Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2012 в 10:38, реферат
:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орнын айқындау;
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндетін айқындау ;
3. Биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәнін анықтау;
4. Студенттердің зерттеушілік әрекетке қызығушылықтарын арттыратын тиімді әдістемелік шарттарды, әдістерді, құралдарды анықтау.
ӘОЖ 37.022: 371.388:578
Қолжазба құқығында
ЕСЕНБАЕВ НҰРЛЫБЕК
Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі
6М011300-Биология мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті, «Биология, география және экология» кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші | - | педагогика ғылымдарының кандидаты Назарова Гүлмира Асылбекқызы
|
Ресми оппонент | - | Педагогика ғылымдарының кандидаты Набуова Роза Абдырахманхызы
|
:
Диссертацияны қорғау «_____» ____________ 2012 ж сағат ______
Жаратылыстану факультеті, «Биология, география және экология» кафедрасында (120014, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі № 66, № 9оқу ғимаратында) өткізіледі
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Реферат 2012 жылы «____» __________ таратылды.
Магистрлік диссертацияның ғылыми
хатшысы, магистр
Зерттеудiң өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Осыған байланысты оқытудың басты мақсаты әрбір студенттің өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты жағдай туғызу болып табылады.
Биологиялық білім беру аясында бүгінгі мамандарды табиғат жөніндегі білімді тасымалдаушы ғана емес, сонымен қатар биологиялық және педагогикалық мәдениетті алып жүруші тұлға ретінде қалыптастыру маңызды. Студенттер меңгерген білімдері мен әрекет ету тәсілдерін қайта жасаушы емес, оларды жаңа жағдайда өзбетінше пайдалана біліп, меңгергендерін жаңа оқу және практикалық міндеттерді шешуде пайдалана білулері қажет, яғни қайталушы емес, керісінше қайта жасаушы әрекетті орындауға әзір болуы керек.
Далалық-оқу тәжірибесі– болашақ маманды кәсіби даярлау жүйесіндегі маңызды қатарлардың бірі. Ол студентті теориялық оқыту мен оның болашақта өзбетінше әрекет етуге әзірлігінің арасын байланыстырушы қатар. Далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу – оның дамуы мен қызметінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін барлық құрама бөліктерінің өзара байланысымен, кіріктірушілігімен сипатталатын бұл бір тұтас үдеріс. Мамандарды даярлау жүйесінде оқу тәжірибелерін жетілдіруге мемлекеттік деңгейде де баса назар аударылуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кəсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады» деп атап көрсетілген
Осындай міндеттердің шешімі жоғары педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Практика ұғымының философия, психология, педагогика ғылымдарында өзіндік қалыптасу тарихы болғандықтан теориялық талдау мен практиканың рөлі жөнінде Ә.Нысанбаевтың, Ж.Алтаевтың, Қ.Ш. Бисеновтің, Ж.Н.Сарсенова, К.Ж.Рахметов еңбектерінде философиялық тұрғыда теория мен практика ұғымдарының мәні талданып, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.Ф.Ломов, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Н.К.Вахтомин, Т.Тәжібаев, А. Темірбеков, Қ.Б.Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Х.Шериязданова, С.М.Жақыпов және т.б. еңбектерінде практика таным процесінде ақиқатқа жетудің көзі деген тұжырымдар жасалған.
Зерттеуге байланысты әдебиеттердi талдау, кәсіптік оқыту педагогтарын даярлайтын университет түлектерінің далалық-оқу тәжірибесін зерделеу, осы мамандықтарды даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмыс бағдарламаларымен, тәжірибелерімен танысу, кәсіптік мектеп үшін педагог кадрларын даярлау тәжірибеге ғана негізделгенін, жеткiлiктi оқу және жұмыс бағдарламаларының жоқтығын, нақтырақ айтқанда кәсіптік оқыту педагогтарын далалық оқу тәжірибе барысында ғылыми танымдық жұмыстарына даярлау мүмкіндіктерінің толық анықталмағанын; кешенді тапсырмалар жүйесінің жасалмағанын, далалық оқу тәжірибесінің тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдердің, шарттардың айқындалмағанын; әдістемелік нұсқаулардың; негiзгi құрал ретiндегi оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңiнен қолданудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негiздерiн жасауға бағытталған теориялық зерттеулердiң толыққанды жасалмағанын көрсетті.
Демек, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын далалық оқу тәжірибесі арқылы кәсіптік мектептегі ғылыми әдістемелік жұмысқа даярлау қажеттігі мен оны іске асыру әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық бары анық байқалады.
Осы айтылған мәселелердің өзектілігі бiздiң зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Биология мамандығындағы студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі» деп таңдауымызға негiз болды.
Зерттеудiң мақсаты: биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесін жетілдірудің тиімді әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: биолог бакалаврларын кешенді далалық оқу тәжірибесінде дайындау үдерісі.
Зерттеу пәнi: кешенді далалық оқу тәжірибесін тиімді ұйымдастыру жағдайы.
Зерттеудiң болжамы: Биолог бакалаврларын даярлау жүйесінде студенттердің кешенді далалық оқу тәжірибесін жоғары дәрежеде ұйымдастыруға болады, егер кешенді далалық оқу тәжірибесінің негізгі міндеті және берілетін кешенді тапсырмалар жүйесінің мазмұны айқындалса, онда кешенді далалық оқу тәжірибесін жетілдіру нәтижелі болып, қоғам талабына лайықты маман даярланады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орнын айқындау;
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндетін айқындау ;
3. Биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәнін анықтау;
4. Студенттердің зерттеушілік әрекетке қызығушылықтарын арттыратын тиімді әдістемелік шарттарды, әдістерді, құралдарды анықтау.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi.
Зерттеудiң басты әдiснамалық қағидалары: тұлғаның iс-әрекетте дамуы жөнiндегi философиялық-психологиялық теорияларына; қазiргi дүниедегi тұлғаның әлеуметтену ерекшелiктеріне; теория мен практиканың өзара байланысы жөнiндегi iлiмге; тұлға мен жеке адамның дамуындағы практиканың ролiне; тұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасына негiзделедi.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының ресми қаулы-құжаттары (Заңдар, қаулы-қарарлар); iргелi философиялық-әлеуметтiк, психологиялық-педагогикалық және әдiстемелiк еңбектер, тәжірибе
Зерттеу әдiстерi: теориялық: анализ, синтез, салыстыру және қорытындылау, модельдеу; эксперименттік: тікелей және жанама түрде педагогикалық бақылау жүргізу, педагогикалық тәжірибе, әңгімелесу, сауалнама алау, аралық бақылау; математикалық өңдеу әдісі.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орны айқындалды;
студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндеттері айқындалды;
биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәні анықталды;
Зерттеудiң практикалық мәнi:
1. Кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі құрастырылды;
Қорғауға келесi қағидалар ұсынылады:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесінде кешенді далалық оқу тәжірибесі теориямен өзара тығыз байланыса отырып, студенттердің ғылыми білімнің шынайлығына көзжеткізуіне ықпал етеді және оның тұлғалық әрі кәсіби құзыреттілігінің дамуына жағдай жасайтын оқыту формасы.
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің негізгі міндетін: оқыту, зерттеушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық, кіріктірушілік, кәсібибағдар берушілік қызметтер құрайды.
3. Далалық оқу тәжірибесінің мазмұны әртүрлі деңгейдегі зерттеу тапсырмаларының жүйесін бейнелейді. Студенттердің далалық оқу тәжірибесінде түрлі зерттеу тапсырмаларын орындаулары олардың зерттеушілік әрекеттерін дамытуға және зерттеп отырған материалға қызығушылықтарының дамуына ықпал ететін тиімді шарттардың бірі. Ол сонымен қатар, далалық оқу тәжірибесі жағдайында жаңа биологиялық білім іздеуде белсенділіктерін және дербестіктерінің дамуына көмектеседі.
4. Зерттеушілік әрекетті қалыптастырудың әдістемелік шарттары: оқытушының теориялық және әдістемелік дайындығы; практикалық оқытудың әртүрлі әдістерінің өзара байланысы; студенттердің зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастырудың топтық және жеке тәсілдерін үйлестіру; табиғи орта нысандарын (түрлі таксономиялық топтағы, бірлесстіктердегі өсімдіктерді кеңінен пайдалану). Далалық оқу тәжірибесінде зерттеушілік іскерліктерді дамыту әдістемесінде зерттеудің практикалық әдістері: мәліметтерді және далалық материалдарды жинақтау, оларды өңдеу, сраптау, зерттеушілік мазмұндағы практикалық тапсырмаларды орындау басым болады
Зерттеу базасы. Тәжірибелік жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетiнде «Биология, география және экология» кафедрасына қарасты III, IV курстарының далалық оқу тәжірибесі барысында өткізілді.
Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру эксперимент жүргiзу барысында жүзеге асты және зерттеудiң негiзгi қағидалары мен нәтижелерi республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарды жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламаларда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.
Кiрiспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы мен практиалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Биология мамандығы студенттерінің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастырудың ғылыми негізі» атты бірінші тарауда биолог бакалавр мамандарын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орны, студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндеті, биолог бакалавр мамандықтарын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәні қарастырылады.
«Биология мамандығындағы студенттерінің кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе жұмысы» атты екінші тарауда кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастыру әдістемесі, ғылыми-зерттеушілік тапсырмалар жүйесі ретінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұны және зерттеушілік әрекетті дамытудың әдістемелік шарттары, педагогикалық эксперимент жағдайында студенттердің зерттеушілік іскерліктерінің даму нәтижесі қарастырылады.
Қорытындыда теориялық талдау мен тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi бойынша қорытындылар баяндалады.
Негізгі бөлім
Биолог бакалавр мамандарын даярлауда кешенді далалық оқу тәжірибесін ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын, мүмкіндіктерін анықтауда алдымен практика ұғымына және оның биолог мамандарды даярлау жүйесіндегі орнын анықтау қажет. Себебі, далалық оқу тәжірибесінің орны оның маңыздылығын және дұрыс ұйымдастырылуының жетекші нысаны болып табылады.
Биолог бакалавр мамандарын дайындауда оқу тәжірибесінің маңыздылығы және ең басты қызметі осы мамандыққа қатысты пәндер бойынша далалық оқу тәжірибелерінің бағдарламаларында жақсы атап көрсетілген. Далалық тәжірибе арқылы студентті оқытудың мақсаты мен негізгі міндеті (қызметі) біліктілік тәсілі тұрғысынан алғанда студентті педагог-зерттеуші ретінде қалыптастыру. Себебі биология аясында білім беретін маман теориялық біліммен, іскерлікпен және тәжірибемен қатар, ғылыми зерттеушілік және ұйымдастырушылық жұмыстың алғашқы тәжірибесін меңгеруі тиіс.