Кодекс бюджеттік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, статья

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать)

  155-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін 
                концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу 
                тәртібі     

1. Мыналардың: 
      концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің; 
      концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының; 
      концессиялық жобаны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және республикалық меншіктің қолда бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісудің; 
      бюджет комиссиясы ұсынысының болуы бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады. 
      2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
      3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 
      4. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
      5. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын техникалық тапсырманы тиісті орталық уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді. 
      6. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс. 
      7. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны техникалық-экономикалық негіздеудің экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және концессиялық жобаның экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады. 
      8. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды техникалық-экономикалық негіздеуді экономикалық сараптауды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. 
      9. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 
      10. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді. 
      11. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды ұсыну, қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  156-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына 
                қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды 
                жоспарлау     

1. Мемлекеттің  заңды тұлғалардың жарғылық капиталына  қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады. 
      2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негіздемелерін енгізеді. 
      Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негіздемесін, орындылығын және нәтижені бағалауды қамтитын құжатты білдіреді. 
      Заңды тұлғаның қызметін дамыту немесе кеңейту мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға рұқсат етіледі. 
      3. Мемлекеттің ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруы кезінде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады. 
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың осы әкімшілері тиісті бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын, негізделуін және іске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердің есептілігін, мониторингін және бағалануын қамтамасыз етеді. 
      4. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар дайындайтын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі жөніндегі қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 
      5. Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлену тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

31-тарау.  БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ  АСЫРУ    

  157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру     

1. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелеріне сәйкес іске асырылады. 
      2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін құрылыс қызметі белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      4. Бірыңғай техникалық параметрлері бар инвестициялық жобалар бойынша үлгілік жоба әзірлеу жүзеге асырылады. 
      Үлгілік жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде үлгілік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады. 
      5. Бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясы қарамастан және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді. 
      6. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді. 
      7. Бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты түзетуге жол берілмейді. 
      Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына техникалық шешімдерді өзгертуге байланысты және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзету енгізу Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
      8. Бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді бюджет комиссиясының ұсынысын ескермей енгізуге жол берілмейді. 
      Егер бюджеттік инвестициялық жоба республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын жағдайда, бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына құрамдас бөліктер Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып қосылады. 
      9. Республикалық бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүргізеді. 
      Жергілікті бюджет, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген орган жүргізеді. 
      10. Инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса 
                қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды 
                жүзеге асыру     

1. Бюджеттен  концессиялық жобаларды қоса  қаржыландыру арқылы 
жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады. 
      2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді. 
      3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.    

  159-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына 
                қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге 
                асыру     

1. Мемлекеттің  заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 
      2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталына заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

9-бөлім.  КОНЦЕССИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

32-тарау.  КОНЦЕССИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР    

  160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер     

1. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің және  жергілікті атқарушы органдардың  концессиялық міндеттемелерді қабылдауы  Қазақстан Республикасының бюджет  заңнамасына және Қазақстан Республикасының  концессиялар туралы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Концессиялық міндеттемелер: 
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелеріне; 
      2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелеріне бөлінеді. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
      4. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдары бір-бірінің концессиялық міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерді толық төлеген кезде орындалды деп саналады. 
      7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.    

  161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және 
                мониторингі     

1. Концессиялық  міндеттемелер Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен  бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті  органда тіркелуге және есепке  алынуға тиіс. 
      2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады. 
      3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады. 
      4. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.    

  162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық 
                міндеттемелерді қабылдауы және орындауы     

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы: 
      1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру; 
      2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу негізінде жүзеге асырылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырады. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

33-тарау.  ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ  КОНЦЕССИЯЛЫҚ 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ     

163-бап.  Жергілікті атқарушы органдардың  концессиялық 
               міндеттемелерді қабылдауы     

1. Жергілікті  атқарушы органдардың концессиялық  міндеттемелерді қабылдауы: 
      1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру; 
      2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу негізінде жүзеге асырылады. 
      2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешімінің негізінде жүзеге асырады.    

  164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық 
                міндеттемелер қабылдауын шектеу     

Информация о работе Кодекс бюджеттік