Инфляция, пайда болу себептері мен салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................. 4


І Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ................................... 6
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ..................................... 7
1.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары .. 9


ІІ Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ............................................................... 10
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ................ 12
2.3 Филлипс қисығы .......................................................................... 14


ІІІ Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері ...................................................................................... 17
3.2 Инфляцияға қарсы саяхат ........................................................ 19
3.3 Инфляциямен күресудің әдістері..................................................................................................... 22

Қорытынды бөлім ............................................................................. 29


Пайдаланылатын әдебиеттер ........................................................... 31

Работа содержит 1 файл

Копия Инфляция курсовая работа2.doc

— 196.00 Кб (Скачать)

Инфляция – бұл  күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

 Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және  антиинфляциялық саясат.

Инфляцияның салдары  өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны  баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Инфляция қоғамда ақшадан  қашу белсенділігін арттырады, бұл  процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі  бұзылады, тауарды тауарға тікелей  айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.

Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс  әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары  Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.

Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның  бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.

Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты  инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

1) жанама әдістер: а)  оларды орталық банктың басқаруы  арқылы ақшаның жалпы салмағын  реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.

2) Тура әдістер: а)  мемлекеттің несиелерді және сонымен  бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.

Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

1. Ортодоксальды нұсқасы  экономикаға мемлекет жағынан  аз араласудың классикалық емес  тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің  теңгерілу және айналымда ақшалай  салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.

2. Гетеродоксальды нұсқа  экономикалық үрдістердің барысына  аса белсенді мемлекеттік араласуды  көздейді, соның ішінде: баға мен  жалақының өсімін уақытша тоқтатып  тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Бүл екі ұшты мәселе әртүрлі  елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп  айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің  мүмкіншілігі қысқарады.

Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер  ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие  арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық  банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталған  тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы  ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар  саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар  жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық  банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын  реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан  алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге  бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды  қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы  әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға  болады. Сонда қор сақтау нормасы  артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл  саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны  тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

Қорытынды.

        Информацияның жеке жағдайлары  тарихта орын алғанына қарамастан  инфляция жаңа экономикалық фактор  болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.

Қазақстанда инфляцияның  пайда болуына келесі себептер себепші  болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

Экономикалық өсімнің  антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең –  кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның  әлсіруіне әлемдік теория мен  практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны  Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы курстық жұмысты аяқтай  келе, қысқаша қорытындыланады.Курстық  жұмыс 3 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне жеке-жеке тоқтал

Инфляция – бұл  жалпы ұсыныс пен сұраныстың арасында қалыптасқан сәйкессіздігі. Нақтырақ айтсақ, бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.  Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

Бағалардың өсуі және өсу қарқыны ашық инфляция жағдайында айқын байқалады және ресми түрде  есепке алынады. Бұларға инфляцияның  баяу түрін, қарқынды инфляция, гиперинфляцияны  жатқызуға болады.

Сонымен қатар, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса даинфляция жағдайы қалыптасуы мүмкін. Оның бұл түрі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша құнсызданады. Инфляцияның салдарын, соның ішінде, экономикалық және әлеуметтік салдарына тоқтала отырып, әлемдік тәжірибедегі мемлекеттердің оған қарсы саясатына тоқталған болатынмын. Соған қоса, Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері мен инфляцияға қарсы саясатына тоқталдым. Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктері мен негізгі себептері бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық сәйкессіздіктерінен пайда болды.

Информация о работе Инфляция, пайда болу себептері мен салдары