Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 16:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
1 бөлім. Инфляция
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері…………………………………….5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары……………………………………..8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары…………………………….14
2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері…..18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау…………………………………………………………..20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау…………….24
3 бөлім. Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны талдау
3.1 Әлемдегі инфляцияны талдау………………………………………………28
3.2 Әлемдегі инфляция мен Қазақстаның инфляциясының ара қатынасы…..34
Қорытынды……………………………………………………………..………42
АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі. Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама (альтернатива) деп болжанады десек, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін қолдау немесе 2) инфляцияның төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.
Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда инфляцияны реттеудің ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне баса назар аударылады.
Ортодоксалды әдісте мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекеттік шығындарды (басқару, қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар, мемлекеттік секторды қолдау, мемлекеттік субсидиялар мен күрделі қаржы, т.б.) азайту ғана емес, сондай-ақ салықтық ауыртпалықты күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қатаң бюджет-салық саясаты ақша-несие саясатын күшейту жолымен қабаттаса жүреді, бұл «қымбат ақшалар» саясатында, яғни ақша эмиссиясын шектеу, ОБ несиелерін қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін арттыру, резервтік талаптар нормасын ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды қор нарығында сату, т.б. іске асады.
Ортодоксалды әдістің экономикалық тұрақтандырушыны («зәкір» деп аталынатын стабилизаторды) таңдауымен байланысты екі негізгі түрі бар. Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады, яғни негізіне қалқымалы айырбас бағамына ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие саясатына негізделген монетарлық әдістер қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар ретінде жиынтық сұраныстың қысқаруы мен ақша массасының шектелуі алға шығады. Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап алынады, онда басты назар басқарылатын девальвация, валюталық дәліз орнату, белгіленген бағам жолымен айырбас бағамын тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген шара инфляциялық күтілімді төмендетуге, экономикалық субъектілер іс-әрекетін алдын ала болжау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария етілген бағамға байлап тастайды, сөйтіп антиинфляциялық салдар иеленеді.
Гетеродоксалды әдісте бағалар мен табыстарға қатысты қолданылатын тұрақтылық саясатына баса назар аударылады, дегенмен бұл кезде ортодоксалды әдістің екі зәкірін де, басқаша айтқанда, монетарлық саясат пен айырбас бағамын тұрақтандыруды өз ішіне тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен табыстардың шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы жайында қозғалып отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың үшінші «зәкірінің» пайда болуын білдіреді.
Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады. Жоғары инфляцияның экономикаға ұзақ мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің көп бөлігін қамту жолымен жүргізілген зерттеулер жоғары инфляцияның он жылдық кезеңге, әсіресе жылына 10–20%-дан асатын түріне есептелуі экономикалық өсімнің үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты. Бұрын орталықтандырылған жоспарлы экономика иеленген елдердің көбінде инфляцияны салыстырмалы түрдегі төмен деңгейде тұрақтандырғаннан кейін ғана жағымды экономикалық өсімді қайтадан қамтамаыз ету мүмкін болды.
Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін төмендетуге көмектесетін механизмдерді (тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі жеке-жеке іске асырылды. Инфляцияның әр елдегі өз себептері де, сол сияқты өсу қарқыны да әр түрлі. Олар уақыт жөнінен де бір-бірінен алшақ. Егер Латын Америкасы елдерінде инфляцияның өсу қарқыны 70–80 жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда олар нөлге тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны көрінуінің ең шеткі көрсеткіштеріне көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі кезеңге тоқтаусыз да біркелкі инфляция тән болған.
Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне тікелей назар аударсақ, онда әр түрлі дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі жоғары инфляциямен күрестің басым көпшілік мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.
Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.
Инфляцияны
ауыздықтаудың қажеттігі
Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті.
Төмендегі
2-кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның
қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы
резервтер үлесі өте жоғары. 2004
жылы резервтік активтер қысқа мерзімді
сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл
Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға
дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді
жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ
2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып
қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін
резервтер енді жаба алмайтын болды.
2-кесте
– Халықаралық инвестициялық
ахуал бойынша өтімділік
Млн. АҚШ долл.
Жылдар | ||||||||
Көрсеткіштер | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Резервтік активтер | 2003 | 2096 | 2508 | 3141 | 4962 | 9280 | 7070 | 19113 |
Жалпы сыртқы қарыз | 12081 | 12685 | 15157 | 18251 | 22920 | 32946 | 43539 | 73455 |
Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, % | 17 | 17 | 17 | 17 | 22 | 28 | 16 | 26 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз | 1805 | 1021 | 1366 | 2360 | 3771 | 3941 | 8020 | 7253 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер үлесі, % | 111 | 205 | 184 | 133 | 132 | 235 | 88 | 264 |
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, % | -1.41 | 2.00 | -6.28 | -4.16 | -0.88 | 1.34 | -0.97 | -2,3 |
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % | 175 | 123 | 148 | 157 | 153 | 145 | 142 | 177 |
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған. |
Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтердің жоғары үлесі бар елдерде де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын атап өткен жөн.
1994
жылы Венесуэлада болған
Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.
3-кесте
– Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы
Млн. АҚШ доллары
Жылдар | ||||||||
Көрсеткіштер | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Сыртқы активтер | 2391 | 2599 | 4613 | 6117 | 9322 | 14284 | 23071 | 30159 |
Ішкі міндеттемелер | 3596 | 3669 | 15727 | 19192 | 23056 | 29042 | 38773 | 50436 |
Нетто-позиция | -1205 | -1070 | -11114 | -13075 | -13735 | -14758 | -15702 | -20277 |
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, % | -3866 | 11 | -939 | -18 | -5 | -7 | -6 | -29 |
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған. |
Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі ұлғайтады.
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді. [15]
2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға өсті. Еңбекақының өсуі елдегі экономикалық белсенділіктің артуымен айқындалады. Экономиканың бюджеттік секторындағы еңбекақы өсуінің артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).
Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық белсенділік пен тұтынушылық сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).
5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.
Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат көздеріне әлемдік бағаның жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.
4-кесте
– ҚР-ның кезең аяғындағы ақша агрегаттары
Млн. АҚШ теңге
Жылдар | ||||||||
1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Қаржылық база (резервтік ақшалар) | 126749 | 134416 | 174959 | 208171 | 316962 | 577841 | 662971 | 1501500 |
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % | 55,7 | 6,0 | 30,2 | 19,0 | 52,3 | 82,3 | 14,7 | 26,5 |
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) | 103486 | 106428 | 131175 | 161701 | 238730 | 379273 | 411813 | 600800 |
М1 | 162115 | 195442 | 224234 | 287293 | 411646 | 680632 | 799401 | 874502 |
М2 | 237260 | 290643 | 337980 | 498071 | 692844 | 1175491 | 1515962 | 1754861 |
М3 (ақша жиыны) | 273880 | 397015 | 576023 | 764954 | 971213 | 1650115 | 2065340 | 3716000 |
Өткен
кезеңдермен салыстырғандағы |
84,4 | 45,0 | 45,1 | 32,8 | 27,0 | 69,9 | 25,2 | 79,9 |
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған. |