Несие жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:15, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын жазудың мақсаты – қазақ халық әндерінің шығу тарихын, мәдениетін, оның тәлім тәрбиелік идеяларын, мәселелерін тереңірек түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
─ Қазақ халық әндерінің пайда болу тарихымен танысу;
─ Қазақтың музыкалық мәдениетін анықтау;
─Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеяларын көрсету;

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақ халық әндеріне сипаттама
1.2 Халық әндерінің шығу тарихы және дамуы
II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
2.1 Халық әндерінің түрлері
2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері
III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 58.10 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

  1. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

1.1 Қазақ халық әндеріне сипаттама

1.2 Халық әндерінің шығу тарихы және дамуы

II. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

2.1 Халық әндерінің түрлері

2.2 Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері

III. ҚАЗАҚ АҚЫН- ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

                       

                        

          "Қазақ халық әндерінің әлеуметтік тарихи негізі" атты курс жұмысы "Музыка" пәнінің оқу жоспары бойынша жазылып отырған теориялық және практикалық жұмыс болып табылады.

      Курс  жұмысын жазудың мақсаты – қазақ халық әндерінің шығу тарихын, мәдениетін, оның тәлім тәрбиелік идеяларын, мәселелерін тереңірек түсіну.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

             ─ Қазақ халық әндерінің пайда болу тарихымен танысу;

             ─ Қазақтың музыкалық мәдениетін анықтау;

              ─Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеяларын көрсету;

     Курс  жұмысынан ойдағыдай жазу үшін оқыған алыс, жақын шетел және Қазақстан  ғалымдарының ғылыми әдебиеттері мен  еңбектері, сонымен қатар ресми  құжаттары оқылып, түсініліп, олар пайдаланылды. Нақты ақпарларды терең талдап, оларды мұқият таңдап алу шарт

     " Қазақ халық әндерінің әлеуметтік тарихи негізі " атты курс жұмысы "Музыка" пәнінен курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқауға сәйкес жазылып, құрылымы 3 тараудан және бірнеше баптардан тұрады.

     Бірінші тарауда – Халық әндеріне сипаттама беріледі

           Екінші тарауда - Қазақ өнерпаздарының шығармашылығындағы халық әндері қарастырылған

       Үшінші тарауда - Қазақ ақын-жырауларының тәлім тәрбиелік идеялары көрсетілген. 
 
 
 
 
 

I. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

    1.1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНЕ СИПАТТАМА 

     Жаңа  кезеңде музыка өнерінің дамуына  ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі  халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері  ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған  Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит  Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен  Әзірбаев және басқаларды атауға болады.  
         ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.

     Қазақтың  халық әндерін мәтіндік жалпылығына  және музыканы айту мәнеріне қарай  эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық  тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық  инструменталды музыканың ең күрделі  жанрларының бірі – Г. Жұбанова, К.Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының  оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең  таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен  орындалатын оқымысты-фольклористің  қолдауымен құрылған «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н.Тлендиев жасаған еді.

     Орындаушылық  және композиторлық шығармашылықпен  қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық  музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан  халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі  көркем салаларды орындаушылық ұжымдар  жұмыс жасауда – мемлекеттік  симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.

     Қазақстан Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова және әлемдік музка мәдениеті  жұлдыздарының бесігі саналатын  М.Бисенғалиева, Э.Құрманғалиева, апалы-сіңлілі  Нақыпбековтер, И.Мұратбекова, Қ.Жолдыбаева, Т.Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні республикада республикалық музыкалық ұжымдары белсенді жұмыс атқаруда: екі опера  және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академилық театры, би және аспаптар ансамблдері және басқалар. Зайырлы  Қазақстанның рухани-мәдени өмірінің ең белді шағы республикалық және халықаралық Конкурстар мен Фестивальдар . Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ  академиялық театр, опера және балет  театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» және т.б. қойылымдардан бастап дами басталды.

     Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік  жетекшісі халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Б.Аюханов) классикалық  балет миниатюралар, «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бірактілі балеттері болды. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.

     Қазақтың  ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың  музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан  келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.

Қазақтың ұлы  ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін  жырлап:

         Құлақтан  кіріп, бойды алар

         Әсем  әнмен тәтті күй.

         Көңілге түрлі ой салар

         Әнді  сүйсең, менше сүй,-деген.

     Ән  мен күй шыққан күн, туған айдай  дала жұртының тал бесіктен жер бесікке  түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық отырыстардың көркі  болды. Ақын әншілердің өнері халық  арасында өте жоғары бағаланып, ақынның  келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа  жетті.

     Ән  сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың  баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық  тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені  сол ән тақырыбы есіңе сан алуан  оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын  ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол  әндерде халық өмірінің сәулесі  болуында.

     Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ  даласы ән салып тұрғандай болып  көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта  әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан  тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп  ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады.

     Әннің осы қасиетін қазақ халқы: «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Ақылың  болса жыр тыңда» деген сөздер арқылы жақсы айтқан.

     Данышпан  Абай:

        Туғанда дүние есігін ашады өллең,

         Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-

деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеген. Халық аузындағы: «Бір әнді сатып  алдым құнан нарға» немесе «Сұрасаң менің атым Таңжармаймын, болсам да малға жарлы әнге баймын» деген  әннің аса жоғары бағалағанын, әншілердің өз өнерін сасық байлардың үйірлеген  жылқысы мен қоралаған қойынан  төмен санамайтын көкірегін көрсетеді.

Қазақтың халық  әндері орыс зерттеушілерінің назарына ерте ілікті .Әрине, бұл жөнде қазақ  халқының Ресейге қосылуының үлкен  рөлі болды. Орыстың этнографтары, саяхатшылары, тіпті жорық себебімен барып  қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында  бірен-саран, бірлі-жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты.

ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басында Арқа елінде ертеден дәстүрге айналып, кейінірек  әртүрлі себептермен бәсеңдеп қалған сал-серілік өнері  ХIХ ға-сырда қайта жаңғырып, дами бастады. Сал-серілер өз жанынан өлең, ән-күй шығарып, ел аралап, сауық құрып, ойын-тойлардың ұйтқысы, құрметті қонағы болған. Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иесі бола білген. Сонымен қатар олар атақты мерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі, аттың ең жүйрігін таңдап міне алатын атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген.Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан.

Қазақ ұлтының  мәдениеті тарихындағы ХІХ ғасыр - ақын-әнші, сазгерлердің өзін-дік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері - әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының  шыңына кезеңіне шыққан кезі болды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысы –  қазақтың ақындық өнерінің барынша  өркендеген кезеңі болды.Осы кезде  ақындық өнерге тән тұрақты жанрлар  да қалыптасты. Солардың ішінде әсіресе  ақындардың өзін-өзі бейнелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал  ретінде «Біржан сал», «Ақан», «Жаяу  Мұса», «Мәди», «Әсет», «Майра», «Ағаш  аяқ», «Нартай», «Мұхит», «Сары» әндерін  атауға болады. Олар бұндай әндерінде  әр ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өтсе, екіншіден туған  ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған  өз орнын жақсы түсініп соны әнге қосады. Бұл әндерде ақынның өзіне  тән музыкалық мәнерлі ерекшеліктері  шоғырланған.Әр әнші-ақынның өзіндік  шығармашылық өнері дербес қалыптасқан. Мысалы, әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, театралдық, актерлік элементтердің болуы, тіпті киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көзқарасы әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық өнерлерін сипаттай келіп, оны «жалғыз актердің театры» деп айтқаны кездейсоқтық емес.

Біржан, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаевтармен бірге сал-серілік өнерді, дәстүрді әрі қарай жалғастырып, өз үлесін қосқан басқа да әйгілі ақын-сазгерлер, солардың бірі көпке танымал «Ғалия»  әнінің авторы Балуан Шолақ Шаймұрзаұлы  мен Құлтума ақын. Бұлардың екеуі  де Біржан салдың шәкірті болып қасына еріп тәлім алғандар; Біржан дәстүрін ХІХ ғасырдың орта кезінде халыққа  кең таратқан, «Гәкку», «Қарақат көз», «Сүйгенім», «Қараторғай» әндерін шығарған Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы;  «Әсет», «Гауһар қыз», «Кіші Ардақ», «Қоғыр қаз», «Қысмет» әндерінің авторы Әсет Найманбаев; «Қорлан», «Жайқоңыр», «Еркем», «Қаракөзді»шығарған Естай Беркімбайұлы; «Мәди», «Үш қара», «Қарқаралы», «Қаракесек» сияқты әндер шығарып, ірі әнші ақындар қатарындда тұрған Мәди Бәпиұлы Арқаның ән ақындық дәстүрінің көрнекті өкілдері болып, Біржан салдың шәкірттері аталса, Қазақстанның Шығыс өңірлерінде Ноғайбай ақын мен Құдайберген Әлсеитовтың аты шықты. Батыс жақта Мұхит Мерәлиевтың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние», «Паңкөйлек», «Алуаш», «Бала-Ораз», «Иіс» сияқты әндері халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді, ал Жетісу өңірінің ән дәстүрі Сүйімбай, Жамбыл, Кенен тәрізді ақындардың есімімен тығыз байланысты аталады .

Информация о работе Несие жүйесі