Мақта шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Оңтүстік аймақ байлықтарының бірі – мақташаруашылығы. Оңтүстік Қазақстан облысындаосы жылы 154 мың гектар жерге мақта себілген. Ал 2010 жылы 134,2 мың гектар алқапқа себілген мақтадан 240 мың тонна шикізат алынған. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, өнімді. Мақта плантациясының көлемi жыл өткен сайын кемiп, шитті мақтадан алатын өнімнің азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған орай, оңтүстікте біраз басқосулар болып, мақтаның түсімділігін арттыру мен сапасын жақсарту негізгі мәселелер болып отыр. Өнімділікті жақсартудың жолдары ұсынылып, «Мақта саласын дамыту туралы» Заңдар еңгізілді.

Содержание

Кіріспе
1.Оңтүстік Қазақстан мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты туралы қысқаша сипаттама
1.1 Шаруашылықтың орналасуы: облысы, ауданы, ауылы, облыс және аудан орталықтарына дейінгі қашықтық
1.2 Табиғат-климаттық жағдайлары: топырақ-климаттық жағдайы, жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғылары
1.3 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты, әр саланың меншікті үлесі(өсімдік шауашылығы,мал шаруашылығы және тағы басқалар).
1.4 Жер түрлері (жыртылған жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және тағы басқалары)
1.5 Өндірісті механизациялау деңгейі (техникалармен, ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз етілуі).

2.Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптар
2.1 Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.
2.2 Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.
2.4 Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы «Мақтаарал» сорттарын өсірудің агротехникасы.
Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.
2.6 Еңбекті қорғау.

3.Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

макта отчет.docx

— 2.91 Мб (Скачать)

Облыс көлемінің  жері Сібірден, Ираннан, Каспий теңізі жақтан соғатын ауаның жолында жатыр. Ираннан соғатын ауа мен Сібірден соғатын суық ауа кездесетіндектен бұл жердің ауа райы тұрақты болмайды. Қыста егіс жұмысын жүргізуге  болатындай жылымық күндер де аз емес. Облысымыздың жеріне Арктикадан соққан ауа қатты жел тұрғызып, қар  жаудырады. Содан соң температура  кенет төмендейді де, ашық күнді  қатты аяздар болады. Күз бен көктемде Арктикадан келген ауа боз қырау  түсіреді.  

Жазда облыстың жерінде ауаның мынадай үш түрі болады: Орта Азия  мен Иранда пайда болатын  жылы және ылғалды континентальды полярлық ауа, суық және құрғақ Арктикалық ауа  мен тропикалық ауа. Бұл аудандардың  қай-қайсысының болса да ерекшеліктерінің қалыптасуына, жергілікті ыстық ауаның айналуы да басты роль атқарады.  

Жылдың барлық уақытында облыс жерінде солтүстік  және солтүстік-шығыстан жел соғып  тұрады. Соғатын желдің бағытына жер  бедері үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, облыстың шығыс аудандарына солтүстігінде  Боралдай тауы жатқандықтан жел шығыстан, ал Шаян, Созаққа солтүстік-шығыс  және солтүстіктен соғады.   

Желді күндердің  саны әртүрлі. Желдің  көп болатын  жері Шаян, Түркістан, Түлкібас, тіпті  бұл жерлерде жылдың барлық уақытында  да жел соғып тұрады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 2,3-5,3 метр шамасында ауытқып отырады. Ең күшті  желдің соғуы көктемде болады. Бұл  кезде желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетеді. Жел ауа райын  өзгертіп, кейде кенеттен жылытып, немесе қар жаудырады.

Орташа ауа  температурасы Мырзашөл өңірінде 12,30С, Түркістанда, Келес аумағында – 12,50С, Шардарада – 12,60С, таулы аймақтарда 7-80С болып келеді. Облыстың орта шенінде бұл 11,80С–тан 12,2 градус мөлшерінде ауытқып отырады. Жазда ашық күндер және құрғақ ауа топырақтың үстіңгі қабатын мен ауаның төменгі қабатын қатты қыздырып жібереді. Жазық жерлердің шілде айындағы орташа температурасы 25-29 градусқа дейін көтеріледі.

Күнтәулігінің орташа температурасы 20 градустан асатын күндер 4 айға дейін созылады. Таулы  аудандардың жазы салқын, таудың ортабелдеуінде орташа температура 8-10градус болып  келеді.  

Оңтүстік  аймақтарда орташа ауа температура  жаз айларында 28 градус төңірегінде  болады. Жалпы жылылық бойынша  орташа тәулік температура 100С жоғары. Облыс көлемі бойынша вегетация кезеңінде мамыр айынан тамыз айлары бойынша тиімді температура 1700–1850градус болады.

Жылы мерзімдердің ұзақтығы солтүстікте 170 күннен 190 күнге, ал оңтүстікте 230 күннен 250 күнге дейін  ауытқиды.

Оңтүстік  аймақта орташа жылдық ауа ылғалдылығы 51-56 пайызды құрап, солтүстікке қарай 60-65 пайызды дейін көтеріледі. Сонымен  бірге жерлер үздіксіз суарудың және басқада гидрогеологиялық  жағдайлардың өзгеруіне байланысты жазғы кезеңдерде ауа ылғалдылығы төмендеп және көтеріліп  отырады. Суарылмайтын аймақтарда жазғы  кезеңдерде бұл көрсеткіш 20 пайызды  құрап, ал суармалы жерлерде 30 пайызға  дейін жетеді.

Жылдық булану дәрежесі солтүстікте 1150-1250 миллиметр, ал оңтүстік аймақтарда 1500-1600 миллиметрді  құрайды.

Булану дәрежесі өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде жылдың булану мөлшерінің 75-80 пайызын құрап, 1000-1300 миллиметрге дейін жетеді.

Облыс көлемінде  бірінші күздік суық кезеңі қазанның ортасында түседі, солтүстік-солтүстік  шығыс бөлігінде  - қыркүйектің  соңында, ал соңғы суық мерзім болып  сәуірдің ортасы болып саналады. 

Бірінші кестеде  көрсетілгендей жауын-шашын түсу деңгейі  негізгі мақта егілетін аймақтарда орташа көпжылдық көрсеткіш бойынша  194 миллиметрден 364 миллиметрге дейін  ауытқиды: Шардара және Түркістанда 194 миллиметрден 225 миллиметрге, ал Келес  өңірінде 364 миллиметр, оңтүстік жақтарда 262 миллиметр.

Мырзашөл  өңірі – жауын-шашын аз түсетін  өңір, және де жылдың кезеңінде әр түрлі  болып келеді. Жазда температура  көтеріледі, қыста төмендейді. Жыл кезеңдерінде ауа құрғақталып, топырақтың жоғарғы беткейіне күшті булану жүреді. Көктемде (наурыз-мамыр) жылдық мөлшердің 39-51 пайызы түседі, жазда ( маусым-тамыз) 26 пайыз, күзде (қыркүйек - қараша) – 12-22 пайыз, қыста (желтоқсан- ақпан) – 31-40 пайыз жауын-шашын түседі. 

Көпжылдық ауаның орташа температурасы көрсеткіші, солтүстік-батыс  аймақтарда (Шардара-Мақтаарал)  12,0–12,5 градусқа тең келеді. Шілдеде орташа айлық температура Мырзашөл өңірінің солтүстүгінде 27-28градусқа тең, оңтүстікте 30,1–30,4 градусқа жетеді (1 кесте).

Көктемде  топырақтың жоғарғы беткейінде булану көлемі – 296,4 мм, жазда – 456,9 мм, күзде  – 144,7 мм, қыста -71,5 мм, яғни жыл бойы орташа булану – 969,5 мм–ді құрайды, ал жылдық түсетін жауын-шашын 416 мм-ді құрайды. Жауын-шашынның аздығынан  және буланудың күшті әсерінен көктемнен  күзге қарай судың капиллярді булану әсерінен, топырақтың жоғарғы  беткейіне тұздардың жинақталуына әкеп соқтырады.

Л. М. Теодорович температураның алмасу кезеңі 22-27 наурызда басталады деп айқындайды. Вегетациялық кезеңнің созылымы (Мақтаарал)  191 күннен 230 күнге созылады (ст. Урсатьевская).

Жалпы вегетация  кезеңінде мақта қозасы 2200 (Мақтаарал) градустан 2500 градустай тиімді теператураны алады (ст. Урсатьевская). Сонымен ауаның жылу ережесі Мырзашөл өңірінің аймағындағы  өсірілетін жылу сүйетін мақта қозасына қолайлы келеді.   

Қорыта келгенде аймақтың ауа райы температурасының  жоғары болып жауын-шашынның аз болуынан ерекшелінеді. Өсіп-өну мерзіміндегі жылылықтың қосындысы 4000градус болады.  Осындай табиғи жағдайлар барлығы  ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрін  соның ішінде мақта қозасының  да жақсы өніп-өсіп, пісіп – жетілуіне  мүмкіндіктер жасайды.

 

Кесте – 2 Орташа көпжылдық ауа температурасы ( 0С) мен  жауын-шашын мөлшері (мм)

 

Метеостанция

Көрсеткіштері

айлар

Орташа

жылдық

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Оңтүстікаймақ

Мақтаарал

Ауатемпературасы

( 0С)

-2,9

0,6

4,7

14,3

20,3

24,9

26,5

24,3

18,3

11,7

4,9

-0,1

12,3

Жауын-шашын

(мм)

32,0

32,0

48,0

39,0

21,0

6,0

2,0

2,0

3,0

15,0

28,0

34,0

262

Орталықаймақ

Келес-Сарыағаш

Ауатемпературасы

( 0С)

-3,4

0,0

6,6

16,3

19,9

25,2

27,8

25,4

19,1

11,8

4,4

-0,8

12,5

Жауын-шашын

(мм)

46

43

63

54

33

13

1

3

1

22

38

47

364

Солтүстікаймақ

Түркістан-Бөген

Ауатемпературасы

( 0С)

-5,6

-2,3

6,2

13,9

20,9

25,7

28,3

26,4

19,8

11,1

2,7

-2,9

11,9

Жауын-шашын

(мм)

27

22

31

25

18

8

3

2

3

9

17

29

194

Шардара

Ауатемпературасы

( 0С)

-4,0

-0,1

6,4

13,9

20,8

26,0

28,6

26,5

19,6

11,6

3,7

-1,6

12,6

Жауын-шашын

 

(мм)

27

27

40

36

22

7

2

2

1

13

21

27

225


 

1.3 Топырағы

Оңтүстік Қазақстан облысының  табиғи-климаттық жағдайы әр түрлі  болып келеді.

Топырақтың басты ерекшеліктері  - облыс жері көбінесе сұр топырақты  болып келеді. Олар көп жағдайда суды жақсы өткізетін сары топырақ  пен сары топырақ тәріздес жыныстардан  құралады және олар бойына ылғалды, қоректі  заттарды мол жинайды. Сондықтан  топырақтың әр түрлі қалыптасуына әкеп соғады.

Мамандардың жасаған топырақ картасына  сәйкес аймақта топырақтың басым  көпшілігі төмендегідей.

  1. Таулы қоңыр топырақ;
  2. Қоңыр топырақ;
  3. Күңгірт сұр топырақ;
  4. Кәдімгі сұр топырақ;
  5. Ашық сұр топырақ;
  6. Қоңыр сұр топырақ;
  7. Көгалды сұр топырақ;
  8. Тоғайлы топырақ;
  9. Сортаң топырақ;
  10. Тұзды топырақ;
  11. Құмдар.

Ауыл шаруашылығы үшін ең маңыздылары  қоңыр, сұр және шалғынды сұр топырақтар. Шөл аймақ сұр қоңыр топырақты  болып келеді. Сұр қоңыр топырақтар тұзды және сортаң генетикалық түрлерге бөлінеді. Ауыл шаруашылығында әлсіз  дамыған сұр қоңыр топырақты  жерлер жайылым ретінде пайдалынады. Бұл топырақтарды өңдеп, егіншілік  жүйесін жүргізу мүмкін емес. 

Созақ ауданы облыстың солтүстігінде  Бетпақдала шөлі, Шу, Сарысу өзенінің бойы, Мойынқұм құмы, Қаратау тауымаңындағы  жазықтың үлкен бөлігін алып жатыр. Субтропикалық аймақта негізінен  ашық сұр, шалғынды сұр және тоғайлы  топырақтар кездеседі, олардың тұздану  дәрежесі әртүрлі деңгейде. Осы топырақтар Сырдария өзенінің бойын алып жатыр. Оған Шардара, Мақтаарал, Отырар, Арыс, Түркістан аудандарының егістік  алқаптарының бөліктері де кіреді.

Ауыл шаруашылығында осы топырақты  аймақтар суармалы егіншілік үшін қолданылады. Су Сырдария өзенінен алынады.

Күріштің 100 пайыз, мақтаның 70-80 пайыз  және көкөніс, бақша, малазықтық дақылдар осы жерде өсіріледі.

Тау маңындағы ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақтың топырағы кәдімгі  сұр топырақты және теңіз деңгейінен 400-600 метр биіктікте орналасқан.

 

 

 

 

 

Бұл аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы орталық тұсының барлығын алып жатыр  және оларға Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Түркістан (бір бөлігі), Арыс (бір  бөлігі), Бәйдібек (бір бөлігі), Қазығұрт (бір бөлігі), Түлкібас (бір бөлігі), Төлеби (бір бөлігі) аудандары кіреді.

Топырақ құрайтын жыныстар ылғалдылық жағдайында және жер бедері ерекшеліктеріне  байланысты кәдімгі эродирленген және аз дамыған генетикалық түрлерге бөлінеді. Бұл топырақтар тұзданбайды. Сондай-ақ бұл белдеудің агрошаруашылықта маңызы өте жоғары. Мұнда дәнді  дақылдар және малазғындық дақылдар (жоңышқа) өсіріледі. Таулы аймақтың топырағы таулы қоңыр, қоңыр және күңгүрт сұр топырақты болып  келеді.

Бұл аймақтың топырағы күрделі, рельефті және элливиальды-деллювиальды шөгінділер қалыптасқан, соның ішінде аз жетілген, эродирленген, тасты-қиыршық тасты  түрлері кездеседі (әлсіз, орташа, қатты  тастанған немесеқиыршық тасты  және т.б.).

Ауыл шауашылығына жарамдылығы  жағынан бұл аймақ (таулы қоңыр, күңгірт, сұр топырақ) мал жайылымы болып бағаланады. Тау қойнауында бау-бақша егіп, өркендетуге мүмкіндік  бар. Тау бөктеріндегі және тау арасындағы тегістіктер жер өңдеуге қолайлы, атап айтқанда, дәнді және азықтық  дақылдар егуге мүмкіндіктер мол.

Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы  суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ  тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы  келеді.

Суармалы және тәлімі егіншілікті  бірдей дәрежеде өркендетуге болатын  аралық алқаптар да бар. Егіншілікті  қолайсыз биік таулы жерлерді жайылымға  ғана пайдалануға болады.

Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды  белдеу орналасқан. Ол жауын-шашын жеткілікті, егіншілік үшін тұрақты тәлімі жер  болып табылады. Беткі қабаты –  таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр топырақ.

Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептәуір  айқын рельефті ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан.Мұндағы  беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ  жатыр.          

Ең оңтүстік бөлікке көгалды, тек  суармалы егіншілік үшін ғана жарамды  көп карбонатты сұр топырақ басым  келеді. Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Зерттеулер бағытын таңдау

 

Әлемдік нарықта  жоғары сапалы мақта талшықтары үлкен  сұранысқа ие. Сондықтан халықаралық  талаптары мен стандарттарына сай  келетін мақта сұрыптарын өсіру  бойынша қажетті іс-шаралар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жаңа отандық  жоғары түсімді, ерте пісетін, жоғары сапалы мақта сұрыптарын өсіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Информация о работе Мақта шаруашылығы