Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, статья
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
243-бап. Республикалық
және жергілікті бюджеттердің 2008
жылғы атқарылуы туралы жылдық
есептер
1. Республикалық және
жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы
атқарылуы туралы жылдық есеп
мынадай бөлімдерден тұратын бюджет
құрылымы бойынша қалыптасады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша
сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан
түскен түсімдері;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану):
қарыздардың түсуі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің
2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсіндірме жазба;
2) түсімдер бойынша атқарылуы туралы,
сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды
іске асыру туралы талдамалық есеп қоса
тіркеледі.
3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің
2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп
қосымшаларымен бірге осы Кодексте көзделген
тәртіппен және мерзімде жасалады, ұсынылады,
қаралады және бекітіледі.
49-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
244-бап. Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасының бұзылуына
кінәлі адамдар Қазақстан
245-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Кодекс, алғашқы
ресми жарияланған күнінен
Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік
берген ішкі бақылау жөніндегі органның
өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 2, 3,
4-тармақтарында, 127-баптың 1-тармағында,
129-баптың 1-тармағында, 131-баптың 1-тармағында,
136-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында,
4, 5, 6-тармақтарында, 137-баптың 3-тармағында
және 143-бапта көзделген нормалар 2009 жылғы
31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
2. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу
кезінде қолданыста болған Қазақстан
Республикасының заңнамасы оған қайшы
келмейтін бөлігінде қолданылады және
осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен
бастап бір жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге
тиіс.
3. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап күшін жоятын 7, 13, 17, 21, 22,
29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ
республикалық бюджетке арналған 33, 34,
68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан
бастап 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Бюджет кодексінің (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар;
2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1,
5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар;
N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007
ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13,
98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат;
2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат)
күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті