Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 10:31, автореферат

Описание работы

Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік шаруашылық және.doc

— 322.50 Кб (Скачать)

    - әлемдік экономиканың жаһандануы  жағдайындағы аймақтық интеграцияның  табиғатын түсіндіру, оның негізгі бағыттары мен көріну нысандары нақтыланды;

    - халықаралық экономикалық интеграцияның  экономикалық әдебиеттегі мәнісін  түсіну эволюциясы қарастырылды  және нақтыланды, оның негізіне  мынадай белгілер енді: планетарлық  көлемі, аймақтық деңгейі, фирмалар деңгейі, мемлекеттің ролі және нарық пен мемлекетттің үйлесімі;

    - ғылыми әдебиеттегі посткеңестік  кеңістіктегі аталған интеграциялық  құбылыстардың классикалық заңдылықтарының  ерекшеліктері, олардың көріну  тереңдігі мен дәрежесі айқындалды;

    - достастықтағы интеграциялық процестердің ерекшеліктері және олардың даму тенденциялары анықталды және жүйеленді;

    - «әртүрлі жылдамдықты және көп  деңгейлі интеграция» қағидасы  бойынша ТМД елдері жүйеленді  және қажетті шараларды жүргізудің 4 сценарийінен тұратын интеграциялық саясаттың болашағын анықтауға қатысты тәсілдемелер ұсынылды;

    - экономикалық тетіктер және саяси  - құқықтық құралдар мен әдістер  жиынтығы ретіндегі интеграция  механизмі айқындалды, олардың көмегімен  ұлттық шаруашылықтардың жақындасуы  мен өзара бейімделуі процесі жүзеге асырылады.

    Жұмыстың  тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының (ГБ №16) жоспарына сәйкес орындалды.

    Әлемдік шаруашылыққа интеграцияланудың модельдерін  жасау кезіндегі негізгі тұжырымдар ретіндегі зерттеудің нәтижелерін, соның ішінде қорытындылар мен ұсыныстарды, интеграцияның моделін әлемдік  шаруашылыққа енгізудегі негізгі тұжырымдарды қолдануға болады. Диссертациялық зерттеудің негізгі қорытындысы мен шешімдерін елдердің ұзақ мерзімдік болашақтағы әлеуметтік экономикалық бағдарламаларына ұсынуға болады. Сондай-ақ, «сыртқы экономикалық сектор» бөлімдерінде инвестициялық шешімдердің техникалық- экономикалық негізін қалауда, өнеркәсіптік саясатта  қолданылуы мүмкін.

    «Халықаралық  экономикалық қатынастар» мамандығы  бойынша жоғары білімді мамандарды дайындау процесінде, атап айтқанда, «Халықаралық экономикалық қатынастар» және «Халықаралық экономикалық интеграция» курстарында қолданылды.

    Диссертациядағы теориялық қорытындылар, әдіснамалық  ережелер және әдістемелік жолдар Қазақстан  Республикасының министрліктері мен  ведомстволары үшін өте маңызды  болып саналады, олар экономиканың даму стратегиясының жобаларын жасау мен түзету және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламаларын жасауда қажет болады.

    Зертеу  тәжірибелерінің  қолдау табуы. Жұмыстың зерттеу нәтижелері келесі халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: XXI ғасырға көзқарас» (Алматы, 2000), «Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы ұлттық экономикасы» (Алматы, 2002), «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» (Алматы, 2004).

    Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 5,0 б.т. 11 ғылыми мақала, оның ішінде 5 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті  ұсынған басылымдарда жарияланды.

    Жұмыстың  құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 124 бет көлемінде ұсынылған. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, оның жалпы саны 100, 18 кестеден, 2 суреттен және  қосымшалардан тұрады. 

    Негізгі бөлім 

    Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен қазіргі кездегі проблемаларының зерттеу қажеттілігі көрсетілген.

    Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануын зерттеу және осы негізде оның дамуындағы ерекшеліктер мен қазіргі кездегі даму тенденцияларын анықтау арқылы елдердің интеграциялануының нәтижелілігін бағалау.

    Посткеңестік кеңістіктегі аймақтық экономикалық интеграцияның даму мәселелерін зерттеу мен қорытындылау негізінде кешенді және біртұтас тұжырымдарды нақтыланды. Экономикалық тетіктер және саяси - құқықтық құралдар мен әдістер жиынтығын қолдана отырып интеграция механизмдерін айқындау, олардың көмегімен ұлттық шаруашылықтардың жақындасуы мен өзара бейімделуі процесінің жүзеге асырылуы қарастырылды.

    Бірінші тарауда халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемесіне көңіл аударылып, экономикалық әдебиеттердегі интеграциялық түсініктерге және мемлекеттердің ұлттық экономикасының әлемдік қауымдастыққа араласу процестерін бағалауға қатысты көзқарастарға көңіл аударылды. Қазіргі кездегі шаруашылық байланыс түрлерінің жаһандану процесіне тартылуы және олардың халықаралық көлемде өте тығыз байланыста болуы халықаралық экономикалық интеграцияның кең етек жайғанын көрсетеді.

    Осы орайда халықаралық экономикалық интеграцияның туындауы мен дамуын зерттеген атақты ойшылдардың пікірлері қарастырылып нақтыланды. Оның негізіне төмендегідей белгілер енді: планетарлық көлемі, аймақтық деңгейі, фирмалық деңгейі, мемлекеттің ролі және нарық пен мемлекеттің үйлесімі.

    Бірінші тараудың екінші параграфында экономикалық интеграцияның тиімділігінің өлшеудің экономикалық әдебиеттердегі әдістемелік жолдары қарастырылды. Қазіргі кезде экономикалық интеграцияның нәтижелілігін анықтау үшін бірнеше тәсілдемелер қолданылады: Дж.Вайнердың «ағымды туындатушы» және «ағымды ауытқытушы» және т.б тәсілдердің шектеулі сипаты бар екендігі көрсетіліп, жаһандану жағдайындағы халықаралық экономикалық интеграцияның ерекшеліктерін ескере отырып, олардың көмегімен интеграцияның дамуының сандық және сапалық параметрлері анықталды. Ол екіге бөлінеді: абсолюттік көрсеткіштер және салыстырмалы көрсеткіштер. Болып жатқан интеграциялық процестердің нәтижелерін сипаттайтын абсолюттік көрсеткіштер жүйесі нақтыланды. Оларға: ІЖӨ-нің көлемдері, өзара сауда көлемі, капитал ағымының көлемдері, бірлескен кәсіпорындардың өсуі, кооперациялану дәрежесі, халықтың миграциялану деңгейі, сонымен бірге елдердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің кең спектрі.

      Сондай-ақ салыстырмалы көрсеткіштер жүйесіне жататындар: сыртқы сауданың жан басына шаққандағы шамасы, ІЖӨ-дегі елдер мен одақтың үлес салмағы, сыртқы экономикалық қызмет (сыртқы сауда) және ішкі өндіріс көлемінің арақатынасы; ІЖӨ-дегі экспорттық (импорттық) құраушының көрсеткіші, икемділік коэффиценті (сыртқы сауда айналымы индексінің қоғамдық өнім индексіне қатынасы арқылы есептеледі); салалардағы жекелеген өнім түрлерін өндірудегі экспорт үлесі; шаруашылық салаларындағы жекелеген өнім түрлерін тұтынудағы импорт үлесі; тұтыну тауарларындағы импорттық өнімнің үлесі; жалпы және жекелеген тауар топтары бойынша  сыртқы саудадағы елдің үлес салмағы; сыртқы сауданың географиялық құрылымы.

          Әлемдік экономика  өмірінде аймақтық интеграциялық топтардың  құрылуы мен олардың өзара  бірлесіп іс-қимылдар жасауында үлкен жеткілікті тәжірибелер жинақталды. Осы тәжірибелерді Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтарға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысуы мен оны одан әрі дамытуда ескерудің маңызы зор. Бұл орайда әсіресе Еуропа елдерінің өзара қарым-қатынасының қалыптасуы мен даму тәжірибесінің маңызы зор екендігіне көңіл аударылды.

          Әлемдегі мемлекеттер  арасындағы интегрциялық процесстердің  даму теориясында ТМД мен Еуропалық  Одақтың басты айырмашылықтарын салыстырып, зерттеудің маңызы зор. Бұл салыстырмалы талдау диссертациялық жұмыста қарастырылып отыр.

    Демек, ТМД – бүгінгі таңдағы ірі  аймақтық бірлестіктердің ішіндегі әлемдік шаруашылық процесіне енуде  өзіндік жолы мен даму ерекшеліктері  бар бірлестік болып табылады. Осы орайда  жұмыстың келесі тарауы  ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграциялануының диалектикасына арналған.

    Жұмыстың  екінші тарауында посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді зерттеуге  арналған. ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының даму эволюциясына тоқталып, осы елдердің экономикалық дамудың және нарықтық реформалаудың әртүрлі деңгейде тұрғанын, әсіресе өзара байлансытардағы қиындықтардың болуы, сондай-ақ өсудің қарқыны мен экономикалық өсудің көрсеткіштерінің әртүрлі деңгейде тұрғаны анықталды.

    Посткеңестік  кеңістіктің жаңа мыңжылдыққа қадам басуы  жағдайында дамудың жағымды көрсеткіштері көрініс таба бастады. Экономикалық дамудың тиімділігінің негізгі индикаторы ІЖӨ-нің өсу қарқыны көрсеткендей, ТМД елдеріндегі нарықтық реформа, экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын қамтамасыз етуде. 2003 жылы ТМД көлемінде алдыңғы жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің орташа көрсеткіші 7,2%-ға өсті.

    Интеграциялық біріктіруді ұйымдастыру мәселесінде  және ынтымақтасып шаруашылық жүргізудің бірыңғай (біртұтас) тетіктерін нақты  іс жүзіне асыруда бірқатар жағымсыз жағдайлар кездескенмен, ТМД құрылғалы 14 жылдың ішінде елдер экономикасының тұрақты өсуінің жағымды тенденциясы да байқалды.

    Ұлттық  ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық қатынастарды түрлендіру мәселелерін қарастыратын болсақ, ТМД экономикалық және индустриалық даму деңгейлері әртүрлі, әрі әлеуметтік салалары да әр басқа мемлекеттерден тұрады. Достастық елдердің экономикалық жағдайларындағы үлкен айырмашылық әр елдің өзіне ғана тән нарықтық қалыптасудың әртүрлі деңгейімен, өндірістік құрылымдар мен салалық мамандандырулардың әр қилылығымен және әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асырудағы өзіндік ерекшеліктердің көптігімен түсіндіріледі. Сондықтан да, экономикалық қатынастарды түрлендіру нарықтық институционалдық орталарды қалыптастырудың жалпы бағытында ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

    Елдер экономикасының тұрақты өсу тенденциясына келетін болсақ, бұл арада мынаны айта кету керек. Қазіргі уақытта ТМД елдерінде барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсудің жағымды тенденциясы сақталып отыр. ІЖӨ - нің өсуі негізінен өнеркәсіптің дамуы есебінен орын алды. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украина да ІЖӨ 2003 жылдағы кезеңмен салыстырып қарағанда 13,4%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі - 14,4% болды, ал Белерусияда - 10,8% және 15,7%, Тәжікстанда - 13,6% және 16%, Қазақстанда - 2,1% және 10,3%.

    ТМД республикаларында өнеркәсіп өндірісінің  өсуінің негізгі факторларына бұрынғыша мұнайдың, шикізаттың ішкі және сыртқы әлемдік бағалары мен қолайлы нарық конъюнктурасы болып қала берді. Ішкі факторлар рөлі айтарлықтай төмен болып тұрған кезде экспорттық құраушыларға деген тәуелділіктің жоғары деңгейі сақталып қалған. Мәселен, Ресейде 2004 жылдың І-жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің 80,7% өсімі экспортпен қамтамасыз етілген. Мұндай жағдай Қазақстанда да ұшырасады. Осы жылы сыртқы экономикалық конъюнктура экспорттаушылар үшін өте қолайлы болып тұр. Жыл басында энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасы көптеген сарапшылардың болжамдарынан әлдеқайда жоғары болды. 2003 жылы Достастық бойынша орташа есеппен алғанда 2002 жылға қарағанда экспорт 25,5%-ға, ал импорт 24%-ға артқан, мұнайдың жоғары бағасымен байланысты экономикалық өсім бірқатар елдердің құрылымдық реформаларындағы прогрестің болмауын қалқалап көрсетпейді. Соңғы жылдардың ішінде халық табысы мен еңбек ақысының өсімі бүкіл Достастық елдері бойынша өндіріс тиімділігінің өсімінен асып түскен. Мұның себебі: ішкі даму факторлары мен сыртқы конъюнктура қолайлы болып тұр. Осыған қарамастан көптеген елдерде табыс деңгейі төмен, табыстағы теңсіздік елдердің арасында да белең алып тұр. ТМД елдеріндегі халықтың басым бөлігі кедейшілікте өмір сүріп жатыр, өмір деңгейіне кері әсерін тигізетін факторлар: жұмыссыздық, тұтыну нарығындағы бағаның өсуі, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлсіздігі.

    Әрбір елдегі ІЖӨ-ның өсу қарқыны нақты  экономика секторының жағдайымен, қалыптасқан  әлеуметтік экономикалық ахуалдармен  байланысты болып отыр, жеке алатын болсақ, тұрақты даму үстіндегі Қазақстанның орташа жылдық экономикалық өсу қарқыны соңғы 4 жылда  10,6%-ды құрады, бұл ең төменгі және орташа зейнетақы мөлшерін екі есеге арттыруға, ең төменгі және орташа жалақыны – сәйкесінше 2,5 және 1,6 есеге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақыны 45%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Мамандардың болжауы бойынша жылына 9%-дан кем болмайтын өсу қарқыны 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ІЖӨ көлемін шамамен 3,5 есеге, еңбек өнімділігін 3 есеге өсіруге, ІЖӨ энергия сыйымдылығын 2 есеге кемітуге мүмкіндік береді екен. Осы кезеңде экономикалық саясатты жүзеге асыратын негізгі құралдар мен қаржы-несие, салық-бюджет және инвестиция саясатына орайластырылған заңды жетілдіру көзделіп отыр.

    Бүгінгі таңда ТМД елдеріндегі экономикалық өсім өтемдік сипатта болып отыр, өйткені қазіргі сәтте ІЖӨ-ның  барлық өндірісі дағдарыстан биік деңгейге қол жеткізе алған жоқ, мәселен, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, 2003 жылы ІЖӨ өндірудің көлем деңгейін 1991 жылдағысынан 3 республика ғана асыра алды. Олар: Беларусь (3,7%-ға), Қазақстан (5,9%-ға), Армения (8,1%-ға).

Информация о работе Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары