Мақта шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Оңтүстік аймақ байлықтарының бірі – мақташаруашылығы. Оңтүстік Қазақстан облысындаосы жылы 154 мың гектар жерге мақта себілген. Ал 2010 жылы 134,2 мың гектар алқапқа себілген мақтадан 240 мың тонна шикізат алынған. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, өнімді. Мақта плантациясының көлемi жыл өткен сайын кемiп, шитті мақтадан алатын өнімнің азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған орай, оңтүстікте біраз басқосулар болып, мақтаның түсімділігін арттыру мен сапасын жақсарту негізгі мәселелер болып отыр. Өнімділікті жақсартудың жолдары ұсынылып, «Мақта саласын дамыту туралы» Заңдар еңгізілді.

Содержание

Кіріспе
1.Оңтүстік Қазақстан мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты туралы қысқаша сипаттама
1.1 Шаруашылықтың орналасуы: облысы, ауданы, ауылы, облыс және аудан орталықтарына дейінгі қашықтық
1.2 Табиғат-климаттық жағдайлары: топырақ-климаттық жағдайы, жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғылары
1.3 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты, әр саланың меншікті үлесі(өсімдік шауашылығы,мал шаруашылығы және тағы басқалар).
1.4 Жер түрлері (жыртылған жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және тағы басқалары)
1.5 Өндірісті механизациялау деңгейі (техникалармен, ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз етілуі).

2.Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптар
2.1 Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.
2.2 Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.
2.4 Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы «Мақтаарал» сорттарын өсірудің агротехникасы.
Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.
2.6 Еңбекті қорғау.

3.Қорытынды.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

макта отчет.docx

— 2.91 Мб (Скачать)

 

                                           Мазмұны

 

 Кіріспе                                                                                                                 

1.Оңтүстік Қазақстан мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты туралы   қысқаша  сипаттама

 1.1 Шаруашылықтың орналасуы: облысы, ауданы, ауылы, облыс және аудан орталықтарына дейінгі қашықтық

1.2 Табиғат-климаттық жағдайлары: топырақ-климаттық жағдайы, жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғылары

 1.3 Шаруашылықтың ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы: негізгі өндірістік бағыты, әр саланың меншікті үлесі(өсімдік шауашылығы,мал шаруашылығы және тағы басқалар).

1.4 Жер түрлері (жыртылған жерлер, шабындықтар, жайылымдықтар және тағы басқалары)         

 1.5 Өндірісті механизациялау деңгейі (техникалармен, ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз етілуі).

 

2.Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптар

 2.1 Тұқымдық шиттердің сапасын жақсарту жұмыстары.

 2.2 Элиталық тұқымдық шитті өндіру технологиясы.

 2.4 Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясындағы «Мақтаарал» сорттарын өсірудің агротехникасы.

    1. Мақта шаруашылығын дамытудың басты мәселелері.

2.6 Еңбекті қорғау.

 

3.Қорытынды.

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Өндіріске енгізілген алғы іс-шаралар

 

1). Егу алдындағы топырақты өңдеу  және толық түп сан алу.

2). Егу алдындағы және егіс  кезіндегі минералды тыңайтқыштар  енгізу.

3). Жоғары қарқынмен жүргізілетін  жоңышқалы – мақта жүгерілік  ауыспалы                                                    егіс.

4). Мал азықтық дақылдарды егіске  енгізу.

5). Кең қатар аралықтағы мақта  егісі.

6). Мақта тұқымы бір-бірімен бірдей  қашықтықта себу.

7). Бір жылдық және көп жылдық  арашөптерге қарсы гербицидтер  енгізу.

8). Мақтаны жаңбырлатып суару.

9). Жер асты және ашық дренаж  суымен қуаңшылық жылдары мақта  және ауыспалы егістегі басқа  да дақылдарды суару.

10). Тік дренаж скважинасының  тиімділігі.

11). Мақтаның зиянкестеріне қарсы  интеграциялық күрес.

12). Механикалық тәсілмен мақтаны  шырпу.

13). Мақта жапырағын түсіру үшін  дефолианттар қолдану.

14). Мақта зиянкестерімен биологиялық  тәсіл арқылы күресу.

15). Мақтаны комбайнмен жинау.

16). 38-40 см тереңдікте екі қабатты жер жырту.

17). 60 см тереңдікке дейін топырақ тереңдеткішімен жер жырту.

18). Дифференциялық сор шаю.

19). Жерді меморациялау.

20). Қысқа танапты жоңышқалы мақта  ауыспалы егісі.

 

Жұмыс атқару бағыты

 

- Генетикалық ресурстарды сақтап  жетілдіру және пайдалану арқылы  жаңа мол өнім беретін, қоршаған  ортаға төзімді мақта сорты  мен будандарын шығару.

- Әртүрлі ауруларға төзімді  мақта сорттарын шығару.

- Ауыспалы егіс тізбектерін  нарықтық жағдайға сәйкес әзірлеу.

- Топырақ  құнарлылығына байланысты  ауыспалы егістікте минералды  тыңайтқыштарды енгізу жүйесін  әзірлеу.

- Түпнұсқалық және элиталық  шитті тұқым өндірудегі тұқым  шаруашылық тізбегін жедел дайындап  жетілдіру.

- Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды  енгізу арқылы минералды тыңайтқыштардың  мөлшерін азайтуды бақылау.

- Әр түрлі мақта сорттарын  экологиялық тұрғыдан сынақтан  өткізу.

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

Оңтүстік  аймақ байлықтарының бірі – мақташаруашылығы. Оңтүстік Қазақстан облысындаосы жылы 154 мың гектар жерге мақта себілген. Ал 2010 жылы 134,2 мың гектар алқапқа  себілген мақтадан 240 мың тонна шикізат  алынған. Биылғы көрсеткіш былтырғымен  салыстырғанда,  өнімді.

Мақта плантациясының көлемi жыл өткен сайын кемiп, шитті  мақтадан алатын өнімнің азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған орай, оңтүстікте біраз басқосулар болып, мақтаның түсімділігін арттыру мен сапасын жақсарту негізгі мәселелер болып отыр. Өнімділікті жақсартудың жолдары  ұсынылып, «Мақта саласын дамыту туралы»  Заңдар еңгізілді.

Қазақстанда мақта өсіруді әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, мақта өсіруді және өңдеуді кәсiпорындары мен мақта  өсiрушiлерге жаңа технология ұсынылды.

2005 жылдан  берi жүйелi жұмыс iстеп келе  жатқан Қазақ мақта шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институтының ұжымы  бәсекеге қабiлеттi мақта сорттарын  шығару жұмыстары жүктелді.  Зертханалық  сараптамаларда талшықтың ұзындығы  стандарттық мөлшерден қысқа  екендiгiн көрсеткен. Бұл –  бiр ғана көрсеткiш. 

Қазіргі күні селекциялық сұрыптау тәсілдерінің салдарынан  бірнеше сұрыпталған  мақта алынуда. Кейбір қолайсыз жағдайларда  жиі кездеседі, ол сондай-ақ ауыспалы егiстiктiң сақталмауы да мақта өнімінің сапасы нашар болуына айтарлықтай  кедергі болып отыр.

Селекцияның міндеті өнімді мол беретін әрі  оның сапасы жоғары болатын жаңа сорттарды  жасап шығару болып табылады.

Мұның өзі  жақсы климат жағдайларына, топыраққа, суармалы егіс жағдайларына мейлінше бейімделген, жоғары сапалы және өнімді мол беретін  мақта сорттарын  іріктеу арқылы жүзеге асады.

Селекцияның мейлінше қарапайым тәсілі өсімдіктерді іріктеп алу,  аудандастырылған сорттардың шаруашылық талаптарына сәйкес келетін  және ескі сорттарды өзара жақсарту және жаңа сорттарды шығару болып  табылады.

Тез пісіп  жетілетін, мақта талшықтарының  технологиялық сапасы жоғары, түрлі  ауруларға төзімді, өнімді мол беретін  жаңа сорт шығару үшін  будандастыру тәсілдері қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институты 

«Қазақ мақта шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ҚМҒЗИ» ЖШС) мақта шаруашылығы саласында  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді  және нәтижелерін өндіріске енгізеді.Негізгі миссиясы – мақта шаруашылығын дамыту бойынша кең ауқымды ғылыми-техникалық қызметтер көрсету, мақтаны, бақша дақылдарын және көпжылдық шөптерді суармалы жерлерде пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.1927 жылы құрылған. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі «ҚазАгроИнновация» АҚ еншілес ұйымы.

Ғылыми әлеуеті

«Қазақ мақта шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрамында, мақта  шаруашылығы, бақша дақылдары және көпжылдық шөптер бойынша ғылыми-зерттеу  жұмыстары жүргізіледі, жергілікті жерлерде мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен  және республикамыздағы мақта өсіруші  агрофирмалармен жедел қарым-қатынастың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін орталық кеңсе (Оңтүстік Қазақстан  облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент  кенті) және Шардара филиалы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын Ата ауылы) қамтылған.

Институтта қолданылатын қажетті ауыл шаруашылығы техникасы  негізінен 2007 жылы шығарылған. Қазіргі  заманға лайық зертханалық талдаулар  жүргізуге арналған зертхана құрал-жабдықтары негізінен 2008 жылы шығарылған.

 

 

 

Кадрлық әлеуеті 

Барлығы

cонымен бірге

ғылыми қызметкерлер

ғылым докторлары

ғылым кандидаттары

53

16

3

5


Негізгі бағыттары  мен міндеттері

Мақтаның отандық, бәсекеге қабілетті жаңа сорттарын және оларды өсіру технологияларын шығарып  енгізу;

Ландшафтық негізде мақта  өсірудің жаңа инновациялық технологияларын  жасап дамыту;

Мақтаның бірегей және элиталық тұқымдарын өндіріп сату;

Мақта шаруашылығы, бақша  дақылдары және жемшөп өндірісі салаларында  жүйелі зерттеулер жүргізу;

Перспективалы шетелдік технологияларды  игеріп бейімдеп алу;

Аграрлық бағыттағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта  даярлау («Мақтаарал» БТО);

Ғылыми зерттеулердің  нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар мен  конференциялар өткізу;

Шетелдік көрнекті ғылыми орталықтармен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу.

Негізгі ғылыми жетістіктері

Мақтаның отандық тез  өсіп жетілетін, өнімділігі жоғары, жаңа сорттары шығарылды, олардың бесеуі (ПА-3031, ПА-3044, М-4005, М-4007 и М-4011) аудандастырылды;

Мақтаның отандық жаңа сорттарын өсірудің инновациялық екі  технологиясы және мақтаның ауыспалы егісінің тиімді екі жаңа технологиясы әзірленді;

Элиталық тұқым шаруашылықтарына арналған тұқым жаңартудың бес жылдық схемасы және мақтаның перспективалы  сорттарын алдын ала көбейтудің үш жылдық схемасы әзірленді;

Суармалы жоңышқаның «Көксарай», қарбыздың «Достық-10» және қауынның «Қарақай» деген бәсекеге қабілетті  отандық жаңа сорттары шығарылып  МСС-қа берілді.

Мақтаны атыздап суару  кезіндегі суармалы егіс режимі, сондай-ақ топырақтың тұздануы мен топырақ  асты суларының тереңдігіне байланысты күзгі-қысқы кезеңде суару технологиялары әзірленді.

Агроэкожүйенің фитосанитариялық жай-күйін ескере отырып топырақты  қалпына келтіру негізінде мақта  өсірудің су үнемдейтін технологиясы әзірленді.

Мақта өніміне арналған технологиялық  регламенттер мен мемлекеттік стандарттар  әзірленді;

Мақтаның бірегей және элиталық тұқымдарын алудың жаңа схемасы  әзірленді;

Өңірде мақтаның сортын жаңарту  және сорт алмастыру жүйесі әзірленді;

Топырақ-климат жағдайларын  ескере отырып мақта өсірудің Қызылорда  облысына арналған технологиясы әзірленді;

Мақтаның отандық 5 сорты  өндіріске енгізілді, олар 110 мың  гектардан астам егістік жерде  немесе республикамыздағы бүкіл  егістік алқаптың 80 пайызынан астам  көлемінде өсіріледі;

Мақта-жоңышқа қысқа ротациялық ауыспалы егісі 25 мың га алқапқа  енгізілді;

Институт ғалымдары әзірлеген  отандық мақта сорттарын өсіру  технологиясы 27 мың га егістік алқапқа  енгізілген.

Басшылық

Бас директор:ҮмбетаевИбадулла

Бас директордың  ғылым жөніндегі орынбасары: БиғараевОразбекҚабылұлы

Ғылыми хатшы:Костаков Амандық Қамбарұлы

Филиал

Шардара филиалы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, ҰзынАта ауылы.

«Мақтаарал» БТО:Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Лабораторная көшесі, нөмірсіз үй


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптау

                    Кесте 1.   Егіс көлемінің құрылымы,га

 

 

 

Дақыл

 

2013 жылдың қорытындысы

(осы жылғы)

 

2014 жылға жоспар

(алдағы жылғы)

Егіс көлемі

Егіс көлемі

Га

Га

Мақта

95

120

Жоңышқа

             25

                   40

Қауын,қарбыз

30

                   50


 

 

Мақта (Gossypіum), қоза–құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

Мақта өнімдері

1 т шитті  Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады.

 

       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН  ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

 

1.2 Климат

Оңтүстік  Қазақстан облысының топырақ-климаттық  жағдайы және ауа-райының қалыптасу  ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолйлы.

Бұл облыс  солтүстік ендік бойынша 41 градустан 46 градусқа және шығыс бойлық бойынша 65 градустан 71 градусқа жайылып жатыр. Бұл өлкенің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 550 километрден жоғары, ал батыстан шығысқа қарай 470 километр, жалпы көлемі  - 121,5 мың км2 жерді алып жатыр.

Оңтүстік  Қазақстан облысы Тянь-Шяньның батыс  аласа бойлы тау тарамы мен  айтрлықтай биік таулы жоталар бөлігін, осы жоталардың тау жиегі жазықтығын, Түркістанның байтақ кеңістігін, немесе Тұран ойпат жерлері мен Бетпақ даланың биік жазықтығын қамтып алып жатыр.

Облыс климаты – континенталды, әсіресе құмды, сазды және шөлді  жазық жерлерде құбылмалы  өзгеріп  тұрады.

Оңтүстік  Қазақстан облысының климат жағдайы  әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешелінеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 0 градустан жоғары  болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікке 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдың орташы температурасы 8-14 градус аралығында болады.Жылдың ең суық айы -  қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте 0 градустан  солтүстікте минус 10градусқа дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кейжылдары 30-35 градус суықты көрсетеді. Ең ыстық ай  - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 24 градус, оңтүстікте 35 градус шамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-45 градусты  көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 миллиметр, жартылай шөл – 250-300 миллиметр, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 миллиметр. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі  түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір  айларында, ең азы жазда жауады (5-7 пайыз). Қысқы және көктемгі жауын-шашын  жылдық  мөлшердің 70-80 пайызын құрайды. 

Информация о работе Мақта шаруашылығы