Персоналды баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 05:24, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізі проблемаларының – персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1 ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ
ҚЫЗМЕТІ....................................................................................................4
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ, МАҚСАТТАРЫ, БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
1.3 ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
1.4 ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ.
2 НАРЫҚТЫҚ ЭКАНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН
ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОСПАРЫ
2.1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ
ЖОСПАРЛАУ
2.2 КАДРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБЫРДАУ, ІРІКТЕУ
2.3 ПЕРСОНАЛ ЕҢЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ
ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ
2.5 ПЕРСОНАЛ МОТИВАЦИЯСЫ
2.6 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІК ТАЛАБЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

жанат кур.doc

— 78.37 Кб (Скачать)

      Персонал  шығындарын жоспарлау кезінде бірінші кезекте шығындардың келесі баптарын ескеру керек: негізгі және қосымша еңбекақы, әлеуметтік салықтарға бөлінетін қаржылар, іссапарлар мен қызметтік жол қатынасының шығыны; кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату шығындары; қоғамдық тамақтануға, тұрғын үй және тұрмыстық қызметке, мәдениет және дене шынықтыруға, денсаулық сақтау және демалыс, балалар мекемесімен қамтамасыз етуге, арнайы жұмыс киімін алуға байланысты қосымша төлем шығындары.

      Персонал  санын мөлшерлеу және есепке алу. Жұмыс істейтіндердің санын мөлшерлеу персоналды басқарудың бүкіл жүйесінің арқа сүйер буына. Ұйымдардың жұмыс тәжірибесінде уақыт мөлшері көбірек пайдаланылады, себебі, жұмыс уақыты жұмсалған еңбек санының жалпыға бірдей өлшеуіші болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс уақытының шығыны өнімділік мөлшері, қызмет көрсету мөлшері мен персонал санының мөлшерін есептеуде негіз ретінде алынады. Уақыт мөлшері деп сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік жұмыскердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығынын айтады.

      Өнімділік мөлшері жұмыс істейтіндердің санын  есептеу үшін, еңбек өнімділігін  жоспарлауда, еңбекақы төлемін, еңбек  өнімі бірыңғай және натуралды шамамен  өлшенетіндей өндірістің түрлерін ұйымдастыруға қолданылады.

      Қызмет  көрсету мөлшері еңбекті мөлшерлеу  үшін және көп станакта жұмыс істейтін негізгі жұмысшылардың санын есептеу үшін, сонымен бірге бірқатар көмекші жұмысшылардың кәсібін анықтау үшін қолданылады. Ықзмет көрсету мөлшері деп бір жұмысшымен немесе сәйкес біліктілігі бар жұмысшылар тобымен қызмет көрсетілетін жұмыс орындарының немесе басқа да объектілердің, өндірістік алаңдар мен құрал-жабдықтар бірлігінің саны деп түсіну керек.

      Сандық  мөлшері деп ірі агрегаттарда қызмет көрсету үшін қажет болатын жұмысшылар немесе белгілі кәсіби біліктілігі бар жұмыс істейтіндер категориясының саны деп түсіну керек.

      Сызықтық  және функционалды жетекшілердің еңбектерін басқару мөлшерінің көмегімен анықталады.

      Ұйым  бөлімшелерінің және қызметтің ішінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру және адамдарды орналастыру мақсатында қарым-қатынастар мөлшері қолданылады. 

        2.2   КАДРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ, ІРІКТЕУ.  

      Жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден  тұрады:

    - Бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау;

    -   Үміткерлерді іріктеп алу;

    -   Үміткерлерді сұрыптап алу;

    - Жұмысқа қабылдау.

          Жұмысқа үміткерлерді іріктеу процесін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан басқа берілген лауазымды жұмысты тиянақты орындау үшін керек болатын талаптардың сипаттамасы көрсетілген іс қағаздары болуға тиісті:

    - Мамандық картасы

    - Біліктілік картасы

          Лауазымдық  нұсқау негізінде жасалған мамандық картасы төменгідей мамандықтың сипаттамасынан тұрады:

    - Жалпы білімі

    - Арнайы білімі

    - Шет тілін білуі

    - Компьютерде жұмыс ітей алуы және т.б

      Жеке  басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін анықтау үшін біліктілік картасын жасайды. Біліктілік дегеніміз адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі бір функцияны орындау қабілеттілігі, мінез-құлқының және әлеуметтік ролінің түрі

        Персоналды жалдау әдістері мен көздері. Ұйымға жаңа жұмыскерлерді қабылдау қажет болғанда екі мәселе туындайды:

    - әлеуетті жұмыскерлерді қайдан іздеуге болады (көздері)?

    - өтініш берушілерге бос орындар жайында қалай хабарлауға болады (әдістері)?

      Оларды  жинақтаудың мүмкін болатын екі  көзі бар:

- ішкі (кәсіпорын жұмыскерлері арасынан)

-сыртқы (кәсіпорынға ешқандай қатысы жоқ адамдардан)

 персоналды ішкі көздерден жинақтау әдістері:

- ішкі конкурс

- кәсіпті біріктіру

- ротация.

      Кадрларды іріктеу түсінігі. Кадрларды іріктеуге – оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау маңызды.

      Кадр  бөлімінің мақсаты – үміткелердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.

      Үміткерлердің келесідей жалпы сапалары болуы  тиіс:

    - жоғары біліктілік;

    - жеке бас сапалары;

    - білімі;

    - кәсіби тәжірибесі;

    - алдыңғы жұмысынан алған тәжірибесі;

    - айналасындағылармен тіл табыса алуы.

    Үміткердің сапасына қойылатын талаптар. Кәсіби сапалары:

    - өз  мамандығы бойынша біліктілігінің жоғары дәрежелігі;

    -көп кешенді жұмыстарды орындауға мүмкіншілік беретін басқа кәсіп пен мамандықты жергілікті деңгейде меңгеруі;

    -жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретіндей жақсы денсаулық және дене шынықтыру дайындығы;

    -жинақтылық, ұқыптылық, ұйымшылдық және т.б

    Кәсіби  сападан басқа маманның жеке басының сапасы жоғары болуы қажет. Тәжірибеде көбірек кездесетін іріктеу тәсілдері:

    -анкеталық мәліметтерді талдау;

    - анкета жүргізу;

    -ңгімелесу;

    -жеке басының кейбір қасиеттерін психологиялық тест арқылы білу.

      Менеджер  қызметінің бос орнына үміткерлерді іріктегенде персоналды бағалау мен іріктеудің арнайы әдістері қолданылады. 
 

    2.3                  ПЕРСОНАЛ ЕҢБЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ  

        Персоналды бағалау- ұйым қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін ұйымдастыра білудің тиімділігі мен ұйым мақсаттарын орындауды анқытайтын процесс.

      Әр  персаналды жеке бағалаудың мәселесі – төмендегі қызметтерді дұрыс  шешу:

    -Марапаттаудың мөлшерін дұрыс анықтау

    -Басқару

    -Персоналды дамыту

    -Қызметкерді тиімді пайдалану

    -Еңбек мотивациясы

      Бағалау рәсімдерін бағытына қарай бірнеше  түрге бөлуге бөлады.

    1.         бағалайтын объект бойынша:

    -іс - әркеті

    -мақсатқа жету, нәтиженің саны мен сапасы, жеке бастың қосқан үлесі және бөлім мен ұйымның жалпы нәтижесіне қосқан үлесі

    - жұмыскерлрдің жеке басына тән қасиеттің болуы.

    2.         мәліметтеріне қарай бағаланатын көздер:

    -іс қағаздары

    -кадрлармен әңгімелесі нәтижесі

    -жалпы және арнайы дайындалған тестердің нәтижесі

    -пікірталасқа қатысудың нәтижесі

    -өндірістік тапсырманың орындалуы жайлы есеп беру немесе қиын жағдайларда көрсеткен мінезі.

    3.   белгілі  бір көзден алынған мәліметтер арқылы бағалау рәсімерін жүзеге асыру.

    4.   ең жақсы немесе нашар көрсеткіштерді бағалау және таңдауға сәйкес қолданылатын критерийлер бойынша.

    5.   субъектілер бойынша

    6.   контингентті қамту дәрежесі бойынша

    7.   мерзімі бойынша.  

    2.4        ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ 

     Персоналды дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағыталған іс – шаралардың жиынтығын айтамыз. Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:

  • Жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім, тәжірибе жинақтатып және кәсіпті игеруге оқыту:
  • Біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі-дамушы ҒТП-ке байланысты кәсіби білімі мен тәжірибесін жақсарту;
  • Жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде оқыту;
  • Мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең.

           Алдыңғы қатарлы ұйымдар өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына еңбекақы қорының 2 % -дан  10%-ға дейін құрайтын айтарлықтай қаржы жұмсайды. «Дженерал моторс» сияқты компанияларда бұл сома жылына 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

      Кәсіби оқыту – персоналды дамытудың маңызды факторы.

          Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына  сәйкес кәсіби оқытудың     екі түрін көрсетуге болады:

    - Нақты мамандандырусыз

    - Нақты мамандандыру.

    -Оқытудың әдістері:

    -Дәріс.

    -Топпен талқылау.

    -Жағдайды қолдан жасау.

    -Жағдайды талдау.

    -Басқару ойындары.

    -Модельдеу.

        Қазіргі замандағы ұйымдарда кәсіби оқыту деп келесі кезеңдерден тұратын кешенді үзіліссіз процесті айтады:

    -Қажеттілікті анықтау;

    Жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту;

    Жетекшілер мен мамандар үшін жыл сайынға оқыту;

    - Біліктілікті жоғарылату. 

    2.5            ПЕРСОНАЛ МОТИВАЦИЯСЫ 

     Еңбек мотивациясы – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс - әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек мотивінің құрамына мыналар кіреді:

- Қызметкерді қанағаттандыратын – қажеттілік:

-Осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар – игілік;

- Игілікті алуға қажет – еңбектік іс - әрекет;

-Еңбектік іс -әрекетті орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моральдық тұрғыдан шығындар – баға.

     Мотивация – бұл, өзін және басқаларды өзінің жеке бастық мақсатына немесе ұйым мақсатына жету үшін жандандыратын, ынталандырып құлшындыратын процесс.     

Информация о работе Персоналды баскару