Инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 16:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

1 бөлім. Инфляция
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері…………………………………….5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары……………………………………..8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары…………………………….14

2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері…..18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау…………………………………………………………..20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау…………….24

3 бөлім. Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны талдау
3.1 Әлемдегі инфляцияны талдау………………………………………………28
3.2 Әлемдегі инфляция мен Қазақстаның инфляциясының ара қатынасы…..34
Қорытынды……………………………………………………………..………42

Работа содержит 1 файл

инфляция.doc

— 369.00 Кб (Скачать)

Жоспар 
 
 

Кіріспе……………………………………………………………………………..3 
 

1 бөлім. Инфляция

    1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері…………………………………….5

1.2 Инфляцияның  түрлері мен факторлары……………………………………..8

1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары…………………………….14 
 

2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері…..18

    2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі

     даму қарқынын талдау…………………………………………………………..20

2.3  Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау…………….24 
 

3 бөлім. Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны талдау 

3.1 Әлемдегі инфляцияны талдау………………………………………………28

3.2 Әлемдегі инфляция мен Қазақстаның инфляциясының ара қатынасы…..34 

Қорытынды……………………………………………………………..………42 

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………….44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. [23]

    Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

    - инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;

    - ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

    - инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

    Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті  ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

    Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

    Инфляцияның салдары өте күрделі де көп  қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі  мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

    Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.          Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты

    Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға  ықпал жасау мақсатында мемлекеттік  шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  құрып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады.

    ХХ ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.               

    Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті  дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы жылдары   Қазақстандағы   Аграрлық   саясаттың   бағдарламасы жасалуда..

    Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

    Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

    Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық  ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Инфляцияның теориялық аспектілері 

    1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 

    Инфляция  – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

    Инфляция  ең алдымен  тауар  бағаларының  өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

    Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде  инфляция  болмайды, неге десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың белгісі  емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі   алтын  – күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша  байлықтың тек белгісі ғана.  Қағаз ақша  қазына сақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

    Артық ақша сұранымды арттырады. Артық  сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты  ықпал жасап,  оларды көтеріп жібереді.

    Батыс  елдерінде 10 %-ке дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл, өз  кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық  тауарға  тез толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.

    Бірақ 10 %-тен асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше  процентке емес, бірнеше  есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары  айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. [12]

    Спекулятивті  бизнес ұсыныстың  өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды, керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен  инфляция  қосылған соң нарықтықтың  оңды әсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан шығу үшін мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

    Инфляция  – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

    Ақша  сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.

    Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді. Сонымен баға өсуінің  инфляциялық  себептеріне  нені  жатқызамыз?

    Мысалы, экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына  байланысты бағалардың өсуін  инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. [5]

    Инфляция  негізінен шаруашылықта қалыптасқан  әртүрлі  диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

    Инфляцияның пайда болу себептері:

    Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

    Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

    Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

    Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

Информация о работе Инфляция