Несие жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:15, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын жазудың мақсаты – қазақ халық әндерінің шығу тарихын, мәдениетін, оның тәлім тәрбиелік идеяларын, мәселелерін тереңірек түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
─ Қазақ халық әндерінің пайда болу тарихымен танысу;
─ Қазақтың музыкалық мәдениетін анықтау;
─Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеяларын көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақ халық әндеріне сипаттама
1.2 Халық әндерінің шығу тарихы және дамуы
II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
2.1 Халық әндерінің түрлері
2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері
III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 58.10 Кб (Скачать)

Халықтың әнші сазгерлерінің тағдырындағы шиеленісті оқиғалар олардың көзқарасына, дүниені  танып-білу қабілеттіне, көркемдік  шеберліктеріне ықпал етпей қалмағандығын  атап айтуға тұрарлық. Сондықтан да олар шығарған өлең-жырлардың көпшілігінде азаматтық әуен кеңірек сипатталады. 
 

     1.2 Халық әндерінің шығу тарихы  және дамуы

     Орта  Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі  күнге дейін жеткен музыкалық  мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл-Фараби (870-950жж.), Махмұд Қашқари (1029-1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), сияқты ұлы ғалымдар, А.Левшин (1799-1879), Ш. Уалиханов (1835-1865), Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844-1909), А.Затаевич(1869-1936) және басқа көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар  көп жазды. Әбу Насыр әл-Фарабидің  бізге жеткен музыкалық-теориялық  еңбегінің бірі «Музыка туралы үлкен  трактат» атты кітабы Орта Азияда қолданылған  ыспа аспаптардың зерттеулерінің дәлелі болып табылады. Б.Сарыбаев қазақ  аспаптарын зерттеуші, Әбу насыр  әл-Фарабидің зерттеу трактатында  екі ішекті қыл-қобыздың сыртқы түрі садаққа ұстайтындығын өз еңбегінде  атап өткен.Әбу Насыр әл-Фараби «Музыка  туралы үлкен трактат» еңбегінде  сол кездегі аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері, эволюциялық дамуы жайында  толық түсінік берген. ...қалың  қазақ елі тартқан сыбызғыдағы  салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс-тарих үшін елеулі бұйым,-деп  Мұхтар Әуезов айтып кеткен. Сондықтан  өз елін, өзінің кіндік кескен туған  жерін ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық музыка мәдениетімізді сүймейтін  адам жоқ деп ойлаймын. Қай халық  болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыка өнері болады және әр халықтың белгілі бір өз ішінде кең тараған, өріс аспаптары да болады.  
Қазақта қаншама арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батырлар мен ақындар, ел билеген көсемдер, небір дүлдүл шешендер, ақылы асқан даналар, аруақты бабалар елімнің елдігін сақтап қалған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тағы да басқа қазақ даналары туралы айтып мақтан етеміз. Тарихқа қарасақ, қазақ халқын құраған бірлестіктер ежелден көп уақыт күрескен . Ол дәуірдегі бабаларымыздың ерен ерліктері, бастарынан өткен қиыншылықтары мен қуаныштары аңыз – жыр болып бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Алтын Орда дәуірі мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлар мен баһадүрлердің айтулы ерліктері де әлі күнге дейін ел аузында жүр. «Алпамыс», «Ер тарғын», « Қобыланды», «Ерсайын», осылар сияқты қаһармандық жырлар - ежелгі ел үшін жасалған ерліктердің аңыздық нұсқасы. Халқымыздың еркіндікті аңсауы сөзінде ғана емес, сазында қалғанын осылар дәлел етеді. Осы замандағы күйлерде азаттықты сағыну сарыны анық байқалады. »Сары - өзен», «Бозінген», «Ертіс толқыны», сияқты күйлерді мысалға келтіруге болады. Музыка – халықтың жаны. Сондықтан онда сезім күй анық көрінеді. Осы кездегі халық күйшілері екі ішекті домбырада, қылқобыз, сыбызғы, шертер арқылы өз дәуірінің ауыр тұрмыс жағдайын, мұңын, арманын, күресін, ерлік істерін, қуаныштарын, қазақ даласының кең және сұлу табиғатын суреттейтін философиялық, героикалық, ана сүтімен дарыған туған тілін, ата-бабаларымыздан жалғасып лирикалық күйлерімен көрсеткен. Көне заманнан ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың ең ежелгі музыкалық аспаптарының бірі - ысқымен ойналатын қылқобыз аспабы. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда қылқобыздың пайда болуы шамамен сегізінші-тоғызыншы ғасырларда өмір сүрген күй атасы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қылқобыз аспабының күйге келтіретін құлағына, шанағының ішкі – тысына дыбыс әсерлігін күшейту үшін темірден жасалған сылдырмақ тенгешелер, шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбіне бақсылар ойнап , күй сарынының әсерін күшейте түсу үшін әдейі темір тенгешелер тағатын болған. Бұл қылқобыз аспабының ескі түрі. Ал жетілдірілген түрі ішектері ат қылынан тағылған шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Ұзақ уақыттар бойы қылқобыз аспабы шамандар мен бақсылардың аспабы болып саналады. Қазақ халқы бұл аспапты көп уақыттар бойы перілерден үйді қорғаушы ретінде пайдаланып, киіз үйдің есігіне іліп қоятын болған. Ахмет Жұбанов айтқандай Ықылас Дүкенұлы бұл аспапты бейне бақсылардың «қолынан жұлып алып» оны халықтың өзіне табыс етті.Революцияға дейін қылқобыз аспабында тек ер адамдар ойнаған, ал қазір қылқобызда әйел адамдар да шебер тарта біледі.[2;6] Қариялардың сөзіне тоқталатын болсақ, Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз – қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ұлы ақын, болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Сонымен қатар Қорқыт атамыз күй шығарған, өз дәуірінің композиторы, әнші – күйші, қобызшы екенін білеміз. Сол күйлерінің көбі біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Мысалы, «Арыстан Баб», «Аққу», «Башпай», «Тарғыл – тана», «Елім – ай», «Қорқыт күйі», «Қоңыр», тағы да басқа осындай күйлері көп болған. Қорқыт - оғыз, қыпшақ тайпаларының Қайы руынан деп айтылады. Қорқыт туралы қазақ халқының қариялары айтқандай Европа әдебиетіне өткен ғасырдың ортасынан бастап белгілі бола бастады. Олардың кейбір ұшқындарын ең алғаш жарыққа шығаруға ой бөлген ғалымдар Шоқан Уалиханов, В.В.Вельяминов, Г.Н. Потанин тағы да басқа ғалымдар қосылып Қорқыт туралы әдебиет жасайды.[3;42] Кейін қылқобыз аспабын жалғастырған, Тілеп Аспантайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Ысмайыл Шәменұлы, Жаппас Қаламбаев осы аталарымыздың қылқобыз өнерін жалғастырып дамытуда үлкен үлестерін қосқан. Осылай Қылқобыз аспабы дамып біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Қылқобыз аспабы сияқты қазақтың сүйіп тартатын,тыңдайтын аспаптарының бірі - домбыра аспабы.Қазақ халқының тарихымен бірге жалғасып, әлеуметтік салт – тұрмысын, шежіресін, өмірін күйге қосып келе жатқан домбыра аспабының шығу тегінің әлі күнге дейін сыры ашылмай келеді. Домбыра - қазақ халқының саусақпен шертіп ойнайтын көне аспаптарының бірі. Шанағы алмұрт тәріздес бірнеше перне тағылған ұзын мойны бар. Шанағының беті жұқа тақтаймен жабылған. Домбыраның батыстық және шығыстық екі түрі бар. Батыстық домбыралар арты дөңгеленіп, шанағы үлкендеу мойыны ұзындау да, шығыстық домбыралар шанағы кішілеу жалпақ мойыны қысқа болып келеді. Бұрын пернелері жеті немесе он үш мойыны қысқа болса қазір классикалық шығармалардың орындалуына байланысты хроматизмдік жүйемен он тоғыз перне тағылып диапазоны едәуір кеңіді. Шертер аспабының құпиялары. Шертер - ертеден келе жатқан қазақтың халық аспабы. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты ата – бабаларымыз шертер деп атап кеткен. Бұл аспап домбырадан гөрі кішілеу болып келеді, дыбысы қаттырақ шығады.Шертердің мойыны қысқалау келеді, пернелері байланбайды. Көне шертер қылқобызға ұқсайды, өйткені, оның кеудесі ағаштан ойылып жасалады, имек келеді, жоғары қақпағы ешкінің немесе үлкен балықтың терісімен қапталады. Қариялардың әңгімелеріне қарағанда бұл құралдың ерекшелігі мынада;шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған.Мойыны қысқа, қыл ішек тағылған, үлкендігі қобыздай. Шертерге аттың қылынан иіріп, үш ішек тағады. Дыбысының шығу күші мен тембрі терінің не қалың не жұқалығына байланысты.Бұрынғы шертер аспабының бет қақпағы болмаған, шертерге бет қақпақ салу , перне тағу кейінгі жылдардың жемісі. Қапталған тері жұқа болса дыбысы қатты әрі ащы ал қалың болса жұмсақ шығады.Қазақ даласында шертер аспабының кең тарағанын дәлелдейтін аңыз - әңгімелер, деректер, баршылық. Оларды жинақтап көне аспаптың қайта тіріліп өнердегі өмірімізге еркін енуіне зор еңбек сіңірген білгір, белгілі аспаптанушы Болат Сарыбаев еді.  
Көне шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады. Аспаптың өзіндік үні мен орындау мәнері қазақтың күйлеріне ерекше бояу беріп, құлпыртып жібереді. Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Шертер аспабының түрлері-ең көне түрі ; бір ішекті , бір құлақты, қақпақсыз, пернесіз, мойынтиексіз, ортантиексіз болған. Көне түрі; екі ішекті, бір(екі) құлақты, мойынтиексіз, ортантиексіз.Шертер аспабының көне түрі Қырғыздың қомузы деген аспабына да ұқсайды. Біздің мемлекетімізбен көршілес жатқан Қырғызстан мен Өзбекстан арасында ұқсастықтар көп. Сөйте тұра әр елдің өзіне ғана тән ерекшелігі де мысалы, Қырғызстан елін алатын болсақ - тілдеріміз бірдей болуымен қатар, біздің әдет – ғұрпымыз, дәстүрлеріміз де жақын. Осы Қырғыз аспабы қомуздың дыбысы, сырт пішіні, біздің шертер аспабымызға өте ұқсайды. Қырғыздар бұл аспаппен жыр да орындай береді екен.Халық шығармашылығының ең көне түрі деп саналатын жыр Қазақ халқында да Қырғыз халқында да бар. Эпостың негізі – батырлық жырлар. «Манас»атты жырдың айналасына бүкіл Қырғыз халқының жырлары шоғырланған. Осы жырларды орындайтын өнер иелерін «Манасшы»деп атайды екен.Ал айтысқа қатысушыларды «айтысшы» деп атайды екен. Қомуз - ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын – жыршылар өз шығармаларын қомуз аспабымен сүйемелдей отыра айтады екен.  
Шертердің дыбыстық мүмкіндігін жетілдіру 1968-1970 жылдардары мықтап қолға алынды.Аспаптың өзіндік сипатын, дыбыстың өзіндік сипатын, дыбыстың ерекшелігін, ойнау әдісін байыта отырып бүгінгі оркестр жетегіне ілесіп қана қоймай өзі де жетекші роль атқаратын, жеке партия орындайтын дәрежеге жетеді. Болат Сарыбаев бастаған аспаптанушылар мен аспап жасау шеберлері бұл міндетті абыроймен атқарып шықты. Ғылыми негізге сүйене отырып олар шертердің жетілдірілген екі түрін жасап шықты.  
Шертердің ең көне түрі өте қарапайым болды. Мойыны сәл иіңкі қысқа шанағы сопақтау дара құлақты.Ортантиек кейде қойылып, кейде қойылмаған. Қойылмаған себебі шанағының беті ашық яғни қақпақсыз және мойын ішке қарай иіңкі болады. Бұл тиекті қажет етпеді . Көне түрі ежелгі өнерпаз шертерге бір ішектің орнына орнына екі ішек тақты. Қос қыл ішекті әуелі бір құлаққа бекітіп бұрап тартты. Қос қыл ішекті тербеліске түсіру үшін әжептеуір үйкіліс күші керек еді, ол саусақтың ұшын қажап тастайтын болғандықтан қос ішекті бір құлақты шертер ұзаққа бармады. Содан соң әрқайсысына жеке құлақ орнатылды, ішектердің даралануы аспаптық музыкаға үлкен жаңалық болды. Осы кездерде шертердің бетін қақпақпен қаптап көрді.Бұрын дыбыс шашырап кететін болса енді бір ғана орталықтан шығатын болды. Сөйтіп шертердің дыбыстық қуаты әжептеуір ұлғайды.  
