Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:33, курсовая работа

Описание работы

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Корпоративтік табыс салығы.
Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     Жоспар:

     Кіріспе

     Негізгі бөлім

  1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
  2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
  3. Корпоративтік табыс салығы.
  4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
  5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
  6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
  7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
  8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі

     Қорытынды

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

     Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу —  ол пайыз (процент) турінде қарызға  төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.

     Несиенің  объективтік қажеттілігі ең алдымен  өнеркәсіп пен сауда капиталының  айналымдық зандылығымен байланысты.

     Несиелерді  есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.

     Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

     Несие беру және оның  операцияларын жүргізу  лицензия берілген Улттык банктің шешімімен  айқындалған ресми статусы бар  банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға  несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк  акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

     Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.

     Несие беру банктердің өздерінде бар несие  қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары  берілген ссуда бойынша қайтару  мерзімі етіп кеткен карыздары жоқ  болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен кауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жакты зерттеледі.

     Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша турінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесі оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, болса, кәсіпорынның берген  өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.

     Әдетте, қарыз (ссуды) шоттары банктерде  есеп айырысу шоты ашылған жерінде  ашылады. Бұл үшін кәсіпорын  банкке төменде келтірілгенөтініш-міндеттемесін ұсынуы керек. 

  1. ШАРУАШЫЛЫҚ  ЖУРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ  ЕСЕБІ
 

     Банктер мен банктен тыс  мекемелердің несиелерін есепке алу

     Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын  растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

     Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындардың құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешіін табуы мүмкін.

Алматы  сауда қаржылық банкісіне несие  алу тілегін білдіру

Алматы қ. «28»  маусым 2002 ж. 

Қарыз сұраушы:                 «АЛСИ» ЖШС                                                                              .

Мекен жайы:          Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2, үй 8                             .

Реквизиті: Қазақстан Халық Банкісі, СН 600400063768, ИИК 3467726, Кбе 17, БИК 190501956

Несиенің мақсаты:               ТМҚ алу                                                                                       .

Несие сомасы:       500000 (бес жүз) мың АҚШ доллары                                                       .

Несие мерзімі:                    6 (алты)  ай                                                                                     .

Несиенің игеру  графигі                                                                                                             .

Несиенің өтеу графигі                                                                                                               .

Несиенің тұрі                                                                                                                              . 

Қамтамасыз ету                                                                                                                          .

                                                  (кепілдік, гарантия, алынатын (алынуы  тиіс) шоттары)

Қаржыландыру  көзі                                                                                                                   .

                                                   (өз қаражаты, банкі несиесі)

Несиені өтеудің  көзі                                                                                                                  . 

Басшы:

Бас бухгалтер

М.О.

   

 

     Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың.) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

     Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.

     Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады.қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай  дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған қндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «Кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

     Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады  және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарызданушы банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі. Ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.

     Кепілшінің  шотынан даусыз түрде қаржыны  есепьтен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі  үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндег» ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен  сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.

     Қарыз алушыға несие жасалынған шартына  сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануының және қамсыздандырылуын тексері нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.

     Банк  қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә  үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір  несие берудің жағдайын әрбір  клиент бойынша жеке дара анықтайды.

     Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық  құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда  өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

     Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

     Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

     Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша  бақылау жасалынады. Олардың әрбір  тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық  қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу