Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, ірі сапалы өнім жинау үшін, тыңайтқыштарды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

 

Ауыл шаруашылығы  дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш  маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мәселен, минералдық тыңайтқыш пайдаланудан көпшілік дақылдардың түсімі орта есеппе – 50-80% дейін жоғарылайды. Демек тыңайтқыш  қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнім өндіруді күрт төмендетуге әкеп соғады. Алайда тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтамау, оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалардың кездесуі, сапасы нашар тыңайтқышты пайдалану топырақтың атмосфераның, жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған объектілердің ластануына ықпал етеді.

Сондықтан тыңайтқышты  қолдануда қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Табиғи ортаның  тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мына жағдайлар себепші болады.

  1. Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қоспа дайындау және

оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген минералдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10-15 проценті ысырап болады. Жоғары концентрлі тыңайтқышты пайдалануда егістікке біркелкі шашпаса өнім төмендейді.

  1. Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудың

агрономиялық технологиясының  бұзылуы. Сондықтан тыңайтқыштардың  беру мерзімін, мөлшерін әдісін дұрыс  орындауға жете көңіл аудару өсімдіктің қоректенуін жақсартады, топырақ  құнарлығын арттырады және қоршаған ортаның ластануын төмендетеді.

  1. Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы да әсерін

тигізеді. Қазақстанда  эрозияға бейім жерлер көлемі  70 млн. гектардан астам. Оның 52 млн. гектардан  астам жел эрозиясына, ал 17 млн  гектардан астамы су эрозиясына берілгіш. Дүние жүзі бойынша күніне 100-200 гектар жер эрозияға ұшырайды. Эрозияның тигізетін зиянды әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, бір гектар егістік жел эрозиясына ұшырағанда ол 600 кг жалпы азот, 108 кг жылжымалы фосфор және 105 кг алмаспалы калий жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азот, 230 кг фосфор мен 215 калийден айырылады. Профессор Д.Я.Михаиловтың мәліметі бойынша, жер бетінің көлбеуі 1,5-2 болған жағдайда су эрозиясына ұшыраған әрбір гектар жер 400-800 кг азоттан, 100-150 фосфордан, 3-5 тонна калийден және 10-12 тонна органикалық заттардан айырылады.

Тыңайтқыш қолдану эрозия құбылысының топырақтағы қоректік заттардың шайылуы азаяды (Кесте 8).

 

 

 

 

Кесте 8 – Эрозия әсерінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың

шайылуы, кг/га

 

Қоректік заттар

Тыңайтқыш берілген танап

N60P60K60 берілген танап

Топырақ массасы

4730

3500

Гумус

260

128

Азот

17,1

12,0

Фосфор

14,1

10,8

Калий

93,0

69,0


 

  1. Тыңайтқыш құрамында кездесетін ілеспе қосылыстар мен элементтер

қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. көпшілік минералды тыңайтқыштардың  құрамында фтор, хлор, натрий және улы  ауыр металдар (кадмий, сынап, қорғасын және т.б.) болады. Әрине бұл элементтердің  біразы аз мөлшерде шоғырланады. Олар топырақ қасиеті мен құнарлығына, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының құрамы нашарлайды. 

Ауыл шаруашылығы дақылдарына  көң, қорда, түрлі өндіріс қалдықтарын  ұдайы жоғары мөлшерде қолдану топырақ  құрамында микроэлементтердің (оның ішінде ауыр металдар) шектен тыс көп жиналуына әкеп соғады. Олардың топырақтағы концентрациясының өте жоғарылауы тірі организмдердің улануына себепші болады.

Топырақ пен  өсімдіктің ауыр металдармен ластануын  төмендетудің және ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамындағы улы заттардың мөлшерін реттеудің басты жолы – органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ғылыми негізде қолдану.

Азотты тыңайтқыштардың  жоғары мөлшерін пайдаланған кезде  гумин және фульвоқышқылдары мен  кальций, магний катиондарының  топырақтың төменгі қабатына жылжуы күшейеді, өсімдіктің калий элементімен қоректенуі нашарлайды.

Ауыл – шаруашылығы  өнімнің құрамындағы нитраттың  шектен тыс артуы адамдар мен  малдардың организмін уландырады. Мал  азығы үшін нитратты азоттың уландырғыш деңгейін 0,2%. Сондықтан құрамында 0,2% немесе одан жоғары нитратты азотты бар азықты малға беруге болмайды. Адам өз салмағының әрбір килограмына 5 мг есебіне нитрат пайдалануына болады.

Өсімдік құрамындағы  нитрат мөлшерін азотты тыңайтқыштардың  жоғары мөлшерін бірнеше рет бөліп беру арқылы, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бірге пайдалану арқылы, минералдық және органикалық  тыңайтқыштарды бірге пайдалану арқылы, ингибиторларды тыңайтқышқа қосып беру арқылы, тұқымды себу мерзімін сақтау арқылы, тағы басқа агротехникалық шараларды қатаң сақтау арқылы реттеуге болады.

Фосфор тыңайтқыштарының экологиялық зардабы көбінесе олардың  құрамындағы ауыр металдардың мөлшеріне  байланысты. Адам фосфордың уландыруы  кальций және фосфор оксидтерінің арақатынасына тәуелді. Егер СаО мен Р2О5 арақатынасы өнім құрамында 1:1 немесе 1:1,5 болса фосфор адам организміне зиянды емес.

Фосфор тыңайтқыштарының шикі заттарын өңдеуді жетілдіру  есебінен және эрозияға қарсы шараларды  жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаның  ыосфор элементтерімен ластануын төмендетуге болады.

Калий тыңайтқыштары  қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайды. Топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының құрамындағы хлордан картоп, темекі, жүзім, талшықты дақылдар көп зардап шегеді. Шөп құрамындағы калий  көбейіп кетсе, оны пайдаланған мал уланады.

Органикалық тыңайтқыштар мен ағып келіп қосылатын сулардың шөгінділердің пайдаланудың өзі  де топырақтағы ауыр металдардың  концентрациясын жоғарлатады.

Қоршаған ортаның  улы заттармен ластануын төмендету  үшін негізінен төмендегі шараларды жүзеге асыру керек:

  1. Өсімдіктердің биологиялық талаптарына топырақ – климат

жағдайларына, аймақтың ерекшеліктеріне және жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес тыңайтқыштардың  қолайлы мөлшері, түрі, топыраққа  ендіру әдісі көрсетілетін жан –  жақты дайындалған тыңайту технологиясын қатаң орындау.

  1. Қышқыл және кебірленген топыраққа химиялық жолмен мелиорациялау

үшін әк, гипс, тыңайтқыштарын қолдану.

  1. Органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау, пайдалану үшін

агрономикалық ережелерді орындау және минералдық тыңайтқыштармен тиімді ұштастырып қолдану.

  1. Топыраққа су және жел эрозияларын сақтауға арналған шараларды

пайдалану.

  1. Түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғары ауыл шаруашылығы

дақылдарының сорттарын  себу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ТЫҢАЙТҚЫШТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

 

Тыңайтқыштармен жұмыс атқаруға жасы 18-ге толмаған, созылмалы ауруы бар адамдарға  рұқсат етілмейді. Барлық жұмысшылар (қойма меңгерушісі, механизатор, жүк тиеуші және т.б.) жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаумен таныстырылады және ережені қойма ішінде көрнекті жерге іліп қою керек. Жұмысшылар арнаулы киімдермен (комбинезон, қолғап, етік) және көзілдірік, улы заттардан қорғайтын аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Аммиак селитрасын сақтау үшін, өрттен қорғану ережесін орындалған жөн. Ол тыңайтқышты жаңғыш заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Тыңайтқыш шашатын  машиналар жұмыс істеп тұрғанда оларға жақын тұруға болмайды. Тыңайтқышты  тиеу жұмыстарын атқарар алдында  трактор мен машиналардың моторын өшіріп қояды және олардың тетіктері  қалқанмен жабылуы тиіс.

Тыңайтқышпен  бірге тамақ, су және адамдарды тасымалдауға рұқсат жоқ.

Тыңайтқышпен  үздіксіз жұмыс істегенде әрбір  жарты сағатта бес минут үзіліс жасауға ұсынылады. Жұмыс істейтін жерде ішуге арналған таза су және алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін дәрі – дәрмектер мен басқа медициналық заттар болуы керек.  Егер тыңайтқыш көзге түскен жағдайда таза сумен бірнеше рет жуып емханаға көрінген жөн.

Жұмыс аяқталған  соң жуыну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысты  қорытындысы бойынша, жаздық бидайды  кәдімгі қара топырақта «СеверЖарс»  ЖШС аумағында қажетті минералды  және органикалық тыңайтқыштарды қолданып, жоғары дәрежедегі мол өнім алуға  болады.

Жаздық бидайдан мол өнім алу үшін, топырақта оған қажетті минерлды және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш егу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 50 проценті тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50 проценті агротехника, сорт, мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді.

Тыңайтқыштарды  қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы ақуызды көбейтеді, бидай сабағының анатомиялық құрылысына да әсер етеді. Фосфор тыңайтқыштарының оптималды мөлшерде болуы бидайдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді, оның пісуін тездетеді. Жаздық бидайдың қоректенуі мен өнімнің қалыптасуына және оның сапасының жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт өте маңызды рөл атқарады. Микроэлементтер көптеген физиологиялық және биохимилық процестерге қатысады. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және ақуыз, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді. Ал органикалық тыңайтқыштарды енгізу – топырақ құнарлығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері, биологиялық, физикалық, физика – химиялық, химиялық қасиеттері, су және ауа режимдері жақсарады.

  Жаздық бидайдан жоспарланған өнім алу үшін, ең басты топырақтың құнарлығын арттыру керек, топырақтағы қоректік заттардың мөлшерін анықтау керек, берілген органикалық және минералды тыңайтқыштармен қанша қоректік заттар беріледі, олар өсімдікпен қанша мөлшерде пайдаланылады, осының бәрі жоспарлы түрде орындалса дақылдан жоғары әрі сапалы өнім алынады.  

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Р. Елешев, А.Бекмағанбетов «Агрохимия» Алмты, Қайнар,1989ж, 396б.
  2. Р.Елешев, Т.Смағұлов «Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі»

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық  баспа кабинеті, Алматы 2000ж;  62-126б, 249-263б.

  1. К.Н.Жайлыбай, «Жаздық бидай» Алматы, Бастау, 2006ж. 17-25б.
  2. С.Арыстанғұлов, А.Елішбаев, Б.Уызбеков, А.Күлдеев «Өсімдік шараушылығы», «Фолиант» баспасы, Астана-2008,  10-15б.
  3. Бараев А.И. «Яровая пшеница» Қайнар, Алматы – 1978, 125-203б.
  4. Қ.К Әрінов, Н.И Можаев, Н.А Шестакова, М.Ә.Ысақов «Өсімдік шаруашылығы практикумы» Астана, 2004, 66-83б.
  5. Т.А.Атақұлов, С.С.Арыстанғұлов, А.Е.Елішбаев «Өсімдік шаруашылығы практикумы», Алматы, 2007ж, 34-49б.
  6. Х.Тілемісов «Ауыл шараушылығы сөздігі» Алматы, «Қайнар»,1992ж.
  7. И.С.Сейітов «Агрономия негіздері» Алматы, «Қайнар» 1994, 26-156б.
  8. Н.Г.Шепетков, М.Ә.Ысқақов, Қ.К.Әрінов, Р.Х.Карипов «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және стандарттау технологиясы» Астана, 2001ж, 99-121б.
  9. Елешев Р.Е. «Фосфорные удобрения и урожай» ,Алматы,1984ж, 56-89б.
  10. ЕфимовВ.Н., Донских И.Н., Синицин Г.И. «Система применения удобрений» Москва, 1984ж, 196-253б.
  11. Прянишников Д.Н. «Избранные труды» 1т. Москва, 1967ж, 56-148б.
  12. Д.А.Коренькова «Удобрения, их свойства и способы использования» Москва, 1982ж, 144-263б.
  13. Марков В.М. «Овощеводство» - Москва, Колос, 1966ж, 250-312б.
  14. Қ.Ш.Жаңабаев «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» - Алматы, Қайнар, 1994, 98-153б.
  15. Курюкова И.А., Смирнова Н.А. «Овощеводство» - Москва, Колос, 1989ж, 12-44б.
  16. Прянишников Д.Н. «Избранные труды» 1т. Москва, 1967ж, 156-206б.
  17. Н.И.Можаева «Растениеводство», Ақмола, 1996ж, 45-96б.
  18. Вавилов П.П. «Практикум по растениеводству» - Москва, Колос, 1983ж, 136-146б.
  19. Қ.Әрінов «Өсімдік шараушылығы» - Ақмола, 1996ж, 145-188б.
  20. Күрішбаев А.К. «Қ.Р. астық өндірісінің жай – күйі және проблемалары» - Жаршы, 2003, 89-95б.
  21. Оразалиев Р.А. «Қазақстан бидайы» - Алматы, Қайнар. 1984ж, 203б.
  22. Оразбаев С.А., Садақшынова Б.М. «Практикум по растениеводству» Алматы, 2005ж, 35б.
  23. Майсурян Н.А. «Практикум по растениеводству» Москва, 1970ж,446б 

Информация о работе Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі