Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 10:31, автореферат

Описание работы

Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік шаруашылық және.doc

— 322.50 Кб (Скачать)

    БҰҰ мәліметтері бойынша 2002-2003 жылдары  ТМД елдерінде жан басына шаққандағы ІЖӨ-ның өсімі байқалған. Бұл арада  ең қарқынды өсу мына мемлекеттерде  байқалған:  Тәжікстан (126,4%), Ресей (126,1%), Беларусь (120,4%) және Түркменстан (120,3%). 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемінің кемуі Өзбекстанда байқалған (12,7% пунктісінде). 1999-2000 жылдары қолға алынған ТМД елдерінің экономикасын көтеру агроөнеркәсіптік кешенді, өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамыту, жұмыспен қамтуды өсіру, халықтың экономикалық белсенділігін арттыру мақсаттарында барлық ресурстарды толық әлі тиімді пайдалану арқылы ғана өз жалғасын тауып отыр.

    Бұдан былайша қорытынды шығаруға болады, ТМД елдерінде экономикалық өсімнің әртүрлі типтері қалыптасқан. Негізгі қозғаушы күші табиғи ресурстарды экспорттау болып табылатын біреулерінде өсудің мүмкіндігі шетелдерде белгіленетін бағаның тұрақтылығына байланысты болса, (экспорттың 14 табиғи ресурстарын өңдеуші салалардың үлес салмағы аз) кейбір елдердің өсу мүмкіндіктері ішкі нарықта қалыптасқан ахуалдарына тәуелді. Соңғысы өндіріс процесінде экономиканың құрылымын өзгертуді және дамытуды тежейтін кеңестік кезеңнен қалған ескі кәсіпорындарды жиі пайдаланады. Соңғы жылдары қалыптасқан кен өндіруші өнеркәсіптердегі өнім көлемінің өсу қарқынын жекелеген елдер турасындағы мысалдан байқап көруге болады (1-кесте).

Кесте 1 - 2002-2003 жылдардағы ТМД-ның кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерінің өнім көлемдерінің индекстері 

Елдер * 2002 2003 2004
  кен өндіруші өңдеуші кен өндіруші өңдеуші кен өндіруші өңдеуші
Әзірбайжан 102,5 105,5 101,4 117,7 102,1 110,4
Армения 119,6 125,3 111,9 119,2 104,9 104,8
Грузия  94,8 119,2 157,7 117,6 96,0 128,8
Қазақстан 115,9 108,4 110,2 107,9 111,5 107,9
Қырғызстан  101,6 88,8 101,1 119,2 115,9 123,3
Молдова 124,1 113,3 126,2 118,0 128,9 115,8
Өзбекстан 102,3 108,9 105,5 118,2 108,5 118,6
    Сілтеме:

    1 – [33] әдебиет бойынша құрастырылды;

    2 – * экономикалық қызмет түрлерін ұлттық статикалық жүктеліміне сәйкес мәліметтерді ұсынған елдер.

 

    Талдау  көрсеткендей, осы сектордың әр түрлі  салаларындағы кәсіпорынның даму қарқындары біркелкі емес. Мәселен, 2004 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Қазақстанның кен өндіруші өнеркәсіптеріндегі өнім көлемі 2003 жылдың кезеңімен салыстырып қарағанда 11,5% - ға, өңдеуші өнеркәсіптерінікі - 7,9% - ға, электр энергиясын, газды және суды бөлу мен өндіруде - 4,8% - ға өскен. 2004 жылы Ресейде салалар бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі әр қилы болады деп болжанған. Келтірілген мәліметтерден көргеніміздей қарастырылған кезеңде бірқатар Достастық елдерінде өнекәсіп өндірісінің өсімі негізінен мұнай мен шикізат тауарларына деген конъюнктуралық-әлемдік бағалар басты фактор болып қалатын экспорттық-шикізат модельдері бойынша болған. Бұл арада өнеркәсіп өндірісінің өсімі қосылған құнның аз ғана үлесіне ие минералды ресурстарды экспорттау есебінен ғана болып отыр[66].

    Нақты тенденция әрбір елдің ұлттық шаруашылық құрылымында пайда болды. ТМД елдерінің ІЖӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнекәсіп өнімдері құрайды. Алайда экономиканың бұл секторы бүгінгі таңға дейін дағдарыстың салдарын жая алмай отыр: бірақ мемлекеттерде әр деңгейіндегі жетістіктер байқалып отыр, сол себепті де өнім өсімінің қарқыны да бір-бірінен көп айрықшаланады (2-кесте). 

Кесте 2 - ТМД-дағы өнеркәсіп өнімдері көлемінің индексі, өткен жылғыға %-бен шаққанда 

Елдер 1992 1995 2000 2001 2002 2003 2004
Әзірбайжан 69,6 78,6 106,3 105,1 103,6 106,1 105,1
Армения 51,8 101,5 106,4 105,3 114,6 115,1 101,6
Беларусь 90,8 88,3 107,8 105,9 104,5 107,1 115,7
Грузия 54,2 86,5 110,8 95,0 107,0 114,8 104,9
Қазақстан 86,2 91,8 115,5 113,8 110,5 109,1 110,3
Қырғызстан 74,2 82,2 106,0 105,4 89,1 117,0 109,2
Молдава 72,9 96,1 107,7 113,7 110,8 115,6 107,9
Ресей 82,0 96,7 111,9 104,9 103,7 107,0 106,5
Тәжікстан 75,7 86,4 109,9 115,0 108,4 109,9 116,0
Түркіменстан 85,1 91,0 - - - - -
Өзбекстан 93,3 100,1 105,9 107,6 108,5 106,2 -
Украина 93,6 88,0 112,4 114,2 107,0 115,8 114,4
    Сілтеме - [33] әдебиет бойынша құрастырылды.
 

    ТМД елдері бойынша орташа есеппен шаққанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2002 жылмен салыстырып қарағанда 2003 жылы 8%-ға артқан. Ең жоғары өсім мына мемлекеттерде байқалды: Украинада 15,8%, Молдовада 15,6%, Армения 15%. Бұл Қазақстанда 9,1%-ға, ал Ресейде 7%-ға өскен. Алдағы жылдың кезеңімен салыстырғанда, 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің өсім қарқыны ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда 9%-ды құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша мына мемлекеттер жетекші орында: Тәжікстан - 16% және Беларусь - 15,7%. Өнеркәсіп өнімі көлемінің ең аз өсу қарқыны Грузияда 4,9% және Арменияда 1,6%.

    Импорттық жабдықтаудың құнын көтеру экономиканы  нығайтумен, ТМД елдері арасындағы үзіліп қалған байланыстарды қалпына  келтіріп, оны одан әрі кеңейтумен, жаңа сауда серігін табумен байланысты. Мұнда импортты арттырудағы қауіп мынада: Достастық елдерінің ішкі нарығында отандық өнімді ығыстырған шетелдік тауарлардың үстемдігі басым. Оның үстіне экономикалық қауіпсіздікке соққылар берілуде: мемлекеттің өз ішінде халықтың күш-жігерімен қалыптасқан табыс әлдеқайда жоғары табысы бар елдерде қалыптасқан өндіру құнымен тауарларды өткізуде ұмтылып, көп зиян шегеді.

    2004 жылы сыртқы саудада экспорттық  және импорттық операциялардың  өсіміндегі айырмашылық сақталып  қалған. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украинаның тауарлар мен қызметтерінің сыртқы сауда айналымында жағымды сальдо қалыптасты: 2003 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 47,1%-ға, ал импорт 29,9%-ға артқан. Экспорт импорттан 17,2% пунктке артық. Украина әлемнің көптеген елдерімен сауда-саттық байланысын орнатқан ел, алайда оның саудадағы негізгі серігі бұрынша Ресей болып қалды - жарты жыл ішіндегі жалпы алғанда экспорттық жабдықтауы 16,8% болды. Украиндық экспорттың 8,4% - ы Германияның үлесіне тисе, Түркия - 5,2%, Италия - 4,7%, Қытай - 4,3%. Импортерлердің ішінде де Ресей аса ірі жабдықтаушы болып қалған, ол жалпы импорттың 39%-ын Украинаға жібереді. Импорттық жабдықтау үлесі тұрғысынан алсақ, Түркменстан - 10,1%, Германия - 9,4%, Польша - 3,3%, Италия - 2,8%, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ - 2,5%.

    Тауар айналымының көлемі мемлекеттер  арасындағы экономикалық ықпалдастықтың маңызды көрсеткіші болып табылады. ТМД республикаларындағы сауда-саттыққа құрылған экспорттық-импорттық жаңа қатынас Достастықтың өз ішінде де, әлемнің басқа да елдерімен де онша жақсы емес. Мұны 3 кестеден байқауға болады. 

Кесте 3 - 2003 жылдың кезеңіне %-бен алынған 2004 жылдың қаңтар-тамыз (тұрақты бағада) айларындағы ТМД елдерінің экспорты мен импорты  

Елдер Экспорт Импорт
ТМД ТМД-дан тыс ТМД ТМД-дан тыс
Әзірбайжан    256,8    117,0    145,4    129,0
Армения    39,5    103,0    99,3    104,1
Беларусь    136,2    129,4    135,2    130,0
Грузия    190,0    135,1    168,6    152,7
Қазақстан    146,8    144,3    162,0    154,1
Қырғызстан    148,7    139,7    150,4    125,6
Молдова    125,5    142,3    135,4    128,7
Ресей    135,5    123,7    136,4    121,7
Тәжікстан    112,1    128,0    160,7    174,9
Украина    151,9    146,7    135,5    128,4
    Сілтеме - [33] әдебиет бойынша құрастырылды.
 

    Әлемдік нарықта ТМД елдерінің экспортын  негізінен отын-энергетика және минералды-шикізат  секторларындағы ресурс өндіруші салалардың өнімдері құрайды.

    Сыртқы  экономика конъюнктурасының қолайлы  жағдайында Ресей мен Украина  экономикасының өсімі елеулі деңгейде экспорттық операциялардың өсімімен анықталады. Алайда негізгі шаруашылық байланыстары әлі күнге ішкі нарықпен шектеліп қалған. ТМД елдері арасында аса ірі сауда серігіне айналған Ресейде 2004 жылдың қаңтар-шілде айларындағы экспорт көлемі 125,5 млн-ды, ал импорт 124,1 млн-ды АҚШ долларына шаққанда немесе экспорттауы 98,9%-ды құрады. Әлемдік тауар нарығында қалыптасқан одан арғы ахуал Ресей экспорттаушыларына, атап айтқанда, мұнайдың, түрлі түсті және қара металдың әлемдік бағасының жоғары деңгейіне қолайлы жағдай тудырды. Ресей орталық банктің бағалауы бойынша, 2003 жылмен салыстырырып қарағанда ресейлік экспорттағы негізгі тауарлардың әлемдік бағасының өсуі орташа есеппен 12,1%-ға бағаланды. 2004 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Ресейдің мұнай экспорты 113,2 млн тоннаны құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткішінен 17%-дан да көбірек болды. Алыс шетелдерден Балтық елдерінен 19,39 млрд. доллар сомасында 97,1 млн. тоннадан көп мұнай әкетілсе, ал бұл көрсеткіш ТМД елдерінде - 2,49 млрд. доллар сомасында 15,8 млн. тонна мұнайды құрады. Армениядағы экспорт пен импорттың көлемі АҚШ долларымен алғанда 12,6 млн. доллар және 30,4 млн. доллар, Грузияда - 20,0 млн. доллар және 77,4 млн. доллар. Армениядағы импорт экспорттан 2,4 есеге асып түссе, Грузияда - 3,9 есе. Шын мәнінде, бұл елдерде бұрынғыша экономиканың сырттай өсу факторы жоқ, өйткені әлемдік нарыққа ұсынып шағара алатын бәсекеге жарамды тауарлары жоқ. Оның үстіне, импорттың жоғары болуы салыстырмалы түрде экономикалық дамудың ішкі факторларын шектеп тастайды.

    Сонымен бірге, экспорттық секторлардың, оның ішінде, валюталық түсім есебінен дамып отырған Ресейдегі оның қарқынды дамуы нақты экономика секторларындағы басқа салаларының ұдайы өндіру процесімен байланыспаған. 2004 жылдың қаңтар-мамыр айларында алыс құрылымындағы отын-энергетика тауарлары 57,4%-ды құрады.

    Мұның бәрі әлемдік бағаның сыртқы конъюнктурасына  экономиканың тәуелділігін арттыруға әкеп соқтырады.

    Достастық мемлекеттердің экономикалық жағынан  тиімді экспортын өсіру үшін кәсіпорындарды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырып, осының негізінде бәсекеге жарамды  өнімдерді шығарудың көлемін  және ең алдымен өндіріс қаражатын ұлғайту қажет. Бұл экспорт құрылымындағы шикізат ресурстарының үлес салмағын кемітуге мүмкіндік береді.

    Елдің ақша және валюта нарықтарында қалыптасқан тенденциясының өзіндік ерекшеліктері бар. ТМД елдері бойынша, орташа есеппен алғанда инфляцияның ең шырқау шыңы 1993 жылы орын алыпты: Ресейде 1992 жылы, ал Қазақстанда 1994 жылы. Инфляцияның бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейі Арменияда тіркелген. Жылдар тізбегімен алғанда ондағы инфляция: 1992 жылы - 828,7%, 1993 жылы - 1922,9% және 1994 жылы - 5062,3%. 1997 жылы инфляция деңгейі 117%-ға төмендеп, 2002-2003 жылдары өткен жылман салыстырғанда 112 және 111 %-да тұрақтаған. 2004 жылдың 10 айы ішінде бұл көрсеткіш 109 %-ға теңесті; 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында баға 19,4 %-ға дейін өскен Беларусьта ең жоғары деңгейдегі тұтыну бағасының индексі қалыптасқан болса, ал ең төменгісі Қырғызстанда  - 4,6 %. Бұл кезеңде инфляцияның жоғары деңгейі Модовада да тіркелді - 12,7 %, ал Ресейде - 10,6 %.

Информация о работе Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары