Кәсіпкерліктегі тәуекелділік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болсын ұлт өзінің кәсіпкерлерінің жемістерін мақтан тұтады. Бірақ сол ұлт және оның әрбір өкілі белгілі бір кәсіпкерлік идеяны іке асыруда өзінің қатысуын да мақтан етеді. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір формасы ретінде кәсіпкерлік қоғамның тек материальді және рухани дамуының потенциалын көтеріп қана қоймай, әрбір дарынды индивидтің өз мүмкіндіктерін іске асыруда көмектеседі, ұлттың бірігуіне алып келеді, ұлттық мақтанышты, рухты сақтайды.

Содержание

Кіріспе 3
I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, дамуы. 6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, функциялары, рөлі 6
1.2.Кәсіпкерліктің экономикалық негізі 12
1.3 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар 13
II бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары 15
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізгі түрлері 15
2.2 Бизнесті ұйымдастыру формалары 21
2.3 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы түрлері 24
III бөлім. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік 26
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті қолдау 26
3.2 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 32

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерліктің мәні, дамуы курс эконом.doc

— 178.50 Кб (Скачать)
  1. дәстүрлік (дәстүрлік кәсіпкерлік)
  2. Инновациялық (инновациялық кәсіпкерлік іс-әрекет, инновациялық кәсіпкерлік)

    Коммерциялық  кәсіпкерлікте дайын, яғни тұтынушыдан, комерсанттан, сатушыдан алынған тауарлар рөлін атқарады. Егер тауар заңды түрде өндірілсе, онда сауда коммерциялық кәсіпкерлікті кінәлауға болмайды. Тек қана заңға қарсы сауда-саттық жүргізілсе ғана, қылмыстық тыйым салынған спекция туралы айтуға болады.

    Қаржылық  кәсіпкерлік коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі. Онда сауда-саттық заты ретінде ақша, кәсіпкердің сатып алушыға несиеге беретін құнды қағаздары тауар түрінде қарастырылдаы.

    Делдалдық деп кәсіпкерліктің кәсіпкер өзі  тауар өндірмейтін және сатпайтын, бірақ делдал рөлін атқаратын  тауар айрбастау процесінде тауар-ақша айналымының байланыс көзі болып  табылатын түрін айтамыз. Басты мәселе және делдалдың кәсіпкерлік іс-әрекеті – екіжақты маңызды келісімді байланыстыру болып табылады. Сондықтан делдалдық осы екі жаққа да қызмет көрсетуден тұратынын айтуымызға болады.

    Қызмет  көрсеткені үшін кәсіпкер табыс және пайда табады. Өндірушілер және тұтынушылар көзқарастарын білдіретін, бірақ өздері ондай емес адамдар (жеке немесе заңды тұлғалар) делдалдар деп аталады.

    Кәсіпкерлік белсенділік делдалдық салада қысқа  мерзімде өндірушімен тұтынушының  экономикалық көзқарастарын бірлестіруге жол ашады. Делдалдық, өндірушінің ойынша соңғысының жұмыс тиімділігін арттырып отырады. Себебі, тауарды тұтынушыға сату функцияларын делдалға беріп, өндірістің өзіне ғана белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.

    Сақтандыру  кәсіпкерлігі кәсіпкердің сақтандыру мүмкіндіктерінің құнды нәрселердің, опат болған жағдай нәтижесіндегі болжанбаған шығынды өтеу түріндегі өтемақының кепілдігінің қамтамасыз етуін қарастырады. Мүлікті, денсаулықты, өмірді сақтандыруда қаржы-несиелік кәсіпкерліктің ерекше формасы бар. Ол кәсіпкер тек берілген жағдайда ғана, яғни сақтандыруды төлеу кезінде сақтандыру мүмкіндігіне ие болады. Осынадй жағдайлардың пайда болуы әбден мүмкін. Ал қалған бөлігін кәсіпкерлік табыс құрайды. Акционерлік қоғам белгілі адамдар және құрылтайшылар арасындағы акцияларды бөледі. Ал, олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне де бөліп отырады.

    Қатысушылары  өздеріне тиесілі акцияларды басқа  акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыра алатын акционерлік қоғам  болады. Ашық қоғам өзі шығаратын акцияларды жабық, жекелік және ашық тәсілдермен таратуға құқылы және заңнамада белгіленген тәртіппен баспасөз басылымдарында жылдық және тоқсандық баланстарды, табыстар мен залалдар туралы есептерді жариялауға міндетті.         

           Жабық акционерлік қоғамдардың акцияларды сатудың ерекшеліктері заңды актілермен анықталады.

    Құрылтайшы  құжаттары бұл нотариялдық куәлік болвп табылатын құрылтай келісімі және жарғысы.

    Еншілес мекеме және тәуелді акционерлік  қоғам.

    Еншілес мекеме – басқа заң тұлғалары  құрастырған немесе олардың арасындағы келісімге сәйкес жарғы капиталының бір бөлігін иемденуші заңды тұлға, сонымен қатар негізгі мекеме берілген мекеме шешетін шешімдерді анықтау мүмкіндігі.

    Еншілес мекеме өзінің негізгі мекемесінің  қарыздарына жауап бермейді.

    Акциоерлік  қоғам егер басқа заң тұлғалары 20% астам дауыс беруші акцияларға еи болса, тәуелді болып есептеледі.

    Қатысушы  немесе иемденуші заңды тұлға  акционерлік қоғамға тәуелді  акциялардың бір бөлігін алу  туралы ақпараттарды кешіктірмей, кезекпен қарастыру қажет.

    Азаматтардың  бірлескен кәсіпкерлік қызметі  үшін мүшелік негізде олардың  өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшіелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Өндірістік кооперативтің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы елдің заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленеді.

    Кооператив  мүшелері екеуден кем болмауы  тиіс. Өндірістік кооперативтің басты  органы оның мүшелерінің біртұтас жиыны болып табылады. Өндірістік кооператив ерікті түрде оның мүшелерінің біртұтас жиынының шешімімен тартылуы мүмкін. Өндірістік кооператив мүшелерінің шешімімен өндірісті кооператив шаруашылық серіктестікке айнала алады.

    Тұтынушылар кооперативі.

    Қатысушылардың  материалдық және өзге қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің мүліктік (үлнспұлдық) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың мүшелік негізіндегі ерікті бірлестігі, бейкоммерциялық ұйымдар болып табылатын және кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.

    Қауымдастық (бірлестік) формасындағы заңды тұлғалардың  біріктірілуі.

    Коммерциялық  мекемелер, олардың кәсіпкерлік іс-әрекет етуі, сонымен қатар, жалпы мүліктік көзқарастарды қорғау өзара келісім бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік инвестиция негізінде, кәсіпорынға табыс алу мақсатында салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі.

    Шетелдік  инвесторлар Қазақстан Республикасының  шекарасындағы заң тұлғаларымен және жеке адамдармен бірлесе отырып құралатын кәсіпорындарда іскерлік қатысуына, сонымен қатар толығымен шетелдік инвесторлардың кәсіпорынының құрылуына толық мүмкіндік бар. Шетелдік инвесторлар кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған акционерлік басқа да қоғамдар мен серіктестіктер негізінде іс-әрекет жасайды.

    Кәсіпорынның  құрылтайшылары құжаттары шетелдік инвесторлармен қатар кәсіпорынның іс-әрекет мақсаттарын, қатысушылар санын, жарғылық қордың құрылуының көлемі құрылымын, шешім қабылдаудың құрамын, кәспорынның жойылуын анықтау қажет.

    Жарғылық  қор салымы дүниежүзілік нарық бағасы негізінде бағаланады. Мұндай бағалар  жоқ болса, салым құны қатысушылардың келісімі бойынша анықталады.

    Бірлескен кәсіпорындарды тіркеу үшін келесі құжаттар керек:

  • Тіркеу туралы құрылатайшылардың жазбаша түріндегі арызы;
  • Сараптамалардың нәтижесі;
  • Құрылтайшылардың нотариаллы тапсырылған құжаттарының екі көшірмесі;
  • Мүлік иесінің кәсіпорын құру туралы шешімі немесе уәкілетті органдардың шешімінің көшірмесі;
  • Шетелдік инвестордың оларға қызмет еткен банк немесе басқа да несие-қаржылық мекеменің берген ақша төлемі туралы құжат.

    Шетелдік  инвесторлар кәспорындары заңға  қарсы келмейтін іс-әрекеттердің барлық түрін жасай алады. Кейбір іс-әрекеттің түрлері лицензия алуды  талап етеді. Мысалы: сақтандыру және банк ісі.

    Біріккен  кәсіпорындар Қазақстан Республикасында, сонымен қатар шетелдерде еншілес  кәсіпорындар, филиалдар құруына толық құқылы.

    Шетелдік  кәсіпорындар жіне инвесторлар жерді  иеленеді және мүлікті арендаға алу  құқығына ие болады. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің  бірлескен құқықтық негізгі формалары осындай. Жаңа шарттарға байланысты кәсіпорындар өз іс-әрекет сферасын әр түрлі және заңмен шектеліп қоймай таңдай алады.

2.2 Бизнесті ұйымдастыру формалары

 
 

    Қазақстан Республикасының Заңы меншік формасына  сай кәсіпорындарды классификациялауды ұсынады. Кәсіпорынның құқықтық-ұйымдық формаларының бірнеше түрлері анықталады. Мен Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ұйымдық-құқықтық бизнес-формаларына сипаттама беремін. Меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және беймүліктік жеке құқықтармен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапркер бола алатын, құқықтық қатынастар субьектісі ретінде қаралатын ұйым.

    Заңды тұлғалардың дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

    Коммерциялық  ұйым болып табылатын заңды тұлға, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, заңды актілермен қарастырылатын діни бірлестіктер, оның мақсаттарына сәйкес кәсіпкерлік іс әрекет жасай алады.

    Заңды тұлғалардың құрылтайшылары заңды актілермен қарастырылған мүлік меншігі иесі жағдайында болуы мүмкін .

    Шаруашылық  серіктестік. 

    Жарғылық  капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік  өз қызметі барысында өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікті бір  адам да құруы мүмкін, ол оның бірден-бір қатысушысы болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестіктер, сенімгерлік серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершіліктер нысандарында құрылуы мүмкін.

    Шаруашыылқ  серіктестіктің акциялар құруға ешқандай құқығы жоқ.

    Шаруашылық  серіктестіктің жоғарғы ұйымы жалпы  оның қатысушыларының жиналысы болып  табылады.

    Шаруашылық  серіктестіктердің құқықтары мынадай:

  1. Құрылтайшылар құжаттарымен анықталған басқаларда шаруашылық серіктестік жұмыстарына қатысуы керек;
  2. шаруашылық серіктестіктердің іс-әрекеті туралы ақпарат алуы тиіс;
  3. таза табысты бөлуге қатысуы керек;

    Шаруашылық  серіктестіктердің қатысушыларының  міндеттері:

  1. Құрылтайшылар құжаттарында көрсетілген талаптарды орындау;
  2. Көлемді, мерзімді,және құрылтайшылар құжаттарында көрсетілген салымдарды енгізу;
  3. Шаруашылық серіктестікте коммерцияның құпия болып табылатын ақпараттарды немесе мәліметтерді таратпау;

    Бір түрдегі шаруашылық серіктестіктер басқа түрдегі шаруашылық серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға  немесе өндірістік кооперативтерге айналуы мүмкін.

    Сенімді серіктестіктер

    Сенімді серіктестіктер деп құрамына қосымша  жауапкершілікті барлық өзінің маңыздылығымен қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше қатысушалар енетін серіктестік түрін айтамыз.

    Егер  азамат сенімді серіктестік құрамында  болса, ол толық серіктес болады. Сенімді  серіктестік салымшыларының құқықтары  мынадай:

  1. Құрылтайшылар құжаттарында қарастырылған жарғы капиталында оның үлесіне тиетін таза серіктестік пайдасының бір бөлігін алуға тиесілі.
  2. Серіктестіктің қаржылық құжаттарымен танысуға және оның құрылымының дұрыстығын қамтамасыз етуге талап етуге толық мүмкіндігі бар.

    Салымшының  өз үлесін басқа біреуге беруі  оның серіктестіктегі қарым-қатынастарын тоқтатады. Заңды актерде дәне құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілгендей, олар серіктестіктен шығуы керек.

    Сенімді серіктестіктердің өмір сүруі барлық қатысқан салымшылардың шығуына  байланысты.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер деп бір немесе бірнеше жарғылық капиталы құрылтайшылар құжаттары көлеміндей нақты бөліктерге бөлінген серіктестіктерді атаймыз.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары олардың салған салымдары бағасы ішінде серіктестік іс-әрекетпен байланысты шығындарға тәуекелді болады.

    Салымды толығымен төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушылары әрбір салымшы үшін жауап береді.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктердің қатысушыларының саны 100-ден асқан жағдайда ол бір жыл ішінде акционерлік қоғамға немесе өндірістік кооперативтерге және басқа да шаруашылық серіктестіктерге айналуы міндетті. Ал мерзімі өтіп кеткен жағдайда мекеменің арызы бойынша заңды түрде жойылуы керек.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер қатысушыларының еркімен қайтадан құрылуға немесе жойылуға құқығы бар.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер басқа шаруашылық серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға немесе өндірістік кооперативтерге айналуына мүмкіндігі бар. 

    Жауапкершілігі  қосымша серіктестіктер

    Жауапкершілігі  қосымша серіктестіктер деп жарғылық капитал салымына жауап беретін қатысушылардан тұратын серіктестіктерді айтамыз. Олардың соммасының жетіспеген жағдайында қосымша мүлік көлемінде өтеуі керек.

Информация о работе Кәсіпкерліктегі тәуекелділік