Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:34, курсовая работа
Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, ірі сапалы өнім жинау үшін, тыңайтқыштарды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.
Қазақстанда егілетін жаздық бидай сорттары яровизацияны қажет етеді. Яровизация қалыпты өту үшін қолайлы температура 2-50С – тан 10-120 С – қа дейінгі аралық және бұл процес 5-14 күнге созылады.
Өніп шыққан алғашқы өскіндер 1-30 С, ал сабақтану кезеңінде дақыл біршама жоғары температураны керек етеді. Масақтану, гүлдену кезеңдерінде ең қолайлы температура 20-250 С, ал дәннің толысуы – пісуі фазаларында – 18-250 С.
Жаздық бидайдың өсіп даму дәуірі сортына байланысты 90-105 күнге созылады, ал осы кезең аралығында керекті температуралар қосындысы 1550 – 1800 0 С. Бұл тәуліктік орташа температура +100С – тан жоғары болатын кезең аралығына сәйкес келеді [17].
Суару режимі.
Жаздық бидай ылғалды жеткілікті мөлшерде қажет ететін дақыл, оның транспирациялық коэффиценті – 450-500.
Жаздық бидайдың ылғалды қабылдап сіңіруі (тәулігіне м3/га) төмендегідей:
Жаздық бидайдың ылғалға талабын дақыл сорттарының ерекшеліктеріне, аймақтың гидротермиялық режиміне, радиациялық балансына сәйкес анықталады.
Дәннің жақсы көктеп шығуы үшін өзінің салмағынан 50-60% ылғал керек, ал түптену кезінде ылғалды көбірек қажет етеді. Осы кезеңде топырақта ылғал жетіспесе, дақылдың өсіп дамуы баяулайды, әрбір жанама сабақтың түбінен қосалқы буын тамырлар өспейді, нәтижесінде өнім төмендеп, дән сапасы нашарлайды.
Ылғалды ең көп талап ететін фазалар:
Яғни, жаздық бидайдың потенциальды өнімін шектеуші факторлардың бірі – дақылдың өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде топырақта ылғалдылығы аз болуы.
Жаздық бидай өсіру дәуірі кезінде суарғанға қайтарымды мол дақыл. Суаруды ертерек, органогенездің ІІ – этаптың соңы, ІІІ - этаптың бастапқы кезінде, яғни түтіптену фазасының басында жүргізген өте тиімді. Бұл жағдайда бидай жақсы түптеніп, әрбір жанама сабақ түбінен буын тамырлары жылдам өсіп нығаяды. Нәтижесінде масақ ірі болып, дән көп байланады [14], [25].
Қоректену режимі.
Жоғары өнім құру үшін жаздық бидай топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар алып бойына сіңіреді.
Өсімдіктер табиғатта кездесетін элементтердің барлығын сіңіреді, соның ішінде біреулерінен көп мөлшерде, кейбіреулерін аз мөлшерде қабылдайды, бірақ солардың арасына 20-25 элемент биологиялық тұрғыдан өте қажетті. Бидай дақылы үшін биологиялық аса қажетті элементтерге: көміртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, калий, натрий, магний, кальций, кремний, күкірт, хлор, ванадий, хром, молибден, мараганец, темір, кобальт, мыс, мырыш, селен,фтор, иод, бор, қалайы жатады. Бидай денесіндегі құрғақ заттардың негізгі массасы – көміртегі, оттегі, сутегі, азот элеменнерінен құралған. Сондықтан бұл элементтерді – органогендер деп атайды. Бидайдың осы элементтерді сіңіріп отыруы фотосинтез, тыныс алу, су режимі процестерімен тығыз байланысты. Бидай ұлпаларындағы азот, фосфор, калий мөлшері 0,1 – 10 % аралығында. Сондықтан бұл элементтерді макроэлементтер деп атайды. Дақылдың құрғақ зат құрамындағы кальций, магний, күкірт мөлшері 0,1 – 0,5 % аралығында болып макроэлементтер мөлшеріне жатады. Қалған биологиялық аса қажетті элементтер бидайдың құрғақ биомассанында 0,15 – 0,01 % аралығында болса,олар – микроэлементтер, ал 0,01 % - дан аз болса – ультрамикроэлементтер деп аталады [11], [4].
Азот – белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, витаминдер және басқа да органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, бидайдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды. Азот тыңайтқышы бидай сабағының анатомиялық құрылысына да әсері бар. Топырақта азот көп болғанда бидай сабағы ұзарып өседі, бірақ склеренхима қабаты жұқалау болады. Нәтижесінде, сабақтың гриб ауруларымен зақымдануы артады.
Д.А. Пряншиков пікірі бойынша, топырақта азоттың мөлшері қаншалықты көбейсе, дақылдардың өнімі де соншалықты артады. Бірақ, топырақтағы азот тым көп болған жағдайда бидайдың вегетативтік мүшелері күшті өсіп, ұзарады, көп түптеніп, дақыл жатып қалуы мүмкін. Ал, топырақта азот аз болғанда бидайдың жапырақтары сарғайып, кейін өліп қурайды [13].
Фосфор – өсімдіктегі зат алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және басқа органикалық заттар құрамына енеді. Фосфор тыңайтқыштарының оптималды мөлшерде болуы бидайдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді, оның пісуін тездетеді. Түптену кезеңіне дейін бидай фосфор қоректік элементін көбірек, ал азотты азырақ қажет етеді.Фосфордың топырақта аз болуы жаздық бидайдың жас, әдетте өсу кезіндегі сабақ пен жапырақтардың яғни жер бетіндегі мүшелерінің биомассасын, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді [22].
Калий – протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану прцесін тежейді. Калийдің көп бөлігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған бөлігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий тыңайтқыштары бидай дақылының суыққа және түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмірсу – белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді, механикалық ұлпалардың синтезделіп құралуын қамтамасыз етіп, гриб ауруларына төзімділігін күшейтеді.
Бидайдың жас
мүшелерінде калий көбірек
Аймақ климаты шұғыл континентальды, жазы қысқа салыстырмалы ыстық, қысы суық және жауын - шашыны аз. Жаздың орташа температурасы Бескөл селосында +10° тең. Қыста ауаның төмен температурасы және қар жамылғысының тапшылығы топырақтың терең тондануына себепші болады. Қаңтардың орташа көпжылдық температурасы -23,20С, шілде +230С, орташа көп жылдық температура +0,80С.
Ауаның ең төменгі температурасы – - 480С, ең жоғарғысы +410С. Орташа айлық температура ауытқуы 380С, экстремальді температура – 890С.
Күн ұзақтығы жыл бойы 7 – ден 17 сағатқа дейін өзгереді, тал түстегі күннің жағдайы – желтоқсанда 11,50 – тан шілдеде 58,50 – қа дейін. Ұзақты күннің күн сәулесінің жоғары құлау бұрышымен үйлесуі облыс аумағын жазғы уақытта жер бедерін жақсы қыздырады, бұған сонымен қатар аздаған бұлттылық та әсер етеді. жазда мұндай күндердің саны айына 18 күнге дейін жетеді. Солтүстік аудандарда бұлттылық 78, ал оңтүстікте 41 күнге жетеді. Күн сәулесінің ұзақтығы жылына 1900 – 2000 сағатты құрайды.
Аумақтың жылу режиміне, сонымен қатар ауа массасының циркулясиясы да әсер етеді. жалпы алғанда ауа қозғалысы қоңыржай белдеменің батыс желдер ағымына тәуелді оңтүстік – батыс, батыс, солтүстік – батыс. Осы бағытта атмосфералық құйындар – циклондар мен антициклондар қозғалады.
Ұзақ және суық қыс айлары теріс температурамен, қатты соғатын желдермен, жиі болып тұратын бұрқасын және боранмен ерекшеленеді. Қысқы жылымықтар сирек болады, жылына 6 – 9 күн. Сәуірдің екінші жартысында басталатын көктем қысқа (20-30 күн), құрғақ және салқын. Температураның 00С-тан жоғары көктемгі ауысымның орташа көпжылдық мерзімі 10-15 сәуірге сәйкес келеді. Көктемгі ауа температурасының өсу қарқындылығы бір күнде 0-50- қа жуық, бұл көктемгі процестердің тез дамуының көрсеткіші болып табылады. Дегенмен сәуірдің аяғы, мамырдың басында суық қайта оралады, ал үсік мамырда және тіпті маусымда да байқалады.
Жыл бойындағы жауын – шашынның басым бөлігі жаз айларына келгенмен де, жазы құрғақ әрі қысқа болып келеді. Орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары жылы кезеңнің ұзақтығы орташа алғанда 125 күнді құрайды.
Күзі салқын, бұлтты, кейде жауынды. Күзгі жауан – шашын мөлшері, көктемгі топырақ құнарлығына өте үлкен әсерін тигізеді және оған ауыл шаруашылық тәжірибеде үлкен мән береді. Суық тез түседі. Тамыздың екінші жартысында үсік болуы мүмкін. Температураның 00С-тан өтуі әдетте қазанның 20-нан бастап 25 қазанға дейін, ал 50С-тан қарашаның 2-нен 8 дейін болады. Теріс температураның ұлғаюы күзде болады (күніне 0,3-0,40С) (Кесте 1).
Кесте 1 – Ауа температурасының және жауын – шашын мөлшерінің көп жылдық орташа деректері мен 2010 жылдың деректері бойынша салыстырмалы көрсеткіштері, ( Петропавл қаласының метеосанциясының мәліметі)
айлар жыл |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
көп жылдық орташа деректер бойынша ауа температурасы, 0С |
23,2 |
13,3 |
2,5 |
3,5 |
12,1 |
16,6 |
23 |
21,5 |
12 |
5,5 |
9,2 |
8,5 |
2010 жылдың ауа температурасы, 0С |
25,9 |
16,3 |
3,9 |
5,3 |
13,5 |
18,3 |
18,9 |
20,4 |
11,8 |
3,7 |
7,5 |
6,9 |
көп жылдық орташадан ауытқуы |
+2,7 |
+3,0 |
+1,4 |
+1,8 |
+1,4 |
+1,7 |
-4,1 |
-1,1 |
-0,2 |
-1,8 |
-1,7 |
-1,6 |
көп жылдық орташа деректер бойынша жауын- шашын мөлшері, мм |
13,4 |
13,2 |
10 |
11,2 |
9,1 |
28,3 |
40,4 |
14,9 |
15,1 |
19,5 |
22,9 |
17 |
2010 жылдың жауын-шашын мөлшері, мм |
19,7 |
12,8 |
16,1 |
7,4 |
4,4 |
23,8 |
34,7 |
6,8 |
10,8 |
14,5 |
28,6 |
19,6 |
көп жылдық орташадан ауытқуы |
+6,3 |
-0,4 |
+6,1 |
-3,8 |
-4,7 |
-4,5 |
-5,7 |
-8,1 |
-4,3 |
-5 |
+5,7 |
+2,6 |
Сурет 2.1 – Көп жылдық орташа деректер мен 2010 жыл деректерінің салыстырмалы ауа температурасы, 0С
2.1. суретте көрініп тұрғандай көп жылдық орташа көрсеткіштер бойынша ең ыстық айдың бірі шілде +230С, одан кейін тамыз +21,50С және маусым +16,60С. 2010 жылдың көрсеткіштері бойынша ең ыстық ай тамыз +20,40С, ал шілде айында +18,90С мен маусым айында +18,30С-ға ауа температурасы төмендеу. Көп жылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда 2010 жылдың ауа температурасы маусым айында жылырақ, ал шілде мен тамыз айларында салқындау.
Күзде, күн қысқарған сайын, күн көзінің радиациясы кемиді. Топырақтың беткі қабаты тез суып қалады. Ауа температурасы да күрт төмендей бастайды. Қыркүйектің 17 – 20-на қарай тәуліктік температура +50С – дан кеми түсе бастайды. Барлық метеостанциялардың мәліметтері бойынша, қазан айында орташа минималды температура -20С – ға төмендейді. Қыркүйектің 15-25-нен, түнгі аяздар басталады.
Сурет 2.2 – Көп жылдық орташа деректер мен 2010 жыл деректерінің салыстырмалы жауын – шашын мөлшері, мм
Көп жылдық орташа көрсеткіштер бойынша жауын – шашынның мөлшері ең көп түсетін ай шілде 40,4 мм, одан кейін маусым 28,3 мм және тамыз 14,9 мм. 2010 жылдың көрсеткіштері бойынша жауын – шашынның мөлшері ең көп түскен айдың бірі шілде 34,7 мм, содан кейін маусым 23,8 мм және тамыз 6,8 мм. Көп жылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда 2010 жылдың жауын – шашын мөлшері өте аз болды.
Облыстағы орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 350 мм-ге жуық, ол облыс аумағында салыстырмалы түрде қарағанда бірдей. Жауын – шашын көп мөлшерде (80-85%) жылдың жылы мезгілінде (сәуір – қазан) болады. Оның ең көп жауатын айы – шілде (60мм). Жылдың суық кезеңдерінде 15-20% ғана. Ең аз түсетін кезеңі – қаңтар-наурыз айларында. Бұл аралықта айына 10 мм-ден 20 мм аралығында ғана жауын – шашын болады. Қар қабаты тұрақты, қыс соңында оның орташа қалыңдығы 25 см-ге жуық және ол бес айға жуық (қарашадан наурызға дейін) жатады.
«СеверЖарс» шаруашылығы Бескөл селосында орналасқан. Шаруашылықтың топырғы – кәдімгі қара топырақ.
Қара топырақтар Солтүстіқ Қазақстан аумағында кең таралған. Олар Батыс-Сібір ойпатының онтүстік бөлігінде, Қазақтың ұсақ шоқыларының солтүстік бөлігінде (орманды дала және далалық табиғи аймақтар) тараған.
Қара топырақты аймақтың солтүстік бөлігінде өсімдіктер негізінен, ойдым-ойдым орман түріндегі көк терек араласқан ақ қайыңнан тұрады. Оңтүстікке қарай олар далалық ор түрлі шөптерге ауысады. Олардың ішінде коңырбас (астық) тұқымдастар формациясы басым келеді.
Информация о работе Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі