Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 16:14, курсовая работа

Описание работы

Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н Назарбаев.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ....................................................................................................5

1.1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі ....5
1.2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі ............................................................11

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ..........................................................................................17

2.1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы ....................17
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облысо бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ..............22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕГІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ .....................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................40

Работа содержит 1 файл

Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі.docx

— 132.36 Кб (Скачать)

     Мысалы, сатушы өткiзген  өнiмдерi көлемiнiң сатып алушы  алған осы өнiмдер көлемiмен   сәйкес  келмеуi, шот—фактуралары   әдейi терiс есептеу есебiнен дебет  сальдосын асырып жiберу, қосымша   құнға  салық бойынша төлемдердiң  мерзiмiн  ұзарту амалы –мiне, осындай айлакерлiктер көп ұзамай ашылатын болады.   Шот—фактуралар тiзiiмдерiнiң  есебiн алу жүйесi, сөйтiп, қосымша  құн  салығын бақылауды жақсартады және экспортаушыларға  қосымша құн салығының орнын толтырылуын бақылауды жеңiлдетедi.                             

    Сонымен қатар, әр  түрлi төлем көздерiнен  келетiiн азаматтардың кiрiстерiн есепке алудың  электрондық жүйесi және бұл кiiрiстерге салық салудың тәртiбi. СТТН-i бар жеке адамдар туралы мәлiметтер есепке алу жүйесiнде тiркелетiн болады және салық кодексiне сәйкес жеке адамның алған кiрiстерi мен төлем көзiнен төлеген салықтары туралы барлық деректер электрондық  түрде салық органдарына берiлмек. Есепке алудың осынау жүйесi жеке табыс салығына, сондай-ақ әлеуметтiк салыққа бақылау жасаудан басқа зейнетақы  аударымдарына да бақылауды  жолға қоюға  мүмкiндiк бередi,   өйткенi қазiргi   кезде  зейнетақы  жарналарын  уақтылы және дұрыс есептеуге сыйатын күрделi проблемалар  түр, болашақта  салық әкiмшiлiгiiн   жүргiзу саласында келешекте  енгiзу жоспарланып отыр және  басқа да жаңа енгiзiлiмдер  болады[29].

Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы  басқарудың к үштi ынталандырушы  құралы болып келедi.Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

 Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер  үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. 

Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп  отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен  бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы  жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн  тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға  тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге  де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты  болып табылады. Салынатын салықтармен  әркет ете отырып, мемлекет капиталының  қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен  ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi [30].

    Үкiметiмiздiң алдында  тұрған мiндет ол  тұрақты қабылданған  заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн  тез арада қалпына келтiрiп,  ондағы салық арқылы  түсетiн  түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс  бөлiнуiн қамтамасыз ету болып  табылады және де салықтар  қазынаны толтырып қана қоймай  өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi  ынталандырушы ролiн атқаруы қажет  деп тұжрымға келемiн. Олар  кәсiпкерлiкке  деген ынтаны  тежеу механизiмi болып келемей,  керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң   қосымша, бiрден бiр фактордың  ролiн атқаруы қажет. Сондықтан  бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда  әрқашан қарапайым және баянды  принципiн естен шығармауымыз  қажет. 

    Салық төлеушi және жинаушы   салық төлеу процесiнде  белгiлi  бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл  қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары  болады. Салық жинауына әсер ететiн  объективтi  және субъективтi жағдайлар  бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы  төлемақылар дағдарысы, заңды  бiлмеу немесе оның алдындағы  жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық  салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы  тағы басқалар.

   Әрине, мемлекет барысында  бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге  тырысады.  Кәсiпкер де солай,  ешкiм өз еркiмен, өз табысының  бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды.  Мiне, сондықтан да әр елдiң   өз салық кодексi бар. Олар әр  елдiң экономикасының қаржы-несие  саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына  байланысты әр-түрлi болып келедi.

 Экономикалық iс –шаралар барысында  ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк  тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

    Кiрiс пен таза пайданы  экономиканың жаңа бiр саласына  немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр  жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

    Нақты салаға салық  жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп  отырғандай қамқорлық пен қолдаудың  керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге  келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған  кәсiпорындар мен жеке тұлғалар  жеңiлдiк  жүрмейтiн экономикалық  қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен  айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару  үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының  ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

    Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн  85-90 пайызын салықтар мен салықтық  емес түсiмдер құрайды.

Бюджет жүйесін жетілдіру.

Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің  көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

2009 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Ұлттық қорға  жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың  төлемдерімен және мұнай операцияларынан  және шикі мұнай мен газ конденсатынан  түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік  кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың  талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен  толықтырылды. /15/

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру  жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің  шығыстары ұлғаюда, бұл 2003-2009 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.

2010 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады. /15/

Фискалды  саясатта орта мерзімді перспективада  бюджеттің теңгерімділігі мұнай  емес түсімдердің есебінен біртіндеп  көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай  секторынан түсетін түсімдердің  көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік салалық бағдарламалар мен басқа стратегиялық  және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленген. /15/

Елбасымыздың  2009 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2009 және 2010 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.  /16/

Қазақстан 2009 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.

Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2003 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға  және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есе артық. 

Жолдауда  зейнеткерлерді қолдау көлемін ұдайы  арттырып келе  жатқандығы айтылады. Халықтың зейнетақылық жинақтары тұрақты  түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Әлеуметтік құрылым  нығайып отыр. 2009 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау орны салынды. Жалпы айтқанда қоғамдық өмірдің барлық салаларында ілгерлеу серпіні болып жатыр. Бұл біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыз бен дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік бюджеттің негізінде іске асып отыр.

Жолдауда  келесі атқарылуға тиісті шаралар қарастырылған:

  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;
  • сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2009-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2009 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;
  • бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы - 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға  арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.  /16/

Аталған Жолдау барысында бюджетті жоспарлаудың үшжылдық жоспары көрсетілген. Жаңа үшжылдық бюджет:

  • тұтас алғанда 2009 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшері 2012 жылға қарай 2,5 есе өсуі;
  • мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең бойынша өсіріп отыру;
  • жаңа Салық Кодексі негізінде салықтық түсімдерді қадағалауды жетілдіру;
  • мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік арналымын кеңейту және осының негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Сонымен қатар  Жолдауда нақты көрсетілгендей бюджеттің  нәтижелігін арттыру қарастырылды. Оның негізі тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту керек. Орталықта  нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде  жүзеге асырылып жатыр. Бұл  жұмысты жергілікті жердегі дейгейде де дамыту керек. Яғни, тұрғындар өңірлік  биліктің нақты қамқорлығын сезінуі  тиіс.   /15/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       

Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

   Қорыта келгенде, бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.

Сөйтіп, жалпы  мемлекеттік мәні бар шараларды  қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Рынокқа  өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің  барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын  жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл шаралар  тек салықтардың ынталандырушы  рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың  және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен  бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке  қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін болады.

Информация о работе Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі