Банк валюттык операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание работы

Банк дамуын жетілдіру мақсатында оның негізгі мәселесі болып сенімділігін қамтамасыз ететін банк дамуының стратегиясы қаралады. Бұл мақсаттарды іске асыру басқару жүйелерінің кешенді қарастырылуы арқылы жүзеге асырылады, олар барлық әсер етуші факторларына ықпалын тигізеді де, сенімділік көрсеткішінде көрініп, банк сенімділігіне және тұрақтылығына жетуге мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. БАНК ВАЛЮТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 1.1 Коммерциялық банктердің операциялары-------------------------------5
а) Пассивті операциялар--------------------------------------------------------5
ә) Активті операциялар---------------------------------------------------------8
1.2 Екінші деңгейлік банктердің қызметтері мен операциялары----------------------------------------------------------------------------12
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.1 Банктердің комиссионды-делдалдық операциялары. Траст операциялары----------------------------------------------------------------------------------17
2.2 Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары---------------20
ІІІ-тарау. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ-----------------------------------------------------25
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------29
ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------------------------------------31

Работа содержит 1 файл

Банк валюттык операциялары.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

    Факторинг операцияларының жүзеге асырылу  негізіне факторинг туралы келісімшарт  жатады. Онда факторинг операциясының  мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

    Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.

    Факторингтің  екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта  оның ауқымды түрі бірінші пайда  болған. Қазіргі жағдайда бұл —  бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

    Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама  дамып келеді. Шектеулі факторинг  бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалың мазмұмы жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.

    Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық  ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отындың банктеріміз күмі бүгінге дейін бұл операцияға салғырттың танытуда.

    Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төмепде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

    ■  Аванс және несие беру жолымен  жабдықтаушыны қаржыландыру;

    ■ Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

    ■  Борышқорлардан ақшалай қаражат  алу;

    ■  Жабдықтаушыларды олардың борышңорларының  төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

    Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.

    Факторингтік  операциялардың мыналар бойынша  жасалмайтынын ескеру қажет:

    ■    Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

    ■    Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары  бойынша;

    ■   Банктің несиелеуден алынып тасталған  немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

    ■  Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

    Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып  алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылың жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды  білдіреді.

    Факторингтің  ашың және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы  туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке  факторингтік келісімшарттың болуы  туралы айтып жеткізеді. 
 
 
 
 

    ІІІ.  ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ  ПЕРСПЕКТИВАСЫ

    Екінші  деңгейлі банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырады. Банктің пассивтік операцияларының негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Осының есебінен банк өзінің маржасын алады.

    Банк  ресурстары - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Бүл жердегі барлык тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

    1)     депозиттік қаражаттар;

    2)     депозиттік емес тартылған қаражаттар.

    Тартылған каражаттар ішінде ең көп бөлігін  депозиттер қүрайды. Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит - жеке және заңды түлғалардьщ банкке белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен салған қаражаттары болып табылады.

    Қазіргі кезде депозиттердің әр түрі кездеседі. Бәсекелестік жағдайында бүл банктерге  клиенттер-дің қаражаттарын тартуға  мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда  салымдардың үлкен үш тобын бөлуге болады:

    -    талап етуіне дейінгі салымдар;                

    -    мерзімді депозиттер;      

    -   жинақ салымдары.

    Талап етуіне дейінгі салымдар салым иелерінің  бастапқы талап етуінде қолма-қол  берілуге тиісті. Қазақстан Республикасында талап етуіне дейінгі салымдарға келесілер жатады:

    -    мемлекеттің, акционерлік қоғамдардың  және әр түрлі шағын кәсіпорындардың  ағымдық шоттарындағы сақталатын  қаражаттары;

    -    әр түрлі мақсатқа тағайындалған  қорлардың қаражаттары;

    -    есеп айырысудағы қаражаттар;

    -    жергілікті бюджеттер қаражаттары;

    - басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

    Талап етуіне дейінгі салымдар бойынша  банк клиенттен сол шотты пайдаланғаны үшін комиссиондық немесе пайыздық ақы алады, алайда банктер осы шоттарда қаражаттардың сақталғаны үшін не ең төменгі мөлшерде пайыз төлейді, не тіпті төлемеуі мүмкін. Бірақ, банк бүл шоттардағы қаражаттарды кез келген уақытта ешқандай шектеусіз  береді.  Талап етуіне дейінгі салымдар бойынша коммерциялық банктер Ұлттык банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

    Мерзімді  депозиттерге келетін болсак, бұл  салым түрі банктерде белгілі  бір мерзімге және пайыз төлеу  шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақшалай каражаттары болып табылады. Яғни, мерзімді депозитті мерзімі өткеннен кейін немесе алдын-ала хабарлаудан кейін алуға болады. Бұл депозиттердің талап етуіне дейінгі салымдарға қарағанда ерекшелігі - оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Мерзімді депозиттер есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және оларға ешқандай есеп айырысу құжаты толтырылмайды.

    Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктерде  мерзімді депозиттердің әр түрлері кездеседі. Мысалы, «Валют - Транзит банк» депозиттердің келесі түрлерін үсынады:

    1)  «Серебряный щит» депозиті - үш  айдан бес жылға дейін салынады, пайыз төлеу тәртібі ай сайын  немесе тоқсан сайын болып  белгіленген. 50 жасқа толған адамдарға  немесе зейнеткерлерге карастырылған.  Теңгеде, АҚШ долларында және  еврода салынады. Бұл депозит бойынша 50000 теңге салған адам тегін сақтандыру полисін ала алады.

    2)  «Ломбардный   рай»   депозиті   ломбардтық   несие   алу   кезінде   пайыздық   мөлшерлемені  жеңілдікпен белгілеуге мүмкіндік  береді. Ал, басқа шарттары алдыңғы  депозитпен бірдей. Тек барлық адамдарға арналған.

    3)    «Универсальный» депозиті әр  жастағы адамдарға арналған. Бұл депозит те үш валютада салынады. Оның ерекшелігі - салынатын мерзіміне байланысты үш айдан бастап 1 жылдан аса, 2 жылдан аса, 3 жылдан аса деп бөлінеді де, 5 жылға дейін салынады. Яғни, 2 жылға салған адам оны 13 айдан кейін де алып кетуіне болады.

    4)  «Лучший» депозиті 13 айға тек  теңгеде салынады. Ең төменгі  мөлшері - 150 000 теңге болып табылады. Ерекшелігі - 3 ай сақталса, клиент  осы мерзімнен кейін де 2 жылға белгіленген пайызбен өз қаражатын ала алады.                                                                                

    5)  «Заслуженный» - 50 жастан асқан  адамдарға немесе зейнеткерлерге  ашылады. Ерекшелігі - бүл депозит  бойынша ай сайын санаторийге бес жолдама және халықаралық демалыс орнына бір жолдама ойналады.

    Жалпы, бүл банкте депозиттердің көптеген түрлері бар. Олардың барлығына  ортақ шарт - үш айдан бес жылға  дейін үш валютада ашылады, кез келген кезде депозиттен каражатты біртіндеп  алуға немесе үстіне қосымша салуға болады, пайыздық мөлшерлеме барлық мерзімге түрақты болып табылады. Әр салым бойынша пайызды ай сайын немесе тоқсан сайын алып отыруға болады.

    Депозиттерді  тарту мақсатында банктер салымшылар арасында ұтыстар ойнатады. Бұл -депозиттерді тартудың ең жақсы әдісі болып табылады.

    Салымдардың тағы бір түріне жинақ салымдары жатады. Олардың белгіленген мерзімі жоқ қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Жалпы, мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

    Елімізде  жинақ салымдары тек жеке тұлғаларға ашылатын болса, шетел тәжірибесінде мүндай шоттар  коммерциялық   емес   ұйымдарға  және іскер фирмаларға ашыла береді.

    Қазіргі кезде жеке тұлғалардың салған салымдарының барлық түрі ҚР жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қорымен кепілдендіріледі. Екінші деңгейлі банктердің барлығы осы Қорға мүше болуға тиісті. Бұл қордың өзінің белгіленген шарттары бар және ол бойынша банк жабылған жағдайда сол банкке қаражатын салған әр жеке тұлғаға 400 000 теңге мөлшерінде салымы қайтарылады. Ал, кепілдендірілетін салымға жатуы үшін депозит сомасы 7 000000 теңгеден аспауы керек. Сонымен катар, Қор депозиттерге төленетін пайыздардың шекті мөлшерін тағайындайды. Қорға мүше болған әрбір банк осы тағайындалған пайыздық мөлшерлемеден жоғары мөлшерлеме белгілемеуге тиісті.

    Депозиттік  операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай жүреді. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету арқылы несиелік ресурстарды да арзандатуға мүмкіндік туады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға тікелей ықпалын тигізеді. Яғни, экономиканың дамуы жағдайында депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі біртіндеп түседі. Сол уақытта ресурстарды жинақтау мақсатында банктер депозиттерді салу шарттарын жаксартып, оларды неғұрлым тартымды етеді. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қоры пайыздық мөлшерлемелерді реттеп, соған байланысты банктер өз мөлшерлемелерін белгілейді. Сонымен қатар, банктің беделі де депозиттердің тартылуына тікелей ықпал етеді.

    Жалпы, казіргі кезде банк ресурстары нарығының  құрылуында және дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметінің тұрақтылығын сақтау үшін баланстарын өтімді қылуға тырысады. Оның қамтамасыз етілуі банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасында тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

Сонымен, қорыта келе, зерттеу  жұмысының І- тарауында:

    «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға  сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • клиенттер  мен   банк-корреспонденттердің   шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міддеттемелерді);
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және  бұл  талаптардың  инкассациялық  (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,   клиенттердің   тәуекелі   бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды  (қаражаттарды  қарау  және  орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Информация о работе Банк валюттык операциялары