Банк валюттык операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание работы

Банк дамуын жетілдіру мақсатында оның негізгі мәселесі болып сенімділігін қамтамасыз ететін банк дамуының стратегиясы қаралады. Бұл мақсаттарды іске асыру басқару жүйелерінің кешенді қарастырылуы арқылы жүзеге асырылады, олар барлық әсер етуші факторларына ықпалын тигізеді де, сенімділік көрсеткішінде көрініп, банк сенімділігіне және тұрақтылығына жетуге мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. БАНК ВАЛЮТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 1.1 Коммерциялық банктердің операциялары-------------------------------5
а) Пассивті операциялар--------------------------------------------------------5
ә) Активті операциялар---------------------------------------------------------8
1.2 Екінші деңгейлік банктердің қызметтері мен операциялары----------------------------------------------------------------------------12
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.1 Банктердің комиссионды-делдалдық операциялары. Траст операциялары----------------------------------------------------------------------------------17
2.2 Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары---------------20
ІІІ-тарау. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ-----------------------------------------------------25
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------29
ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------------------------------------31

Работа содержит 1 файл

Банк валюттык операциялары.doc

— 187.00 Кб (Скачать)
 

    ЖОСПАР 

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3 

І-ТАРАУ. БАНК ВАЛЮТТЫҚ  ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ               1.1  Коммерциялық банктердің  операциялары-------------------------------5

                  а)  Пассивті операциялар--------------------------------------------------------5

                  ә) Активті операциялар---------------------------------------------------------8

              1.2    Екінші деңгейлік   банктердің қызметтері                                                                                                                                                                   мен операциялары----------------------------------------------------------------------------12 

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 

       2.1 Банктердің комиссионды-делдалдық операциялары. Траст операциялары----------------------------------------------------------------------------------17

           2.2  Коммерциялық банктердің факторингтік  операциялары---------------20 

ІІІ-тарау.  ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ  ПЕРСПЕКТИВАСЫ-----------------------------------------------------25 

ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------29 

ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------------------------------------31

  
 
 

Кіріспе

    Банк  дамуын жетілдіру мақсатында оның негізгі мәселесі болып сенімділігін қамтамасыз ететін банк дамуының стратегиясы қаралады. Бұл мақсаттарды іске асыру басқару жүйелерінің кешенді қарастырылуы арқылы жүзеге асырылады, олар барлық әсер етуші факторларына ықпалын тигізеді де, сенімділік көрсеткішінде көрініп, банк сенімділігіне және тұрақтылығына жетуге мүмкіндік береді.

    Банк  өзінің мәртебесі бойынша қоғамдагы  ең сенімді мекемелердің бірі болуы тиіс, өйткені жалпылай келгенде несие жүйесінің толық сенімділігін анықтайды, ол мемлекет зкономикасының дамуына әсер етеді. Қазіргі экономикамыздағы және құқықтық саладағы тұрақсыз жағдайда банктер өздерінің клиентерінің қаражаттарын тек сақтап қана қоймай, көбейту қызметін көрсетуі тиіс, өйткені мемлекеттің бұл салада жүргізетін анық саясаты жоқ. Сондықтан банк сенімділігі сапасын жоғарылату бағытында, банк әрекетіне профессионалдық деңгейінде банктік менеджмент әдістерін қолдану негізгі анықтаушы фактор болып табылады.

    Банк  — коммерциялық ұйым, ақша нарығында операциялар жүргізеді және негізгі алдына қоятын мақсаты — пайда табу. Сол себепті, банк коммерциялық мекеме болғандықтан,   үнемі   пайданы   өсіріп   отыруын   көздейді,   банк балансының ликвидтілігін сақтау іс-әрекеті мен болжамды қауіп шығындар арасында операциялар жүргізіліп отырады.

    Несиелік  қатынастардың дамуына, өңірде көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Ішкі факторларға жататындары:

    • менеджмент деңгейі,
    • кызметкерлерінің квалификациясы,
    • мекеменің техникалық жабдықталуы
    • меншікті капитал мөлшері
    • жүргізетін саясаты.

    Сыртқы  әсер етуші факторлар:

      • өңірдің  географиялық орналасуы, табиғи байлықтары,
      • тасымалдау коммуникацияларының дамуы.
      • өндірістік бағытталуы, халықтық саны,
      • олардың мамандық деңгейі.

        Шетелдік тәжірибені зерттеу,  әсіресе кең территорияны алып  жатқан біздің елімізде қолма-қолсыз  есеп айырысуда және ақша айналысын  үйымдастыруда біршама маңызды проблемалардың бар екенін көрсетті. Осы қолма-қол ақшаны банктер халыққа тұтыну несиесі түрінде береді, қолма-қол ақша арқылы көптеген жеке тұлғалар төлемдерді және есеп айрысуларды атқарып жүр.

    Микроэкономикалық деңгейде де — «банк — клиент» деңгейінде —бұл мәселе банктің халыққа кызмет көрсетуінің жаңа жүйесін құру жолы арқылы шешілуі қажет. Ол мынадай мәселелерді қарастырады: қолма-қол ақша айналысымен байланысты шығындардың біршама төмендеуі; халықтың бос ақшалай қаражаттарының интенсивті және толық шоғырландыру; жағдай жасау және шоғырландырылатын қаражаттарын пайдаланудан ішкі жүйелік және халық шаруашылық тиімділікке жеткізу; халыққа төлем қызметін көрсетудің жаңа технологияларын құру; халыққа қызмет ететін банктер шеңберін кеңейту және саналық нақты жоғарылауы; халықтың кірістері мен шығындарына тиімді және оперативті мемлекеттік есебін белгілеу; халық жинақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Осы мақсаттарға жету үшін ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Ірі шетел банктері жылдық пайданың 20%-ын қызметтерін автоматтандыруға жұмсайды.

    Сол арқылы қоғамдағы бәсекелестік қабілеттілігін сақтайды. Біздің еліміздің тұрғындарында  соңғы жылдарға дейін мұндай қызметтер  туралы көп хабар болмады. 
 
 
 
 

І. Банк  валюттық операциялары және олардың түрлері

1.1 Коммерциялық банктердің  операциялары

а) Пассивті операциялар

      Коммерциялық банктердің  пассивтік операциялары   банктердің несие ресурстарын құру үшін, қаржы тартуға байланысты операциялары.

    Банктің қаржыларын операцияландыру мүмкіншілігі (активті операцияларын жүзеге асыруы) оның меншікті капиталы сырттан жинақталатын қаржылық құралдарына байланысты банк. Пассивті операциялар белгілі деңгейде ресурстарды пайдалану белсенділігін, шартын айналымдағы сондықтан нарығы экономикалық жағдайда банктердің пассивті – операцияларын қалдыру процесі маңыздылыққа ие болады. Коммерциялық банктер олардың құрылымының тиімділігін және барлық ақша құралының көздерін басқару сапасын арттыруға тырысады. Себебі бұл ақша құралдары коммерциялық банктердің ресурстық базасы оның қарыздық және басқа активті операцияларын сәтті жүзеге асыруына мүмкіндік береді, сондықтан әр қоғамдық банк өзінің несиелік ресурстарын толықтыра түсіруге ұмтылады.

    Коммерциялық  банктердің пассивтері оның пассивті операцияларын жүзеге асыру барысында қалыптасады және оған мыналар жатады:

  1. Заңды тұлғалардың есеп айырысу шоттарына қаржы тарту.
  2. Заңды және жеке тұлғаның мерзімділік шоттарын ашу.
  3. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия).
  4. Басқа банктерден алынатн қарыз (Бұл негізгі ресурстары)

    Сондықтан банктің ресурстары сырттан тартылған  қаржылық құралдар және өзінің меншікті капиталынан құрылады.

    Өзіндік капитал:

  1. Оперативтік
  2. Реттеу
  3. Қорғаныс

    Банктің өз капиталы тікелей банкті өзіне  қатысты капиталы. Ол шектеулі уақыт мерзімі пайдаланылады. Банктің өз капиталы мекемелердегі қызметтерді атайды.

    1. Қорғау немесе қорғаныс – банктің өтісмділігін қымтамасыз етеді. Банк жойылған жағдайда жинақ салушыларға компенсация төлеуге мүмкіндік туғызады.

    Банк  акционерлік капиталы сол қалпында қалған жағдайда төлем қабілеттері бар банк б.т.

    1. Оперативтік. Банктің үздіксіз қызметіне жағдай жасау. Банктің өз капиталы алғы капитал ретінде пайда.
    2. Реттеу қызметі. Өз капиталынан белгілі деңгейде ұстап тұру жөніндегі талаптарды қамтамасыз етеді.

    Банктің өз қаржысына жарғы капиталы, резервтік  қоры, пайданың есебінен құрылатын  қор, жыл бойына бөлінбейтін пайда.

    Банктің ұйымдық, құрылымдық формаларына қарамастан жарғы капиталы, түлегімен (уставный капитал).

    Резервтік қор активті операцияларын банктік шығындардың орнын жабу үшін. Бұл қорлар банктің облигациялары бойынша пайдасы жетпегенде жайғдайда дивидент төлеудің резервтік қорлар жыл сайын аударылатын пайданың бір бөлігінен құрылады. Әдетте 5 процент сондай-ақ банктің өзін өндірістік және әлеуметтік дамыту үшін қажетті қорларды беру (арнайы қорлар, қорлану қорлары, өндіріс қорлары).

    Депозиттік  емес пассивтерге банктік облигацияларымен және кепілге салу парақтарымен жасалатын  операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

      Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған халықтың және сақтандырулысыз салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары. Депозиттердің мынандай қызметтерін атап өтуге болады:       

  1. Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.   
  2. Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.    
  3. Қорлану қызметі – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар – банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап түруға негізделген қорлар. Бұл қорларды комерциялық банк реттеуші органдырдың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.    
  4. Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудің негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды.   Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражатардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәукелді операция), ол орналастырылған несиелік ресвурстарға айналды.            
 

ә) Активті операциялар

    Коммерциялық  банктердің активті операцияларына банктің қолындағы ресурстарды пайда түсіру және жинақ салушылардың алдыңғы міндеттерін орындау мақсатын орналастыру, б.т. Негізінен банктің активті операцияларына мыналар жатады:

  • кәсіпорын мен ұйымның өндірістік, әлеуметтік инветициялық және ғылыми қызметтерін қысқа және ұзақ мерзімді несиелендіру;
  • тұрғындарға қарыз беру;
  • бағалы қағаздар мен операциялар;
  • лизинг, факторинг;
  • басқа кәсіпорынның қызметінің үлесіне қатысу (қаржылық)
  • банктерге қарыз беру;
  • валюта нарығы т.б.

    Банктің активті операциялар экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

  • есеп айырысу;
  • кассалық;
  • қарыздық;
  • инвестициялық;
  • фондылық;
  • кепілдік;
  • комиссиялық;

    Есеп  айырысу операциясы – бұл клиенттің  қаржысын алу және оны шоттан алып тастап (клиентке қайтару) бойынша операциялар.

    Кассалық  операциялар – бұл қолма – қол қаржысын қабылдау және беру бойынша операциясы (қолма – қол қаржының қозғалысы).

    Инвестициялық операциялар – банк қызметінің екі  үлкен аясына бөлінеді. Нақты инвестициялар  және қоржын инветициялар.

    Коммерциялық  банктердің инвестициялық операцияларының  негізгі ерекшелігі: оны жүзеге асыру  ұсынысы банк тұрғысынан болатындығында. Сондықтан оны банктің өзінің инвестициялық қызметі деп атайды.

    Нақты инветиция (өндірістік) – капиталды  құрылыс, әрекет етіп отырған кәсіпорындарды ұлғайтуға, акцияларға т.б. үлес ретінде салу.

    Инвестициялық операцияларды жүзеге асыру лизингтік  операциялар арқылы да болуы мүмкін.

    Қоржынды  инветиция – капиталды қаржылық салымдар – акцияларға, облигацияларға, бағалы қағаздарға салу.

    Бұл операциялар бағалы қағаздардың  өз қоржынын қайтару мақсатында жүзеге асырылады. Қоржынды инветицияның мақсаты  – процент немесе дивиденттер  түрінде табыс табу, сондай-ақ өтімді қаржылардың қаржылық резервін жасау.

Информация о работе Банк валюттык операциялары