Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 08:59, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Кіріспе ................................................................................................. 4
І Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу ................................... 6
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері ..................................... 7
1.3 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары .. 9
ІІ Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері ............................................................... 10
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар ................ 12
2.3 Филлипс қисығы .......................................................................... 14
ІІІ Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және
ерекшеліктері ...................................................................................... 17
3.2 Инфляцияға қарсы саяхат ........................................................ 19
3.3 Инфляциямен күресудің әдістері..................................................................................................... 22
Қорытынды бөлім ............................................................................. 29
Пайдаланылатын әдебиеттер ........................................................... 31
III. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
Осы күндері Қазақстанда
қалыптасып отырған инфляцияның
ерекшеліктерін және негізгі себептерін
бұрынғы Кеңес Одағының тарихи –
экономикалық даму процесінде қалыптасқан
өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің
құрылымдық диспропорцияларынан
Қоғамдық өндіріс құрылымы
қаржы баға жүйелерін анықтайды.
Өндіріс диспропорциялар
Экономиканың 2000-шы жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Экономика тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
Бұл диспропорциялар экономиканың өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Шаруашылық жүйеде әрбір 10 – 15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше сес жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан.
Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90 – 95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 % тұтыну товарларының 60 % сырттан тасымалданатын.
2000 – 2003 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. Доллардан артып кеткен болатын. 2003 – 2006 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000 % - тен 20 % - ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың
ішінде 100 есе төмендетті.
Бұл өспелі кездегі Қазақстанның
макроэкономикалық
Инфляция жағдайында Үкімет «Қымбат ақша» саясатын ұстауға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монатарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті.
Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, ағымдық ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық ақша – несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001 – 2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның әкімшілік – экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық – қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
3.2 Инфляцияға қарсы саясат
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономисттер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па ?
Бұл екіұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ – та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемдеу іс – шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады ( табыстады индексациялау және т.б.)
Инфляцияға қарсы саясатты
сипаттағанда, екі әдістемені бөліп
айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде
(оны осы күнгі Кейнс
Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономисттер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранмыды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізілуі қажет. Жаңа классикалық экономисттердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монопология, қағаз ақша т.б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынан баяулатып, реттеп мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған
тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы
ұзақ және қысқа мерзімдік
іс – шаралар саясатын қолдану
керек. Бұл
саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімді саясаты, біріншіден, халықтық инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.
Ол үшін кез – келген үкімет инфляцияға қарсы саясаты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің іс – шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монопологиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс – шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың
әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет
тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан
алынған қысқа мерзімдік
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқының уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтауын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал өндіріс шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1 % - ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 % - ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ - нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4 % - ке төмен қалыптасты.
Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60 – жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыпу мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, несие экспанциясын тежеу, ақшаны эмиссиялаудықатаң бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі.
Инфляцияға саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады.
Батыс елдерінде инфляцияны сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынының өнім өндіру қарқынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқарумен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы.
Мемлекеттің ақша жүйесін өзгерту, жүргізіліп жатқан экономикалық реформадан, яғни бір мезгілде жүзеге асырылатын экономиканы тұрақтандыру, бейтараптандыру, жекешелендіру шараларынан тыс жағдайда өте қауіпті болуы және гиперинфляцияның күшеюіне әкеп соқтыруы мүмкін.
3.3 Инфляциямен күресудің әдістері.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс
ретінде инфляция көп уақыт бойы
қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині
АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында,
екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып
алу қабілетінің төмендеуі
Информация о работе Инфляция, пайда болу себептері мен салдары