Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 12:25, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................……....3

І. Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы.
1.1 Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері........................................................................................................……..5
1.2 Қазақ кесте өнерінің шеберлері....................................................................................................……13

ІІ. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.
2.1 Кесте өнері және оның түрлері,қажетті құрал-жабдықтар,тігу технологиясы........…………………………….........................................…....14
2.2 Шығармашылық жұмыс,ізденіс жолдары,жұмыстың орындалу барысы.…………………………………..………………...............….........….21

ІІІ. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі.
3.1 Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары........................................................................................................…..23
3.2 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары..............................................................................................................25
3.3 Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі………….........……………………..................................................….28

Қорытынды......................................................................................................31
Әдебиеттер........................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

Дип.-тыс-үйірме-жұмыстарында-кесте-тігудің-технологиясын-үйрету.doc

— 289.50 Кб (Скачать)

Ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпазтігінші, кестеші әжелеріміз бен аға-әпкелерімізде аз емес. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, уақыт озса да, ізі жағалмай бүгінгі дейін жетіп отыр.

Он саусағынан өнері тамған Солтыбекова Секер әжеміз-1904 жылы қазіргі Талдықорған облысының талдықорған ауданы, Куйбышев атындағы ауылда дүниеге келген.

Шешесі Шекеден 13 жасында шеберлікті үйреніп, күнделікті тұрмысқа қажетті киіз үйдің бау, басқұр, алаша тоқып, сырмақ сырып, текемет басқан, неше түрлі бас киім жасауларын тіккен, аяққап, сандыққап жи¿аздарын әшекейлеумен қатар кесте де тіккен. 

  Қазіргі таңдағы қолөнер шеберлері Фатима Зауырбекова, Айман Саудагерова, Сағындықов Жұбай, Бапановтар (гобеленшілер)ҚанатҚалқабаев ағамыз (гобеленші, кестеші) т.б. көптеген он саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлерімізде аз емес аталған қолөнер шеберлерінің көбісі тек кесте өнерімен айналысып қана қоймай гобелен, кілем т.б. тоқыған. Мәселен Николаев, Құрас Тыныбеков, Фатима Зауырбекова атақты шығармалары «Күн сәулелі Қазақстан», Хмелов, Хмеловалардың «Достықтың бұтағы» атты гобелен жұмыстары болса, өзіміздің қаладағы кестешілер Айман Саудагерова Құрманғазықызы 1949 жылы 20-шы шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Маралды селосында дүниеге келген.

1995 жылдан бастап қаламыздағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық эстетикалық гимназия мектебінде қолданбалы өнер пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.

Негізгі мамандығы өнер саласымен 1986 жылдан бастап айналысып келеді. Сәндік қолданбалы өнер пәнінен 5-11 сыныптарға арналған жеке авторлық бағдарламасымен сабақ өтеді.

Сондай-ақ «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты үйірме жұмысын ұйымдастырып оқушыларға ерте заманнан келе жатқан қолөнер түрлерін соның ішінде кесте өнерін кеңінен оқытып, үйретуде.

Саудагерова Айман-жоғары санатты мұғалім, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Еңбек стажы-25 жыл.

Мектептің қоғамдық жұмыстарының ұйымдастырушысы. өз ісін сүйетін, білікті кәсіби шебердің әрбір жұмысынан қазақ халқының өнері, иманы көрініп тұрады. Ол кісінің еңбектері қала, облыс, республика көлемінде көрмелерге қатысып жүр. Соның айғағы ретінде Түркістанның 1500 мерей тойына алып барған шығармашылық жұмыстарын айтуға болады. Нәтижесінде Елбасының ерекше ықыласына ие болды. «Халық мұрасындағы қолөнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында шығармашылық жұмыс істейді.

Айман апай бірнеше рет облыстық Білім департаментінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары:

«Бақыт құсы» -кесте, «көкпар»-кесте, «Табиғатты аялау»-аралас техника, «Көктем» «қызғалдақтар», «Қыз ұзату», Сырмақтар,  «Су асты», Ою-өрнектер әлемі және орындалып жатқан жұмыстары «Жер ана» және «Жібек Жолы» т.б. көптеген шығармалары бар.

  Ізбасарова Жұмагүл Сатыпалдықызы-1960 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.

1984ж. Шымкент педагогикалық институтын бітірген мамандығы «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» пәндерінің мұғалімі.

1982 жылы бастап №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық-эстетикалық гимназия мектебінде еңбек етуде. Мұражай жетекшісі, сәндік қолданбалы өнер пәнінің мұғалімі, бірнеше көрмелерде жүлделі орындарға ие.

ЮНЕСКО-ның ұйымдастырушымен өтетін Республикалық балалар шығармашылық көрмесіне оқушыларының жұмыстары іріктеліп алынған.

Ә.Қастеевтің 100 жылдығына байланысты шығармашылық жұмыстарын қойып дипломмен марапатталды.

Сурет еңбек пәндері бойынша облыстық өнер байқауы көрмесіне қатысып ІІ орын алды.

Шығармашылық жұмыстары:

«Киелі қобыз»-былғары, «Оңтүстік Аруы»-кесте, «Наурыз» «Натюрморт» «Ескінің көзі» «Бөзінген» «Ару-кесте», ши т.б. Тері және кесте бұйымдарын жасаумен айналысады.

 

2. Сәндік қолданбалы  өнер саласындағы кесте тігу  және көркемдеп тігу өнері.

2.1 Кесте өнері және  оның түрлері, қажетті құрал-жабдықтар,      тігу технологиясы.

Қазақ қол өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі-кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жалғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін дерелік кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: үй бұйымдарын, төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестеленген.Қандай өрнек болмасын, адам, баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны мәлім.

Көне заманнан бері, б.з.д. V-VІғасырдан кестелеу өнері жалғасып келеді. Мысалы:Қытайда кестені таза жібекке алтын, күміс жіптермен тіккен. өте нәзік тігілгенҚытай кестесі Жапон кесте тігу өнеріне әсер еткен. Үнді, Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес, жан-жануарлар мен бейнелерді тігумен ерекшеленеді. Ал Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зерлеген. Бұл кесте тігу өнеріне үлкен жетістіктер енгізді. Сонымен қатар, ХІІІ ғасырдың аяғы мен  ХІV ғасырдың басында Франция, Германия, Швеция, Англия, Дания, Норвегия елдерінде ұлттық киімдер үй тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Халық өнері ғасырлар бойы әр түрлі болып өзгеріп, адам өмірі мен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым қатынасына байланысты болған. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сантүрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді.

Қашанда кесте өнерінің түр-түсі, үйлесімділігі, әдемілігі, қайталанбастығымен ерекшеленеді. Ол географиялық, мәдениеттік жағдайымен қатар тарихына да байланысты болған.

Біздің еліміздің тарихы арыда жатыр, ата-бабаларымыз киімдеріне, ат-әбзелдеріне, үй бұйымдарына өрнек сала білген. өрнектердің орналасу композициясыда ерекше. ғасырлар бойы өрнектің кестенің орналасуы өзгеріп (шетінде, ортасында, бұрышында), пішіні өлшемге сай болып келген. Бүгінгі күнде өрнектердің орналасуы, өлшемі, пішімі тігушінің талғамына, фантазиясына байланысты. Кез келген шығармашылықта тұр үйлесімділігі маңызды роль атқарады, яғни ол адамның ішкі дүниесімен үндесуі керек. Бұйым колориті көбінесе өзінің шығатын, пайдаланатын жерінің эталоны. Бұйым өңімен көптеген түстердің үйлесуі үшін олардың өздерінің заңын білу керек. Осы барлық түр-түстерді екі топқа бөлуге болады:

Хроматикалық-түсті, және ахроматикалық-түссіз. Хроматикалық түске ашық түстер жатады: негізгі-қызыл, сары, көк және аралық түстер-жасыл, сия түсті, алқызыл. Аралық немесе қосымша түстер араласы екі негізден алынады: алқызыл-қызыл мен сарыдан, жасыл мен сары мен көктен, сия түсті-қызыл мен көктен.

Ахроматикалық түстер ашық немесе аққа жақын түстер емес, сонымен бірге аралық түстерді де пайдалануға болады. Гармониялық үндестік көбінесе түстердің үйлесімділігінен туады. Кесте түрі бірдей болғанымен, түсі әртүрлі болса әдемі, тартымды келеді. Матаға түстер ритмикалық қайталанып отырады.

Ертеден келе жатқан қолөнердің бір  түрі  ң кесте тігу ң өнері болып табылады.

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті  әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек –орын жабдықтары, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, қалыңдық пен күйеудің бас киімі, белбеуі, үй іші мүліктері яғни жиһаздар кесте өрнегінің жиі безендірілетін еді. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталуда. Оның себебі әдемі,ұнасымды кесте ою өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды.

Сондай-ақ кесте тігу деп – мата,тері,киіз т.б.материалдардың бетіне әртүрлі  жіптермен, зермен, әр алуан суреттермен  өрнектер салынып тігілетін қолөнердің бір түрі болып табылады. Кесте  тігуде кейде моншақ,інжу,маржан т.б  асыл тастар тағылады.

Кесте өнері қазақ халқына ертеден енген өнер екндігін тарихтан байырғы сақ,ғұн,үйсін өнерінде кестені зерлеп,маржандап,түктеп тігу тәсілдері кездескендігін аңғаруға болоды.

«Кестені көңіл сызады, қол тігеді,көз сынайды» , «адам өнерімен әсем,аң жүнімен әсем» деген мақалдарда аз емес. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу,қайып тігу,тепшіп шалып тігу.

