Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:33, статья
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары келісілген
мерзімдерде жоспарлары және жүргізілген
бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды
жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге
асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттік
органдармен бақылауды жүргізеді.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
бақылау актілері мемлекеттік қаржылық
бақылау стандарттарына сәйкес келген
кезде бақылау нәтижелерін өзара таниды.
4. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылау
нәтижелері туралы мәслихаттардың тексеру
комиссияларынан өкілді органның шешімі
негізінде ұсынылуы мүмкін ақпаратты
сұратуға құқылы.
5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының
іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік
құқық бұзушылықтар белгілері анықталған
жағдайда, мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары бақылау материалдарын құқық
қорғау органдарына немесе әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға
уәкілетті органдарға береді.
6. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
кешенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізеді.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
146-бап. Бақылау объектісі
басшысының құқықтары мен
міндеттері
1. Бақылау объектісінің
басшысы:
1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын,
оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсынымдарын
білуге;
2) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының
тиісті құжатын ұсынбаған мемлекеттік
қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға
жібермеуге;
3) бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда
он күн мерзімде мемлекеттік қаржылық
бақылау органына бақылау актісіне қарсылық
жіберуге;
4) Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында
жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық
бақылауға байланысты тиісті есеп беруге;
5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік
қаржылық бақылау органының іс-әрекеттеріне
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.
2. Бақылау объектісінің басшысы:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау органының
қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз
етуге;
2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының
қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру
үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті
ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы,
объективтілігі мен толықтығы үшін дербес
жауапкершілікте болуға;
3) мемлекеттік қаржылық бақылау органы
қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне араласпауға,
бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге
және оның ауқымын шектемеуге;
4) жүргізілген бақылау нәтижелері бар
актіні таныстыруға берген күннен бастап
үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен
бақылау актісіне қол қоюға;
5) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының
қаулысында және ұсынысында көрсетілген
кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы
уақытта болдырмау жөнінде қабылданған
шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс
етіп отыруға;
6) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз
пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп
алуды не оларды есеп бойынша қалпына
келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді берушілердің
шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз
етуге міндетті.
147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік
1. Бақылау объектісінің
белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары
бар бақылау материалдарын есептілікке
қосуға жол берілмейді.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
бақылау нәтижелері туралы есептілікке
енгізілетін ақпараттың анықтығы үшін
жауапты болады.
148-бап. Мүдделер қақтығысы
1. Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдарының
объективтілігі мен
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының:
1) бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының
немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын
өзге де адамының, құрылтайшысының немесе
қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе
сенім білдірілген адамы болып табылатын;
2) бақылау объектісінің онда жеке мүліктік
мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары,
лауазымды адамдары арасынан;
3) бақылау объектісінде жұмыс істеген
не тексерілетін кезеңде бақылау объектісі
басшысының, жауапты хатшысының немесе
олардың өкілеттігін жүзеге асыратын
өзге де адамының, құрылтайшысының немесе
қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе
сенім білдірілген адамы болып табылатын
қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым
салынады.
3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда
мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының
қызметкерлері бұл туралы бақылауды тағайындаған
басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының
мүшесі тексеру комиссиясының төрағасына
жазбаша хабарлауға тиіс. Мүдделер кақтығысы
ахуалының туындағаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау
органының қызметкеріне жүктеледі.
149-бап. Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары, бақылау
объектілері лауазымды адамдарының
жауапкершілігі
1. Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдарының
қызметкерлері бақылау
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының
лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттеріне
сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына,
бақылау жүргізу үшін жіберуге бас тарту,
қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет
туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді
беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру
түріндегі кедергі келтіру, бақылауды
жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау,
сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды
жою туралы актілерді орындамау немесе
тиісінше орындамау бақылау объектілерінің
Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.
3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан
Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының
талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп
соғады.
150-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары
8-бөлім. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
30-тарау.
БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ
151-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттік инвестициялар:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды
іске асыру;
2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
3) мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы
деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобалар республикалық
және жергілікті болып бөлінеді.
3. Республикалық және жергілікті бюджеттік
инвестициялық және концессиялық жобаларды
анықтау өлшемдері мыналар:
1) меншік түрі бойынша өлшемдер - бюджеттік
инвестициялық немесе концессиялық жобаны
іске асыру нәтижесінде алынған мүлікке
туындайтын меншік құқығына (республикалық
немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық
немесе жергілікті бюджеттік инвестициялық
немесе концессиялық жоба ретінде айқындайтын
өлшем;
2) пайда алушылар бойынша өлшемдер - егер
бюджеттік инвестициялық және (немесе)
концессиялық жобаның іске асырылуынан
экономикалық пайда алушылар екі және
одан да көп облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың субъектілері болып
табылса, бюджеттік инвестициялық немесе
концессиялық жобаны - республикалық,
ал егер бюджеттік инвестициялық немесе
концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық
пайда алушылар бір облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың субъектілері
болып табылса, оны жергілікті деп тануды
айқындайтын өлшем.
4. Бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық
жобаны республикалық ретінде айқындау
үшін оның осы баптың 3-тармағында аталған
өлшемдердің біріне сәйкестігі жеткілікті
болады.
5. Жергілікті бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобаларды облыстық,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың және аудандық (облыстық маңызы
бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың
3-тармағында көзделген өлшемдер негізінде
жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобаларды орталық
мемлекеттік органдар республикалық бюджет
қаражаты есебінен іске асырады.
7. Жергілікті бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобаларды жергілікті
атқарушы органдар жергілікті бюджет
қаражаты есебінен іске асырады.
152-бап. Бюджеттен
қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік
инвестициялық жобаларды және
концессиялық
жобаларды жоспарлау
Бюджеттен
қоса қаржыландыру шартымен
1) мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында
инвестициялық ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттен қоса қаржыландыруды
қажет ететін бюджеттік инвестициялық
жобалардың және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін
әзірлеу және қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттен
қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттік
инвестициялық жобаларды және концессиялық
жобаларды іріктеу кезеңінде жүзеге асырылады.
153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу
1. Инвестициялық
ұсыныстарды әзірлеуді
2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан
өткізілуге жатады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
инвестициялық ұсыныстардың тізбесін
қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
4. Инвестициялық ұсыныстар:
1) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
бюджеттік инвестициялық жоба немесе
концессиялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
2) жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында
белгіленген экономика саласының (аясының)
даму басымдықтарына сәйкестігі туралы,
оның ішінде салада (аяда) қазіргі бар
проблемаларды шешудің ықтимал жолдары
туралы ақпаратты;
3) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе
концессиялық жобаның мақсаттарына қол
жеткізудің балама нұсқаларын;
4) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
және мұндай іске асырудың болмауы бюджеттік
инвестициялық жоба немесе концессиялық
жоба іске асырылған жағдайларда экономика
саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал
нұсқаларын;
5) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
бюджеттік инвестициялық жобаны немесе
концессиялық жобаны іске асырудан түсетін
пайданы бөлу туралы ақпаратты қамтуға
тиіс.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
ұсынатын инвестициялық ұсыныстардың
негізділігі үшін жауапты болады.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың
және іріктеудің тиісті әдістемелері
бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы
талдау негізінде (осы әдістемені қолдану
мүмкін болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын
қарайды және олар бойынша қорытындыны
тиісті бюджет комиссияларының қарауына
енгізеді.
7. Бюджет комиссиясы іріктеген инвестициялық
ұсыныстардағы инвестициялық жобалар
бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган олар бойынша техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органның тиісті
бөлінетін бюджеттік бағдарламасының
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін
қалыптастырады.
8. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу,
қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
154-бап. Бюджеттік
инвестициялық жобалардың тізбесін
бюджет жобасына енгізудің
тәртібі
1. Мыналар:
техникалық-экономикалық негіздемені
әзірлеуді қажет етпейтін жобаларды қоспағанда,
бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген
тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық
негіздемесінің;
бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың
оң қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының ұсынысының
болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды
бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып
табылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық
талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік
инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы
мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін
қамтиды.
Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеуге және сараптауға
қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер
және қайталап қолданылатын жобалар бойынша
құрылысы көзделіп отырған техникалық
жағынан күрделі емес болып табылатын
жобалар бойынша техникалық-экономикалық
негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздемені
әзірлеуді қажет етпейтін жобалардың
тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
4. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген
техникалық-экономикалық өлшемдерін растау
үшін техникалық-экономикалық негіздемеге
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген экономикалық және басқа да
сараптамалар жүргізілуге тиіс.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық
сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес талап
етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары
негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік
инвестициялық жобаның экономикалық талдамасын
кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып
табылады.
6. Басқа мемлекеттердің аумағында іске
асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ
құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік
инвестициялық жобалардың экономикалық
сараптамасы техникалық-экономикалық
негіздеменің және оған салалық органның
сараптамасының қорытындысы негізінде
жүргізіледі.
7. Республикалық бюджеттік инвестициялық
жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен
нысаналы даму трансферттері мен кредит
есебінен қаржыландыруға жоспарланып
отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық
жобалардың экономикалық сараптамасын
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
заңды тұлға жүзеге асырады.
8. Жергілікті бюджеттік инвестициялық
жобалардың экономикалық сараптамасын
жергілікті атқарушы органдар айқындайтын
заңды тұлғалар жүзеге асырады.
9. Бюджеттік инвестициялық жобалардың
экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға
белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік
инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде
ұсынылатын шешімдердің экономикалық
сараптамасының сапасы үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта
болады.
10. Қажет болған жағдайда экономикалық
сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген
заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда
қамтылмаған немесе толық қамтылмаған
мәселелер бойынша қосымша сараптама,
сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді
талап етуге құқылы.
11. Экономикалық сараптаманың нәтижелері
бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның
техникалық-экономикалық негіздемесін
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
бекітеді.
12. Бюджеттік инвестициялық, оның ішінде
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу
талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық
құнды ұлғайтуды болжайтын жобаларды
қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу
және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.