Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

мемлекеттік бюджеттің жіктелуі

Работа содержит 1 файл

38-ХБЕС Материалдық емес активтер.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

            (а) шарттық немесе өзге де заңдық құқықтардың жаңартылатыны туралы растау (бұрынғы тәжірибеге негізделуі ықтимал) болуы; Егер жаңарту үшінші тараптың келісіміне байланысты болса, онда үшінші тұлғаның осындай келісімді беретіні туралы растаудың болуы қажет;

            (b) жаңарту үшін қажетті кез келген талаптардың орындалатыны туралы растау болғанда;

            және

            (с) құқықты жаңартуға байланысты ұйымға келтірілетін шығасылар осындай жаңартудан алыну күтілетін болашақтағы экономикалық пайдамен салыстырғанда айтарлықтай болмайтынын растайды.

          Егер  жаңартумен байланысты шығасылар осындай  жаңартудан алыну күтілетін болашақтағы  экономикалық пайдамен салыстырғанда  айтарлықтай болып табылса, олар істің мәні бойынша жаңарту күнгі жаңа материалдық активті сатып алу құнын білдіреді.

          ПАЙДАЛЫ ҚЫЗМЕТ МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНГЕН МАТЕРИАЛДЫҚ  ЕМЕС АКТИВТЕР

          Амортизациялау  кезеңі және әдісі

          97. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтердің амортизацияланған сомасы осы мерзім ішінде жүйелі негізде бөлінуге тиіс. Активті амортизациялау пайдалану үшін рұқсат етілген кезде, яғни активтің орналасқан жері мен жай-күйі оны әкімшіліктің мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз еткен кезде басталуы тиіс. Амортизация мына екі күннің неғұрлым ерте басталатын күні тоқтатылады: активті сатуға арналған жіктеу күні (немесе оны сату үшін жіктелген шығыс тобына енгізу) 5-IFRS «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» Халықаралық стандартына сәйкес немесе осы активті тану тоқтатылған күні. Амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдасын күтілетін пайдалану кестесін көрсетуге тиіс. Егер мұндай кесте сенімді айқылдалмаса, бірқалыпты есептеу әдісі пайдаланылуға тиіс. Әр кезеңнің амортизациялық шегерімі басқа Стандартта оны басқа активтің баланстық құнына қосуға рұқсат етілген немесе талап етілетін жағдайдан басқа кезде пайдада немесе залалда танылуға жатады.

          98Активтің амортизацияланатын құнын жүйелі негізде бөлу үшін оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде әр түрлі амортизациялау әдістері қолданылуы мүмкін. Оларға бірқалыпты есептеу әдісі, азайтылған қалдық әдісі және өндірісті біріктіру әдісі жатқызылады. Актив үшін қолданылатын әдіс активте жасалған, күтілетін болашақ экономикалық пайданы тұтынудың есептеу кестесі негізінде таңдап алынады, және осы болашақ экономикалық пайданы тұтынудың есептік кестесінде өзгерістер болғаннан басқа жағдайларда кезеңнен кезеңге кезектілік тәртібімен қолданылады. Бұл ретте, пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялаудың бірқалыпты есептеу әдісі кезіндегіге қарағанда аз мөлшердегі жинақталған амортизациялауға әкеліп соқтыратын әдістің пайдалылығына сенімді растау болған кезде ғана.

          99.  Амортизация, әдетте, пайда және залалдар туралы есепте танылады. Бірақ кейде активте бекітілген экономикалық кіріс басқа активтерді өндіру кезінде жойылып кетеді. Бұл жағдайда амортизация басқа активтің өзіндік құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына енгізіледі. Мысалы, өндірістік процесте қолданылатын материалдық активтердің амортизациясы қорлардың баланстық құнына енгізіледі (2-«Босалқылар» IAS қараңыз).

          Жою құны

          100. Материалдық емес активтің жою құны:

            (а) үшінші тараптың активті оны пайдалы қолдану мерзімінің соңында сатып алу міндеттемесі болған; немесе

            (b) активтің белсенді нарығы болған жағдайларды қоспағанда, нөлге тең болып қабылдануы тиіс және:

            (і) жою құны осындай нарыққа сілтеме жасау арқылы анықталуы мүмкін; және

            (іі) осындай нарық активті пайдалы қолдану мерзімінің соңында болуы ықтимал.

          101. Активтің амортизацияланатын сомасы оның жою құны шегерілгеннен кейін анықталады. Нөлдік құннан айырмашылығы бар жою құны ұйымның материалдық емес активті оның пайдалы қызмет көрсету мерзімінің соңына дейін сатуды межелеп отырғанын түсіндіреді.

          102. Активтің жою құнын бағалау оны бағалау күнгі ұқсас активті сатудың пайдалы қызмет мерзімінің аяғында осы актив пайдаланылатын жағдайға ұқсас шартпен пайданалынған жеткізілген басым бағасы бойынша сату есебінен өтелетін соманы негізге ала отырып жүргізіледі. Жою құны, кем дегенде, әрбір қаржылық жылдың аяғында қайта қаралады. Активтің жою құнының өзгерісі есепте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстағы өзгеріс сияқты көрсетіледі.

          103.  Материалдық емес активтің жою құны оның баланстық құнына тең немесе одан асатын сомаға дейін ұлғаюы мүмкін. Егер мұндай болса, тарату құны кейіннен оның баланстық құнынан азаймайтын болса, осы актив бойынша амортизациялық аударымдар нөлге тең болады.

          Амортизациялау  кезеңін және әдісін талдау

          104. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялау кезеңі және әдісі кем дегенде әрбір қаржылық жылдың аяғында талдауға жатады. Егер пайдалы қызметтің есептеу мерзімі бұрынғы бағалаудан айтарлықтай өзгеше болса, онда амортизациялау кезеңі тиісінше өзгертілуі тиіс. Активте бекітілген болашақ экономикалық кірісті пайдаланудың есептік кестесінде өзгеріс болса, онда амортизациялау әдісі осындай өзгерістерді көрсету үшін өзгертілуі тиіс. Мұндай өзгерістер 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгеріс сияқты есепке алынуға тиіс.

          105. Материалдық емес активтің қызмет мерзімі ішінде оның пайдалы қызмет мерзімін бағалау дұрыс болып табылмайтыны айқын көрінуі мүмкін. Мысалы, құнсызданудан болған залалды тану амортизациялау кезеңін өзгертуді нұсқауы мүмкін.

          106. Уақыттың өтуіне қарай материалдық емес активтерден ұйымға түсуі күтілетін болашақ экономикалық кіріс кестесі өзгеруі мүмкін. Мысалы, бірқалыпты есептеу әдісі емес, азаятын қалдық әдісін қолданған жөн болып көрінуі мүмкін. Тағы бір мысал ретінде берілген лицензияларды пайдалану құқығы бизнес-жоспардың басқа құрамына қолданылғанға дейін мерзімі кейінге қалдырылған жағдай болып табылады. Бұл жағдайда келіп түскен активтерден экономикалық кіріс неғұрлым кейінгі кезеңдерге дейін алынуы мүмкін.

          ПАЙДАЛЫ ҚЫЗМЕТ МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН МАТЕРИАЛДЫҚ  ЕМЕС АКТИВТЕР

          107. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.

          108. 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ұйым пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық емес активті құнсыздануды оның өтелетін сомасының

            (а) жыл сайынғы негізінде

            және

            (b) әрқашан да материалдық емес активтің ықтимал құнсыздану белгісі болған кезде баланстық құнымен салыстыру жолымен тесттен өткізу міндетті.

          Пайдалы қызмет мерзімін бағалауды  талдау

          109. Амортизацияланбайтын материалдық емес активтің пайдалы қызмет мерзімі соған сәйкес пайдалы активтің бағалау дұрыстығын қамтамасыз ететін осы активтің пайдалы қызмет көрсету мерзімі белгіленбеген оқиғаны және жағдайларды түсіндіруге әр кезеңде талдануға тиіс. Теріс жауап болған жағдайда пайдалы қызмет мерзімін бағалаудағы белгісізден белгіліге қарай өзгеру 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік бағалаудағы өзгеру сияқты есепте көрінуі тиіс.

          110. 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес материалдық емес активтің пайдалы қызмет мерзімін бағалаудағы белгісізден белгіліге қарай өзгеру осы активтің ықтимал құнсыздануын растайды. Нәтижесінде ұйым активті оның баланстық құнымен 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес анықталған өтелу сомасын салыстыру арқылы құнсыздануға, тесттен өткізеді және танудың баланстық құнның құнсызданудан болған залал ретіндегі өтелетін сомадан кез келген асып кетуі танылады.

          БАЛАНСТЫҚ ҚҰННЫҢ ӨТЕЛІМДІЛІГІ - ҚҰНСЫЗДАНУДАН  БОЛҒАН ЗАЛАЛДАР

          111. Активтің құнсыздануы болғандығы туралы анықтау үшін ұйым 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS-ты қолданады. Бұл Стандарт ұйым өз активтерінің баланстық құнын қалай тексеретіндігі, активтің өтелетін құнын қалай анықтайтындығы, құнсызданудан болған залалды қашан танитындығы және реверстейтіндігі туралы түсіндіреді.

          ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ

          112. Материалдық емес активті тану:

            (а) есептен шығаруы бойынша;

            немесе

            (b) оны пайдаланудан немесе есептен шығарудан қандай да бір болашақ экономикалық кіріс күтілмегенде тоқтатылады.

          113.  Материалдық емес активті тануды тоқтатумен байланысты туатын пайда немесе залал есептен шығарудан түскен таза түсімдер (егер мұндайлар болса) мен активтің баланстық құнының арасындағы айырма ретінде анықталады. Олар активті тануды тоқтату кезінде табыстар және залалдар туралы есепте танылуына жатады (17-«Жалдау» IAS кері жалдау арқылы сатуға қатысты қолданылатын басқаша талап етілетін кезді санамағанда). Табысты түсім ретінде жіктеуге тиым салынады.

          114. Материалдық емес активті есептен шығару түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасасу және сыйға тарту жолымен). Осындай активті есептен шығару күнін анықтау кезінде ұйым тауарды сатудан түскен табысты тану үшін 18-«Түсім» IAS Халықаралық стандарттың критерийлерін қолданылады. 17 IAS есептен шығаруға қатысты кері жалдау арқылы сатуға қолданылады.

          115. Егер 21-параграфта аталған тану қағидатына сәйкес ұйым активтің баланстық құнында материалдық емес активтің бір бөлігінің ауыстыру құнын таныса, ол ауыстырылған бөлігінің баланстық құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің ауыстырылған бөлігінің баланстық құнын айқындай алмаса, ол ауыстыру құнын оны сатып алу немесе ішкі өндіру сәтіндегі ауыстырылған бөлігінің құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.

          116. Материалдық емес активті есептен шығару кезінде алу үшін қарсы ұсыну бастапқыда оның әділ құны бойынша танылады. Егер осындай материалдық емес актив үшін ақы төлеу кейінге қалдырылса, алынған қарсы ұсыну бастапқыда ақшалай көрсеткіштегі бағаның баламасы бойынша танылады. Қарсы ұсынудың номиналдық сомасы мен ақшалай көрсеткіштегі бағаның баламасы арасындағы айырма алынатын өтемақының тиімді кірістілігін есепке ала отырып, 18 IAS Халықаралық стандартына сәйкес пайыздық түсім ретінде танылады.

          117. Осындай материалдық емес активті пайдалану тоқтатылғанда, егер ол сатуға арналған ретінде толық амортизацияланған немесе жіктелген болса (не сатуға арналған ретінде жіктелген сияқты есептен шығару тобына енгізілсе), 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес пайдалы қолданылу мерзімі шектеулі материалдық емес активтерді амортизациялау тоқтатылады.

          АҚПАРАТТЫ АШУ

          Жалпы ережелер

          118. Ұйым материалдық емес активтердің әрбір класы үшін іште құрылған материалдық емес активтерді және басқа да материалдық емес активтерді шектей отырып, мынадай ақпаратты ашуға міндетті:

            (а) пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған немесе айқындалған болып табылатыны және, соңғы жағдайда, пайдалы қызмет мерзімін немесе қолданылған амортизациялау нормасы көрсетілсін;

            (b) пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерге қолданылатын амортизациялау әдісі;

            (с) кезең басындағы және аяғындағы жалпы баланстық құны және жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен топтастырылған);

            (d) материалдық емес активтердің кез келген амортизациясы енгізілген пайда және залал туралы есептің желілік бабы (баптары);

            (e) кезеңнің басы мен аяғындағы жай-күйі бойынша мыналар көрсетілген баланстық құнды салыстырып тексеру:

            (і) ішкі дамудан алынғандарын бөліп көрсете отырып, өсімдер,жеке-жеке сатып алынған, және кәсіпорынды біріктіру арқылы алынғандар;

            (іі) сатуға арналған ретінде толық жіктелген, 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде жіктелген сияқты есептен шығару тобына енгізілген активтер;

            (ііі) 75, 85 және 86-параграфтарға сәйкес қайта бағалау нәтижесінде кезең ішінде туындаған құнды көбейту немесе азайту және 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес (егер осындай болса) капитал шотында тікелей танылған немесе реверстелген құнсызданудан болған залалдар;

            (іv)  кезең ішінде 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес (егер осындай болса) пайдада немесе залалда танылған құнсызданудан болған шығындар;

Информация о работе Бюджет