Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі....................................................... 6

1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі ......................................................................................................................10

1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері .....................................................................................................................13

2. «РЗА» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
«РЗА» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау................................16
«РЗА» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау..................................................................................................................25


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

КаС ПОРЫННЫн НЕГ ЗГ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

  

                                          ЖОСПАР 

КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3 

1.  КӘСІПОРЫННЫҢ  НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ  ТИІМДІЛІГІН  КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Нарықтық  экономика жағдайындағы негізгі  капиталды  тиімді   пайдаланудың  мәні,  құрылымы  мен  жіктелуі....................................................... 6

1.2    Құрылыс   материалдар   өнеркәсібінің   негізгі    құралдарының    ұдайы өндірісі  ......................................................................................................................10

1.3  Негізгі  құралдардың пайдалану тиімділігін  бағалаудың әдістемелік негіздері  .....................................................................................................................13 

    2. «РЗА» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

    1. «РЗА»  АҚ-ның   экономикалық    белсенділігін талдау................................16
    2. «РЗА» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау..................................................................................................................25
 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

 
 
 
 
 
 
 

                                                   Кіріспе 

    Нарықтық  қатынастарға өтумен байланысты әр бір  қоғам даму жолдарын таңдау алдында  тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

    Өнім  өндірісі және қызмет көрсету процессінде  келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары өндіріс қорлары, адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

    Өндірістің  заттанған құралдары кәсіпорын  капиталы деп аталады. Капитал  өндіріс  құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

    Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың  заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі  капиталды, ал еңбек заттары айналым  капиталын құрайды.

    Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының  басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен  өсуі байланысты. Осыдан зерттеу жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі қорларын  пайдаланудың экономикалық тиімділігі» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа  жұмыстары,    Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев ,  С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.

    Жазылып  отырған жұмыстың мақсаты - жалпы  кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі - “РЗА” АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Зерттеу жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап,  кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

    Зерттеу жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі.

    Зерттеу жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда база ретінде пайдаланылатын «РЗА» АҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына  байланысты болатын оның  техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің  талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.

    Зерттеу жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген,оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру.  
 
 
 
 

1   КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

    1.   Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың мәні,  құрылымы  мен жіктелуі.
 

    Кәсіпорынның  негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел  басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің  материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

    Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп  жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды  қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

    Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта  өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

    Өндірістің  әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей  болып бөлінеді:

    1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);

    2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).

    Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына  заттай айналған өндірістік қорлардың  бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

    Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

     өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

       - өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

    Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

    -    меншікті – ол  субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

     арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар

    -    тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

     запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

    Заттай  құрамына байланысты негізгі қорлар:

    - мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);

    -   мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.). 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

                                                                   

    

      

      

    

      
 
 
 

      

       

    1 сурет- Кәсіпорынның негізгі қорлары

    Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

    1. Жерсубъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.

    2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер.

      3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).

          Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.

          4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).

          5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлар.

      6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы).

          7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.

          8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды жасауға   немесе   жеңілдетуге арналған құралдар –   жұмыс столы, шкафтар, және т.б.

          9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).

          10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).

          11. Жерді жақсарту  үшін капитал  шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар.

    2 сурет - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі 

          Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай,өнеркәсібінде(17%),таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%),машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында  (45%). 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары