Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 12:25, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................……....3

І. Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы.
1.1 Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері........................................................................................................……..5
1.2 Қазақ кесте өнерінің шеберлері....................................................................................................……13

ІІ. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.
2.1 Кесте өнері және оның түрлері,қажетті құрал-жабдықтар,тігу технологиясы........…………………………….........................................…....14
2.2 Шығармашылық жұмыс,ізденіс жолдары,жұмыстың орындалу барысы.…………………………………..………………...............….........….21

ІІІ. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі.
3.1 Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары........................................................................................................…..23
3.2 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары..............................................................................................................25
3.3 Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі………….........……………………..................................................….28

Қорытынды......................................................................................................31
Әдебиеттер........................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

Дип.-тыс-үйірме-жұмыстарында-кесте-тігудің-технологиясын-үйрету.doc

— 289.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе

«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып,жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр.Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып,жалыұпен қайта қауышып,жүректерден орын алуда.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып,шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін.Бұл дипломдық жұмыста кесте өнерінің шығу даму тарихы,кестенің түрлері,олардың жасалу,тігілу технологиясы, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп,толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп,тігу жолдарын,әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы  балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Тақырыптың көкейкестілігі: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне , әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы,көзқарасы,идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие.Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.     

Курстық жұмысымның мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында кесте тігудің технологиясын үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін дамыту,эстетикалық талғамын арттыру.Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып,оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру.  

Курстық жұмысымның міндеттері:

-    Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде кесте тігу      өнерінің теориялық негіздерін айқындау.

-    Оқушыларға кесте тігу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын қолдануды үйрету.

-    Толық тігіліп біткен жұмысты безендіру әдістерін үйрету.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс үйірме жұмысы.

Зерттеу нысанасы: Бейнелеу өнерінің түрі сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша кесте тігу өнерін игеру жолдары.                                          

Жұмыстың әдістемелік жаңалығы:

Кесте тігу өнерінің мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары мен әдістері айқындалады.

Кестеленетін жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы қаралады.

Практикалық құндылығы: Дипломдық жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, кесте тігу өнерінің технологиясы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шебержаналарға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.

1.1.Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері.

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.

Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.

Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.

Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық  жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс»  және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.

Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.

Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).

Өрмек тоқу.Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдісі, яғни оны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Өңай өрмекке кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Халық қолөнерінде көбірек қолданып жүрген өрмектің осы екінші түрінде – жай өрмекке тоқталып өтейін. Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланылатын мынадай жабдықтар болады:

Өрмек өрісінің қазықтары;

Күзеу шыбығы – қабатталған  шиден. Түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;

Адарғы – екі жақ  шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл  дөңес, ені 20-25 сантиметрдей тақтай;

Есепші немесе кергіш сабау, оны «сару ағаш», «беру жіп» деп те атайды;

Қылыш - өзі шынында  да қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 3-4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана, жұқарта  жонып, ортасын дөңестеу еткен, ені 12-15 сантиметр жалпақша келген ағаш;

Арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар 20-30 сантиметрдей түзу таяқша;

Арқалық – 1-1, 20 метр шамасындағы  түзу таяқ (диаметрі 3 см);

Көтерме немесе мосы –  басы біріктірілген 3 ағаштан тұрады;

Екі басын тұяқтап  байлататын бақылау жіп (бөлік жіп);

Өрмек жіптер. өрмекке  арналып иірілген жіптер істелетін  бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті  болады және ол тұстар бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді.

Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп  отырып, екі топқа бөледі. Оның біріншісі - өрмектің күзеуіне ілінетін үстіңгі  жіптер.

Екіншісі – күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті ңөрісің деп, астынғы жіптер ңқарсысың деп атайды. Кейде үстіңгісін ңөрмек жіпң, астыңғысы ңұрғашы жіпң дейді.

Арқау – бұл ерсі мен  қарсы жіптердің арасында көлденең отыратын жіп, арқау тоқылатын нәрсенің қалың және жұқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі.

Күзу – бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр қайсысын өз орнына түзу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым  шамасында, ол өте ширақы және екі қабат етіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу жіп болмайды.

Өрмек жібінің өрісін (ұзындығы) өлшеп, оның неше метр немесе құлаш болатынын анықтап алған  соң, жазық жерге әлгі өлшемді  тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейде  үш бұрышты өрім жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек.

Өрмек құрушы шеберлердің  көз мөлшері, көңіл есебі күшті  келеді. Мысалы: өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың әрбір қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан акейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық қазылады, оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді. Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20-25 см қашық тұрады.

Информация о работе Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып,үйрету әдістемесі