Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:34, курсовая работа
Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, ірі сапалы өнім жинау үшін, тыңайтқыштарды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.
Микротыңайтқыштар:
Жаздық бидайдың қоректенуі мен өнімнің қалыптасуына және оның сапасының жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт өте маңызды рөл атқарады. Микроэлементтер көптеген физиологиялық және биохимилық процестерге қатысады. Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және белок, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.
Кейбір микроэлементтердің өсімдік үшін нақты маңызын қарастырайық.
Марганец фотосинтез, тыныс алу, хлорофил пигментінің пайда болуына, өсімдіктің молекулалық азотты және нитратты азотты сіңіру процесінде аса маңызды рөл атқарады. Мраганец аскорбин қышқылының , қанттың және белоктың синтезделуіне әсер етеді. өсімдіктің бір гектар өніміндегі марганец мөлшері 100-700 г шамасында болады. Марганец астық дақылдарының өнімдерінде аз болады.
Молибден өсімдік тіршілігінде жан – жақты рөл атқарады. Ол түйнек бактериялардың атмосферадағы азотты байланыстыру процесін күшейтеді. Өсімдіктің қоректенуіне молибденнің жетіспеушілігінен аланин, аспаргин, глутомин, пролин және аргинин сияқты амин қышқылдарының мөлшері кемиді. Ал, амин қышқылдарының жетіспеушілігі белоктың азаюына әкеп соғады. Молибден өсімдіктің фосфорды тиімді пайдалануына әсер етеді. Егер молибден жетіспесе өсімдікте фосфордың минералдық қосылыстары көп, ал органикалық тірлері аз жиналады.
Өсімдіктің құрғақ затында молибден мөлшері аз болады. Бидай құрамында молибден – 0,16-0,19 мг болады.
Мырыш өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. Белок, май, көмірсулар, фосфор, қосылыстарының синтезделуі мырыштың қатынасында өтеді. Мырыш әсерінен өсімдіктерге С витамині, каротин көбейеді. Ол өсімдіктің суыққа, құрғашылыққа төзімділігін күшейтеді. Мырыш жетіспесе өсімдіктің өсуіне дем беретін ауксин тезірек бұзылады, судың мөлшері азаяды, осмос қысымы артады. Бұл лементтің жетіспеуі жапырақтардың ұсақ болуына себепші болады.
Мыс өсімдіктің тыныс алуына, фотосинтезге, азотты заттардың алмасуына, хлорофиллдің синтезделуіне әсер етеді. Өсімдіктерде кең таралған полифенолоксидаза, аскорбатоксидаза ферменттерінің құрамында мыс бар. Бұл элементтің жетіспеушілігінен әсіресе астық дақылдары көп зардап шегеді. М.В.Каталымов мәліметі бойынша өсімдіктің бір кг құрғақ затында 1,5 – 8,1 мг мыс болады.
Кобальт белок пен нуклеин қышқылдарының түзілуіне әсер етеді В12 витаминінің құрамында кездеседі. Ол түйнек бактериялардың жұмысын күшейтеді. Кобальт өсімдіктің құрғашылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдік түрі мен даму ерекшеліктеріне байланысты кобальт әртүлі мөлшерде мөлшерде болады. Орта есеппен өсімдіктің бір кг құрғақ затында 0,2 – 0,6 мг кобальт болады.
Өсімдіктердің жақсы өсіп жетілуі үшін жоғарыда аталған микроэлементтердің бәрі де қажет. Осы элементтердің біреуі өсімдікке жетіспесе ол жақсы өспейді, ауырады, нашар өнім береді (Кесте 5).
Кесте 5 – Бидай құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі
Дақыл |
1 кг құрғақ затта мг есебімен | |||||
бор |
молибден |
марганец |
мыс |
мырыш |
кобальт | |
Жаздық бидай:
дән
сабан |
-
- |
0,25-0,50
- |
11-120
60-146 |
4-130
1,5-3,0 |
11,4-75
10-50 |
0,05-0,13
- |
Елімізде астық
және т.б. ауыл шаруашылығы дақылдары
көлемінің тұрақталуына байланысты
олардың өнімдерін молайтудың басты
шарты органикалық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштардың еліміздегі ең көп тараған түрлері көң, көң садырасы, құс саңғырығы, шымтезек, сапропель, қордалар, көк жысыл шөптер және т.б. Топырақ бойына сіңірілетін жалпы қоректік заттар құрамындағы органикалық тыңайтқыштардың үлес салмағы 30 проценттен асады. Органикалық тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды жаздық бидай оның ыдырау барысында пайдаланады. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне жан – жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Органикалық тыңайтқыштар бидай үшін көмір қышқыл газының көзі болып табылады.
Органикалық тыңайтқыштарды енгізу – топырақ құнарлығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері, биологиялық, физикалық, физика – химиялық, химиялық қасиеттері, су және ауа режимдері жақсарады. Топырақтың сіңіру сиымдылығы мен негізбен қанығу дәрежесі артады, қышқылдылығы төмендейді, жылжымалы алюминий, темір, марганец мөлшері кемиді, буферлігі жоғарылайды. Ал топырақ құнарлығы арттырылса, онда өсетін дақылдың өсуі, дамуы, пісіп жетілуі тез болады, өсімдіктің сапасы, өнімі жоғары болады.
Көң – егіншілікте тыңайтқыш ретінде қолданылып келе жатқан күрделі органикалық заттардың бірі. Көң төгіліп өңделген жерлерден қуаңшылық жылдары да жақсы өнім алады, өйткені көңнің құрамындағы фосфор мен калий плазма коллоидтерінің және клеткалардың дымқылды болуына жағдай жасайды, ылғалдың ауысуы коэффицентін бәсеңдетеді.
Органикалық тыңайтқыштар жаздық бидайға энергетикалық материал ғана емес, топырақтағы микроорганизімдердің қоректенуінің негізгі көзі болып саналады.
Төсенішті көң құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер болатын органикалық тыңайтқыш (Кесте 6).
Кесте 6 – Көңнен қоректік заттарды пайдалану және оның химиялық құрамы
Көрсеткіштер |
N |
P2O5 |
K2O |
1 т. көңде қоректік заттарды пайдалану шығыны, кг |
4,6 |
2,0 |
6,0 |
1 жылда көңнен қоректік заттардың қорытылу коэффиценті, % |
25 |
30 |
50 |
Қоректік заттардың қорытылуы, кг/т |
1,2 |
0,6 |
3,0 |
2 жылда көңнен қоректік заттардың қорытылу коэффиценті, % |
12,5 |
15 |
25 |
3 жылда көңнен қоректік заттардың қорытылу коэффиценті, % |
10,5 |
10 |
10 |
Жоспарланған өнімге арналған тыңайтқыш мөлшерін анықтау үшін, топырақтан түсіммен кететін қоректік зат мөлшері мен өсімдіктің топырақ пен тыңайтқыштар құрамындағы қоректік элементтерді пайдалану коэффиценті ескеріледі.
Жоспарланған өнім түзуге топырақтың корек заттарының жетіспейтін
бөлігін органикалық және минералдық тыңайтқыш беру арқылы толықтырылады (Кесте 7).
Кесте 7 – Жоспарланған өнімге арналған тыңайтқыштар мөлшерін анықтау
Көрсеткіштер |
N |
P2O5 |
K2O |
1. Бір центнер негізгі өнімнің қоректік заттарды пайдалану шығыны, кг |
4,27 |
1,24 |
2,05 |
2. Жоспарланған
қосымша өнімнің қоректік |
85,4 |
24,8 |
41 |
3. Картогграмма бойынша бір кг топырақтағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің мөлшері, мг |
1,8 |
2,8 |
38 |
4. Топырақтың жыртылатын қабатындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің қоры, кг/га |
30 |
30 |
30 |
5. Қоректік заттардың топырақтағы мөлшері, кг/га |
54 |
84 |
1140 |
6. Өсімдік тапырақтан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, % |
20 |
5 |
10 |
7. Топырақтан
өсімдік сіңіретін қоректік |
10,8 |
4,2 |
114 |
8.Қоректік заттардың жетіспеушілігі |
74,6 |
20,6 |
|
9.1 тонна органикалық
тыңайтқышпен берілетін |
4,6 |
2,0 |
- |
10. Берілген органикалық тыңайтқыштармен қанша қоректік заттар енгізілді, кг |
92 |
40 |
- |
11. Өсімдіктің органикалық тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэфиценті, % |
25 |
30 |
- |
12. 1 жылда қоректік
заттардың қолданылатын |
23 |
12 |
- |
13. Минералдық
тыңайтқыштар түрінде |
51,6 |
8,6 |
- |
14. Пайдалану коэффицентіне сәйкес минералдық тыңайтқыш түрінде берілетін қоректік заттар мөлшері |
50 |
10 |
- |
15. Минералды тыңайтқыштар құрамындағы әсерлі заттардың мөлшері,кг |
103,2 |
86 |
- |
16.Минералды тыңайтқыштар құрамындағы әсерлі заттардың пайызы, % |
34 |
50 |
- |
17. Туктағы тыңайтқыштардың мөлшері, кг/га |
303,5 |
172 |
- |
N – 4,27 кг/ц
P2O5 – 1,24 кг/ц
K2O – 2,05 кг/ц
Жоспарланған өнім – 20 ц/га
N – 1,8 мг/г
P2O5 – 2,8 мг/г
K2O – 38 мг/г
(3п * 4п).
(Кесте 4).
(Кесте 6)
13. Минералдық тыңайтқыштар
түрінде берілетін қоректік
берілетін қоректік заттар мөлшері (Кесте 4)
13п * 100 / 14 п азайтумен есептедім.
«СеверЖарс» шаруашылығының топырағы кәдімгі қара топырақта қоректік заттардың мөлшері азот 54 кг/га, фосфор 84 кг/га, калий 1140 кг/га, жаздық бидай өзіне топырақтан сіңіретін қректік заттардың мөлшері азоттан 10,8%, фосфордан 4,2%, калийден 114%. Жаздық бидай өзінің құрамына органикалық тыңайтқыштардан қоректік заттар сіңіреді, көңнен, қордадан азоттың 25 пайызын, фосфордың 30 пайызын сіңіреді. Минералдық тыңайтқыштар түрінде берілет қоректік заттар мөлшері азоттың 51,6 кг-ы, фосфордың 8,6 кг-ы сіңіріледі.
Информация о работе Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі