Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Корпоративтік табыс салығы.
Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюга болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уакытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.

     Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сөйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.

     Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шотында көрініс табады.

     Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысыңда, өзіне мынаны енгізеді:

     -     салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша аныкталады: 
 

     Бухгалтерлік          тұрақты            уақытша                                       

     Табыс                       айырмасы        айырмасы 
 

     -    уақытша айырманың салықтык эффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан аныктайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.

     - кейінге қалдырылған салықтарды  осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 4310 шотта көрініс табады.

     Мысалы. Кәсіпорын 2002 жылғы нәтижесі бойынша  келесі нәтижені алды делік:

Бухгалтерлік  есеп мәліметі Жылдық  жиынтық табыс туралы деклорацияның  мәліметі және жасалған шегерімдер
Көрсеткіштер атауы Сомасы, мың  теңге Көрсеткіштер  атауы Сомасы, мың  теңге
1 2 3 4
 1. өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан  түскен табыс 10200
  1. жылдық табыс, оның ішінде:
  - өнімді (жұмысты  қызметті) сатқаннан түскен табыс
10400

10200

200

  1. сатылған өнімнің (жұмыстың, қызметі) өзіндік құны, соның ішінде
  • негізгі құралдардың амортизациясы
  • жөндеуге кеткен шығыстары
 
7015

217

94

  2. тауарды  (қызметті, жұмысты) сатымен байланысты  шығыстары  7620 теңге (7015-217-94+916) 7620
  1. кезең шығыстары
  2.  
  3. жалпы және әкімшілік шығыстары, оған кіретіндер:
  • басқару және шаруашылық шығыстары
  • бюджетке төленетін, айыппұл санкциялары
  • нормадан жоғары жасалған іс-сапарының шығыстары
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстары (мүшелді тойларына сыйлық тарту, бассейн абономенттерін өтеу т.б)
  • салықты есептеу
 3.2. пайызды  төлеуге байланысты шығыстар (шетел  валютасында резидент еместерден 03.01.02 ж. 10000 доллар немесе 1506000 теңге  2 жылға несие алған, 9% жылдық пайызда  үстеме төлейтін болып, яғни 135540 теңге (1506000х9%))
1915, 54

1780 

916 

68 

44 
 
 

52 
 
 

700 
 
 
 
 

135,54

3. марапаттау (Лондон  банкаралық мөлшерлемесі бойынша,  несиені алған күні оның деңгейі  2,455 құраған):

- бірінші  шектеу кезіндегі марапаттау  сомасы (Лондон банкаралық нарығының  2-еселенген мөлшерлемесі пайдаланған: 73945 теңге (150600х(2,455х2)%)

- қосымша  шектеуді ескеріп, есептелген  марапаттау сомасы: 0+135540х15/30=67770 теңге

67,77
4. бағамның  теріс айырмасы (200-бағамының оң  айырмасы; 900,23-салық салынатын табыс,  оң да, теріс те бағамы ескерілмей  есептелген; енді осы соңғының 50% аламыз ((200+50%х900,23)>400 т. Бұл толық колемде шегерімге жатады, өйткені ол бағамның теріс айырмасына қойылған шектеуден аспаған) 400
5. салықтар (оның 500 мың теңгесі осы кезеңде, 50 мың теңгесі – откен кезеңде  төленген) 550
 

     Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан үсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:

     -      дивиденттер;

     -  депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);

     -   ұтыс;                                                                                                                                                     

     - занды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);

     -   бағалы кағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.

     Егер  де ұтыстардан, марапаттаудан табыс  салығы ұсталса жөне оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығынын зачетына жатқызылады.

     Резидент  емес занды түлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

     Резидент  еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің катарына мыналар жатады:

     -     өнімді, жұмысты, кызметті сатқаннан алынған табыстары;

     -  басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т.б. көрсеткен қызметтерінен алынған табысы;

     -    мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;

     - талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;

     - айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бүл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;

     - дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алған табыстары;

     -    роялти нысанында алынған табыстары;

     -   жалға беруден алған табыстары;

     - халықаралык   тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;

     -    резиденттердің төлеген ұтыстары;

     -    тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;

     -    баска да қызметтерден түсетін табыстары.

     Резидент  емес заңды тұлгалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындагы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады.

     Жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі 3140 пассивтік шотында жүреді.

Жеке  табыс салықты төлеуші Салық салынатын  объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
Салық салынатын объектісі бар Төлем көзінен  алатын табысына салатын салық 
 

Төлем көзінен  алатын табысына салмайтын салықтар

  1. ұтыс, марапаттау, дивиденд түріндегі табысы (сақтандыру қоры бойынша марапаттауды қоспағанда) – 15%
  2. адвокаттар және жеке нотариустар - 10%
  3. басқа да табыстар: - 15 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейіні – салық салынатын табыстың сомасынан 5%; 15 еседен 40 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін – 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +10% одан артық сомадан; 40 еседен 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін – 40 еселнген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +20% одан артық сомадан; 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан әрі қарай – 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық салу сомасы +30% одан артық сомадан
Күнтізбелік жылы
Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан  Республикасының резиденттік емес жеке тұлғасы Төлем көзінен  алатын табысына салынатын және салынбайтын  салықтар Резиденттік емес жеке тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері төменде текс бойынша келтірілген  
 

     Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салык салынбайтын табысқа салық төлеушнің келесі табыс түрлсрі жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.

     Резидент  емес заңды тұлгалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жекс шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып болінеді.

     Салық салу мақсатыңда жеке тұлға, егер де олар келесі тұжырымдамалардың кез келгеніне  жауап берсе, онда олар Қазақстан  Рсспубликасының резиденті болып  саналады:

     -   Қазакстан Республикасына занды жолымен келген (тұрғылыісгы болу үшін);

     -     Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген;

     -  Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген. Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні

ағымдағы  жылы 31 калеңдарлық күннен кем болмаса  және ағымдағы салық кезеңімен аякталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем болмаса, онда ол "біршама уақытқа келген" деген тұжырымдамаға сәйкес келеді.

     Қосылган  құн салыгы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жүмыстың, қызметтердің) айналысына косылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазакстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған кұннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтеи үсталынады.

     Қосылған  құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

     Сондай-ак, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.

     Салықтан босатылған тауарлардан баска, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.

     "Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

     Қосымша кұнға салынатын салық бойынша  есепте түрғаң немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

     Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және кара металлдардың сынығын коспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

     Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (КҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда).

     Салык салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын косылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген КҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

Қосылған  құн салығын төлеуші Салық салынатын  объекті Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
ҚҚС бойынша  есепте тұрған тұлғалар қосылған құн  салығын төлеуші болып табылады Салық салынатын айналым ҚР аймағында  сатқан кезде 16 пайыз мөлшерінде салық  салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады Календарлық ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС  сомасы 100 МЕК аспаса, онда төлеу  кезеңі тоқсан сайын төленетін болып  шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін, төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады
ҚР  кедендік заңына сәйкес ҚР-ң аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші  болып табылады. Салық салынатын  импорт 16%
 
 
 

     Қосылған  құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, кызметті),сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады жене ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынща белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, кызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

     Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден кұны да қосылады.

Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу