Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 10:31, автореферат

Описание работы

Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік шаруашылық және.doc

— 322.50 Кб (Скачать)
 

Жобасы 
 
 

ӘОК 339.9.                                                                             Қолжазба құқығында 
 
 

ҚАЛДЫБАЕВА  АЙМАНКУЛ ЕРЕЖЕПОВНА 
 
 

Посткеңестік  мемлекеттердің әлемдік  шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері  және

қазіргі кездегі тенденциялары 
 
 

08.00.14 - Әлемдік  шаруашылық және 

халықаралық экономикалық қатынастар 

Автореферат 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесіне іздену диссертациясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2005 

Жұмыс Т.Рыскулов атындағы экономикалық университеттің «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасында» орындалды.  
 

Ғылыми  жетекші 

э.ғ.д                                                                                          Д.М Мадиярова   
 
 

Ресми оппоненттер: 
 
 
 
 

Жетекші ұйым:  

      Қорғау    2006 жылдың                                күні сағат                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қарастырылатын мәселенің өзектілігі көптеген себептермен түсіндіріледі, ол әлемдік шаруашылықтың дамуына арналған жағдайлардың күрделенуімен сипатталады.

    Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің  басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты  интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі. Әлемдік қауымдастықтың материалдық және рухани сұраныстарының өте толық қанағаттандырылуына ықпал ету осындай бірлестіруші күштердің нәтижесі болып табылады. Сол арқылы жаңа ғасырға кіру әлемнің барлық мемлекеттерін әлемдік құқықтық ережені және жекелеген елдердің жан-жақты экономикалық дамуын бекіту жолында жүруге мәжбүрледі.

    ТМД елдері ұзақ уақыт бойына социалистік  достастық елдері шеңберімен шектеле  отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан тыс қалып қойды. Әлемдік экономикалық кеңістікке кіру кезінде нарықтық өзгертулер курсын таңдай отырып, ТМД-ның барлық елдері үшін ортақ экономикалық блок ретінде ену тиімді және қауіпсіз болар еді. Ол ТМД мемлекеттерінің тең құқықты серіктестер ретінде басқа экономикалық және саудалық одаққа қатысуының маңызды шарты болады.

    Қазақстан үшін бұл мәселе айырықша мәнге ие, өйткені, біріншіден, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияға қатысуы Қазақстан Республикасы егемендігінің экономикалық негіздерін құрудың, Қазақстанның жоғары экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, толыққанды мүше ретінде оның әлемдік қауымдастыққа кіруінің шарты болып табылады.

    Екіншіден, бұл мәселені шешудің маңыздылығы  бүгінгі таңда қалыптасқан күрделі  саяси жағдаймен түсіндіріледі. Екі полярлы әлемнің күйреуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің туындауы және әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы нәтижесінде қалыптасқан жаңа жаһандық жағдайдың артықшылықтарына мыналар кіреді: әлемдегі әскери-саяси шиеленістердің едәуір азаюы, көптеген елдердің ықпал ету және басымды болу сфералары концепциясынан бас тартуы, мемлекеттердің экономикалық өсуі мен мәдени дамуына арналған кеңейтілген мүмкіндіктердің туындауы, халықаралық қатынастардың аймақтық құраушыларының күшеюі. Ол қауіпсіздіктің жаңа мәселелері мен тәуекелдіктері ретінде сипатталатын жаңа элементті халықаралық қатынастарға енгізді.

      Бұл жағымсыз тенденциялар жаһандану процесімен тығыз байланысады және халықаралық ынтымақтастықтың саяси аспектісінде көрініс табады. Жаһандану және трансформациялану процестері нәтижесіндегі шығындар жаңа қауіптердің туындауына әкелді. Әр түрлі конфликтілер (дау-дамайлар), аймақтық және ұлттық қақтығыстардың болу мүмкіндігі үлкен қауіп ретінде қарастырылады, өйткені қалыптасқан жаңа тәуелсіз елдердің халқы көп ұлтты, ал көптеген халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен деңгейде тұр. Сонымен  бірге үшінші елдер тарапынан болуы мүмкін әскери шабуыл шынайы қауіпті екендігін ескеру қерек.

    Есірткілер  мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, терроризм, халықаралық қылмыстар шегі жоқ проблемалар болып табылады, сонымен бірге олар біздің ішкі проблемаларымыздың белгілі бір себебі болып саналады.

    Сондықтан да Орта Азиялық экономикалық қауымдастық  шеңберінде 21.04.2000 жылы Өзбекстанның ұсынысы  бойынша оның қатысушылары терроризммен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен және Келісім тараптарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ықпал етуші қауіптермен күресу бойынша бірлескен іс-әрекеттер жөніндегі Келісімге қол қойды.

    ТМД елдері ішінде терроризмге қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық едәуір жанданды. Аталған құбылыстармен күрес «Шанхай бестігі» қызметінің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар азиялық бағытта терроризммен және экстремизммен күрес мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің СВМДА-ны шақыру бойынша инициативасын дамыту жөніндегі жұмыстары шеңберінде қарастырылады. Біздің еліміз Азия континентінде қауіпсіздік құрылымдарын құру үшін әрекет етеді [1].

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Азия үшін өзекті болып табылады. Мұнда 3,5 млрд-тан астам адам өмір сүреді, әлемдік ЖҰӨ-нің 55%-ы өндіріледі, әлемдік сауданың 40%-ы шоғырланған. Сонымен қатар бұл аймақ өте тұрақсыз аймақтың бірі болып сипатталады. Осы уақытқа дейін Азияда көптеген қақтығыстар, өзара сенімсіздік орын алып келеді.

    Интеграциялық процестердің дамуы осындай экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы елдердің әрқайсысының саяси хал-ахуалын жақсартуға, оларда мекендейтін және тарихында көптеген ортақтығы бар халықтар достығын нығайтуға ықпал ететін болады.

    Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Президенті өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Біздің ары қарайғы интеграциялануымыз – бұл аймақтағы тұрақтылыққа, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке жүру жолы» дегенді атап көрсетті. Бұл әлемде жинақталған интеграциялық бірлестіктердің қалыптасу тәжірибесінің әрекет ету қажеттілігін туындатады. Бірақ та қазіргі кездегі ғылымда жаһандану, интернационализациялау және ХЭИ процестерінің әлемдік шаруашылық байланыстарға ықпал етуін бағалаудың ортақ қөзқарасы қалыптаса қоймады.

    Осылайша, бірқатар ғалымдар жаһандану мен  интеграцияның ұлттық экономикаларға тигізер қаупін, экономикасы нашар  дамыған елдердің индустриалды дамыған  елдерге тәуелділігінің күшеюін, дағдарыстық құбылыстардың таралу көздерін көре отырып, оларға жағымсыз баға береді. Осыған қарама-қарсы негізде әлемдік экономиканың, халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің ары қарайғы прогресінің қозғаушы факторлары ретіндегі жаһандану мен интеграция жөніндегі пікірлер де туындайды. Кейбір ғалымдар көңілді мынаған аударады, яғни әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы елдің жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге тартылуы мен тәжірибе алмасуы үшін жаңа  мүмкіндіктерді ашуға және мемлекеттің әлемдік экономикадағы барлық нишаларды(«қуыстарды») алуына мүмкіндік береді.

    ХЭИ және хаһанданудың халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына ықпал етуін  бағалаудағы қарама-қайшы пікірлер олардың қарама-қайшы және тұрақсыз феномендер екендігін дәлелдейді.

    Бұл процестердің адамдық өркениетке ықпал  етуін объективті бағалау үшін тәжірибеге жүгіну керек. Жаһанданудың тереңдеуі  нәтижесінде қазіргі кезде Солтүстік  пен Оңтүстік арасындағы алшақтық, яғни байлық пен кедейшілік арасындағы дәстүрлі  алшақтық азаю орнына, күн санап өсіп келеді. Әлемнің кейбір жерлерінде өмір сүру жағдайларының абсолюттік нашарлауымен сипатталған қоғамның тікелей құлдырауы процесі байқалады. Екі әлеуметтік полюстердің тарихы біріне-бірі қарама-қайшы бағытта қозғалып бара жатыр.

    Сондықтан да, ТМД елдері үшін интеграцияның даму сатылары теориялық мәселелерін және осы процеске ықпал етуші факторларды зерттеу, сонымен бірге ТМД-да интеграциялық байланыстардың қалыптасуы тәжірибесін талдау үлкен мәнге ие болып отыр. Осыларға негізделе отырып, жұмыста халықаралық экономикалық интеграцияның тәжірибесі қарастырылады. Бірақ та бұл ХЭИ сферасында біз осы елдер тәжірибесін көзсіз көшіруіміз керек дегенді көрсетпейді. Ол үшін біз елдердің ұлттық спецификаларының ерекшеліктерін, посткеңестік кеңістікте қалыптасатын тенденцияларды анықтап алуымыз керек, сонымен қатар Батыс Еуропаның ХЭИ-ның элементтері мен механизмдерінің ішінен посткеңестік елдердің экономикасына белгілі бір дәрежеде тиімді болатынын таңдап алып, қолдануымыз керек. Біздің пікірімізше, интеграция мәселелерін кешенді түрде зерттеу Қазақстан Республикасы қатысатын интеграциялық топтастықтар қызметінің механизмдерін жетілдіруге арналған тәжірибелік ұсыныстарды беруге мүмкіндік береді.

    Сәйкесінше, жоғарыда аталған жайттар осы  диссертациялық жұмыс тақырыбын таңдауға себепші болды.

    Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты – посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануын зерттеу және осы негізде оның дамуындағы ерекшеліктер мен қазіргі кездегі тенденцияларды анықтау.

    Қойылған  мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей теориялық, әдістемелік және талдаушы міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

     - әлемдік шаруашылықтың жаһандануы және посткеңестік мемлекеттердің дамуының экономикалық моделінің трансформациялануы жағдайында посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның теориялық негіздемесін (анықтамасын) беру;

     - посткеңестік  мемлекеттердің әлемдік шаруашылықтағы тиімді әрекет етуінің маңызды шарты ретіндегі ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграциялануының ерекшелігін көрсету;

     - экономикалық интеграцияның нәтижелілігін өлшеуге қатысты экономикалық әдебиеттегі әдістемелік жолдарды нақтылау;

     - посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстардың типтік заңдылықтарының жүзеге асырылуын бағалау, олардың пайда болу ерекшеліктері және мемлекеттер үшін интеграция жағдайларының алғышарттарын жүзеге асыру;

     - посткеңестік кеңістіктегі аймақтық экономикалық интеграцияның нәтижелілігі мен проблемаларын айқындау.

    Зерттеу объектісі  - посткеңестік елдер және соның ішінде Қазақстан қатысатын интеграциялық бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттарын құрудың себептерін талдаудың және олардың алдында тұрған проблемаларды шешудің мүмкін жолдары.

    Зерттеу нысаны болып ТМД шеңберіндегі халықаралық экономикалық интеграцияның дамуының саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық факторлары, осы жерде қалыптасатын интеграциялық жағдайлар мен олардың даму болашағы қарастырылады.

    Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізін әлемдік экономика мен халықаралық байланыстар саласындағы  отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбегі құрайды.

    Жұмыста  ресми үкімет шешімдері, заңдар, құқықтық  актілер және әр түрлі шет елдермен бекітілген келісімдер қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде статистика агенттігі, ТМД-ның халықаралық статистикалық комитеті, Қазақстан Республикасының ведомстволары мен басқа да  министрліктер, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық ұйымдары және халықаралық экономикалық ұйымдардың мәліметтері пайдаланылды.

    Диссертациялық  зерттеуді орындауда жүйелі және кешенді ғылыми қорытындылау әдістері, экономикалық және жүйелі талдау мен болжау әдістері, әлеуметтік және математикалық статистика  қолданылды.

    Жұмысты орындау барысында кең көлемдегі  ақпараттар қолданылды, олар посткеңестік кеңістік елдерінің әлемдік шаруашылық процестеріне интенсивті тартылуы жағдайында, интеграциялық бірлестіктердің қалыптасуы саласындағы әлемдегі экономикалық жетістіктерін қорытындылайды.

    Жұмыстың  ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын тұжырымдар  посткеңестік кеңістіктегі аймақтық экономикалық интеграцияның даму мәселелерін зерттеу мен қорытындылаудың кешенді және біртұтас тұжырымдармен анықталады. Қорғалатын тұжырымдарға мыналар жатады:

Информация о работе Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары