Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Корпоративтік табыс салығы.
Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     Қосылған  кұн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:

 Тауар бойынша  Жұмыс пен  қызмет бойынша
 Тауарды тиеу орны,егерде жабдықтаушы, алушы  немесе үшінші тұлға болса  Қозғалмайтын  мүліктің тұрған жері, егер де жұмыс  пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса;
 Алушыға тауарды беру орны  Жұмыс пен  қызметтің нақты жүзеге асқан  жері, егер олар сол мүліктің  қозғалысымен байланысты болса;
 Қызмет  көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;
 Кәсіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген қызметі, келесідей жұмыспен қызметке қатысты болса:

Байланыс, кеңес аудиторлық, инжиниринголық, бухгалтерлік қызмет көрсетсе, туризмді ұйымдастырушы болса, т.б.

 

     Тауар (жұмыс. қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салык сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетка жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылғаи кұн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті тандай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша аныктайды және соның денгейінде зачеткда жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал балек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салғының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жаткызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

     Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен кызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

     Қосылған  күн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жүмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе керсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті.

     Акциздік (жанама) салық — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

     Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының "Акциз" деп аталатын субшоты кредиттеледі.

Акцизді төлеушілер Салық салынатын  объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
 ҚР-ң  заңды тұлғалары, сондай-ақ олардың  құрылымдық бөлімшелері, жеке тұлға;
  • акцизделетін (акцизделген) тауарларды ҚР-ң аймағында шығару;
  • акцизделген тауарларды ҚР-ң аймағынан кедендік бекет арқылы шығару;
  • жаңа және көтерме саудасы арқылы бензинді ҚР-ң аймағына сату;
  • тәркіленген, тегін алған тауарларды ҚР-ң аймағында сату;
  • акцизделген қызмет түрлерін ҚР-ң аймағында жүзеге асыру
 Акцизделген тауарлармен жасалған операция:
  • спирттің барлық түрлері;
  • алькогольді өнімдер;
  • темекі өнімдері;
  • құрамында темекісі бар басқа да өнімдер;
  • балық уылдырықтары;
  • алтыннан, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар;
  • бензин, дизельдік отыны;
  • жеңіл автомобильдер;
  • газбен жанатын қарулар
  • шикі мұнай өнімдері;

 акцизделетін  қызметтер түрлері:

  • ойын бизнестері;
  • ұтыс лотореясын жүргізу және ұйымдастыру.
 Акциздердің мөлшерлемесін ҚР-ң үкіметі бекітеді және оны келесі жолмен белгілейді:
  • пайыздық  белгілеу, ол тауардың құнына бөлу арқылы анықталады немесе натуралды жолмен алынады
Календарлық ай
 
 

     Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

     - акцизделген тауарларды  сыртқы (экспортқа) саткан жағдайда;

     - мемлекеттік өкілетті органдармен аныкталған квота шегіндегі этил спирттері;

     -    медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы); Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды

өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердін төлеушілері болып табылады.

     Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.

     Акцизделетін  тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі десалық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.

     Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.

     Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша  салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес белгіленеді.

     Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздін тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын аныктау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады.

     Ал  адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік кұны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенін кассасы алынады.

     Әлеуметтік  салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалайда, заттайда төленуі мүмкін. Әлеуметтік салыктың есебі 3140 шоттың "Әлеуметтік салық" деп аталатын сүбшотында жүреді.

Әлеуметтік  салықты төлеушілер Салық салынатын  объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
ҚР-дағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-да тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін  жүзеге асырушы, резидент еместер Еңбеккерлердің  кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы Шетел мамандарының - 11%. Қалған юасқа барлық еңбеккерлерден - 21% Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берімен бірге
Жеке  нотариустар, адвокаттар Еңбеккерлердің  саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде Өзі үшін 3 айлық  есептік көрсеткіші; Әбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші  
Жеке  кәсіпкерлер   Айлық есептік  көрсеткіштен – 20%  
 Салықтың  арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары) жеке кәсіпкерлер
 
 
 

     Еңбеккерлердің  келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:

     - мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;

     - Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлыктарға;

     - конкурстық, спорттык, жарыста жүлделі орындары үшін берілетін акшалай сыйлыктарға;

     -  кәсіпорындар өз кызметін тоқтаткан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

     - пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

     -   жинак зейнетакы қорларына аударылған жарнасына;

     - тікелей әлеуметтік көмеқ, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;

     -   армия кызметкерлеріне арналған  төлемдердің барлық түріне;

     -   қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;

     - мемлекеттік бюджеттін каржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;

     -  заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;

     -    босану мен екікабаттылық бойынша жәрдем ақыға;

     -    белгіленген мемлекеттік стипендияға;

     -    берілген арнайы киімдердің құнына;

     -    сақтандыру сыйлығына;

     -    қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік кұндарына;

     -    тағы басқаларына.

     Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, калған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.

     Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3140 шотта көрініс табады. Салык салу мақсатында барлык жер Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым максатына және белгілі бір категорияға жататындығына карап қарастырылады.

     Салық салуға жататын, жердің категориясы      Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы
     Ауыл  шаруашылығына арналған жерлер      Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер
     Елді  мекеннің жерлері      Орман қорлары
     Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері      Су  қорлары
     Жер қорлары

     Жер салығы олардың меншік кұкын, тұракты пайдалану құкын, уақытша тегін пайдалану құкын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 каңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға үсынады.

     Темір жол транспортын үйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлімдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

     Энергетика  мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жүмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер телімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

     Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер телімдері, газ бен мұнай құбырларымен байланысты жер телімдері, салық салынатын объекті болып табылады.

     Байланыс  сферасының балансында тұрған жер телімдері салық салынатын объектісі болып табылады.

     Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлеқеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

     Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді жене Қазақстан Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрссткіші бойынша алынады.

     Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялык табу бонусы.

     Кол қою бонусы жер койнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапкы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді,не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол кою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына карай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Кол кою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу