін ИСО 9001׃2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджмент жүйесі,ҚР СТ 9001:2001 енгізіліп, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 2000-2006 Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға іс-шаралар жүргізіп, оларға ие болды.

          2005 жылы 05 тамызда ҚР Премьер-министрінің міндетін атқарушы Ахметжан Есімов ірі қара комплексінде болып, ферманың жұмыстарымен танысып: - Мен Республикамыздың ауыл шаруашылығына байланысты көптеген жерлерде болдым. Мұндай жақсы жабдықталған ірі қара комплексін бірінші рет көріп тұрмын. Сіздердің қолға алған жұмыстарыңыз халық игілігі үшін  өте пайдалы. Сіздерге табыс тілеймін. Осы ірі қара кешені негізінде арнайы семинар өткізу керек , - деген ұсыныс жасады.

        2006 жылдың 22 сәуірінде ірі қара  комплексі мен сүт өнімдерін өндіру және өңдеу цехы базасында мал  тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жақсартуға арналған облыстық семинар кеңес өтті. Оған қала және аудан әкімдері, орынбасарлары, облыстық  және аудандық  басқарма басшылары  мен мал тұқымын асылдандыру жөніндегі инспекторлары, Арал өңірі агроэкология және ауылшаруашылығы ғылыми  зерттеу институтының ғалымдары, асыл тұқымды мал  шаруашылықтарының басшылары мен мамандары қатысты. Қонақтар сүт фермасында болып, 100 бас ірі қараға арналып салынған мал тұратын орынды көріп, малға күтім жасау, азықтандыру, сүт өндіру, төл алу, малды жерсіндіру жұмыстарымен танысты. Қоғамға қарасты Жаубасар, Әйтімбет, Талқанбай, Сығай учаскелерінде  263 бас түйе,  429 бас жылқы,550 бас сиыр, 2465 бас қой бағылуда.

         2006 жылдың 01 маусымында « DUCK-Export -Vermittlungen» компаниясымен келісім шарт жасалып, шұжық цехы іске қосылды. Мұнда шығарылатын ет өнімдері: «Одесская», «Краковская», «Докторская», «Чайная», «Московская» және жылқы етінен жасалған сарделька, түшпара, тартылған ет, котлеттер.

       Қазалы ауданы бойынша Басықара  каналының арнасын қайта жаңарту  үшін 16 748 000 теңгенің; солжаға магистралдық каналын реттеуде 74 353 000 теңгенің; Аранды, Лақалы, Тасарық, Шакен елді мекендеріндегі су тарату  жүйесі күрделі жөндеуден өткізу үшін 21 750 000 теңгенің; су тасқынына қарсы бөгет салу кезінде 18 726 385 теңгенің жұмыстары атқарылды. Мүгедектерге, жетім жесірлерге, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына отын- суына, дәрі-дәрмекке, басқа да тұрмыстық шығындарын жабуға қайырымдылық көмек; аудандық әйелдер кеңесінің жанынан шығатын «Ару-Ана» газетіне; талантты жастарды қолдауда  демеушілік көмек көрсетіліп келеді. 
 
 

      1 кесте – РЗА АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері

 
Негізгі көрсеткіштер
 
Өлшем бірлігі
 
2009

жыл

 
2010

жыл

 
Ауытқу
+;- %
1 Өткізілген  өнімнен түскен түсім  
мың тг.
3058685 2487431 -571254 -18,7
2 Өнімнің  өзіндік  құны мың тг. 2710081 2350838 -359243 -13,3
3 Жалпы табыс мың тг. 348604 136593 -212011 -60,8
4 Кезең шығындары мың тг. 148990 115962 -33028 -22,2
5 Негізгі қызметтен  түскен табыс мың тг. 199614 30000 -169614 -84,9
6 Негізгі емес қызметтен  түскен табыс мың тг. - - - -
7 Салыққа дейінгі  жиынтық табыс мың т. 199614 30000 -169614 -84,9
8 Таза табыс мың тг. 196746 24000 -172746 -87,8
9 Өткізілген  өнімнің 1 тг кеткен шығыны теңге 88,6 94,5 5,9 6,7
10 Өнім рентабельділігі % 7,3 1,02 -6,28 -86,03
11 Сату рентабельділігі % 6,43 0,96 -5,47 -85,1
12 Өндіріс рентабельділігі % 24,6 2,2 -22,4 -91,1
13 Жұмысшылардың орташа тізім саны адам 400 420 20 5
14 Жұмысшылардың еңбекақы қоры мың тг. 1224157 1565149 340992 27,9
15 Жұмысшылардың орташа еңбекақысы теңге 29835 36331 6496 218
16 Негізгі құралдардың  орт. жылдық құны мың тг. 326603 606460 279857 85,7
17 Қор қайтарымы теңге 9,37 4,1 -527 -56,2
18 Қор сиымдылығы  теңге. 0,11 0,24 0,13 118,2
19 Қормен қарулану  мың тг. 816,5 1443,9 627,4 76,8
    Ескертпе - "РЗА" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді
 

      Кестені қарастырсақ екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол  көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талдап көрейік.

      Өткізілген  өнімнен түскен табыс есепті жылды  базалық жылмен салыстырсақ, ауытқу -571254 мың тг құрап, 18,7 пайыз оң өзгеріс алып келді. Мұның себебі, нарыққа жаңа материал шығып соның есебінен өтім күшейді. Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты   13,3 пайызға өсуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -212011 мың тг құрап, өзіндік шығындардың асыра қымбаттауынан теріс нәтижені көрсетіп отыр. Кезең шығындарына тоқталсақ, бұл базалық жылы 148990 мың тг құраса, есепті жылы 115962 мың тг құрап -33028 мың тг, яғни 22,2 пайызға өсіп отыр. Бесінші көрсеткіш негізгі қызметтен түскен табыс 2009 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 84,9%-га төмендеді.Салыққа дейінгі жиынтық табысты қарайтын болсақ, 2009 жылды 2010 жылмен салыстырсақ, 15,2 есе теріс өзгеріс байқалады. Бұл жалпы есепті жылы табыстың айтарлықтай төмендеуі және шығындардың көбеюі қатты әсер етті. Сегізінші көрсеткіш таза табысқа келетін болсақ, корпоративтік төлемнен кейін 2010 жылды өткен жылмен салыстырсақ  -172746 мың тг болып 87,8 пайыз төмендеді. Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны базалық жылы 88,6 болса, есепті жылы ол 5,9тг өсіп, 6,7 пайызға жоғарылаған. Келесі көрсеткіштеріміз кәсіпорынның рентабельділігімен тығыз байланысты өнім және сату рентабельдіктеріне келетін болсақ, бұлар 86,03-85,1 ке дейін төмендесе, өндіріс рентабельділігі бұдан да үлкен айырмашылықты 91,1 пайыз теріс нәтижені көрсетіп тұр. Бұл өзгеріс кәсіпорынның үлкен шығындарымен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны біршама өзгерістерге ұшырап отыр. өндіріс көлемін ұлғайтуға, қосымша цехтар ашуға байланысты жұмысшылар саны артып отыр, яғни 2009 жылы 400 адам болса, ал 2010 жылы 5 % артып 420 адамға жеткен. Сәйкесінше бұл өзгеріс жұмысшылардың еңбекақы қорына өз ықпалын тигізіп отыр, мұндағы ауытқу 6496 мың тг құраған. "РЗА" АҚ-ның жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келе 6496 теңгеге өскен, нәтижесінде есепті жылы 21823,1 теңге болып отыр. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылы 143132 мың теңге. Мұндай өзгеріс себебі қосымша цехтардың ашылуына, оларға алынған құрал-жабдықтардың есебінен негізгі құралдардың орташа жылдық құны өсіп отыр.

     Келесі  қарастыратын  көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты.Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі кәсіпорынның қор құрылымын  құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық  политикасы.

            2009 жылы  "РЗА" АҚ-ның қор қайтарымдылығы 2,32 мың тенге, ал 2010 жылы 2,01 мың тенгеге азайып отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2010 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне түскен пайда көлемі теріс болды, яғни кәсіпорын шығынға жұмыс істеді. Ал енді кәсіпорынның натуралды күйде өндіретін өнім көлемін көрелік.

 

    3 кесте - "РЗА" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл Ауытқу
+ / - %
1 Тәуелсіздік коэффициенті 0,51 0,34 -0,17 66,6
2 Тәуелділік  коэффициенті 0,49 0,65 0,16 132,6
3 Қаржыландыру  коэффициенті 1,04 0,53 -0,51 51,0
4 Қарыз және меншік капиталдың арақатынасы 0,96 1,8 0,84 187,5
    Ескертпе - "РЗА" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді
 

     Тәуелсіздік коэффициенті - бұл кәсіпорын меншікті капиталының жалпы активтеріндегі үлес салмағын көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 2010 жылы 0,34 ті құраған, өткен жылмен салыстырғанда 34,4 %-ға төмендеген.

      Тәуелділік  коэффициенті – бұл кәсіпорынның міндеттемелерінің (қарыз капиталының ) кәсіпорын активіндегі үлес салмағын көрсетеді, яғни кәсіпорын міндеттемелері мен есептесе алу қабілеттілігін анықтайды. "РЗА" АҚ - ның жабдықтар мен бюджет алдындағы қарыздарының өсу есебінен тәуелділік коэффициенті өсіп,  32,6%-ға артқан.

      Қаржыландыру  коэффициенті - меншікті капиталды тартылған капиталға бөлу арқылы табылады. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі  меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражат есебінен қаржыланатынын көрсетеді. 2010 жылы бұл коэффициент 49%-ке азайды.

  Табыс ақшалай формасында кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының барлық түрлері соған сайылатын ортақ негіз болып табылады. Тәжірибеде пайданың төрт түрін саралайды; баланстық пайда, тауарлы өнімді өткізуден болған табыс, басқалай өткізуден болған табыс және өнім өткізуден тыс табыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 «РЗА» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау 

        Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасының үлес салмағынан тұрады. Негізгі қордың саны, техникалық деңгейі тиімді пайдалануы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты болады. Олар; өнімді шығару, оның өзіндік құны, пайда, рентабелділік дәрежесі және қаржылық жағдайлардың тұрақтылығы.

    Негізгі  қорлардың пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттері-оның қорлардың көлемін, құрамы мен динамикасын талдау, техникалық жағдайын бағалау, кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін,пайдалану көрсеткіштерін зерттеу, пайдаланылу көрсеткіштеріне факторлардың жасайтын ықпалын анықтау, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту резервтерін анықтау, пайдаланылу тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу. 

      7 кесте – "РЗА" АҚ-ның негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер Өлшем  бірлігі 2009 2010 Ауытқу
+ / - %
1 Өнімді өткізуден  түскен түсім мың тг 3058685 2787431 -571254 -18,7
2 Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны мың тг. 326603 606460 279857 85,7
3 Қор қайтарымы теңге 9,37 4,1 -527 -56,2
4 Қор сиымдылығы  теңге. 0,11 0,24 0,13 118,2
5 Жұмысшылар  саны адам 400 420 20 5
6 Қормен карулану мың теңге. 816,5 143,9 627,4 76,8
    Ескертпе - "РЗА" АҚ-ның мәліметтері  бойынша есептелінді

Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары