Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

мемлекеттік бюджеттің жіктелуі

Работа содержит 1 файл

38-ХБЕС Материалдық емес активтер.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

            (a)  активтің анықтамасына сәйкес келсе;

            және

            (b) бірегелендірілетін болса, яғни, бөлінетін немесе шарттық немесе өзге заңды құқықтардан туындаса, материалдық емес активтің анықтамасына сәйкес келеді.

      К ә с і п о р ы н д  а р д ы   б і р і к т і р у   к е з і н д е   с а т ы п   а л ы н ғ а н  
м а т е р и а л д ы қ   е м е с   а к т и в т і ң   ә д і л   қ ұ н ы н   б а ғ а л а у

          35.  Кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтердің әділ құны әдетте оны іскерлік беделден бөлек тану үшін жеткілікті шынайылықтың тиісті дәрежесінде бағалануы мүмкін. Материалдық емес активтің әділ құнын бағалау кезінде қолданылатын есептерге қатысты әр түрлі мүмкіндіктері бар ықтимал нәтижелердің ауқымы болса, мұндай белгісіздік активтің әділ құнын бағалау кезінде есепке алынады, бірақ әділ құнның шынайы бағалануының мүмкін еместігінің айғағы болып табылмайды. Егер кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтің пайдалы қызмет көрсету мерзімі белгіленген болса, оның әділ құнын шынайы бағалау мүмкіндігінің дәлелді рұқсаты болады.

          36.  Кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес актив анықталатын болуы мүмкін, бірақ онымен байланысты материалдық немесе материалдық емес активпен бірге ғана анықталуы мүмкін. Мысалы, журналды басып шығару құқығын жазушылардың тиісті базасынан бөлек сату мүмкін емес немесе нақты су көзімен байланысты минералды судың тауар белгісі су көзінен бөлек сатылмайды. Мұндай жағдайларда, егер активтердің әділ құнының жеке көрсеткіштері бұл топта шынайы бағалануға жатпаса, сатып алушы ұйым активтер тобын іскерлік беделден бөлек ортақ актив ретінде таниды.

          37.  Осылайша, «сауда маркасы» және «сауда атауы» терминдері жиі тауар және басқа белгілердің синонимі ретінде қолданылады. Шынында, жоғарыда аталған терминдердің алғашқылары әдетте тауарлық белгі (немесе қызмет көрсету белгісі) және оның тиісті тауарлық атауы, формулалары, құрамы және технологиялық құрамы сияқты толықтырушы активтердің тобына қатысты қолданылатын жалпы нарықтық терминдер болып табылады. Сатып алушы ұйым, егер толықтырушы активтердің әділ құнының жеке көрсеткіштері шынайы бағалауға келмесе, тауар маркісін құрайтын толықтырушы материалдық емес активтер тобын бір актив ретінде таниды. Егер толықтырушы активтердің әділ құнының жеке көрсеткіштерін шынайы бағалау мүмкін болса, сатып алушы ұйым оларды, бұл жеке активтердің пайдалы қызмет ету мерзімдері бірдей болу шартымен, бір актив ретінде тани алады.

          38. Кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтің әділ құны мұндай материалдық емес актив тек заңды немесе шарттық құқықтардан немесе

            (а) бөлінуге жатпайтын болса;

            немесе

            (b)  бөлінетін болып табылса, бірақ бұрынғы тәжірибенің немесе осындай және ұқсас активтермен айырбастау операциялары туралы деректердің болмауы, әділ құнды бағалау өлшеуге келмейтін ауыспалы шамаларға тәуелді болған кезде шынайы бағалануға жатпайды.

          39. Активтік нарықтағы белгіленетін нарықтық баға материалдық емес активтің әділ құнын бағалау үшін неғұрлым шынайы бағалануды қамтамасыз етеді (сонымен бірге 78-параграфты қараңыз). Әдетте сатып алушының ағымдағы бағасы тиісті нарықтық баға болып табылады. Егер сатып алушының ағымдағы құны қол жеткізбейтін болса, операцияны жүзеге асыру күні мен активтің әділ құнын бағалау күні арасында экономикалық шарттарда айтарлықтай өзгерістердің болмау шарты орындалғанда, ұқсас операциядағы баға әділ құнды бағалау үшін негіз бола алады.

          40.  Егер материалдық емес актив үшін активтік нарық болмаған жағдайда, оның әділ құны жақсы ақпараттандырылған, шарт жасауға ниеті бар және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында неғұрлым жақсы ақпарат негізінде жасалатын шарт бойынша ұйым бұл актив үшін шарт жасалған күнге төлейтін сомаға тең. Мұндай соманы анықтаған кезде, ұйым ұқсас активтер бойынша таяуда жасалған операциялардың нәтижелерін есепке алады.

          41.  Бірегей материалдық емес активтерді жүйелі түрде сатып алуға тартылған ұйымдар мұндай активтердің әділ құнын жанама бағалау әдістерін әзірлей алар еді. Бұл әдістер, егер олардың мақсаты әділ құнды бағалау және осы актив қатыстырылған салада ағымдағы операциялар мен тәжірибені көрсететін болса, кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активті алғашқы бағалау үшін қолданыла алады. Бұл әдістер орынды болған кезде:

            (a) активтердің (түсім, нарық бөлігі, операциялық табыс сияқты) кірістілігін қамтамасыз ететін ағымдағы нарықтық шарттарды көрсететін сандық еселенген нақты индикаторларға немесе бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында жасалған шарттың шеңберінде басқа тарапқа лицензия бойынша материалдық емес активті табыс етуден пайда болатын роялти ағымына (мысалы, «роялтиден босату» әдісін қолдана отырып) қолдануды;

            немесе

            (b)  болашақта болжанатын осы активтен келетін таза ақша ағымын дисконттауды қамтиды.

      Жүзеге  асырылу процесіндегі сатып алынған зерттеулер мен  
әзірлемелер жобасына жұмсалатын одан кейінгі шығындар

          42. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындар:

            (a) бөлек немесе кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған және материалдық емес актив ретінде танылған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру процесіндегі жобаға жатқызылатын;

            және 

            (b)  мұндай жобаны сатып алудан кейін жұмсалған зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындар 54-62-параграфтарына сәйкес есепке алынуға жатады.

          43. 54-62-параграфтардың талаптарын қолдану бөлек немесе кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жүзеге асыру процесіндегі жобаға жұмсалатын шығындар:

            (а) егер зерттеулерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде танылуын;

            (b) 57-параграфта белгіленген материалдық емес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкес келмейтін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, орын алған кезде шығыс ретінде танылуын;

            және

            (c) 57-параграфта белгіленген тану критерийлеріне сәйкес келетін әзірлемелерге жұмсалған шығындар болса, кәсіпорындарды сатып алу кезінде сатып алынған зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жобаның баланстық құнына қосылуын білдіреді.

          Мемлекеттік субсидия арқылы сатып алу

          44. Кейбір кездерде материалдық емес актив ақысыз немесе мемлекеттік субсидия арқылы номиналды қарсы ұсынуға алына алады. Бұл материалдық емес активтерді мемлекет ұйымға табыс еткен немесе бөлген кезде орын алуы мүмкін, мысалы, әуежайға қону, радио- және телехабарларды тарату құқығы, импорттық лицензиялар немесе квоталар, немесе өзге шектелген ресурстарға қол жеткізу құқықтары. 20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ұйым алғаш рет материалдық емес активті де, субсидияны да әділ құны бойынша тануға құқылы. Егер ұйым активті әділ құны бойынша алғаш рет тануды қаламаса, ол оны алғаш рет номиналды сомасы бойынша (20 IAS Халықаралық стандартымен рұқсат етілген есепке алудың басқа тәртібіне сәйкес), бұған қоса, активті мақсатына сәйкес пайдалану үшін әзірлеуге жұмсалған кез келген шығындарды таниды.

          Активтермен  алмасу

          45.  Бір немесе одан да көп материалдық емес активтер ақшалай емес активті немесе активтерді айырбастау арқылы немесе ақшалай және ақшасыз активтердің комбинациясына сатылып алынуы мүмкін. Төменде айтылған ойлар бір ақшалай емес активті басқа активке алмастыруға ғана қатысты емес, алдыңғы сөйлемде көрсетілген айырбастауларға да қатысты. Мұндай активтің бастапқы құны (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны болмаған кезде, немесе (b) алынған және табыс етілген активтің әділ құны шынайы бағалана алмайтын жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша бағаланады. Егер ұйым табыс етілген активтің танылуын тоқтата алмаса да, сатып алынған актив дәл осы тәсілмен бағаланады. Егер сатып алынған актив әділ құны бойынша бағаланбаса, оның алғашқы құны табыс етілген активтің баланстық құны бойынша анықталады.

          46.  Ұйым айырбастау операциясында коммерциялық мазмұнды осы операцияны жүзеге асыру нәтижесінде күтілетін өзінің ақша қаражаттары ағымының өзгерістерінің дәрежесіне сәйкес анықтайды. Айырбастау операциясы:

            (a) алынған активтен туындайтын ақша ағымдары конфигурациясының (яғни тәуекел, мерзімдер мен сома) табыс етілген активтен туындайтын ақша ағымдары конфигурациясынан айырмашылығы болса;

            немесе

            (b) ұйым қызметінің осы операция ықпал ететін бөлігінің құнына тән айырбастау нәтижесінде өзгеретін болса;

            және 

            (с)  (а) немесе (b) тармақшасындағы айрмашылықтар айырбастаудың мәні болып табылған активтің әділ құнынына қатысты неғұрлым үлкен болса, коммерциялық мазмұнға ие.

          Айырбастау  операциясында коммерциялық мақсаттың  бар екендігін анықтау мақсатында ұйым қызметінің осы операция әсер ететін бөлігіне тән құны салық салынғаннан  кейінгі ақша қаражаттарының ағымын көрсетуі тиіс. Мұндай зерделеудің нәтижелері ұйым тарапынан жан-жақты есептерді өткізбей-ақ заттардың жағдайын көрсетеді.

          47. 21(b)-параграфы материалдық емес активтің өзіндік құнын шынайы бағалау материалдық емес активті тану үшін шарт болып табылатындығын белгілейді. Теңдес нарықтық операциялары жоқ материалдық емес активтің әділ құны, егер (a) осы активке қатысты әділ құнның негізделген бағалар диапазонның вариативтігі айтарлықтай болмаса, немесе (b) осы ауқымдағы түрлі бағалар ықтималдығы негізді белгіленіп және әділ құнды бағалау кезінде қолданылса, шынайы бағалануға жатады. Егер ұйым алынған немесе табыс етілген активтің әділ құнын шынайы анықтай алса, алғашқы құнын анықтау үшін, алынған активтің әділ құны нақты болған кездерді қоспағанда, табыс етілген активтің әділ құны қолданылады.

          Ішкі  қалыптасқан іскерлік бедел

          48.  Ішкі қалыптасқан іскерлік бедел актив ретінде танылуға жатпайды.

          49.  Кейбір жағдайларда болашақ экономикалық табыстарды жасау шығындарды жұмсаумен байланысты, бірақ бұл осы Стандартпен белгіленген тану критерийлеріне сәйкес болатын материалдық емес активтің пайда болуына әкелмейді. Мұндай шығындар көп жағдайларда ұйым ішінде іскерлік беделдің қалыптасуына әсерін тигізетін шығындар болып сипатталады. Ұйымның бақылауында болатын және өзіндік құны бойынша бағалана алатын бірегейленетін ресурс болмағандықтан (яғни, бөліне алмайды немесе шарттық немесе заңды құқықтардан пайда болмайды), ішкі қалыптасқан іскерлік бедел актив ретінде танылуға жатпайды.

          50.  Ұйымның нарықтық құны мен оның бірегейлендірілетін таза активтерінің арасындағы айырмашылықтар ұйымның құнына ықпал ететін факторлар тобынан құралады. Шынында, мұндай айырмашылықтар осы ұйым бақылайтын материалдық емес активтердің құнын сипаттамайды.

          Ішкі  құралған материалдық  емес активтер

          51. Кейде ішкі құралған материалдық емес активтер тануға жататындығын немесе жатпайтындығын бағалау қиын болады, бұған себеп ретінде:

            (a)  күтілетін экономикалық табыстарды құрайтын бірегейленетін активтің бар екендігін анықтаумен байланысты;

            және

            (b)  мұндай активтің өзіндік құнының мағынасын анықтаумен байланысты проблемалар болып табылады. Кейбір кездерде ұйым ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын ішкі қалыптасқан іскерлік беделді немесе күнделікті қызметті қолдаудың немесе күшейтудің өзіндік құнынан анықтау мүмкін емес.

          Тиісінше, материалдық емес активті тану және алғашқы бағалау үшін жалпы талаптарды орындаумен қатар, ұйым ішкі құралған материалдық емес активтерге қатысты 52-67-параграфтардың талаптары мен  ұсынымдарын қолдануға міндетті.

          52. Ішкі құралған материалдық емес актив тану критерийлеріне сәйкес келетінін анықтау үшін ұйым активті құру процесін:

            (a)  зерттеу сатысына;

            және

            (b) әзірлеу сатысына бөледі.

Информация о работе Бюджет