Кесте тігу үшін жіп, мата, ине, оймақ, қайшы, кергіш қажет. Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігі, номеріне байланысты болады. Жіптің ұзындығы 50-60 сантиметрден артық болмайды. Кергіште кестелеген кезде оймақтың қажеті жоқ. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 20-30 сантиметрдей болады. Кестені ілгекті бізбен кестелейміз. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдалануға болады. Кестенің кейбір түрлері селдір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу шеңберге салып, үстінен үлкен шеңберді кигізеді де, көреді. Жұмыс жылдамырақ жүруі үшін инені екі қолымен бірдей шанши білу керек. Кейбір кестелер кергішсіз тігіледі: матаны бас бармақ пен шынашақтың көмегімен сол қолдың үш саусағы біркелкі етіп керіп тұрады. Матаға инені оң қолдың ортаңғы саусағымен шаншиды. Егер суреттің размері кестелейтін бұйымның көлеміне сәйкес келмесе, онда суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады. Қоңырқай түсті маталарға сүретті көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп, сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен сызылады. Мәуіті, барқыт және жібек маталарға суретті төмендегідей әдіспен түсіреміз. Сурет салынған темекінің жұқа қағазын матаға салып, сурет нұсқасының бойымен көктеп шығады, сосын қағазды еппен жыртып алып тастайды, сонда мата бетінде жіппен тігілген сурет нұсқасы қалады. Ал үлбіреген ашық түсті матаға сурет түсіру үшін бірінші суреттің үстіне басқа бір матаны жабады да, үстін әйнекпен бастырамыз, ал әйнек астына лампа қойылады. Әйнектің үстіне кесте тігілетін матаны жауып, лампаның жарығы көрсетіп тұрған суреттің нұсқасын қарындашпен матаға түсіріп аламыз.

Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды. Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға төмендегі тәсілдермен бекітеді: бірінші – инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап аламыз, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болу керек, екінші инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын тастаймыз да оның үстін кестемен бастырамыз. Кестені бітірер кезде кестелер отырған жіпті жиі шаншып суреттің астына жібереміз, үшінші екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарамыз, яғни жіпті ақырына дейін тартпайды да, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын батыра тартады. Енді барып кестелеуді бастай беруге болады.

Халықтың кесте тігу өнері мен өрмек тоқу дәстүрі тым әріден басталады. Музейлердің экспонаттары мақпалға, мауытыға, жібекке кесте тігу техникасын жетік меңгерген беймәлім шебер әйелдердің өнерлері жөнінде сыр шерткен. Кестелердің көпшілігі сурет бойынша тігілген, ал суреттердің негізінде өсімдіктер алынған. Түсті жібек жүн және алтын, күміс түстес оқа жіптерден әйелдер мен ерлер киімдері, бас киімдер, әйелдердің үйде киетін аяқ киімдері, сондай-ақ үйді әшекелейтін заттар, тұсқа ілінетін киімдер, түскиіздер және т.б. кестеленіп тігіледі. Қыздың ұзату тойында киетін киімдері – сәукеледен бастап, аяқ киіміне әшекейленіп тұратын кесте, өте әдемі ою-өрнек композициясы және кестені мұқият жасауы бұрынғы шеберлер қиялының бай екендігін дәлелдеген. Ұлттық кесте тігу – ңТұскиізң көркем кәсіпшілік фабрикасында ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырылуында халық шебері Салима Абдулқызы Әзірбаева жасаған бұйымдардың көрмесі үлкен роль атқарған. Кесте тігу - дәстүрі бойынша ңбіз кестең, ңбаспа кестең әдісімен орындалады.

Еркін кестелеудің – бұл түріне мата бетіне түсірілген суретті кестелеуді жатқызуға болады.

Шым кесте – сурет  бойынша кестелеудің бірнеше  түрі бар. Шым кестемен өсімдіктің жапырағын, гүлді, сондай-ақ геометриялық ою-өрнек  кестеленеді.

Кесте түрлері

Кесте санап тігілетін: жіпті санап отырып кестелеу және еркін: сурет нұсқасы бойынша, санамай, еркін тігу деп екіге кестелеу деп бөлінеді.

Жай тігістер. Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдалынады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерді алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.

Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп аламыз. Қалың маталардан 2 жіптен суыру керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай бағыттап шаншып отырады. Бұл тігісті кестелеудің басқа түрлерімен кішілеу гүлді жапырақтарды кестелегенде қолданылады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдап алынады. Бұл кесте алдымен легенде алдымен бір түсті жіппен бастаймыз. Екінші түсті жіппен алғашқы тігіске жапсарластыра параллель тігеміз. 3 және 4 түсті жіптермен де осылайша тігуге болады.

Информация о работе Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі