Несие жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:15, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын жазудың мақсаты – қазақ халық әндерінің шығу тарихын, мәдениетін, оның тәлім тәрбиелік идеяларын, мәселелерін тереңірек түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
─ Қазақ халық әндерінің пайда болу тарихымен танысу;
─ Қазақтың музыкалық мәдениетін анықтау;
─Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеяларын көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақ халық әндеріне сипаттама
1.2 Халық әндерінің шығу тарихы және дамуы
II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
2.1 Халық әндерінің түрлері
2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері
III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 58.10 Кб (Скачать)

III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ

 
          Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы о 
сындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.  
Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, көптеген әндер сақталған. Халық зұлымдық, басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы әндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы күрескен, ел қорғаған батырларды жырлаған:  
Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды.  
Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.  
Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады.  
Ел ішінде кең тараған батырлар жырларының бірі «Ер -Тарғында» Сыпыра – жырау былай суреттеледі: Ноғайлы ханы Зада көрші руға көптеген зиян келтіреді. Сол руда жас батыр Ер-Тарғын дүниеге келеді. Хан Зада одан кек алуға қорқады, не істерін білмейді, оған Сыпыра – жырауға жолығуға кеңес береді. Сыпыра – жырау ханның зұлымдығын, екі жақтылығын қатты сынай отырып, бұрынғы зұлымдығын ұмытуға және достасуға шақырады.

Қазақ әндеріндегі  философиялық ой тереңдігі үнемі  дидактикалық мәселелермен қапсырыла  қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай  жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет  арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық  пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез - құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа  насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл - ойының жиынтығын танытады. Казақ  әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті  негізгі ерекшеліктерін тағы бір  қырынан көрсетеді.

Казақ халық  әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін  өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік  мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді  шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану  мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік  мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс  сияқгы:

тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен  жастар

әндері);

еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік  мал туралы әндер, диқан, егіншілік  әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы  әндері);

- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар,  беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар  әңдері);

ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әндер  (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

-қиял-ғажайып  әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);

-сатиралы - юморлық  әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі  әңдер);

-тарихи әндер;

-әлеуметтік  теңсіздік әңдері;

-эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

-айтыс әндері;

-лирикалық әндер.

Казақтың халық  әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

Казақ әңдерінің  музыкалық-поэтикалық құрылымының  күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші  күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты болып келеді.

Ал біздер сөз  еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық  дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік  мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану  казақ әндерінің өзіндік бітім - тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік  мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай  жүзеге асырылмайды.

Казақ әндерінін  ерекшеліктері әдебиет саласында  А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов  және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері  жөніңде арнайы еңбектер   болғанымен,   осы   мәселе   төңірегіндегі   ой-пікірлер   мен пайымдауларды  С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың,   М.Х.Балтабаевтың,  Ж.Өтемісовтың  ізденістерінен байқауға болады.

Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп  педагогикалық түрғыда карастырылған  ән мұраларының казақ өмірімен тығыз  байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", - деген тұжырымдарын негізге алуга болады.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір  ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде  ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде  болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары  Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс  тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.

Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте  сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің  күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.

Қазақ әндеріндегі  философиалық ой тереңдігі үнемі  дидактикалық мәселелермен капсырыла  қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай  жанрын алмасақ та, өнегелі есиет  арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық  пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа  насихаттап отырады. Сонымен бірге  қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Біздер казақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің  ән жанрларын классификациялауына  сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:

тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен  жастар

әндері);

еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік  мал туралы әндер, диқан, егіншілік  әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы  әндері);

үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);

ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);

- нақиялы әңдер  (алғыс, бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);

киял-ғажайып  әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);

сатиралы юморлық  әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);

тарихи әндер;

әлеуметтік теңсіздік  әндері;

эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);

айтыс әндері;

лирикалық әндер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Сонымен курстық жұмысты қорытындылай келе, Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың  музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан  келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.

     Қазақ ақындарының шығармаларында, әсіресе, ән шығару тәжірибесінде бір әннің  бірнеше нұсқасының болуы жиі  кездеседі. Мәселен Ақанның лирикалық  әні «Мақпалдың» алты нұсқасы  бар, «Құлагердің» төрт нұсқасы бары кеңінен мәлім. Жаяу Мұсаның махаббат тақырыбындағы «Шолпан», «Гауһар-қыз», «Көгершін» әндерінің барлық нұсқаулары жиі айтылады. Жаңа шығармалар ауыздан  ауызға тараған кезде  кейбір өзгерістерге ұшырайтыны былай тұрсын, орындаушылардың тарапынан  оған өзіндік қосуларын енгізетіні  де болады. ХІХ ғасырдағы ақындық өнердің даму тарихы, оның қалыптасу тарихы, ұлттық аудитория тарихы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ақынның әрбір жаңа шығармасы халық арасындағы орындаушыларға  автордың өз аузынан тарайды, мұның бәрі тәжірибелі тыңдарман қауымның қатысуымен, солар арқылы жүзеге асады, есте сақталады, ауыздан-ауызға жалғасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Несие жүйесі