Жаңа түрі.Шертер өзіндік дыбыс қуатымен , бөлу - реңкімен , ойналу әдісімен мелодиялық ауқымымен дербес аспап болып әлі қалыптаспаған еді.Уақыт келе шертерге үш ішек тағу осыған орай үш құлақ салу, пайда болды. Шанағы жұмырланып тереңдетілді. Үш ішекпен тартатын күйлер дүниеге келді. Осыдан кейін – ақ шертер өзіндік үн әуезі бар жеке аспап болып қалыптаса бастады.Жетілдірілген түрі; а) жұмыр шанақты шертер. Бұл шертер домбыра пішінінің негізінде жасалады. Қақпағы жабылды, үш ішекті, үш құлақты, 11-14 ішектерінің санасы өзгертілді. Саусаққа тиетін оймақтың орнына медиатор пайдаланған. Дыбыстық көлемі мен бұрауы тұрақталды. ә)Жалпақ шанақты шертер.  
Бұл шертердің шанағы жалпақ тік бұрышты етіп жасалады.Бет қақпағының 3/2 бөлігі қарағат қақпақпен жабылды. Мойынбет әдеттегіден биік отырғызылып қақпақтың үстіне 10 см.-ге дейін ұзартылады. Сол себептен де перне саны он екіге жеткізіледі. Тері қақпақ әр түрлі температурада бірде созылып бірде жиырылып отырады. Соған орай дыбыс бояуы да аяқ асты өзгереді.Ойнау әдісі домра – примамен бірдей, бірақ дыбыстық ерекшелігі мүлдем басқа. Сондықтан да оркестрлерде дербес аспап ретінде жетекші рольдердің бірін атқарады. Оркестрдің үніне ерекше нәр беріп, ұлттық бояуын көріктендіре түседі. Бұрын музыка сауаты аз болғандықтан ансамбль оркестр көп болмаған. Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі - жетекші шығармашылық өнер ұжымы. Алғашында қазіргі Алматы қаласындағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжінің жанынан А.Қ. Жұбанов ұйымдастырған домбыра ансамблі болып 1993 жылы дүниеге келіп еді. 1934жылы КазЦИК атындағы оркестр болып қайта құрылды. Оның бас дирижері және көркемдік жетекшісі А.Қ. Жұбанов болды. Ал 1944жылы оркестрге Құрманғазы есімі берілді, 1967жылы Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген ұжым, 1978 жылы академиялық деген атақ берілді.Оркестрдің негізін қаласқан Л.Мұхитов, Қ. Жантілеуов, Ж. Қаламбаев, Ғ.Баязитова, Р. Омаров,А Дәулетбаевтар шығармашылық табыстарға жетуге зор үлес қосты. Қазақ ұлт - аспаптары оркестрі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен 1949 жылы және 1958жылдардағы он күндігінде қазақ халқының атын шығарды, мерейін үстем қылды. « Осы сапарда , - деп еске алады А. Жұбанов 1949жылы өткен онкүндік туралы , оркестр бірінші рет ұлы М. Глинканың «Фантазия-вальсін» орындады. 50 – жылдардың аяқ шенінде оркестр аспаптарында жаңалық болды; Бас дирижер Шамғон Қажығалиевтің бастамасы оркестрге төрт ішекті қобыз, сым ішекті домбыралар, біржақ тілді сырнайлар арқылы жаңартылды. Бұл жаңартулар оркестрдің дыбыс бояуын байытып, жаңа орындаушылық мүмкіншілік туғызды. Қурманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі қазақ халық музыкасына үлкен үлес қосты.[4;165]Бұл оркестрді алғашында құрысып және алғашқы дирижері болған Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968ж.) Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келеді. Ол Ленинград консерваториясын бітірісімен Қазақстандағы музыкалық мәдени өмірге атсалысады; ұйымдастырушы 1945-51 жылдары Алматы консерваториясының ректоры болады. Еңбектері:«Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» тағы басқалар.А. Жұбанов өнер тану ғылымының докторы,профессор, академик, қазақ кәсіби музыкасының негізін салушысы.

Қазақ халық аспаптары  
Қазақтардың музыкалық аспаптары типологиялық тұрғыдан орталықазиялық суперэтнос халықтарының аспаптарымен көп ұқсас болып келгенімен, ұлттық дәстүрлерге орай өзіндік қайталанбас қасиетке де ие .Көшпенді халық керектінің барлығын табиғаттан және өз шаруашылығынан алған. Аспаптар қыштан, қамыстан, мүйізден, түрлі ағаштан жасаған. Мембранаға, шалғы мен шекке тері, аттың қылын пайдаланған.  
Хордофондар(шекті аспаптар)1Шертпелі – шертер, жетіген, домбыра.2. Шалғылы қобыз.  
Мембранофондар(мембрандылар) . Дабылды –дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл.  
Идиофондар.(өздігінен дыбыс шығаратындар) 1.Тілшікті – шаңқобыз.2.Дабылды – асатаяқ, қоңырау, тоқылдақ, сылдырмақ және тағы басқааспаптар.  
Ата - бабаларымыздан келе жатқан шертер аспабы көп уақыт бойы жоғалып пайдаланылмаған.белгілі зерттеуші Болат Сарыбаев ағамыз зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, шертер аспабының көзін ашып, қайта жаңғыртып, қазақ музыкасының өнеріне аспаптарды енгізді. Алғашында шертерге арнайы күйлер болмаған, кейін келе үш ішекті домбыраның күйлерін қарапайым екі ішекті домбырамыздың теріс бұраудағы күйлері шертерге түсіріле басталды. Шертердің диапазоны өте үлкен болғандықтан күмбірлі қоңыр дыбыстар үндестігі зор дыбыс беріп тыңдаушыны тамсандырады. Шертерде төкпе, шертпе және ілме күйлер орындалады. Осы күндерде орасан зор үлесін қосып, шертерді дамытып жатқан Жарқын Шәкәрім ағамыз. Болашақта шертер аспабы одан да кеңінен дамып, жаңа туындылар әкелетініне күмәнім жоқ . Ал біздер, қазіргі жастар соған үлкен үлес қосуымыз керек.
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

2.1 Халық әндерінің түрлері

     Қазақтың  ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық  саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен  алынған. Ол «халық даналығы, халық  білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары»  деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі  тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса  екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.

Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының  ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй  туралы халықтың аузында қалыптасқан  көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той  көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады»  деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

Қазақтың ұлы  ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін  жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен  тәтті күй.

Көңілге түрлі  ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй – деген.

Ән мен күй  шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан  ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал  – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той  – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы  оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.

Өз мазмұны  бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді: 

1.Халықтың ескілікті  наным – сенімінентуған әндер.

2 .Еңбек пен  шаруашылық кәсібіне байланысты  туған әндер.

3.Тұрмыс –  салт әндері.

4.Эпикалық жырлар.

5.Тарихи әндер.

6.Лирикалық әндер.

7.Айтыс. 

Халықтың ескілік  наным – сенімінен туған әндер

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына  табыну, табиғат құбылыстарының дүлей  күшінен қорқып, соған еріксіз  сыйынып, жалбарынудан туған әндер  тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау  әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген.

Ескілікті наным  – сенімнен туған әндердің бір  алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.

Қазақтың емшілік  кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік тек мал ауырып, адам сырқаттанған кезде ғана айтылған. 

Еңбек және шаруашылық әндері

     Халықтың  ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың  күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек  және шаруашылыққа байланысты туған  өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.

Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал  шаруашылығы болды. Төрт түлікке  жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Шаруаның малды жоғары багалағаны сонша, тіпті  ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін. Мысалы, сұлу, келбетті, үлкен  көзді қызды «Ботагөз», мықты, сымбатты жігітті, «Жігіттің нары» деп  атады. Анасы баланы еркелетіп «қозым», «ботам», «құлыным» дейді. Кездескен  кісілердің «Мал – жан аман ба?»  деп сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан да мал жайында  көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес.

Халық ертеден  әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп сенді. Сол себепті  мал туралы тілек тілесе де, малға  өз бағасын берсе де әуелі малдың «иелеріне» сөз арнады:

Шаруаның бір  түлік пірі – Шопан,

Келтірмей қу, пір  ата, қойға топан.

Ай мүйізді  шоқпақтай

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойдан бер. . .

Шаруаның бір  пірі – Зеңгі баба,

Сиыр берсең, сүтті бер, өңкей мама,

Қос жегуге жарамды,

Ылғи бойшаң өгіз бер,

Жұп – жұбымен  егіз бер.

Бұқаларды әукелі,

Шүйделері білеудей,

Аяқтары тіреудей,

Әр түсін ыңғай  сегіз бер. . .

- деп, қой  иесін – Шопан ата, жылқы  иесін – Жылқышы ата, түйенің  пірін – Ойсыл қара, сиыр пірін  – Зеңгі баба атаған. Оларға  бас иіп, әндер шығарған.

Еңбек, шаруашылық жайындағы әндердің таза күйінде  сақталмағанына қарамастан, еңбек әуенінің тақырыбы қазақ әндерінің көбіде кездеседі десек артық болмас. Соған айқын мысал ретінде  халық ақыны әрі әнші Кенен  Әзірбаевтың «Бозторғай» әнін келтіруге  болады.

Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер  тобының ішіндегі көне түрі – наурыз әндері. Жаңа жылға арналған осы наурыз әндері қазақ даласына кең таралған, халықтың күнделікті күнкөріс кәсібінен, өмір тіршілігінен туған ауызекі шығармаларының бірі. Ертеден – ақ қыс кетіп, жаздың шығуын мерекелеу қазақ баласы үшін үлкен оқиға болатын.

«Қыстың зәрінің  сынуы құт айынан басталады. Қазақ  бұл айды «Түске шейін мүйіз, түстен кейін киіз», «Жақсы болса – құт, жаман болса - жұт» деп атайды. Кейбір жылдар болмаса, жаздың жылылығының  басталуы қамал (наурыз)айының бір жаңасынан  басталады. Қыстай боранмен, суықпен  алысып, көкке көз тігіп, қалт –  құлт етіп отырған елге күн шырай  беріп, бір күнде қардың тас –  талқан боп еруі қандай қуаныш екендігі айтпаса да мәлім. Сүйтіп, наурыз күн  – қазақ елінің үлкен айты саналуы  кездейсоқ нәрсе емес, халықтың шаруашылық тілегімен нық байланысты туған». «Наурыз»сөзі парсытілінде жаңа күн  деген мағынаны білдіреді. Ежелден  қазақ халқы жаңа жыл күнін  Ұлыс деп атаған. Ұлыстың ұлы күнінде  халық өзара құшақтасып, бірін  – бірі қүттықтап, мал – жаннаң амандығын сұрап, бата – тілек  айтып, көрісетін болған:

Ұлыс күні қазан  толса,

Ол жылы ақ мол  болар.

Ұлы кісіден  бата алсаң,

Сонда олжалы жол  болар. . .

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол  болсын!

Ұлыс баққытты болсын,

Төрт түлік  ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле, жәле жерге  енсін!

Қазақ даласында  ислам діні орнағаннан кейін, Наурызды исламның «рамазан» мейрамымен бірге  өткізетін болған. Жастар сол мейрам күндері әр үйді аралап, жарапазан  айтып, отау иелерін мадақтаған. Оларға молшылық, тоқшылық тілеген. Сол мадақтағаны  үшін жарапазаншыларға не түрлі сыйлықтар  беретін. Осындай жарапазан үлгісі ретінде «Айтамын жарпазан» әнін келтіреміз:

Айтамын жарапазан  еліңізге,

Байлаңдар бір  орамал белімізге.

Байласаң  бір орамал белімізге.

Барамыз мақтап, мақтап еліңізге.

Тұрмыс  – салт әндері

Бұл түрдің әндері халық өмірінің айнымас серіктері  болып келеді. Олар адам өмірінде кездесетін әртүрлі салт, әдет – ғұрыптармен  байланысты. Мысалға, үйлену тойында  айтылатын әндер немесе нәрестенің шілдеханасында орындалатын әндер. Сондай – ақ адамды ақырғы жолға  аттандыратын жоқтау әндері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері

Қазақ өнерпаздарының шығармашылығында өмірбаяндық және тәңірге шағыну, жалғыздық тақырптары кеңінен көрініс тапты. Мысалы «Ақан  сері» әнінде романтикалық көтеріңкі  сезім азаматтық әуенмен тамаша үндестік  табатынын атап көрсеткен дұрыс. Бұл шығарманың негізгі поэтикалық мән мағынасы ақынның өнердің өміршеңдігінде жатыр. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарына тән ерекшелік-ішкі терең күйзеліс осы әнде аңғарылады. Әнші, сазгер Ақан өз шығармасын оның әнін еститін адам бар ма, өнер иесіне  бостандық алар күн туа ма деген сұрақ желісінде құрады.

Қазақтың дәстүрлі кәсіби  ән-ақындық өнер өкілдерінің ішінде ұлы ақын-компази-тор Абай Құнанбаевтың  орны бөлек. Ол ауызекі өнер мен жазбаша мәдениеттің дәс-түрлерін біріктірген суреткер. Абай өзі жасынан өлең және сол өлеңнің  мақамын шығарса да, басқа сал-серілер тәрізді ауылды аралап, халықты өз өнерімен таныстырған ақын емес. Сонымен қатар, ол өлеңдерін ауызша шығармай, хатқа салып жазатын. Ал Абайдың әндерін халық арасына жайған өзінің шәкірттері  Шәкәрім, Көкбай ақын, Уайыс,  ұлдары Ақылбай, Мағауиялар да ұстазы тәріздес, әндерінің сөзін хатқа қалдырып  жазған. Ақынның өнеріндегі  шешендік өнермен  байланысты ерекшеліктің бірі – үндеушілікті, тура айтушылықты кеңінен пайдалануы. Бұл ерекшелікті негізінен Абай да атап көрсеткен. Ол ән мен әуен оятады, адамның жан сезімін толқытады әсерлендіреді деп бағалаған.    Суырып салып айту – ақындық өнердің ажырамас ерекшелігі. Ал, суырып салмалық қабілет шығармашылық тәжірибе барысында қалыптасады.  Ақындардың көбі: Біржан сал, Ақан сері, Әсет және басқалары айтыстарға қатысу арқылы өз шеберліктерін жетілдірді. Ақындар өлең сөз бен әуенді  тасыған өзендей түйдек-түйдегімен төгеді. Нағыз ақындар суырып салма болып келеді. Ол әрқашанда өз заманының ең көкейкесті мәселелерін қозғайды. Суырып салушылық өнер халық арасында кеңінен дамығанын атап көрсету керек. Қазақтың аса көрнекті этнограф-ғалымы Ш.Уалиханов мұндай ерекшелікті халықтың ақын жандылығынан, ән құмарлылығы, жандүниесінің сезімталдығынан, бұл барлық көшпелілер тұқымына тән құбылыс деп есептейді. Күнделікті қарапайым тіршіліктің өзінде ауылдағылардың бәрі дерлік  суырып салушылық өнерге қатысып жататыны Г.Потанин, В.Даль, В.Радлов, А. Затаевич және басқа да орыс этнографтары мен шығыстанушы ғалымдарын таң қалдыруы тегін емес.

Информация о работе Несие жүйесі