Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 08:59, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Кіріспе ................................................................................................. 4
І Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ................................... 6
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ..................................... 7
1.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары .. 9
ІІ Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ............................................................... 10
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ................ 12
2.3 Филлипс қисығы .......................................................................... 14
ІІІ Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері ...................................................................................... 17
3.2 Инфляцияға қарсы саяхат ........................................................ 19
3.3 Инфляциямен күресудің әдістері..................................................................................................... 22
Қорытынды бөлім ............................................................................. 29
Пайдаланылатын әдебиеттер ........................................................... 31
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан Инженерлік-
«Қаржы» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Инфляция, пайда болу себептері мен салдары.
Орындаған: «Қаржы» мамандығының
1 курс студенті Дербисалин С.А.
Тексерген: аға оқытушы Тоғашева Д.С
Жоспары
Кіріспе ..............................
І Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны
өлшеу ..............................
1.2 Инфляцияның пайда
болу себептері ..............................
1.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары .. 9
ІІ Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ..............................
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ................ 12
2.3 Филлипс қисығы ..............................
ІІІ Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
ерекшеліктері ..............................
3.2 Инфляцияға қарсы
саяхат ..............................
3.3 Инфляциямен күресудің әдістері......................
Қорытынды бөлім ..............................
Пайдаланылатын әдебиеттер
..............................
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақшы айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылды. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10% тең асқанда
инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез
үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның мәнін, түрлерін, оның экономикалық және әлеуметтік салдарын талқылау.
І. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса,бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде, сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс товар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына (конъюнктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан, жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың ( 2001 ж ) баға индексін алдыңғы жылдың ( 2000 ж ) баға индексінен шығарып, айырмасы алдыңғы жылдың ( 2000 ж ) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару керек 100-ге көбейтеміз. Мысалы, 2000 ж тауарлар тұтыну баға индексі 154, 5 тең болса, 2001 ж – 158, 2 болды. Сонымен 2001 ж инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:
Инфляция қарқыны = 158,2 – 154,5 . 100 %
154,5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет
Бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруына әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуі ХХ ғасырда нарықтың құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық ХІХ ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды.
ХІХ ғасырдағы нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок – көбінде олипология түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма олипология бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды «бұзып алмау» мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады.
Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олипологиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап алуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың « ашыла » түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады.
«Инмпортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырыпимпортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өнімділігі кемиді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңі антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынадай: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды.
Еңбекақының өсуі тұтынушылық
сұранымын одан әрі арттыра түседі. Өндірушіле
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекен шығындарының өсуі, «баға – еңбекақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспрорцияларды айтуға болады.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың (конъюнктураның) уақытша жандатуына ықпал жасайтын фактор болады.
Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай
қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылықты бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнеске тәуелдік (риск) жоғарылайды, ескерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықты объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша – несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада «Танзи Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70 – жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайындабюджеьке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталғанша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуымен мүмкіндік беруді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Информация о работе Инфляция, пайда болу себептері мен салдары