Кужат

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2012 в 10:38, реферат

Описание работы

:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орнын айқындау;
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндетін айқындау ;
3. Биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәнін анықтау;
4. Студенттердің зерттеушілік әрекетке қызығушылықтарын арттыратын тиімді әдістемелік шарттарды, әдістерді, құралдарды анықтау.

Работа содержит 1 файл

esenbaev.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

 студентке өз білімін, шеберлігін, дағдысын толық пайдалануға, өз ұсыныстарының туындауына, өзінің көзқарасы тұрғысынан пікірін айтуға мүмкіндік берілуі тиіс;

 студенттерде өзін-өзі бақылау, алдына қойылған тапсырманы шешу тәсілін өз бетінше таңдау, осы тапсырманың шешімін және шешім нәтижелерін дұрыс бағалай алу дағдысы қалыптасуы керек;

 студенттің жұмысын бағалау қажет; жұмысты орындауға кіріскен студентке өзінің қалай бағаланатыны, бағалау кезінде қандай өлшемдер есепке алынатыны жөнінде хабарлау қажет;

 студенттердің зерттеушілік жұмыстарын ынталандырып отыру қажет.

Зерттеудің эксперименттік кезеңінің мақсаты - биологиядан кешенді далалық оқу тәжірибесі үдерісінде біз ұсынған жаратылыстану мамандығындағы бакалаврының зерттеушілік әрекеттерін дамыту әдістемесін нақтылап, оның тиімділігін тексеру. Эксперименттік жұмыс 2010-2012 оқу жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында жүргізілді. Экспериментттік жұмысқа жаратылыстану факультетінің 3 және 4 курстарының  студентттері қатысты.

Зерттеу пәнін және оқыту нәтижесін анықтау өлшемдерін зерттеген еңбектерді  (Ю.К.Бабанский, И.Г.Огородникова) ескере отыра, біз мынадай қорытындыға келдік, биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінде студенттердің зерттеу іскерліктерінің қалыптасу деңгейін келесі өлшемдер арқылы нақтырақ бағалауға болады:

-студенттердің зерттеушілік әрекеттерге қарым-қатынасы;

-зерттеушілік әрекеттің теориялық негізін білуі; қолданбалы биология және топырақтану негіздері, өсімдіктер физиологиясы, генетика, биологияны оқыту әдістемесі және эволюциялық ілім негіздері бойынша далалық оқу тәжірибесі шеңберінде меңгеруі тиіс білімнің болуы (толықтылығы);

-зерттеушілік іскерліктерінің қалыптасу деңгейі (толықтылығы).

              Зерттеуде  біз студенттерде далалық оқу тәжірибесінде зерттеушілік әрекеттің даму жағдайында бір-бірінен айырмашлығын көрсететін үш деңгейді шартты түрде айқындап бөлдік: төменгі деңгейде, орташы деңгей, жоғары деңгей.

Теориялық зерттеудің логикасына сәйкес айқындау және үйрету эксперименті кезінде жаратылыстану мамандығы бакалаврларының биологиядан кешенді далалық оқу тәжірибе жұмысында зерттеушілік іскерліктерін дамыту әдістемесін тексеру мен үйлестіру міндеті іске асырылды. Зерттеушілік іскерліктерін қалыптастыру эксперименттік әдіспен жүргізілетін 3 және 4 курстардан құрастырылған эксперименттік топ жасақталды.

Айқындау эксперименті барысында екі аралық кесенді бақылау жүргізілді: біріншісі эксперименттің аяғында, екіншісі – эксперименттің соңында. Зерттеушілік пән бойынша теориялық және тәжірибелік іскерліктерінің деңгейлері тексеріледі. Үшінші курс студенттерінің зерттеушілік іскерліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау өсімдіктер физиологиясы, қолданбалы биология топырақтану негіздерімен және генетика пәндерінен  зертханалық және тәжірибе сабақтарында жүргізілді. 

Тәжірибеде экспериментке қатысушылардың зерттеушілік қабілеттерінің қалыптасу деңгейіне талдау жасасақ: 1 эксперименттік топта жоғарғы деңгейлі  студенттер саны нольдік кесіндіге қарағанда 0,%>  35,7% ға дейін артқан, 2 топта - 6:3%-дан 43,8% (7есе). Эксперименттік топтағы төменгі деңгейдегі  студенттер саны тәжірибе соңында  келесі көрсеткіштерге сәйкес қысқарды: 1топта - 50,0%-дан 0,0% дейін,  2топта - 56,2%> 0,0%> дейін қысқарған. Тәжірибелік топ бақылаушы топқа қарағанда біршама ерекшеленеді. Бұл бізге мынадай қорытынды жасауымызға негіз болды әсер етеді: биологиядан далалық оқу зерттеу жұмыстарын біз таңдаған әдістеме негізінде жүргізу арқылы студенттердің зерттеушілік іскерліктернің деңгейін арттыруға болады.

Сатистикалық Х өлшемінің көмегімен экспериментке қатысып отырған топ студенттернің зерттеліп отырған іскерліктің қалыптастырылу деңгейінің айырмашылықтарын анықтадық (4 кестеге қараңыз).

 

4 – кесте. Сатистикалық Х2 өлшемінің соңғы бақылау кесіндісін жүргізу барысында студенттердің қалыптасқан зерттеушілік іскерліктерінің деңгейіндегі айырмашылықты айқындау есебі

 

Салыстыру топтары

Х2

Тбақ.

Төменгі деңгей

Орташа деңгей

Жоғары деңгей

БТ және ЭТ1

4.67

0.15

1.5

6.32

БТ және ЭТ2

5.38

0,012

2.49

7.88

Ткрит. =5,99

 

Яғни, салыстыру топтарында Тбақыл.  көрсеткіші Ткрит  көрсеткішінен көп болғандықтан, біз қалыптасқан зерттеушілік іскерліктерінің деңгейлері бойынша студенттердің таралуындағы  айырмашылық 5% деңгейіндегі мәнінде маңызды болып табылады және оны кездейсоқ деп айта алмаймыз.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын далалық оқу тәжірибесі арқылы кәсіптік мектептегі ғылыми әдістемелік жұмысқа даярлау қажеттігі мен оны іске асыру әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары анық байқалады. Далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру құралдары мен әдістерін таңдауға дәстүрлі көзқарас тұрғысынан қарау, арнайы зерттеу тапсырмаларын орындатпау далалық оқу тәжірибесінің негізгі міндетін, яғни студенттерде зерттеушілік іскерліктердің және зерттеу әрекетіне мотивтерінің қалыптаспауына себеп болып отыр. Далалық оқу тәжірибесінде студенттерге репродуктивті (қайталау) сипаттағы тапсырмалардың берілуі, соған сәйкес таңдалған әдістер студенттердің далалық оқу тәжірибесінде зерттеушілік әрекетке дайындамайды. Осы жағдайлар тақырыптың өзектілігін айқындайды.

2. Биолог бакалавр мамандарын даярлау жүйесінде кешенді далалық оқу тәжірибесі теориямен өзара тығыз байланыса отырып, студенттердің ғылыми білімнің шынайлығына көзжеткізуіне ықпал етеді және оның тұлғалық әрі кәсіби құзыреттілігінің дамуына жағдай жасайтын оқыту формасы.

Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің негізгі міндетін: оқыту, зерттеушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық, кіріктірушілік, кәсібибағдар берушілік қызметтер құрайды.

Далалық оқу тәжірибесіне студентерді биологиялық пәндер бойынша оқытудың ерекше формасы ретінде ең бірінші зерттеушілік қызмет тән. Далалық оқу тәжірибесінде зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру студенттерді танымдық әрекетке итермелейтін және ойлану іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық және өзбеттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін практикалық оқытудың түрлі формалары мен әдістерін өзара байланыстарында пайдалануды талап етеді. Биолог бакалавр мамандықтарын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәні студенттердің зерттеушілік іскерліктерін қалыптастырумен айқындалады. Зерттеу жұмысы шеңберінде студент ең алдымен зерттеушілік жұмыстың әдістерін меңгереді, содан кейін меңгерген теориялық білімдерін далалық оқу тәжірибесімен байланысты зерттеп отырған жұмысында іске асырады.

              3. Биологиялық кешенді далалық оқу тәжірибесінде студенттердің зерттеушілік іскерліктерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің құрама бөліктерін: мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері мен технологиялары, зертханалық құрал-жабдықтар құрайды.

Далалық жағдайда оқу-зерттеу тәжірибесінің мақсаты студенттің тұлғасын дамытуға және оның зерттеушілік әрекетке оң көзқарастары негізінде зерттеуші-педагог ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Далалық тәжірибенің мазмұны студенттерде зерттеушілік іскерліктердің дамуын қамтамасыз ететін және зерттеліп отырған материалға қызығушылығын дамытуға ықпал ететін оқу-зерттеу тапсырмалардың жүйесін бейнелейді.

Зерттеушілік іскерлікті қалыптастырудың әдістемелік шарты: мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы; практикалық оқытудың түрлі әдістерінің өзара байланысы; студенттердің зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастырудың топтық және жеке тәсілдерін үйлестіру; табиғи ортаның нысандарын (түрлі таксономиялық топ, өсімдіктер бірлестігі өсімдіктерінің түрін) кең түрде пайдалану. Далалық тәжірибеде зерттеушілік іскерліктерді дамыту әдісінде зерттеудің практикалық әдістері басым болады: мәліметтерді және далалық материалдарды жинақтау, оларды өңдеу, сараптау, зерттеушілік сипаттағы практикалық тапсырмаларды орындау.

Студенттердің зерттеушілік әрекеттін дамытуда далалық тәжірибеде оқыту үдерісінде пайдаланылатын, табиғи өсімдіктер нысандарының, көрнекі құралдардың, зертханалық жабыдықтардың бай тізімінен тұратын  оқыту құралдары маңызды рөл атқарады.

Біршама маңызды оқыту құралы студенттерге білім беру ортасы әрі тәрбие беру мен дамыту мүмкіндіктері бар ол табиғаттың өзі.

Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

 

1.   Биология мамандығы бойынша кешенді далалық оқу практикасын тиімді ұйымдастыру шарттары. //Еліміздің индустарлды инновациялық дамуы жағдайындағы ғылым мен бідім берудің өзара ықпалдасуы» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция жинағы, Қызылорда, 2011. (Г.Назаровамен бірге)

2.   Биология мамандығы бойынша бакалавр даярлау жүйесінде далалық оқу тәжірибесінің атқаратын қызметі  //Ғылым, Білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. (Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы. Қызылорда, 2011. Г.Назаровамен бірге)

3.   Биологиядан далалық оқу тәжірибесінде фенологиялық бақылауды ұйымдастыру. //Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына  арналған «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы, Қызылорда, 2012 (Г.Назарова және Н.Әкімтевамен бірге)

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Бисенов Қ.Ш. Философия тарихы. – Алматы, 1992. – 371б

2.  Сарсенова Ж.Н., Рахметов К.Ж. Философия. Оқу құралы. 2003.- 87б

3. Терехин М.Н. Связь теории и практики в процессе обучения школьников. - М.: Педагогика, 1982. - 128 с.

4.  «Кәсіптік практиканың» арнайы ережесі 5.03.005-2009 ҚР МЖМБС-мен бекітілген

5. Полевые практики по биологии и экологии : учеб.-методич. пособие для студентов фак-та экологии и биологии / М. А. Занина, С. В. Кабанина [и др.]. — Балашов : Николаев, 2008. — 84 с.

6. Умирбаева З.Ч. Генетика: теория, практика: 050113-«Биология» мамандығы бойынша студенттерге арналған  оқу  құралы-. Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ баспасы, 2010ж.-67  б.

7. Зеленов Л.З. Становление личности. – Горький: Волго-Вятское. Кн. Из-во., 1989. – 168 с.

8. Компетентностный подход в педагогическом образовании: Коллективная монография//под ред. проф. В.А. Козырева, проф. Н.Ф.Радионовой и проф. А.П. Тряпицыной. - СПб: Изд-во РГПУ им.А.И. Герцена, 2005.-392 с.

9. Құдайбергенова К.. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты Халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

10.   Балабаева А.И. Педагогикалық практикада студентердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру. Пед. ғыл. канд. дисс. 2005.- 151б.

11.   Жайлауова М.К., Асыдбекова Ж.О. Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық практикасын ұйымдастыру // «Үздіксіз педагогикалық практика: дәстүрлер мен инновациялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 2009-132-136 б.

12.   Керейбаева А.Ө., Асылбекова Ж.О. Студенттердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру //«Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. І том. Ғылыми басылым.-Шымкент, 2009-380-383 б.

13.         Бекбаева З.Н. Жоғары мектеп педагогикасының тарихында педагогикалық практиканы ұйымдастыру және жетiлдiру проблемасы / Материалы международной научо-практической конференции. – Алматы: КазНАУ, 2003, 45-50б.

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

на реферат магистерской диссертации на соискание академической степени магистра педагогики по специальности 6М011300-Биология

 

Есенбаев Нурлыбек

 

Методика организации комплексной полевой учебной практики студентов по специальности биология

 

              Актуальность темы. Современный специалист в области биологического образования должен выступать не только транслятором знаний о природе, но и носителем биологической и педагогической культуры. Студентам необходимо научиться не просто воспроизводить усвоенные знания и способы действия, а уметь самостоятельно применять их в новых условиях, осуществлять перенос усвоенного на решение новых учебных и практических задач, то есть быть готовым 'выполнять "не воспроизводящую, а преобразующую деятельность.

Информация о работе Кужат