Кәсіпкерліктегі тәуекелділік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:00, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болсын ұлт өзінің кәсіпкерлерінің жемістерін мақтан тұтады. Бірақ сол ұлт және оның әрбір өкілі белгілі бір кәсіпкерлік идеяны іке асыруда өзінің қатысуын да мақтан етеді. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір формасы ретінде кәсіпкерлік қоғамның тек материальді және рухани дамуының потенциалын көтеріп қана қоймай, әрбір дарынды индивидтің өз мүмкіндіктерін іске асыруда көмектеседі, ұлттың бірігуіне алып келеді, ұлттық мақтанышты, рухты сақтайды.

Содержание

Кіріспе 3
I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, дамуы. 6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, функциялары, рөлі 6
1.2.Кәсіпкерліктің экономикалық негізі 12
1.3 Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар 13
II бөлім. Кәсіпкерліктің түрлері және бизнес ұйымдастыру формалары 15
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізгі түрлері 15
2.2 Бизнесті ұйымдастыру формалары 21
2.3 Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы түрлері 24
III бөлім. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік 26
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті қолдау 26
3.2 Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 32

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерліктің мәні, дамуы курс эконом.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

Жоспар 

  
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

    Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік  біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп  отырса да,  өзінің негізін әлдеқашан  құрып болған. Ол заңмен қорғалады  және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ.  

    Бизнеске  деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр.  Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының  демокртиялануы болып табылады.   

    Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады.Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз.  

    Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтің дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.    

    Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы  коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде  қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы  береді. Саяхатқа шығар алдында саудашы (кәсіпкер) көпеспен (банкпен) тауарларды сату туралы келісімшарт құрады. Саяхат кезінде кәсіпкердің түрлі моральді және материалдық шығындары болса да, саяхат аяқталғаннан кейін ол өзінің табысының 75% көпеске (банкке) қайтаруға міндетті болды. Кәсіакерлер ретінде көрсетілім, шеру ұйымдастырушыларды есептеді. Сонымен қатар, бұл ұғым ірі өндірістік және құрылыс проекттерінің басшыларын атауда қолданылды. Мұндай проекттің басшысы ешқандай тәуекелге барған жоқ, ол тек оған берілген қаржылық, материальді және сауда ресурстарын пайдаланып, ұйымдастыру жұмысын басқарып отырды.

    «Кәсіпкерлік  тәуекел» деген ұғым өз дамуын XVII ғ. алады. Бұл кезде кәсіпкер ретінде  мемлекетпен белгілі бір жұмыстарды атқаруға немесе тауарды жеткізіп беруге келісімге отырған адамды атады. Контракт құны ертерек келісіп қойылғандықтан, кәсіпкерлердің табысы олардың өздерінің сәттілігіне тікелей байланысты болды.    

    Экономикалық  әдебиеттерде «кәсіпкер» ұғымы алғаш  рет Парижде 1723 ж. шыққан коммерцияның жалпы сөздігінде пайда болды. Мұнда кәсіпкер деп өзіне белгілі бір обьектіні өндіру немесе құрастыру міндетін алатын адамды атаған.

    Ғылыми  термин ретінде «кәсіпкер» ұғымы  XVIII ғ. басында ұлы ағылшын экономисті Ричард Кантильон еңбектерінде пайда болды. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепциясын құрастырды, кәсіпкер деп тәуекел шарттарымен іс-әрекетін жалғастыратын адамды атаған. Себебі, ол кезде саудагерлер, фермерлер, қолөнершілер және  басқа кіші мүлік иегерлері белгілі бір құнға сатып алады да, белгісіз құнға сатуы мүмкін.   

    Француз К. Бодо Р. Кантильоннің зерттеулерінен әрі қарай барды. К. Бодо бойынша, кәсіпкер белгілі бір интеллектпен, яғни түрлі білімдермен және ақпаратпен түгел қамтылуы тиіс. Ал Францияның басқа экономиті Тюрго кәсіпкердің  тек қана белгілі бір ақпараты ғана емес қаражаты да болуы қажет деген, себебі қаражат – экономиканың негізі, табыс – кәсіпкердің мақсаты, өндіріс дамуының негізі.

    А. Маршалл және оның еңбегін жалғастырушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функцияларына көбірек назар аударды. Олар әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмайды деп есептеген, себебін кәсіпкерлік қабілеттіктің жоқтығымен түсіндірді.

    Қандай  да болсын ұлт өзінің кәсіпкерлерінің  жемістерін мақтан тұтады. Бірақ сол  ұлт және оның әрбір өкілі белгілі  бір кәсіпкерлік идеяны іке асыруда өзінің қатысуын да мақтан етеді. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір формасы ретінде кәсіпкерлік қоғамның тек материальді және рухани дамуының потенциалын көтеріп қана қоймай, әрбір дарынды индивидтің  өз мүмкіндіктерін іске асыруда көмектеседі, ұлттың бірігуіне алып келеді, ұлттық мақтанышты, рухты сақтайды.

    Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамытудың алғышарттары жасалып  жатыр, атап айтқанда, меншіктендіруден үлкен жұмыс атқарылды. Осының нәтижесінде  кәсіпкерлік дамуына берік экономикалық негіз құрылып жатыр.

    Қазақстанда кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнеті  қолдауда кең көлемді іс-әрекет жасылып  жатыр.

    Мен өз жұмысымда кәсіпкерлік мәнін, оның артықшылығын және жетіспеушілігін, қазіргі уақыттағы жағдайын және даму тенденцияларын зерттеймін.  

    Осы жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикада  кәсіпкерліктің өзектілігін, Қазақстан  Республикасындағы оның рөлін және мәнін ашып көрсету.  
 

 

I бөлім.  Кәсіпкерліктің мәні, дамуы.

    1. Кәсіпкерліктің  мәні, функциялары, рөлі
 
 

    Өндірістің  дамуымен қатар, адамзат белгілі бір экономикалық мәселелерге ұшырап отырды.

    Кәсіпкерліктің  тарихы орта ғасырдан басталады. Сол  уақыттың өзінде-ақ көпестер, саудагерлер, қолөнершілер – кәсіпкердің бастапқы кейпі болды.

    Кәсіпкерліктің  даму тарихы бір уақытта айырбас, қоғамдық еңбек бөлінісі және нарықтық қатынастардың даму тарихы да болады. Осы аталған мәселелер өзара біртұтас байланысқан, яғни біреуі екіншісінің даму шарты болады, біреуінің дамуы басқаларының да дамуын да білдіреді.

    Кәсіпкерлік (бизнес) адамдар, дәлірек айтқанда іске қатысушылар арасындағы іскерлік қарым-қатынасты сипаттайды. Іс ретінде қандай-да болсын адамның істейтін жұмысы емес, оның экономикалық іс-әрекетін қарастырамыз.

    Бизнес  шаруашылық іс-әрекетті білдіреді, іс-әрекет нәтижесінде материалды игілік өндірілерді және қандай-да болсын қызмет көосетііледі. Бизнесмен іс барысында табыс алу  деген таза эгоисттік мүддесін қолданады.

    Біз бизнесті материалды игілік өндіру және белгілі бір қызмет көрсету арқылы өтетін, табыс алуға негізделген  адамның экономикалық іс-әрекеті деп еш күмәнсіз айта аламыз.

    Нарықтық  жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлер өндіріске әрқашан  жаңа идеялар енгізіп отырады, жаңа тауарлар өндіреді. Олар басқалардың  энергиясын жинақтап, оны жалпы мақсатқа жұмсайды.

    Кәсіпкерлік – адам жанынан пайда болатын  энергия, іскер адамдар оны коммерциялық мақсатта қолданады. Оның мәні бастаған іске тәуекелді толығымен енгізуге болады.

    Кәсіпкерлер – коммерциялық мүмкіндіктерді анықтай  алатын, одан қажетті табыс таба алатын, қажетті операцияны орындай алатын және тәуекелге баруға әрқашанда әзір тұратын іскелік әлемнің адамдары. Олар өз мойнына жетістікке жету және жеңілу жауапкершілігін әрдайым мойнына алады.

    Бұл – жаңа, батыл, қиын идеяларды іске асыру ынтасын жүргізілуі және энергиясы мол адамның интеллектуалды және іскелік белсенділігі. Ол қандай да болсын материалдық игілікті иемдене отырып немесе жартылай иемденіп алып бизнес ұйымдастыруға пайдаланады.

    Кәсіпкерлік – бұл табыс алып келетін кез-келген іс.

    Кәсіпкерліктің  мәні оның принциптерінде айқын көрінеді: адамға бағытталған, сатып алушыға толық қызмет көрсету, фирманың мәдениетті ортасын құру және дамыту, өзара серіктестік, сыйлау, алға шығуға деген ұмтылыс.

    Кәсіпкерлік нақты әлеуметтік-экономикалық ортада, макродеңгейде орындалады, кәсіпкерлік онымен санаса алмайды, себебі осы ортадан шығады және сол ортаға бейімделеді. Нәтижесінде, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болады.

    Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі (табыс алуға негізделген іс-әрекет), өзіндік инициативаға, жауапкершілікке инновационды кәсіпкерлік идесына негізделген.

    Экономикалық  белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске  қатынасы және өзін, жанұясын қамтамасыздандыру  үшін қаражат табу әдістері формаларын көрсетеді. Индивидтің қоғамдық өндіріске қатынасын көрсететін форма – қоғамдық функционалды міндет немесе оның комбинациялары болады. Кәсіпкер, осы кезде мыналар ретінде:

  • Қандай-да болсын объект, қозғалмайтын мүлік меншігінің иелері, егер осы меншік оған тұрақты, әрі кепілдендірілген табыс (мекеме немесе жалға берілетін үйдің иегерлері) әкелсе ғана;
  • Жалданған жұмысшы өз жұмыс күшін сатады (зауытта – токарь, мектепте – мұғалім, ауруханада – дәрігер және т.б.)
  • Жеке өнім өндіруші (өзінің өнімдерін пайдаланудан алынған табысқа өмір сүреді. Жүргізуші өз машинасын такси ретінде қолданса);
  • Мемлекеттік немесе муниципалды жұмысшы;
  • Менеджер (басқа біреудің кәсіпорнын басқаратын);
  • Зейнеткер (қоғамдық өндіріске қатысым формасы пассивті болады, бұрыңғы белсенділік нәтижесі қарастырылады);
  • Оқушы немесе студент (болащақта, нақты бір қоғамдық өндіріс формасына қатысуға әзірлеу кезеңі);
  • Жұмыссыз (қоғамдық өндіріске қатыспаудың амалсыз формасы);
  • Қорғаныс іс-әрекетімен шұғылданушы (милиция, әскер);
  • Экономикалық қылмыс іс-әрекетімен шұғылданушы (рэкет, ұрлық)

    Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның бастапқы кезеңі тек идеядан (ойлау іс-әрекеті  нәтижесі) кейін материалданған формасын қабылдайды.

    Кәсіпкерлікте міндетті түрде инновационды сәт  болуы қажет – жаңа тауар өндіру, іс-әрекет ету, профилін ауыстыру немесе жаңа кәсіпорын құру. Өндірісті сапалы басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың кез-келген жаңа технологияның әдістерін құрастыру да инновационды сәт болып есептеледі.

    Кәсіпкерлік белісенділіктің негізгі субъектісі – кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер жалғыз бір субъект емес, қандай да болсын жағдайда ол тұтынушымен, яғни өзінің негізгі контрагентімен тікелей қарым-қатынаста болуы керек. Мемлекет, кейде ол көмекші, ал кейде қарсылас позицисын ұстанады. Тұтынушы да,  мемлекет те жалданған жұмысшылар (егер кәсіпкер жеке жұмыс жасамағанда ғана) бизнестік серіктестер секілді кәсіпкерліктің белсенді субьектісі категориясына жатады.

    Кәсіпкер  мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынастар белсенді субьект категориясына жатады, ал тұтынушыға керсінше, белсенді емес рөлі сәйкес келеді. Осы қарым-қатынастың барысында тұтынушы кәсіпкерлік процесс индикаторының рөлін атқарады. Бұл түсінікті мәселе, сондықтан кәсіпкерліктің белсенділігіне жататын барлық тауар тұтынушының экспорттық бағасы дұрыс болған жағдайда ғана пайдаланылуға толық мүмкіндік алады. Осындай баға тұтынушының қатысуымен жүзеге асады және осы немесе басқа да тауарлар соңғысының оны алу даярлығын көрсетеді. Кәсіпкер, өзінің іс-әрекетін жоспарлауда мүмкіндіктеріне, көзқарастарына, тұтынушының бағасына әсер ете алмайды.

    Осылай  кәсіпкердің басты мақсаты болып  тұтынушының идеяларын жаулап алу  және өзінің тұтынушыларының тобын  құрау болып табылады.

    Кәсіпкерідің  тұтынушыға әсерінің негізгі көзі келесі факторлар болады:

  • Тауардың жаңа болуы және оның тұтынушы көзқарастарына сай келуі;
  • Сапасы;
  • Тауардың бағасы;
  • Тауардың әмбебап сатысы;
  • Сыртқы түрі және қорабы;
  • Басқа өндірушілер тауарына қарағанда, тауардың жақсы болып келуі және тауардың осындай ерекшеліктерімен тұтынушының таныс болу мүмкіндіктері;
  • Сатып болғаннан кейінгі сервис қызметін пайдалану мүмкіндігі;
  • Жалпы қолданушы немесе мемлекет стандарттарына сай келуі;
  • Тауар жарнамасының көрнекі болуы, кең таралуы және т.б.;

Информация о работе Кәсіпкерліктегі тәуекелділік