Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:15, курсовая работа
Курс жұмысын жазудың мақсаты – қазақ халық әндерінің шығу тарихын, мәдениетін, оның тәлім тәрбиелік идеяларын, мәселелерін тереңірек түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
─ Қазақ халық әндерінің пайда болу тарихымен танысу;
─ Қазақтың музыкалық мәдениетін анықтау;
─Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеяларын көрсету;
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақ халық әндеріне сипаттама
1.2 Халық әндерінің шығу тарихы және дамуы
II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
2.1 Халық әндерінің түрлері
2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері
III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ақындық суырып салма өнерді зерттеп қарағанда, суырып салушының жеке басының ерекшелігін, оған ықпал етуші ортаның жағдайын ескерген дұрыс. Бұл ақынның орындаушылық мәнеріне де әсер етеді. Мәселен, Біржан салдың «Жанбота» және «Айтбай» әндері орындалуы, құрылымы жағынан екі түрлі. Құйқылжыта төгіліп, баяулап, шарықтап, адамның жан сеземіне әсер ететін Айтбай әнін атақты компазитор М.Төлебаев «Біржан сара» операсында басты кейіпкерге айтқызуы да бекер емес.
Қазақтың ұлы
ақын-композиторларының
Атап айтқанда ХІХ ғасырдағы қазақтың бір туар сал серілері Біржан, Ақан, Естай, Мәди, Мұхит, Балуан Шолақ, Майралардың өнерінде орын алған қаздай дауысының күші мен реңінің сұлулығы, жылдар бойы қалыптасқан орындаушылық жеке мәнері жүйеленген ән айту үрдісі мен мәнерлі орындаушылығы, өзінің құрылымдық сапа-сына, әншілік параметрлеріне сай алатын орны мен мағыналылығына, тарихи құндылығына эмоция мен драматизмге толы дамыған терме мен желдірмелер, ұзақ кан-тиленалар, нәзік фиоритуралар, каденциялар және жалпы орындаушылықтың өте жоғары деңгейі – осының бәрі қазақ даласындағы жоғарғы кәсіби ән мектебінің қа-лыптасуының айғағы.
Қазақ ақындарының
шығармаларында, әсіресе, ән шығару тәжірибесінде
бір әннің бірнеше нұсқасының
болуы жиі кездеседі. Мәселен
Ақанның лирикалық әні «
Ақын компазиторлардың шығармашылығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы дамыған ән ақындық дәстүрдің саласында жалғасын тапты. Осы дәстүрдің шеңберінде ұлттық ой сана мен ұлттық мінезді келтіретін бейнелеу жүйесі, тақырыптары, тіл ерекшеліктері қалыптасты. Мысалы Жетісу, Арқа, Батыстың әншілік дәстүрлері; ал Абайдың тұлғасы жеке ән мектебі болып дараланды.
Қазақтың ұлттық музыка қорының ішінде ән жанры ерекше орын алады. «Ән - өмір шежіресі, өмірдің сәулесі, музыка мектебінің негізі, керегетасы, халықтың игілігімен ақыл парасаты» болды. (А.Толстой)
Халықтың дәстүрлі әндерінің таралып, біздің дәуірімізге жетуінің өзі халық әнші-лерінің өнерімен тығыз байлынысты. Өйткені сол әнші арқылы әнді естіп, ұғынамыз, сырына қанамыз. Әншілердің шығармашылық жолы ұлттық дәстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің арасын жалғастырушы ретінде көрінеді. Осы күні халық игілігіне айналып, қазақ музыка мәдениетіне кесек кірпіш болып қаланған атышулы әнші компазиторларымыздың классикалық шығармалары осының айғағы. Бұдан жүздеген жылдар бұрын дүниеге келіп, сол уақыттың, сол заманның көрінісі мен тіршілігін суреттеген бұл туындылар бүгінгі күнде өз қасиеттерін сақтаумен бірге бұрынғыдан да түрлене түсуде. Мұның құпиясы, біздіңше, халық таланттарының озық дарындылығында болса керек. Олардың әндері – адам сезімін оятып, ойын қозғап толғандыратын мәнді мазмұнды шығармалар. Ондай үлгілер тарихтың сан қилы
талқысына түсіп, неше буын елдің қолынан өтсе де, өз маңыздылығын жоймастан, адамның өнегелі мақсаттарын жырлап келеді.
Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер өмір сүріп, белгілі музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгіні тұрмысын жырлайтын, оның арман қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп,біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің қалдырған үлгі өнегесінің арқасында сақталып келді.
Көзі хат танымайтын, қолы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы әні мен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп –қонып жүріп те олар ердің басына іліп алған домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп ән шырқай беретінді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, басқа да түрлі жиын-тойларда ән айтып күй тарту – қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көттеру үшін ғана керек десек, өнердің бір түрінің маңызын әлсіретіп, мәнін кемітіп жіберген болар едік.
Ұлттық әншілік
салт-дәстүр бірден туа қалмаған. Ол-
сонау замандардан қазақ
Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні – адам баласының айрыл-майтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді, қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласының дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейін ажырымас досы екенін данышпан Абай айтып кетті. Ол әннің ерекше күшін, ролін поэзиясын да шеберлікпен суреттеді. Адамның нәзік қиял шегіне тиіп, қозғау, түрткі салатын құралдың ән екенін:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Оның тәтті орлған мәні оятар,-
деген жолдар арқылы суреттеді.
Біздіңше, әнші-ақын, ақын-компазиторлардың алғаш жеке дара өнерпаз ретінде жіктеліп, таралуы жыршы, жыраулардың қызметіне байлынысты болса керек. Сондықтан да сол жыршы жыраулардың өзі қазақ ән өнерінің тұңғыш өкілдері болуға тиіс. Ендеше сол атышулы Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Әсет, Шашубай, Қали, Кенен, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла, Құтбай, Дәнештердің әншілік өнерін ата дәстүрден сабақталып, ана сүтімен қалыптасқан арна деп қарауымыз керек. Сол сияқты қоғамда өмір сүрген әр түрлі топтардың көзқарастарымен ой мүддесі де ән арқылы көрініс тауып, бізге жетті. Бір сөзбен айтқанда, ән өнері - өмірдегі қоғамдық қөұрылыстың жай-жапсарын суреттей алатын идеялық құралдың бірі. Ерте кезде ән бірден-бірге, бір жерден екінші жерге ауыздан ауызға таралып, ауызша үйрену арқылы меңгерілген. Ол заман жай сауттың да, музыкалық сауаттың да жоқ кезі еді.
Әннің халық аузында сақталып, таралу жолдарының өзінше себептері бар. Ол уақытта қазіргідей компазитордың шығармасын профссионал әнші жаттап алып, радио, теледидар арқылы орындайтын жағдайдың жоқтығынан шығарған әнін айтып, халыққа тарататын да компазитордың өзі болды. Егер ол компазитордың әншілік өнері басым болса, онда орындалған әннің көркемдік дәрежесі де жоғары, сапалы болып шығып, тыңдаушыларды қызықтырып, олардың көкейлеріне тез қонатын. Ал жақсы ән шығарып, бірақ оны автордың өзі тиісті дәрежеде орындай алмаса, ол шығарма аз таралуымен қатар, кейде ұмытылып та кететін еді. Әнші жыршылар бір жерден екінші жерге барып, өнерлерін көрсетіп, елдің сыйлы қонағы болып жүрді.
Сан дәуірлік тарихы
бар қазақ музыка өнері осы
күнгі мәдени сатыға көтерілгенге дейін
ауызша таралып жеткені мәлім. Халық
музыкасының етене болып
«Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті – оың шын жүректен шыққан эмоционалдық сезімталддығымен сезгіштігі... әуендерінің оралымдығы, олардың құлақтан кіріп бойды аларлығы, ән тақырыптарының әр алуандығы – осы қасиеттердің бәрі халық психикасының аса терең толғауын көрсету арқылы, қазақ әншілерінің жарқын орындаулары арқылы айқын сезіліп оырады»,- деп белгілі музыка зерттеушісі, академик Б.Асафьев айтқандай, бір әнде қаншалықты музыкалық нюанстар сөйлем, фраза, интонациялар бар. Бір ән жоғары үнмен басталатын болса, екінші біреулері төменгі дыбыстан бастау алады. Міне, осылардың бәрін әнші жете түсіне біліп, сырына қана терең сезімталдықпен шырқауы керек. Сонда ғана әнші ойлаған мақсатына жетіп, тыңдаушылардың алдында абыройы артады. Орындаушылық шеберлікті сөз еткенде үлгі болатын әншілеріміз көп-ақ. Мәселен, Қали Байжановтың орындауындағы «Тоқсанбай», «Алқарай көк», «Жанбота», «Қанапия» және басқа әндер алуан түрлі сөз нақышымен, сезімді қозғайтын сан қилы нюанс көркемдігімен ерекшеледі. Ол қайсы әннді орындаса да, ешбір артық айқайды, құлаққа жағымсыз тиетін ешбір дыбыстарды аңғармайсын, әншінің қоңыр салқын үні тыңдаушысын баурап алатындығы да сондықтан болар. Қалидың орындауындағы әрбір әнге арналған арналған домбырада кіріспелердің өзі бір-біріне ұқсамайтын өзгеше бір әсем сарында басталады, әнді дауысқа қосқанда ғана әнді орындап отырғанын сезесің. Әсіресе Біржаннның «Жанботасындағы» «сабап кетті-ау, қойып қалды-ау» дейтін кезеңдері нағыз әнші актердің қолынан ғана келетін дүние, қайталанбас қасиеттер деуге болады.
Әміре, Иса, Қали, Ғаббас, Манарбек, Жүсіпбек, Ғарифолла тәрізді атақты әншілердің орындаушылық шеберлігі, олардың ән салу ерекшелігі, үлгісі өз алдына бір-бір мектеп десе де болады. Әміренің орындауындағы «Үш дос», «Ағаш аяқ», Жүсіпбектің «Сұржекей», «Көгершін», «Жас қазағы», Манарбектің асқақтата салатын «Ардақ», «Топай көк», «Паравоз» әндері Исаның желдірмелері мен Ғарифолланың жорғалаған термелері тыңдаушы көңіліне ұяллап, көпке дейін ұмытылмайтыны сөзсіз. Өйткені кез келген әншінің толық меңгеріп орындап шығуы қиын. Бұл әншінің дарынына байланысты. Атап айтқанда, дауыс мүмкіншілігі – орындайтын әнге, ән сол дауысқа лайықты болуы тиіс. Домбыраның сүйемелімен орындағанда ғана халық әнінің әсерлігі мен әдемілігі, жүрек қылын шертетін дыбыс бояуы өз дәрежесінде шығады. Әнді қанша тамылжытып сүйемелсіз салғаныңмен оның ойдағыдай көңілге қонбайтыны белгілі. Естай ақынның «Әншінің домбырасы - қолғанаты» деп жырлауы осыған байланысты болса керек. Сондықтан да әншінің дауысы мен доомбыра үні бір-бірін толықтырып, үндесіп отыруы керек. Әнші музыкалық пауза жасағанда, сүйемелдеуші аспап шығарманың желісін, жеке интонацияларын, немесе аккордтық гармонияларын орындап, әнге көрік беріп отыратындығы аян.
Бір әншінің
аспапта ойнаған кіріспесінен-
Әнді нақышында, бұзбай жармай айтудың оңай еместігін әншілердің өздері де мойындаған. Солардың бірі – ақын-әнші Әсет «Арғынмын, атым Әсет арындаған, арындап ән сала ма дарымаған» деп, нағыз әнші болу үшін табиғи дарынның қажеттігін, дарынсыздың әнді игере алмайтындығын атап көрсетеді. Ол:
Бозбала, осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.
Асау ән жетегіңе жүрмегенсін,
Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,-
дейді. Шынында да, Әсет әндерін осы күні келістіре шырқайтын әншілердің азайып бара жатқандығы да осындай әншілік шеберлікке байланысты екені даусыз.
Орындаушылық
өнері туралы сөз еткенде, бір
кезде ән фольклорын насихттауға аянбай
атсалысып, қазақ әндерінің інжу-маржандарын
жұртшылыққа танытқан Әміре Қашаубаев,
Ғабббас Айтбаев, Қали Байжанов, Манарбек
Ержанов, Қосымжан Бабақов, тағы басқа
майталман әншілердің есімдері ойға оралады.Алайда
бұлардың әншілік шеберліктері жөнінде
А.Затаевичтің жинақтарында, басқа да
еңбектерде сөз болғаны болмаса, қайталанбас
дауыстары күйтабақтарға, киноленталарға
түсірілмей қалды.