Банк валюттык операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:34, курсовая работа

Описание работы

Банк дамуын жетілдіру мақсатында оның негізгі мәселесі болып сенімділігін қамтамасыз ететін банк дамуының стратегиясы қаралады. Бұл мақсаттарды іске асыру басқару жүйелерінің кешенді қарастырылуы арқылы жүзеге асырылады, олар барлық әсер етуші факторларына ықпалын тигізеді де, сенімділік көрсеткішінде көрініп, банк сенімділігіне және тұрақтылығына жетуге мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
І-ТАРАУ. БАНК ВАЛЮТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 1.1 Коммерциялық банктердің операциялары-------------------------------5
а) Пассивті операциялар--------------------------------------------------------5
ә) Активті операциялар---------------------------------------------------------8
1.2 Екінші деңгейлік банктердің қызметтері мен операциялары----------------------------------------------------------------------------12
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.1 Банктердің комиссионды-делдалдық операциялары. Траст операциялары----------------------------------------------------------------------------------17
2.2 Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары---------------20
ІІІ-тарау. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ-----------------------------------------------------25
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------29
ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------------------------------------31

Работа содержит 1 файл

Банк валюттык операциялары.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

    Аккредитивтер арқылы есеп айырысу  сатушы сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданылады. Аккредитивтер құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.

    Аударым операциялары клиенттің тапсырмасы бойынша қаражаттарды банктің бір бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операцияның мәні банкіге (қабылдаушы) телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу туралы хабарлауды сипаттайды.

    Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында әр түрлі төлем карточкалары кейінен қолданылып келеді, яғни пластикалық карточкалар мен автоматтандырылған төлем сомалары. АҚШ-та автоматты төлемдердің 3 түрі дамыды:

    -  электрондық есеп айрысудың бөлшек  жүйелері;

    - қаражаттарды аударудың банкаралық жүйесі;

    - банк ішіндегі компьютерлік кешендер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. Қазақстан Республикасындағы  банктік операциялардың жаңа нысандары, олардың  даму перспективалары

    2.1 Банктердің комиссионды-делдалдық операциялары. Траст операциялары

    "Траст"  ағылшын тілінен аударғанда "сенім " деген сөзді білдіреді. Траст бүл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген қүқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

    Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлгасы ретінде оның мүлкін басқаруеа және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

    Траст операциясына қатысушыларға мыналар  жатады:

    1.    Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) — сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік қүқықтардың меншік иесі.  Траст қүрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар занды немесе жеке түлға бола алады.

    2.    Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған  тұлға)    - траст келісім-шартындағы   көрсетілген   жағдайға   сәйкес,   мүлікті басқару қүқығын өзіне қабылдайтын түлға. Мүндағы мүлікке жылжитын жөне жылжымайтын мүліктер де жатады.

    3.   Бенефициар -   траст келісім-шартын  өзінің пайдасына жарататын   кез   келген   занды   жөне   жеке  тұлға.   Яғни   ол, трастыны   иемденушіге   берілгсн   мүліктен   түсетін   табысты алып отыруға құқылы тұлға.

    Сонымен, банктің траст операциясы — бұл банктің оз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) керсететін өр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

    Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын жэне жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінін мүраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

    Коммерциялық  банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

    І.    клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;

    II.   сенім-хат бойынша операцияларды  жүзеге асыру,

    ІІІ. агенттік қызметтер.

    Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

    Жеке  тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі

    Мұраға  қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау жөне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу жоне қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

    Келісім-шарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген  тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға  берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

    Агенттік (делдалдық) қызметтер.

    1.   Активтерді сақтау:

    •    бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

    •    бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

    •    бағалы  қағаздар  бойынша  шотына  түскен  қаражаты туралы сенім білдірушіге  уақтылы хабарлап отыру;

    •    бағалы қағаздарға айырбастау;

    •    мерзімі өткен облигациялар бойынша  қарызды қайтару;

    •    активтердің жалпы қүнын (табыстың жалпы сомасын) сактап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

    •    мүлік куәлігі бойынша сомаларды  алу;

    •    клиенттерге багалы қағаздар жеткізіп беру;

    •    сейфтерді жалға беру.

    2.   Агенті   немесе   өкілі   ретінде   клиенттің   активтерін басқару:

    •    бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

    •    бағалы    қағаздар    қоржынындағы    сақталған    бағалы қағаздардың    бағамдарын     бақылап     отыру    және     бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

    •     клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

    •    сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

    •    сақтандыру полисін рәсімдеу.

    Клиент келісім-шартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық    банкке,    өзінің    атынан    агенттік    қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

    •    клиент атынан келісім-шарт жасау;

    •    акциялар мен облигацияларды беру;

    •    ссуда алу;

    •    чек жазу;

    •    вексельді аударып жазу және т.б. Траст операциясын    жасау    үшін,    ең    бастысы,    сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісім-шарт болуы қажет. Осы келісім-шарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

    •    бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

    •    бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

    •    пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т.б.

    •    облигациялық     займдар     бойынша     қарызды     өтеу қорларын иемдену;

    •    мүлікті кепілдіктен босату;

    •    корпорациялардың (зейнетақы қорларының) жонс т.б. қорларын басқару;

    •    сенім-хатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру,   яғни   бағалы   қағаздарды    айырбастауға   байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

    •    акционерлік       қоғамдардың       акциялар       бойынша дивиденттер төлеу.

    Банктің траст қызметін көрсетудің басты  шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер көсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

    Банк  көрсетксн траст қызметі үшін комиссиоидық сыйақы алады. 

      2.2 Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары 

    Коммерциялық  банктердің ең көп таралған делдалдық  қызметінің бір түрі — факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда  болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25— 30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

    Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалың өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралың факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56%, Америка — 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13%, Африка — 1%.

    Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

    Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге  беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

    Факторинг клиенттің айналым капиталын  несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде  факторингтік компания клиенттердің шотын 90 /о-ға дейін төлеу шартымен сатып  алады.

    Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алулы білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік опсрациялардың ажырамас бөлігі болып табылатып тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің, фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

    «Фактор»  сөзі ағылшын тілінен «fасtог», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.

    Факторинг — жабдықтаушы-клиент жабдықтаған  тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық — делдалдық операция.

    Банк  төленбеген тәлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін  тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

    Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің ессбінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

    Нарық экономикасы дамыған елдердегі  факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

    Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

    1. Факторингтік компания (банктің  факторинг бөлімі) — өздерінің  клиенттерінен шот-фактураны сатып  алатып арнайы мекеме.

    2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

    3.  Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды  сатып алушы-фирма.

    Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 13-сурет көрсетілген.

    Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің, фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен тапыса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2— 3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын телей алады.

    Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5—2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 %-дай жоғары болып келеді.

Информация о работе Банк валюттык операциялары