Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

мемлекеттік бюджеттің жіктелуі

Работа содержит 1 файл

38-ХБЕС Материалдық емес активтер.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

          12.  Актив:

            (а)  келесі сату, беру, лицензиялау, жалға беру немесе айырбастау үшін немесе жеке тәртіпте, не болмаса тиісті шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге ұйымнан бөліне алатын болса;

            немесе

            (b) құқықтардың берілуіне немесе бұл ұйымнан не болмаса өзге құқықтар мен міндеттемелерден бөліне алатынына қарамастан, шарттық немесе өзге заңды құқықтардан туындайтын болса, материалдық емес активтің анықтамасы тұрғысында бірегейлендірілу көрсеткішіне жауап береді.

      Б а қ ы л а у

          13. Егер ұйым ресурстың негізінде түсетін болашақ экономикалық табыстарды алуға құқылы болса және бұл табыстарға өзге ұйымдар мен тұлғалардың қол жетуін шектей алатын болса, актив ұйымның бақылауында болып есептеледі. Ұйымның материалдық емес активтен алатын болашақ экономикалық табыстарды бақылау қабілеттілігі әдетте сот тәртібінде ықтиярсыз жүзеге асырыла алатын заңды құқықтардан туындауы мүмкін. Заңды құқықтар болмаған жағдайда, бақылауды жүзеге асыру неғұрлым қиын мақсат болып табылады. Бірақ ұйым болашақ экономикалық табыстарды басқа да тәсілдер арқылы бақылай алатындықтан, бақылау үшін сот тәртібінде ықтиярсыз жүзеге асыру қажетті шарт болып табылмайды.

          14. Нарықтық және техникалық білімдер болашақ экономикалық табыстардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Ұйым бұл табыстарды, мысал үшін, мұндай білімдер заңды құқықтар арқылы, сондай-ақ авторлық құқықтармен, сауда шартында көзделген шектеулер арқылы (мұндайға рұқсат етілген) немесе қызметкерлердің құпиялылықты сақтауы бойынша заңды міндеттерімен қорғалған жағдайда бақылай алады.

          15.  Ұйымда жоғары білікті қызметкерлер тобы болуы мүмкін және ұйым бұл қызметкерлерді дайындау нәтижесінде болашақ экономикалық табыстарға әкелетін қызметкерлердің қосымша дағдыларын бірегейлендіре алуы мүмкін. Сонымен қатар ұйым қызметкерлердің оған өз қызметін одан әрі көрсетуін күтуі мүмкін. Бірақ әдетте ұйымның білікті және даярланған қызметкерлердің болуынан пайда болатын болашақ экономикалық табыстарға, бұл баптар материалдық емес активтің анықтамасына сәйкес болатын, тиісті дәрежедегі бақылауы жоқ. Ұқсас негіздер бойынша басқару немесе техникалық қызметкерлердің нақты сипаттамалары, егер оларды пайдалану және олардан болашақ экономикалық табыстарды алу заңды құқықтармен қорғалмаған жағдайда, сондай-ақ материалдық емес активтің анықтамасының басқа тармақтарына жауап бермесе, материалдық емес активтердің көрсеткіштеріне сәйкес болмауы ықтимал.

          16.  Кейбір жағдайларда ұйымның клиенттер портфелі немесе нарықтың бөлігі болып, клиенттермен қарым-қатынастарды орнатуына жұмсалған талпыныстарына және клиенттердің икемділігінің арқасында оның клиенттердің одан әрі ынтымақтасуын күтеді. Бірақ клиенттермен байланыс немесе олардың икемділігін қорғауға заңды құқықтардың немесе бақылаудың өзге жолдары болмаған жағдайда, ұйым әдетте клиенттермен байланыстарының немесе олардың икемділігінің нәтижесінде пайда болатын болашақ экономикалық табыстарға, бұл баптарды (клиенттер портфелі, нарық бөлігі, клиенттермен байланыс, клиенттердің икемділігі) материалдық емес активтің анықтамасын қанағаттандырады деп тану үшін, тиісті бақылауы жоқ. Клиенттермен байланыстарды қорғауға заңды құқықтардың болмауына қарамастан, мұндай немесе ұқсас шарттық емес байланыстарға қатысты (кәсіпорындарды біріктіруден тыс) жүзеге асырылатын айырбастау операциялары ұйымның клиенттермен мұндай байланыстардан күтетін болашақ экономикалық табыстарды бақылай алатындығын куәландырады. Сонымен бірге, мұндай айырбастау операциялары клиенттермен байланыстардың бөлінетіндігін куәландыратындықтан, мұндай байланыстар материалдық емес активтердің көрсеткіштерін қанағаттандырады.

          Б о л а ш а қ   э к о н о м и к а л ы қ   т и і м д і л і к т е р

          17. Материалдық емес активтерден туындайтын болашақ экономикалық тиімділіктер тауарларды сату немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуін немесе ұйымның активті қолдануының нәтижесі болып табылатын басқа табыстардан құралуы мүмкін. Мысалы, интеллектуалдық меншікті өндіріс барысында пайдалану болашақ табыстарды ұлғайтпай, болашақ өндірістік шығындарды қысқартуы мүмкін.

          ТАНУ  ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

          18.  Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

            (а)  материалдық емес активтің анықтамасын (8-17-параграфтарды қараңыз);

            және

            (b)  тану критерийлерін (21-23-параграфтарды қараңыз) қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

          Бұл талап материалдық емес активті  сатып алумен немесе ішкі өндірумен  байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

          19. 25-32-параграфтарда бөлек сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты тану критерийлерін қолдану мәселелері қарастырылады, ал 33-43-параграфтарда мұндай критерийлерді кәсіпорындарды біріктірудің нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты қолдану туралы айтылады. 44-параграфта мемлекеттік жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері, 45-47-параграфтарда - материалдық емес активтерді айырбастау мәселелері, ал 48-50-параграфтарда ішкі қалыптастырылған іскерлік беделді есепке алу мәселелері қарастырылады. 51-67-параграфтар ішкі өндірілген материалдық емес активтерді алғашқы тану және бағалау мәселелеріне арналған.

          20. Материалдық емес активтердің табиғаты көптеген жағдайларда ұқсас активтерді өсіруге немесе ішінара ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Тиісінше, бұдан кейінгі шығындардың көбі, осы Стандарттағы материалдық емес активтің анықтамасы мен тану критерийлерін қанағаттандырмай, қолдағы материалдық емес активтердегі күтілетін экономикалық табыстарды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, бұдан кейінгі шығындарды тұтастай кәсіпорынға емес, нақты материалдық емес активтерге жатқызу көбіне қиынға соғады. Осылайша, сатып алынған материалдық емес активті алғашқы танудан кейін немесе материалдық емес активті ішкі өндіруден кейін орын алған бұдан кейінгі шығындар сирек жағдайда ғана активтің баланстық құнында танылады. 63-параграфқа сәйкес сауда маркаларына, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдеріне және мәні бойынша ұқсас баптарға (тысқары сатып алынған және ішкі өндірілген) жұмсалған бұдан кейінгі шығындар әр уақытта табыс құрамында немесе орын алуына қарай шығындарда танылады. Бұл мұндай шығындарды кәсіпорынды толық жетілдіруге жұмсалған шығындардан бөлек қарастыруға болмаудың салдары болып табылады.

          21. Материалдық емес актив:

            (а) осы активке қатысты болашақ экономикалық табыстар ұйымға келетіні ықтимал болса ғана;

            және

            (b)  активтің өзіндік құны сенімді бағаланатын болса ғана танылуы тиіс.

          22. Ұйым активтің пайдалы қызметінің мерзімінде қолданылатын экономикалық талаптардың жиынтығын әкімшіліктің ең дұрыс бағалауын көрсететін негізделген және нығайтылатын рұқсаттарды пайдалана отырып, болашақтағы экономикалық табыстардың ықтималдығын бағалауға міндетті.

          23.  Ұйым бастапқы тану күні қолда бар деректерге сүйене отырып және сыртқы дерек көздерінен алынған деректерге басымдық бере отырып, активтерді пайдаланудан түсетін болашақ экономикалық кірістердің түсуімен байланыстыратын айқындылық дәрежесін бағалау үшін кәсіби пікірлерді пайдалануға тиіс.

          24.  Материалдық емес актив ең алдымен өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.

          Жеке  сатып алу

          25. Әдетте материалдық емес активті сатып алған кезде ұйым өтейтін құн ұйымға осы активтен болашақ экономикалық табыстың келу мүмкіндігіне қатысты күтулерді көрсетеді. Басқаша айтқанда, ықтималдық тиімділігі активтің өзіндік құнында көрініс табады. Тиісінше бөлек сатып алынған активтерге қатысты тану үшін 21(а)-параграфымен белгіленген ықтималдылық критерийі әрқашан қанағаттандырылған болып табылады.

          26 Қосымша түрде жеке сатып алынатын материалдық емес активтердің құны шынайы түрде өзгертілуі мүмкін. Бұл сатып алу ниеті қолма-қол немесе басқа монетарлық активтер нысанында жүзеге асырылған кезде ерекше дұрыс болады.

          27.  Бөлек сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны:

            (a)  оның сатып алу құынынан, соның ішінде импорттық баждарды және сауда жеңілдіктерін шегеруден кейінгі сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтардан;

            және

            (b) активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге жұмсалған кез келген тікелей шығындардан тұрады.

          28.  Тікелей шығындардың мысалы ретінде:

            (a)  активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын қызметкерлерге сыйақы төлеу (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартында берілген анықтамаға сәйкес);

            (b)  активті жұмыс істеу жай-күйіне келтіруге байланысты пайда болатын кәсіби қызметтерді өтеу бойынша шығындар;

            және

            (с) активтің тиісті жұмыс істеуін тексеруге жұмсалған шығындар болып табылады.

          29.  Төменде материалдық емес активтің өзіндік құнының бөлігі болып табылмайтын шығындардың мысалдары келтірілген:

            (a)  жаңа өнімді немесе қызметті енгізуге жұмсалған шығындар (өнімді жарнамалауға және өткізуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда);

            (b) шаруашылық қызметті жаңа жерде немесе клиенттердің жаңа санатымен жұмыс істеуге жұмсалған шығындар (қызметкерлерді әзірлеуге және оқытуға жұмсалған шығындарды қоса алғанда);

            және

            (с)  әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығындар.

          30.  Материалдық емес активтің баланстық құнындағы шығындарды тану актив басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану қалпына келтірілген кезде тоқтатылады. Осылайша материалдық емес активті пайдалану немесе орнын ауыстыру кезінде жұмсалған шығындар активтің баланстық құнына енгізілмейді. Мысал үшін мына шығындар материалдық емес активтің баланстық сомасына енгізілмейді:

            (а)  басшылықтың мақсатына сәйкес пайдаланылуға жарамды актив пайдаланылмаған кезде орын алған шығындар;

            және 

            (b)  алғашқы операциялық шығындар, мысалы, актив қызметінің нәтижесіне сұраныстың қалыптасуы кезінде орын алған шығындар.

          31.  Кейбір операциялар материалдық емес активті әзірлеуге байланысты орын алады, бірақ бұл активті басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану үшін тиісті қалыпқа келтіру міндетті болып табылмайды. Бұл операциялар әзірлеу кезеңіне дейін немесе әзірлеу кезеңінде жүзеге асырыла алады. Қосалқы операциялар активті басшылықтың мақсатына сәйкес пайдалану қалпына келтіру үшін қажетті болып табылмайтындықтан, қосалқы операциялардан келген табыс және оған жұмсалған шығындар тиісінше табыста немесе залалда көрсетілуі және кірістер мен шығыстардың тиісті санатына жатқызылуы тиіс.

          32.  Егер материалдық емес актив үшін жасалған төлем әдеттегі кредиттеу шарттарынан асатын мерзімге кейін қалдырылса, оның өзіндік құны ақша қаражаттарының баламасына сатып алу құнына тең болып табылады. Егер бұл өсім мен сомалық төлемдердің арасындағы айырмашылық 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарттарда көрсетілген капиталдандыру негізінде есепке алу тәртібіне сәйкес капиталдандырылмаса, ол кредиттеу мерзіміне созылатын пайыздарды төлеу шығындарына жатқызылады.

          Сатып алу кәсіпорындарды біріктірудің бөлігі ретінде

          33.  3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес, егер материалдық емес актив кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған болса, онда мұндай материалдық емес активтің өзіндік құны сатып алу күні қалыптасқан әділ құнына тең. Материалдық емес активтің әділ құны бұл активтегі ұйымға болашақ экономикалық табыстардың түсуіне қатысты ықтималдылықтың нарықтық күтулерді көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, ықтималдылық тиімділігі мұндай материалдық емес активтің әділ құнын бағалауда көрініс табады. Тиісінше, кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активке қатысты тану үшін 21(а)-параграфымен белгіленген ықтималдылық критерийі әрқашан қанағаттандырылған болып танылады.

          34.  Осылайша, осы Стандартқа және 3 IFRS-ке сәйкес сатып алушы-ұйым сатылып алынатын тараптың материалдық емес активін іскерлік беделден бөлек бұл активтің әділ құны шынайы бағалауға келу шарты орындала отырып, активті кәсіпорындар біріктірілгенге дейін сатып алынатын тараптың тануына немесе танымауына қарамастан, сатып алу күніне таниды. Бұл сатып алушы-ұйым іскерлік беделден бөлек актив ретінде сатылып алынатын тараптың жүзеге асыру процесіндегі зерттеулердің және әзірлемелердің жобасын, егер бұл жоба материалдық емес активтің анықтамасына сәйкес келіп, ал оның әділ құны шынайы бағалана алынатын болса, танитынын білдіреді. Сатып алынатын тараптың жүзеге асыру процесіндегі зерттеулердің және әзірлемелердің жобасы, егер:

Информация о работе Бюджет