Кәсіпкерліктегі тәуекелділік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болсын ұлт өзінің кәсіпкерлерінің жемістерін мақтан тұтады. Бірақ сол ұлт және оның әрбір өкілі белгілі бір кәсіпкерлік идеяны іке асыруда өзінің қатысуын да мақтан етеді. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір формасы ретінде кәсіпкерлік қоғамның тек материальді және рухани дамуының потенциалын көтеріп қана қоймай, әрбір дарынды индивидтің өз мүмкіндіктерін іске асыруда көмектеседі, ұлттың бірігуіне алып келеді, ұлттық мақтанышты, рухты сақтайды.

Содержание

Кіріспе 3
I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, дамуы. 6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, функциялары, рөлі 6
1.2.Кәсіпкерліктің экономикалық негізі 12
1.3 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар 13
II бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары 15
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізгі түрлері 15
2.2 Бизнесті ұйымдастыру формалары 21
2.3 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы түрлері 24
III бөлім. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік 26
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті қолдау 26
3.2 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 32

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерліктің мәні, дамуы курс эконом.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

    Қарастырылған мәселенің шешімі ретінде мыналармен толықтырылады: егер жалпы қоғамдық өндірістің көз қарастарына сай белсенді субьект рөлінде кәсіпкер болса, онда кәсіпкерлік процестің көзқарасы бойынша оның құрамы мен тиімділігі белсенді рөл атқарады. Сондықтан осыны кәсіпкер шеше алмайды.

    Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектісі ретінде  болуы қоғамдық шарттарға, белсенділік  саласында құралатын жағдайларға  және мемлекеттің өз алдына қойған мақсаттарының әр түрлі болуына  байланысты.

    Нақты жағдайға сәйкес мемлекет:

  • Кәсіпкерліктің дамуының тежегіші. Ол кәсіпкерліктің дамуына келеңсіз жағдай жасайды және оны болдырмайды.
  • Кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тікелей қарсы болмағанда бөгде, бірақ осы кезде бұл дамуға әсер етпейді;
  • Кәсіпкерлік процесті жылдамдатушы, егер мемлекет кәсіпкерлік іске жаңа экономикалық агенттерді табу мақсатында тұрақты және белсенді шаралар қолданса;

    Жалданушы жұмысшы кәсіпкердің ойын жүзеге асырушы сияқты, сонымен бірге  кәсіпкерлік процесс субьектісі тобына жатады. Кәсіпкерлік идеялардың жүзеге асырылуының тиімді және сапалы болуы осыған ғана байланысты.

    Біздің  білуімізше, әрбір экономикалық субьектінің өзіндік жеке көзқарастары бар. Кәсіпкерлер мен жалданушы жұмысшыны алатын болсақ, онда олардың жоспарларының бір бөлігі бір-біріне сай келеді, ал екінші бөлігі  қарама-қарсы болып табылады. (Неғұрылым табыс көп болса, еңбекақы соғұрлым көбейеді)

    Осындай жағдайларда екі жақ та тәуекелге  бел буады, бұл кәсіпкерлік процесінің екі субъектісінің қатынастарының  негізін құрайды.

    Қазіргі кезде шаруашылықтағы әрбір кәсіпкер еңбекті бөлу негізінде пайда болған өнеркәсіпті тереңірек мамандандыруды қолға алуда.

    Кез-келген кәсіпкер тиімді серіктесітік қатынастарды қажет етеді, егер ол осы немесе басқа  да толық кәсіпкерлік процесс  ретінде тиімді жұмыс жасаса пайдалы  жағдай туындайды, егер барлық кәсіпкерлер жалпы эконмикалық процесте серіктестік байланысты құраса. Егер, өнеркәсіптің толық процесі анализін алсақ, онда ол кәсіпкердің нақты іс-әрекетте концентрацияланатын көптеген көріністерден тұрады.

    Кәсіпкердің нарық шарттарында басқа кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс атқаруы және кәсіпкер өз жұмыс қабілеттілігін арттыра алатын тиімді серіктестік қатынастар жүргізу мүмкіндігі болуы қажет. Осылайша, өз қызметін жоспарлауда кәсіпкер серіктестерін кәсіпкерлік процес субьектісі ретінде қарастырады. Ол қатынастар кәсіпкердің жұмыс қабілетінің тиімділігіне байланысты.

    Кәсіпкерлік белсенділіктің мақсаты бұл сұранысқа  түскен және кәсіпкерге табыс әкелетін өндіріс және мұндай тауарды нарыққа  ұсыну. Табыс және пайда бұл –  кіріске қарағанда, шығыстың аз болуы. Ол кәсіпкердің шешімді іске асырғанда және тұтынушының кәсіпкер шығарған өніміне қанағаттануында немессе жасырын сұраныстүріндегі тауарларды нарыққа қою нәтижесінде пайда болды.

    Бірақ, табыс табу тек кәсіпкерліктің ғана ерекшелігі болып табылмайды, сонымен қатар басқа да жұмыс белсенділігі формасына да жатады. Бұл байланыста кәсіпкерлік табыс және кәсіпкерлік пайда секілді экономикалық категорияларға назар аударуы қажет. Инновационды іс-әрекеттің табысының, яғни жаңа әдістерді еңгізу және өнерәсіптік мекемелердің қабылдауы кәсіпкерлік табысты құрайды. Кәсіпкерлік табыс негізінде қосымша табысты түсінуге болады, ол табыс басқармадан келеді. Кәсіпкерден оның табиғи белгілеріне сүйене отырып немесе ерекше жаңадан өндіріс факторларын сыртқы шарттармен байланыса алуы.

    Басқаша айтқанда, кәсіпкердің табысы (егер әңгіме қарапайым жұмысшы емес,  шын кәсіпкер туралы болса)  2 элементтен тұрады:

  • Жұмысшының күнделікті табысы;
  • Жұмысшының күнделікті табысындағы кемшіліктер;

    Екінші  элемент кәсіпкерлік табыс түрінде шығады, яғни көрсетілген инновациялық көзқарасына, өнеркәсіптегі жаңашылдығы үшін қоғамдық сый формалары болып табылады.

    Кез-келген кәсіпкер осылайша жұмысшы ретінде  көрінеді, бірақ кәсіпкердің феномені туралы айтылса, әрбір адам кәсіпкер категориясы қатарына жата алады.

1.2.Кәсіпкерліктің экономикалық негізі

 
 

    Экономиканың  негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде  экономиканың барлық мәселелерін қамтиды.

    Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі  шексіз немесе тойымсыз.

    Екінші  ақиқат: экономикалық ресурстар шекті  және сирек.

    Экономикалық  ресурстар дегеніміз не? Бұл-тауар  өндірісінде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-жабдық ресуртар. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құралдары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлармен ауылшаруашылық өнімдерін өндірістерге қолданылатын машиналары.

    Материалдық ресурстар-жер оның табиғи байлығы  және капитал.

    Адамдар ресурсы- еңбек және кәсіпкерлік  қабілеттілік. «Жер» деген түсінікке  барлық табиғи ресурстар жатады. Өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынадай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кең байлықтары, су ресурстары т.б.

    Капитал немесе «инвестициялық ресурстар»-барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инстркменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика-зауыттар, қойма, транспорт құралдарының баолық түрлері және тауар өткізу туралы. Құрал-жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.

    Тауарлар  екіге бөлінеді:1. Инвестициялық тауарлар (капитал), олар тұтыну тауарларын өндіреді, қамтамасыз етеді; 2. Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей канағаттандырады. Инвестициялық  тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша-бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес жалған капитал.

    1. Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар
 

    Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызиеттердың алцуан түрлері; тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігін, жұмыс орнының және жұмыс күйінің артық кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек т.б.

    Кәсіпкерлікпен  айналысу үшін нарықтың инфрақұрылымы болуы керек: банктер, шикізат, материал, құрал-жабдықтар, сатушылар, тауарды тұтынушыға жеткізетін мекемелер, заң, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсететін мекемелер, еңбекке орналастыру агенттігі, оқу орындар, жарнама, көлік, сақтандыру, байланыс, ақпарат т,б, мекемелері.

    2. Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті  ұйымдастыру, қалыптастыру үшін  тұтынушыларға тауар сатып аларлақ  қаражаты болуы, олардың тауарға,  қызметке деген талғамы, төлем  қабілеттілігі бар сұранысы болуы  шарт, оған қоғамның  рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы еңбекақы мөлшерімен байланысты.

    Кәсіпкер  өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселеге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбекақы мөлшерін қадағалау т.б.

    Кәсіпкерлікті жасақты және дамыту үшін кадрларды  оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер  даярлауды тұрғылықты қадағалау.

    3. Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: ҚР Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғау заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

    Кәсіпкерліктің ұжымдық экономикалық формалары.

    1. Концерн-көп салалы АҚ, әртүрлі  компаниялардың бақылау пакетін  сатып алады. 

    2. Ассоциация-экономикалық дербес  кәсіпорындардың негізгі мақсаты  ғылыми техникалық, өндірістік, экономикалық  және әлеуметтік міндеттерін  бірігіп шешу.

    3. Консорциум-бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мыс: өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

    4. Синдикат-бір саланың кәсіпкерлерін  тауар сатуға біріктіру.

    5. Картель-тауар, қызмет көрсету  бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөніндегі келісім.

    6. Финанс-өнеркәсіп тобы-банк, сақтандару  және сауда капиталының бірлестігі.  

        
 
 
 
 

II бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізгі түрлері

 

    Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше формасы ретінде мемлекеттік және жеке экономика секторларында іске асырылады. Сол арқылы мынадай белгілер пайда болады:

  1. Мемлекеттік кәсіпкерлік;
  2. Жеке кәсіпкерлік

      Мемлекеттік кәсіпкерлік мекеме, кәсіпорын атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру формасы:

    а) мемлекеттік мүлікті басқару  мүмкіндігіне ие мемлекеттік басқару  органдары немесе

    б) мемлекеттік жергілікті өзін-өзі  басқару органдары (муниципалды  мекемелер).

    Мұндай  кәсіпорындар  меншігі мемлекеттік  немесе муниципалды мүліктерінің, бюджеттік шикізат бөліктерінің басқа да көздерінің ерекшелену формалары болып табылады. Осынадй кәсіпорындардың маңызды көрінісі ретінде олардың жеке меншігіндегі өздерінің атқаратын міндеттері шығады (оған мемлекет жауап бермейді, олар мемлекет міндеттерін атқармайды).

    Жеке  кәсіпкерлік кәсіпорын немесе кәсіпкер (егер ондай іс-әрекет жұмыс күшін  қажет етпесе) атынан экономикалық белсенділік формасын құрайды.

    Әрине, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік  өзінің ерекше қасиеттерімен ерекшеленеді, бірақ олардың жандануының негізігі принциптері көбінесе сәйкес болып келеді. Осы және басқа да жағдайларда мұндай іс-әрекеттің дамуы жауапкершілікті, инновациялық түрде қарастыруды, табысты көбейтуге деген ынталылықты қажет етеді. Кәсіпкерліктің екі түрі де бір-біріне ұқсас болып келеді.

    Біріншісі, өндірістік функцияларды жүзеге асыру, яғни тауар өндіру немесе қызмет көрсету (мысалы, машина жасау фирмасы, туристік компаниялар).

    Екіншісі делдалдық функцияларды жүзеге асыру, яғни тауарды нарыққа шығару барысында және тұтынушыға беруге байланысты тауардың дамуы.

      Мәселені қоғамдық жағынан түсіну, бір жағынан кәсіпкерлік іс-әрекеттің  бірінші типі маңызды рөл атқаруына  әкеліп соғады, қоғамдық байлықтар  материалдық өндіріс, ғылыми-техникалық  және сервистік қызметтер сферасындағы жұмыстарға байланысты. Басқа жағынан, осындай кәсіпкерлік типіне әсер ететін қоғамдық қатынас шын мәнінде маңызды емес, себебі қоғам кәсіпкерлік іс-әрекеттің екінші типінің дамуын қорғайды. Осы жағдайда «неге осылай болады?» деген сұрақ туындайды. Біріншіден, өмірлік сапасы мен деңгейі қоғамның ыңғайлы жерде еш кемшіліксіз өмір сүруі қоғамда кәсіпкерлік іс-әрекеттің екінші типінің дамуына тікелей байланысты (сатып алушыға ыңғайлы сату мекемелері, жарнама, тауарды үйге әкелу, тауарларды пошта немесе телефон қызметі арқылы сұрату және т.б.). Бірақ, осындай қоғамдық, кәсіпкерлік делдалдықты  қабыладауы, жалғыз және негізгі себеп емес. Бастысы басқа да – кәсіпкерлік, оның ерекшеліктері және күрделілігі мынаған әкеледі.

  1. Еңбек өндірісінің мамандануының күрделіленуі негізінде тауар өндірушілердің көбею.
  2. Капитал айналымы екпінділігінің жылдамдауы
  3. Нарық тауарларының керекті мөлшерде өсуі және соңғы тұтынушылардың көзқарастарына сәйкес тауар өндірушілердің құрылуы.

    Кәсіпкерлік іс-әрекеттің құрамына және оны өндіру процесінің негізгі сатыларына байланысты кәсіпкерліктің әр түрін айыра аламыз: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, сақтандырушылық.

    Кәсіпкерлік өндірістік егер кәсіпкер өзі еңбек  құралдарын пайдалана отырып, тауарларды, қызметтерді, жұмысты, ақпаратты, өнімді сауда мекемелеріне, тұтынушыларға, сатып алушыларға өндіріп шығарса, онда ол кәсіпкерлік өндірістік болып табылады. Осылайша, өндіріс функциясы кәсіпкерліктің негізгі және анықтаушы түрінде:

Информация о работе Кәсіпкерліктегі тәуекелділік