Персоналды баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 05:24, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізі проблемаларының – персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1 ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ
ҚЫЗМЕТІ....................................................................................................4
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ, МАҚСАТТАРЫ, БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
1.3 ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
1.4 ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ.
2 НАРЫҚТЫҚ ЭКАНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН
ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОСПАРЫ
2.1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ
ЖОСПАРЛАУ
2.2 КАДРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБЫРДАУ, ІРІКТЕУ
2.3 ПЕРСОНАЛ ЕҢЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ
ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ
2.5 ПЕРСОНАЛ МОТИВАЦИЯСЫ
2.6 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІК ТАЛАБЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

жанат кур.doc

— 78.37 Кб (Скачать)

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................3 

    1      ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ

            ҚЫЗМЕТІ....................................................................................................4

    1.    ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ, МАҚСАТТАРЫ, БАСҚАРУ

   ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    1.    ПЕРСОНАЛ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН

   НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

    1.3       ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ

            ҚҰҚЫҚТАРЫ

    1.4       ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ. 

    2      НАРЫҚТЫҚ ЭКАНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН

            ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    2.1        КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ

            ЖОСПАРЛАУ

    2.2        КАДРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБЫРДАУ, ІРІКТЕУ

    2.3         ПЕРСОНАЛ ЕҢЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ        

    1. ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ

    2.5         ПЕРСОНАЛ МОТИВАЦИЯСЫ

    2.6    ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІК ТАЛАБЫ

    ҚОРЫТЫНДЫ

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

КІРІСПЕ 

      Нарықтық  экономика жағдайында елімізде кез  келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персонады басқарудың қазіргі  кездегіпрпап түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.

          Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жұйесі керек.

      Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізі проблемаларының – персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау;  персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік  және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.

      Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды  басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

      Курстық жұмыста Қзақстан Республикасындағы  персоналды  басқару жөнінде жазылған. Жұмыс 2 бөлімнен тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСОНАЛ  ҚЫЗМЕТІ.  

1.1 ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУ ҰҒЫМЫ, МАҚСАТТАРЫ, БАСҚАРУ  ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.  

      «Кадр» және «персонал» деген ұқсас және мағынасын өзара алмастыратын түсініктердің кейбір еркшеліктері бар. Кадрлар дегеніміз кәсіптік-біліктілік, әлеуметтік-психологиялық, жыныстық, жастық және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.

      Персонал – бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рол атқарады, персонал – кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.

      Персонал – «кадрлар» түсінігін қамтитын неғұрлым кең ұғым болып табылады, сондықтан персоналды басқару негізі болып ұйым мақсаттарына жету, өндірістік жүйелердің қызмет етуінде жұмыскерлердің потенциалын неғұрлым толық және тиімді пайдалану мен дамыту тұрғысынан қарағанда өндіріс процесінде қызметкерлердің арақатынасы өте маңызды орын алады.

        Персоналды басқарудың қазіргі замандағы тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс -әрекеті негізінде нақты адамды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады.

        Персоналды басқару – іс-әрекеттің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру.  Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.

      Кәсіпорын  персоналды бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық-заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.

      Персоналды басқару мақсаттары. Персоналды басқару келесі мақсаттарды көздейді:

1)   Жалпы мақсаттарға жетуде кәсіпорынға көмек көрсету;

2)   Жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

3)   Кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз ету;

4)   Жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық көрсете алуына ұмтылу, ал бұл өз алдына әрбір жұмыскердің осы кәсіпорында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады;

5)   Жеке адамның потенциалын тиімді пайдалану қағидасына сәйкес адамның еңбек (жеке басты, психофизиологиялық) іс-әрекетін басқару механизмін меңгеру.

      Ең  жоғарғы мақсат –персоналды басқару жүйесіндегі кәсіпорынның таза табысы адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін өндірісте қанағаттандыру болып табылады.

        Персоналды басқару жүйесі.Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарынның, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен функционалды өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады.

        Персоналды басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару  жүйесі деп аталады.

      Ұйымның персоналын басқару жүйесі  жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйелерінен, сонымен қатар, бірыңғай функцияларды орындауға мамандандырылған бірқатар функционалды кіші жүйелерден тұрады.

      Жалпы және сызықтық басқарудың кіші жүйесі: ұйымды бүтіндей басқару, жеке функционалды және өндірістік бөлімшелерді басқару жұмыстарын атқарады.

        Ұйымдағы персоналды басқаружүйесі  ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын сызықтық жетекшілік бөлімдер мен сонымен қатар, келесі функционалды және қамтамасыз ететін кіші жүйелерден тұрады:

  1. Персоналдыжоспарлау және маркетинг; 
  2. Персоналды жалдау және есепке алуды басқару; 
  3. Еңбек қатынастарын басқару;
  4. Бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету;     
  5. Персоналды дамытуды басқару;     
  6. Персоналдың мінез – құлқын мотивациялауды басқару;      
  7. әлеуметтік дамытуды басқару;     
  8. басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау;     
  9. Персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыз ету;     
  10. Персоналдыбасқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету;     
  11. Персоналыды басқару жүйесін техникалық қамтамасыз ету.
 

       

       

      Персоналды  басқару қызметінің құрылымдық орналасқан орны келесі нұсқалардың біріне сәйкес келуі мүмкін:

     1)   қызмет штабтық орган ретіндегі құрылым бойынша ұйымның жетекшісіне бағынады;

     2)   қызмет ұйымның басқару құрылымына кіріп, персонал бойынша тағайындалған басшының жетекшілігінде болады;

     3)   штабтық орган ретіндегі қызмет құрылымы бойынша функционалды бағыттағы директорға бағынады;

     4)   қызмет құрылым бойынша әкімшілік ету жөніндегі мамнның жетекшілігіне бағынады.

        Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы бұл персоналды басқару  жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.

      Песоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау келесі кезеңдерден  тұрады:

  1. персоналды басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру;  
  2. басқару функциясының құрамын анықтау; 
  3. басқару функциясының құрамын қалыптастыру;  
  4. ұйымдастырушылық құрылымның кіші жүйелер құрамын        қалыптастыру; 
  5. барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандары мен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау;  
  6. кіші жүйелер арасында байланыстарды бекіту;  
  7. бөлімшелердің саны мен атқаратын функцияларының еңбек сыймдылығын есептеу;  
  8. ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін (конфигурациясын) құру.

        Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.

      Құрылымдық  байланыстың төрт түрін бөліп  көрсетуге болады: сызықтық бағыну (тікелей әкімшілік жасау); функционалды жетекшілік ету (әдістемелікпен қамтамасыз ету, басқа бөлімшелерге кеңес беру); бірге қызмет атқару (жұмыстарды бірге  атқару); функционалды қызмет көрсету (шешімдерді қабылдау процесін қамтамасыз етуде көршілес бөлімшелердің ақпараттарды дайындауы немесе басқа да жұмыстар).

      Персоналды  басқару  жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды:

    1)   басқару аппаратының мамандар тобын;

    2)   басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;

    3)   персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;

    4)   еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын;

Информация о работе Персоналды баскару