Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 10:31, автореферат

Описание работы

Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік шаруашылық және.doc

— 322.50 Кб (Скачать)

    Достастық елдерінің өндірген өнеркәсіп өнімдерінің  баға индексі айтылған кезеңде айтарлықтай  жоғары болып, орташа есеппен алғанда 20 %-ға өсті. Ең көп жоғарылау Беларусьта байқалды - 26,9 %, ал Ресейде - 20,9 %. Ақылы  қызмет саласында бағалар өсті. Қазақстанда бұл нарық сегментінің бағасы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,7 %-ға артты. Инфляция ұлттық валютаның-теңгенің сатып алу қабілетіне, яғни нақты еңбекақыға елеулі ықпалын тигізді.

    Посткеңестік  кеңістікте ұлттық валюта бағамы белгілі  бір деңгейде ресей рубльнің жағдайына тәуелді. Евроның енуіне орай АҚШ долларына, евроға және ресей рубліне қатысы бойынша ТМД елдерінің ұлттық валюта жағдайы бірдей емес. 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылдың соңында беларусь рублінің 1 АҚШ долларына қатысы бойынша 12,3 %-ға, евроға қатысында - 38,6 %, ресей рубліне қатысты - 21,2 % өсті.

    АҚШ долларына, евроға және ресей рубліне  байланысты ТМД елдері ұлттық валютасының  айырбас бағамындағы ауытқу тек  әлемдік бағытта қалыптасқан  ахуалға ғана емес, сонымен қатар  «доллар-евро» жұбының бағамдық арақатынасына да тәуелді болып табылады. Ахуалдың күрделі болуының себебі ұлттық валютаны нығайту және ұйғарымды деңгейге дейін инфляцияны ұстап тұру проблемаларының негізгі бөлігі елден тысқары, яғни құзырет жүрмейтін аумақта жатуында болып тұр. Бұған қоса, ТМД-да төменгі инфляциямен ұлттық валютаның нақты бағамының қолайлы деңгейін ұстап тұру бойынша қаржы құралдарының жетіспеушілігіне байланысты жағдай одан сайын қиындай түсуде. Ішкі мүмкіндіктердің шектеулі болуы қаржы институттарын макроэкономикалық салыстырмалы тұрақтылықты сақтап қалудың жолдарын іздестіруге мәжбүрлейді.

    Әрбір елдің халықты жұмыспен қамтуының бұрынғы қол жеткізген деңгейі шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне өту сипатына қарай экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылмаған халық санының артуы немесе кемуінің салдарынан экономикалық, әлеуметтік әрі демографиялық факторлардың ықпалымен өзгерді. Мәселен, Әзірбайжанның еңбек нарығы соңғы жылдар ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының артуымен сипатталады: 1992 жылы 3728,4 мың адамнан 2003 жылы 3801,4 мың адамға немесе 1,9 %-ға дейін өсті. Осы жылдары республикада бір мезгілде жұмыспен қамтылған халық саны да өсті. 3722 мың адамнан 3747 мың адамға дейін немесе 0,7%-ға. Бұл экономикалық белсенді халықтың кен ауқымда жұмыс қамтуды қамтамасыз етеді. Қырғызстандағы экономикалық белсенді халық санының өсімі: 1837,7 мың адамнан 2003 жылы 2004,1 мың адамға дейін немес 9,1%-ға; жұмыспен қамтылғандар саны 1835,9 мың адамнан 1834,1 мың адамға дейін немесе 0,7 %-ға кеміді. Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Ресейде, Украинада экономикалық белсенді халықтың саны да, жұмыспен қамтылғандардың саны да қысқарды.

    Реформаланған экономикада еңбек белсенділігі төмендеуі жұмысқа орналастыру  мүмкіндіктерінің азаюы қоғамдағы  еңбек әлеуетін бөлудің ұтымды үлгілерін қалыптастыру секілді себептерге байланысты болды. Жұмыспен қамтудың кемуі жұмыссыздық проблемасын ұшықтырып жіберді.

    Арменияны қоспағанда ТМД еңбек нарығында  тіркелген мәліметтерден байқағанымыздай, жұмыссыздық динамикасында аса ауытқу байқалмайды. Мынаны айта кету керек, жұмыссыздардың бір бөлігі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне жүгінбей-ақ өз беттерінше дербес жұмыс іздестіруді қалайды.

    ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, 2004 жылы еңбек нарығында елеулі өзгерістер болмаған, алайда жұмыссыздар санының кемігені туралы жағымды тенденция байқалған екен. ТМД елдері ішінде бір жағынан, адам ресурстары мол болуымен жетекші орынды алатын, екінші жағынан - жұмыссыз жүрген азаматтар санының аса көп болуымен көзге түскен. Ресейде 2004 жылдың қаңтар айының соңында жұмыссыздар саны 1639,6 мың адамды құраса, осы жылдың тамыз айының соңында - 1594,0 мың адам немесе 2,8 %-ға кеміген.

    Жұмыспен  қамту саласындағы ахуал ең алдымен  меншік түрін өзгертумен, өндіріс құрылымындағы сәйкессіздікті, техникалық жағынан артта қалушылықты жоюмен және жұмыскерлердің әлеуметтік құрамы мен еңбек қатынасына әр қилы әсерін тигізетін басқа да жағдайлармен байланысты ұзақ мерзімді факторлардың ықпалына тәуелді.

    ТМД елдері макроэкономикалық саясат, экономикалық тұрғыдан өсудің мүмкіндіктерін, сондай-ақ ел экономикасының құрылымдық-сапалық баланстарын реттеу тетіктерін пайдалану арқылы жұмыспен қамтуды қажетті деңгейін ұстап тұр. Алайда Достастықтың еңбек нарығындағы әлеуметтік қорғау бағдарламалары қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен толық жүзеге аспай отыр.

    Бұл мемлекеттердегі жұмыссыздық проблемасы жұмыспен қамтуды арттыруға қабілетсіз шикізат ресурстары негізіндегі  экспортқа бағдарланған өсудің қолданыстағы үлгілері түрінде түбегейлі шешімін таппайды. Бүкіл ТМД бойынша жұмыссыздықтың болу себебі бұрынғыша өзіндік ерекшелігі бар демографиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлармен, адам ресурстарымен, елдердің геосаяси орналасуымен, урбанизацияның деңгейімен, өндірістің дамуымен, әлеуметтік саланың жағдайымен байланысты. Осы ерекшеліктерге орай елдерде құрылымдық қата өзгертулердің және әкімшілік реформаларының жүзеге асуы нәтижесінде жұмыстан кеткен жұмыскерлерді жұмыспен қамтылуының қамтамасыз ету проблемасын ушықтыратын жұмысшы күшіне деген сұраныспен ұсыныстың арасындағы белгілі бір сәйкессіздік туып отыр. Сондықтан да ТМД республикалары жұмыс орындарын ашуға, жұмысқа орналастыруға және жұмыссыздарды кәсіпке үйретуге бағытталған саясатты еңбек нарығында белсенділікпен жүргізіп отыр.

    Сонымен бірге, доллармен есептелетін еңбекақының  шамасы бойынша Достастық елдеріндегі алшақтық сақталып отыр. 2003 жылы доллармен есептелетін ең төменгі номиналды орташа айлық еңбекақы деңгейі Тәжікстанда 15,3 АҚШ долларлы, ен жоғары деңгей Ресейде - 179,6 долларды құрады. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қырғызстанда орташа айлақ номиналды еңбекақы 2081,5 сомға немесе 50 АҚШ долларына дейін өсті. Бұл салыстырулар мынаны көрсетті: жұмыскерлердің еңбек ақысындағы проблема - оның деңгейі төмен, көптеген жұмыспен қамтылғандардың еңбектері арзан бағаланады. Достастықтың жекелеген елдері бойынша, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтері халықтың ақшалай табысы мен шығысының өсу қарқындарындағы айырмашылықтарды көрсетіп берді. Халықтың нақты еңбекақысы мен табысының өсу шамасына қарай тұтынушылық индексі де артып отыр (4 кесте).

    2004 жылы Украинада тұтыну тауарлары  мен қызметтерін сатып алуға  жұмсалатын халықтың ақшалай  шығысының өсімі салыстырмалы  түрде өсу деңгейі төмен ақшалай  табыстан асып түскен. Халықтың ақшалай табысты пайдалану құрылымында тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кететін шығын үлесі 71,3 %-ды құрады.

    Халықтың  нақты ақшалай табысы өсіп келеді. 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында  оның өсу қарқыны 2003 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда, Ресей мен Тәжікстанды қоспағанда, барлық елдерде өскен. Қазіргі кезеңде әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерінің біріне материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерді (қанағаттандыруға арналған халықтың нақты табысын арттыру жатады [69].

Кесте 4 – ТМД елдеріндегі халықтың ақшалай табысы мен шығысының өсу қарқыны

    

Елдер 2003 жылы 2002  жылға %-бен шаққанда 2004 жылдың  қаңтар-қыркүйек айлары 2003 жылдың  қаңтар-қыркүйек айлары %-бен шаққанда
  Халықтың  ақшалай табысы Тұтыну тауары мен қызметке жұмсалатын халықтың ақшалай шығыны Халықтың  ақшалай табысы Тұтыну тауары мен қызметтерін сатып алуға  кететін халықтың ақшалай шығыны
Әзірбайжан 114,1 110,2 120,0 115,8
Армения 115,0 118,1 117,1 119,3
Беларусь **132,7 **130,4 **134,5 **135,1
Қырғызстан 107,7 111,1 109,4 108,8
Ресей *128,8 *122,4 *121,7 *123,2
Тәжікстан **148,0 **145,5 **135,6 **127,1
Украина **113,0 **120,5 ***120,0 ***112,4
    Сілтеме:

    1 - [33] әдебиет бойынша құрастырылды;

    2 - *бағалау есеп;

    3 - **қаңтар-тамыз;

    3 - *** қаңтар-тамыз халықтың табысы мен шығысы ҰЕЖ-нің әдістемесі

    бойынша есептелген.

 

    Табиғи  монополиялардың қызмет тарифтерін өсірмеу, халықтың қызмет төлемдерін, оның ішінде тұрғын үй-коммуналды шаруашылық төлемдерін азайту да маңызды мәселелер  болып табылады. Мәселен, өткізудің  барлық арналары арқылы бөлшек саудадағы  тауар айналымы Достастық елдері бойынша орташа есеппен алғанда 2004 жылдың каңтар-тамыз айларында 2003 жылдың осы кезеңіне қарағанда, айталық, Грузияда 6,8 %-дан, Тәжікстанда 21,7 %-ға дейін ауытқыған. Жекелеген кезеңдерде бөлшек саудадағы тауар айналамының көлемі өзгеріссіз қалды. Мәселен, Арменияда жылдың маусым айында осы жылдың мамыр айына қарағанда бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі бар-жоғы 0,9 %-ға ғана өссе, Украинада тіпті 1,7 %-ға келіп жетті. Ішкі сұраныстың параметрлерінің төмен болуы осы мемлекеттердегі халықтың көп бөлігінің табыс деңгейлерінің төмен болуымен байланысқан. Достастықтың құрамына кіретін барлық елдердегі құрамы халықтың ақылы қызметі 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырып қарағанда жоғары қарқынмен өскен.

    Ақылы қызметтің құны орташа есеппен алғанда 23 %-ға, ал нақтысы 6 %-ға артқан. Беларусьта барлық арналар бойынша ақылы қызметті өткізу көлемінің ағымдағы бағасы 38,7 %-ға, Қырғызстанда 36 %-ға, Тәжікстанда 35 %-ға, Ресейде 23,5 %-ға өскен.

    Тұрғын  үй мәселесі бүкіл ТМД елдерін қамтуда. Достастық елдері бойынша орташа есеппен алғанда 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 2003 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда қаржыландырудың барлық кезеңдері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй 9 %-ға өскен. Тұрғын үй алаңдарын кеңейту: Украинада - 52 % (1-ші тоқсан), Тәжікстанда - 45 %, Қазақстанда - 41 %. Тұрғын үй алаңының көлемі кеміген мемлекеттер қатарына Армения мен Грузия кіреді (өткен кезеңнің көлемімен салыстырып қарағанда 82 және 89 %).

    Осылайша  елдер экономикасының тұрақты өсуінің жағымды тенденциясы орын алғанына көз жеткіздік. Елдердің экономикалық жағынан өсуі нақты сектордың позициясына негізделеді. Ен алдымен бұл өнеркәсіпке қатысты. Мынаны айту керек, ТМД республикаларындағы өнеркәсіп өндірісінің негізгі өсу факторларына сыртқы фактор жатады - қолайлы рынок конъюнктурасы мен мұнай және шикізат тауарларының әлемдік бағасынан жоғары болуы. Экономиканың кен өндіруші салаларында инвестицияның өсуі өз жалғасын тауып келеді. Инвестициялық процесте орталықсыздандыру жүріп жатыр. Бюджет көздерінен қаржыландырылатын күрделі қаржы жұмсаудың үлес салмағы азайып, жеке-меншіктің және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражатын тікелей шетелдік инвестицияларда тарту артып келеді.

    Сонымен қатар, ТМД-ның көптеген елдерінде  соңғы жылдары бір мезгілде экономиканы өсірудің ішкі факторларының рөлі, ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылық пен тұрақты қаржы жағдайына әсер ететін инвестициялық факторлардың рөлі артып келеді.

      Жұмыстың  үшінші тарауында аймақтық экономикалық интеграцияның даму салдарын анықтау және мемлекеттердің интеграциялауының алғышарттарын іске асыру жолдары мен оны сараптау мәселелері қарастырылды. Елдердің экономикалық ашықтығы, халықаралық салыстыруда кең көлемде қолданады. Егер де елдер, интеграциялық байланысқа терең араласқан болса, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы және өзінің салыстырмалы артықшылығын пайдалану мүмкіндігін қолдану кеңірек болады. Экономиканың ашықтығы деңгейін №5 кестеден көруге болады.

      Қазіргі жағдайларда өндірістердің өзара  толықтыру дәрежесі тұрақсыз сипатта болып келеді. Реформалар, дағдарыстар және тоқыраудың басындағы өндірістің құлдырауынан кейін экономикалық өсудің алғашқы қадамдары  

 

Кесте 5 – ТМД елдерінің экономикасының ашықтығы 

  Жылдар ТМД елдері
РФ Украина ҚР Беларусь Қырғызстан Тәжікстан
ҚР-ның  ІЖӨ 1995 617000 119000 16644,8 39000 7000 5000
2004 806722,4 145938,3 35260,83 361352,8 10742,8 7090,8
Сыртқы  сауда айналымы 1995 125049 28612 12803,8 10367 266 1559
2004 259475,12 90605,3 32877,4 30041 232 2108,8
Экономиканың ашықтығының коэффициенті 1995 20,2 24,0 76,9 25,6 3,8 31,18
2004 32,2 62,1 93,2 8,3 2,1 29,7
Экспорт 1995 12,6 11,0 35,5 12,3 1,6 15,0
2004 20,3 35,6 68,4 3,8 1,1 12,3
Экономиканың  ашықтығының коэффициенті 1995 7,6 13,0 41,4 14,2 2,2 16,2
2004 11,8 26,5 43,5 4,5 1,1 17,4
    Сілтеме – [37], [38], [39], [40] әдебиеттер бойынша автордың есептеуі.

Информация о работе Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары