Кужат

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2012 в 10:38, реферат

Описание работы

:
1. Биолог бакалаврларын даярлау жүйесіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің орнын айқындау;
2. Студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде кешенді далалық оқу тәжірибесінің атқаратын негізгі міндетін айқындау ;
3. Биолог бакалаврларын даярлау үдерісіндегі кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын айқындаушы зерттеушілік әрекеттің мәнін анықтау;
4. Студенттердің зерттеушілік әрекетке қызығушылықтарын арттыратын тиімді әдістемелік шарттарды, әдістерді, құралдарды анықтау.

Работа содержит 1 файл

esenbaev.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

              Биологиялық бағыттағы бакалаврларды университетте дайындауды жүзеге асыру жүйесінде кешенді түрде биологиялық және де педагогикалық бағыттағы құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі ескеріледі. «Құзыреттілік» ұғымы көп мәнге ие. Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті немесе ерекше қабілеті деп түсіндіреді.

Берілген анықтамалар негізінде, құзыреттілікті білім мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады. Біз, кілттік құзыреттілікті құрайтын: пәндік білім берушілік, зерттеушілік, әлеуметтік тұлғалық, коммуникативті, тұлғаға бейімделген, ақпараттық технологиялық түрлерін айқындадық. Әрбір құзыреттілік кіріктірілген сипаттағы әрі студенттерде практикалық дайындық барысында қалыптастырылатын күрделі іскерліктер мен дағдыларды білдіреді. Мұндай жүйеленген іскерліктер мен дағдылар төмендегі 1 кестеде беріледі

 

1-кесте. Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінде қалыптасатын құзыреттіліктер мен оларға сәйкес зерттеушілік іскерліктер

Құзыреттліктер

Құзыреттлік құрамы

Зерттеу іскерлігі

Пәндік-білім берушілік құзыреттілік

 

Ғылыми кәсіби әрекеттің теориялық негізін түсіну, ғылыми жұмыс аясындағы негізгі, философиялық және әдіснамалық тәсілдерді білуі. Білімнің жеке бөліктерін бір жерге  тоғыстыру және пайдалану, алған білім үшін жауапкершілікті өзіне алу қабілеттілігі.

Биология ғылымы аясында зерттеу жұмысын жоспарлай алу іскерлігі. Биологиялық нысандар мен құбылыстарды зерттеп танудың негізгі әдістерін (бақылау, сипаттау) пайдалана алуы.

 

 

 

Зерттеушілік құзыреттілік

 

Ақпаратты алу және өңдеу. Түрлі ақпарат көздеріне жүгіну және оларды пайдалану. Материалдардың түрлерін түсіне білу және талдай алу. Құжаттарады  және олардың жүйелілігін өз бетінше ұйымдастырған әрекетінде пайдалану.

Биологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алынған мәліметтерді өңдеу және түсіндіру іскерлігі. Бар әдістемені нақты биологиялық зерттеуде пайдалану. Биологиялық тапсырмаларды орындауда қазіргі ақпараттық ағымдарды тиімді пайдалануы.

Әлеуметтік—тұлғалық құзыреттілік

 

Пікір таласқа қатысып, өзінің көзқарасын білдіре алуға қабілеттілік. Ғылыми жұмыстың ережелерін және құндылықты мақсатын, оның әлеуметтік жауапкершілігін, қоғам үшін маңыздылығын және адамның тіршілік әрекеті үшін мәнін  қабылдау

 

 

Ботаника бойынша зерттеу жұмысының шартын анықтау; биология бойынша қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде бар мәліметтерді ескере отырып, зерттеу барысында алынған нәтижелерді сараптау және түсіндіру. Зерттеуді өз бетінше бақылау және бағалау нәтижесін ескере отырып, зерттеу бағдарламасына түзетулер енгізу.

Коммуникатив-тілік құзыреттілігі

 

 

 

 

 

Басқа адамдардың көзқарасын тыңдау және қабылдауға қабілеттілік;

өзінің көзқарасын түсіндіріп, оны қорғай алу;  диалогтық қарым-қатынас жасай алуға қабілеттілік, Көпшіліктің алдында сөйлей алу. Өзінің жұмысын  ұйымдастыра алу. Жауапкершілікті сезіну.

Компьютерлік іздеу жүйесімен жұмыс жасай алу. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану. Ұжыммен тіл табыса білу. Далалық тәжірибенің қорытынды конференциясында жүргізген зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасау.

Тұлғалық-бейімделу құзыреттілігі

 

 

Жаңа ақпаратты және коммуникативтік технологияны пайдалану қабілеті. Өз бетінше білім алуға және өзінше ұйымдастыруға әзір болу. Өзгерістерді, түрлі жағдайларды, құбылыстарды алдан ала көре білуге (болжай алуға) қабілеттілік, оған алдын ала дайын болу, рефлективті оқыту технологиясын пайдалану

 

 

 

 

Жұмысты орындау үшін өзбетінше және өзара бақылауды жүзеге асыру. Зерттеу нәтижесіне сараптама жасау. Рефлексиялық іскерлік: білімді рефлексивті қайта құрылымдау, өзіндік талдау. Шешілмеген мәселені анықтай алу,  іскерлігі.  Өзінің зерттеу жұмысының нәтижесін ұйымдастырылған қайта қарау және түзетудің нәтижелілігіне диагностика жасау.  Студенттің өзбетінше проблеманы анықтап, оны шешу әрекетіне талдау жасап, өзінің әрекетінің нәтижесін сын көзбен бағалай алуы.

Ақпараттық- технологиялық құзыреттілік

 

 

Ғылыми мәселені шешуде теория мен тәжірибені, олардың этикалық және әдіснамалық құрама бөліктерін үйлестіре білу.

 

Биологиялық ғылым аясында зерттеушілік сипаттағы практикалық тапсырманы орындауда теориялық білімдерін пайдалана алу іскерлігі.

             

              Тәжірибенің мәні болашақ мамандардың құзыреттіліктерін дамытумен ғана айқындалмайды, сонымен қатар, оның: оқыту, зерттеушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық, кіріктірушілік, кәсібибағдар берушілік қызметтерімен де  анықталады. Осы қарастырылып отырған мәселенің шешімін іздеу кешенді далалық оқу тәжірибесінде студентті зерттеушілік әрекетке бейімдей отырып, болашақ педагог-биолог маманы ретінде дайындауға мүмкіндік беретін оқыту әдістемесінің үлгісін  құрастыруды қажет етеді.

              Тиміді оқыту үдерісінің үлгісін жасау үшін «кешенді далалық оқу тәжірибесіндегі зерттеушілік әрекет» ұғымының мәнін жүйелі тәсіл арқылы анықтап алу қажет.

Кешенді далалық оқу тұрғысынан қарастыру тәсілі арқылы зерттеу нысандарын; далалық зерттеу жағдайларына қатысты студенттердің зерттеу біліктіліктерінің жоспарланатын нәтижесін айқындауға және т.б. мүмкіндік береді. Ал, тәжірибелік оқу тұрғысынан қарастыру тәсілі арқылы оқытушы  және студенттердің далалық оқу тәжірибесіндегі әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және міндеттерін, құралдарын, әдістерін және т.б. айқындай аламыз.

              Біз, «іс-тәжірибе» және «оқу тәжірибесіне» берілген анықтамаларды негізге ала отырып, биология мамандығы бойынша далалық оқу тәжірибесі- аудиториядан тыс жүргізілетін және студенттердің биологиялық нысанды немесе құбылысты табиғи жағдайда өз беттерінше танып білулері, табизерттеулері іске асатын оқыту үдерісінің белсенді формасы деп түсінеміз. Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы, жекелеген процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру. Яғни, биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесі дегеніміз биологиялық нысанды немесе құбылысты табиғи жағдайда, бірнеше теориялық пәндердің аясында, біртұтастылықта студенттердің өзбеттерінше танып білулері, зерттеулері іске асатын оқыту үдерісінің формасы.              Қажет болған жерде әрбір жұмыс есепке алынып, ол шағын, қарапайым, бірақ толық зерттеу болып шығуы керек. Осындай жұмыстар жүргізу нәтижесінде студент оқытушының жәрдемімен өзі жүргізген тәжірибенің нәтижесін талқылай білуі және одан тиісті қорытынды жасап, қойылған сұраққа айқын және түсінікті жауап ала білуі қажет. Әрбір жүргізілген тәжірибе аяғына дейін жеткізілуі қажет. Бұл негізгі педагогикалық қатаң ережені  сақтау керек. Яғни, кешенді тапсырмалар:

- табиғи үдерістердің мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн;

-  студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін;

              -жүйелі күрделенген биологиялық тәжірибелерді жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып далалық оқу практикасы барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер табиғи құбылыстардың мәні мен мазмұнының тетіктерін меңгереді.

Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесіне қатысты тапсырма дегеніміз, яғни  мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас зерттеу жұмысын қамтамасыз ететiн, зерттеу тақырыбына қатысты мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы.

Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар басты қағидалар негiзiнде құрылды. Біздің көзқарасымыз бойынша, зерттеушілік іскерлік теориялық және қолданбалы сипаттағы әдіснамалық және пәндік биологиялық іскерліктердің ерекше үйлесімділігі. Зерттеу әрекетінің жүзеге асуының тимділігі биолог бакалаврлардың теориялық, практикалық және қолданбалы сипаттағы зерттеушілік іскерліктерді меңгеруіне байланысты. Биологиялық пәндер бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінде студенттердің зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру үдерісі үш кезеңді қамтиды.

Бірінші кезеңде: зерттеушілік сипаттағы нақты жұмысты орындауға әзірлік әрекетті жоспарлау, оны орындау, нәтижені болжау бойынша теориялық іскерлікті қолдана алуды жорамалдайды.

Екінші кезеңде: зерттеу жұмысын тікелей жүргізу үшін тек теориялық емес, сонымен қатар практикалық сипаттағы іскерлікті қолдануды талап етеді. Оған биологиялық нысандар мен құбылыстарды тану мен зерттеудің негізгі әдістерін (бақылау, сипаттау, тәжірибе) пайдалану, бар әдістерді зерттеудің нақты мақсаттары үшін қолдана алу.

Үшінші, қорытындылаушы кезеңде студенттерге алынған мәліметтерді өңдеу, сараптау және алынаған нәтижені түсіндіру іскерліктері, сондай-ақ зерттеу жұмысының нәтижесін есеп, реферат, баяндама, презентация түрінде таныстыратын іскерліктер қажет.

Биологиядан далалық оқу-зерттеу тәжірибесінің мазмұнына қолданбалы биологияға тән іскерліктер де кіреді. Мысалы, экологиялық және генетикалық немесе физиологиялық мазмұндағы тапсырмаларды орындауда өлшеуіш құралдармен жұмыс жасау мен алынған мәліметтерді өңдеулері үшін есептеу іскерліктері. Осы анықталған іскерліктер қатарынан кешенді далалық оқу тәжірибесінде биология бойынша зерттеушілік әрекеттің ерекшелігіне қарай студенттерде қалыптастыруға болатын және қажет зерттеушілік іскерліктердің құрамын белгіледік (кесте 2).

              Студенттердің зерттеушілік әрекеттерін тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей педагогикалық шарттарды ескеру керек:

       далалық оқыту тәжірибесі барысындағы педагогикалық үдеріс студенттердің зерттеушілік әрекеттерін ынталандыруға бағытталуы қажет;

       зерттеушілік қабілеттерін дамытатын орта жасау керек;

       студенттердің өз бетінше танып білу қабілеттерін дамытып отыратын оқыту технологияларын пайдалану.

              Бұл атап көрсетіп отырған педагогикалық шарттар студенттерде зертеушілік мотивті, танымдық әрекеттерін белсендіру, зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын дамыту қажеттілігіне сәйкес таңдалып отыр.

 

2 – кесте. Кешенді далалық оқу тәжірибесінде биология бойынша зерттеушілік әрекеттің ерекшелігіне қарай студенттерде қалыптастырылуға болатын және қажет зерттеушілік іскерліктердің құрамы

 

Зерттеушілік іскерлік

Әдіснамалық

Пәндік

Әдіснамалық

Практикалық сипаттағы

Жалпы биологиялық теориялық

Қолданбалы биологиялық

1 Жұмыстың мақсатын, нысанын, пәнін, міндетін анықтау

2.Зерттеу проблемасын және болжамын рәсімдеу

3.Зерттеу жұмысының барысын жобалау және жоспарлау

4.Зерттеу нұсқаларын бағалап, тимдісін таңдау

5.Жұмыс барысында теориялық сараптау және талдау әдісін пайдалану

7.Себеп-салдар байланысын анықтау, қорытынды жасау

 

1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

2. Жұмыс уақытын тимді пайдалану

3 Қажетті матер-иалдар мен құрал- жабдықтарды таңдау

4. Зертханалық құ-ралдармен жұмыс.

5. Компьютерден іздеу  жұмысын жүргізу

б.Оқу, ғылыми- көпшілікке арналған әдебиеттермен, анықтауштарды пайдалана алу

7. Биологиялық материалдарды жинау және өңдеу

8. Зерттеу жұмы-сының нәтижелерін есеп, ғылыми мақала, жоба ретінде ұсыну.

1. Биологиялық ны-сандарды зерттеу бойынша әрекетін жоспарлай алу;

2. Биологиялық ны-сандарды зерттеудің негізгі әдістерін пай-далану (бақылау, сипаттау, биоло-гиялық тәжірибе, болжау, үлгілеу)

3. Алынған мәлімет-терді өңдей алу мен зерттеу нәтижелерін түсіндіре алу

4. Биологиялық тап-сырмаларды шешуде қазіргі заманғы ақпа-раттарды тиімді пай-далана алу іскерлігі

5. Нақты биология-лық  зерттеуге қажетті әдістемелерді дұрыс таңдау

1 Зерттеуді зерт-ханада жалғастыру үшін алғашқы мате-риалдарды жинақтай алу;

2.Жиналған мате-риалдарға сипаттама және өңдеу жүргізе білу;

3.Далалық және зерт-ханалық жағдайда зерттеу жүргізе алу;

4. Зерттеу препа-раттарын дайындау

5. Зерттеу нәтиже-лерін тіркеу

6 Табиғи нысандарға бақылау жүргізе алу;

7.Зерттеу алаңдарын жасау және т.б.

 

             

             

              Эксперименттік әдістемені жасау үдерісінде ең бірінші, зерттеу жұмыстарын оқу үдерісіне енгізу көмегімен қол жеткізуге болатын  оның  практикалық бағыттағы мазмұнына баса назар аударылды. Алайда, зерттелетін теориялық материал көлемін ұлғайтуды қарастырмаймыз. «Өсімдіктер физиологиясы», «Генетика», «Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен»,  «Эволюциялық ілім», «Биологияны оқыту әдістемесі» пәндері бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесі барысында оқытудың практикалық бағытын арттырып, студенттердің дәрісханада және дәрісханадан тыс алған білімдерін іс жүзінде пайдалануларына мүмкіндік жасалады. Биология пәндері бойынша кешенді далалық оқу тәжірибесінің мазмұнын құрастыруда біз төмендегі ережелерге сүйендік:

-          пәнаралық байланыстарды қолдану негізінде оқу мазмұнын интеграциялау;

-          оқу пәнінің ішкі құрылымын сақтау мақсатында – ғылыми ақпаратты жіктеу;

-          ғылыми ақпараттың жүйелілігін арттыру және жүйелі қабылдау мақсатында пәннің логикалық құрылымын оңтайландыру;

-          кәсіби педагогикалық бағытты нығайту.

                  Әрбір тақырыпты оқыту кезінде біз үш түрлі тапсырмалар қолдандық, олардың әрқайсысы күрделіліктің белгілі бір дәрежесіне сәйкес келеді:

       күрделілігі І деңгейдегі тапсырмалар – репродуктивті, яғни қайталау;

       күрделілігі ІІ деңгейдегі тапсырмалар – продуктивті;

       күрделілігі ІІІ деңгейдегі тапсырмалар – шығармашылық сипаттағы зерттеушілік тапсырмалар.

                  Студенттердің зерттеушілік қызығушылықтарының дамуына ең алдымен, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмалар әсер етеді. Тапсырмалардың бірнеше түрі пайдаланылды: репродуктивті, продуктивті, зерттеушілік және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар. Аталған типтің тапсырмалары әрекет бағытын көрсететін түрлі деңгейдегі міндеттерді шешуді ұйғарады, бірақ әрекет тәсілдерін  анықтамайды.

                     Тапсырмалардың мазмұны стандарттан тыс жағдайларда ойламаған әрекеттерді пайдалануды талап етеді және сол арқылы әрекеттің жаңа бағытына итермелейтін жағдайлардан тұрады. Аталған жағдайда қалыптасқан дағды шығармашылық сипатта болды.

                            Студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зерттеушілік әрекеттерді ұйымдастыру кезінде төмендегі жайттарды ескеру қажет:

       студенттердің зерттеу жұмыстары мақсатқа бағытталған сипатта болады; жұмысты орындау мақсаты оқытушыға ғана емес, оны орындайтын, оқу үдерісіне белсенді қатысатын студентке де белгілі болуы тиіс;

Информация о работе Кужат