Егістік шаруашылығына қысқаша талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:51, курсовая работа

Описание работы

Келер жылдарда Қазақстнда агроөнеркәсіп кешендерін дамытуда алдағы мақсаттар қойылды, бұндай мақсатты еліміз жоғары сапалы және бәсекелесе алатын ауылшаруашылық өнiм соның iшiнде мал шаруашылығының жеткiлiктi санда өндiрiсте болуы мүмкiн азық-түлiктiң дүниелiк және аймақтық жабдықтаушы болу үшiн.
Осы мақсаттың нақты шешiм бiр гектардан ауылшаруашылық өнiмнiң шығуы үлкейтуге керектігінен. Ол үшiн бағалы және арзан жемдермен мал шаруашылығын қамтамасыз етуi керек, бұл тек қана жаңа жоғары белокты көпжылдық шөптерді өндiрiске енгiзуде жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе
I. Шаруашылықтың топырақ – климаттық жағдайы.
II. Егістік шаруашылығына қысқаша талдау.
III. Дақылдың биологиялық ерекшелігі және сорттары.
IV. Дақылдан жоғары өнім алу үшін агротехникалық жүйені әзірлеу.
Бағдарламаланған өнім өсірудегі есептеулер
4.1 Дақылдың ауыспалы егісте алатын орны
4.2 Тыңайтқыштар жүйесін әзірлеу.
4.3 Топырақ өңдеу ерекшеліктері.
4.4 Тұқымды себуге дайындау.
4.5 Себу
4.6 Егісті күту
4.7 Өнімді жинау
Қорытынды және өндіріске ұсыныс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Донник.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

Кесте -10.

Көпжылдық мал азықтық  шөптердің тұқымға өңдеу технологиясының  мінездемесі және салыстырмалы мінездемесі

Көрсеткіш

Жаңа технология  қамтамасыз етеді, %

Өнімділіктің жоғарылауы

25-30

Сорттар және тұқымдардың егу сапасының  жоғарылауы.

10-12

Ылғал сақтау

15-17

Ресурстарды сақтау

 

-тұқымдар 

60-70

- ГСМ

30-35

- өсімдікті қорғау заттары

10-12

-жұмыс өнімділігінің жоғарылауы 

50-55

Өнімнің өзіндік құнының  түсуі 

50-60

Пайданың жоғарылауы

40-45

Тиімділіктің (рентабельность) жоғарылауы

150-200


 

Қорытынды: ылғал және ресурс қорларын сақтайтын өңдеу технологиясын жүргізу керек.

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаланған  өнім өсірудегі есептеулер

 

Салмақтық себу мөлшерін есептеуге мына анықтаманы пайдаланады:

,

мұнда, Сн – тұқымның себу мөлшері, кг /га;

К(А) – ұсынылған себу мөлшері, млн/га өңгіш тұқым;

М – 1000 тұқымның массасы, г;

Сж (ПГ) – тұқымның себу жарамдылығы, %.

К=4-5 млн/га өңгіш тұқым;

М-2,5 г 

Сж=Тқ*Тө/100=93*97/100=89.

НВ=2,5*4,0*100/90=11 кг/га   

 

    НМӨ формула бойынша анықтайды:

УДВУ=100W/Квm

Мұндағы: W- өсімдік  үшін өнімді ылғал қоры, мм

                  Кв- су пайдалану коэффициенті, мм2 га/ц

                  Кm-өнімнің шаруашылықты тиімділік коэффициенті немесе негізгі өнімнің жалпы биомассадағы үлесі

   W-95 мм                                          

    Кв-120 мм2 га/ц (суарылмаған және ылғалмен орташа қамтамасыз етілгенде)

    Кm-(1:1,5). =1/1+1,5=0,4

    Кm(таза өнім )=(0,4*100)/86=0,4

   Өнмө=(100*95/120)*0,4=31,6 ц/га

Яғни  суарылмаған және ылғалмен орташа қамтамасыз етілгенде 31,6 ц/га өнім алуға болады.

  1. НМӨ  ылғалмен қамтамасыздануын Алпатьев А.М., бойынша есептеу

Бұл әдіс баланс құруға негізделген, оның кіріс бөлігі жиынды су пайдалану, ал екінші

шығыс бөлігі-бір өлшем егістікте қалыптасатын өнімге жұмсалатын су келтіріледі:

 

Жс =НМӨ * Кс

 

мұнда, Жс – жиынды су пайдалану, м3/га;

            Кс – су пайдалану коэффициенті , м3/ц өнім

 

Жс=29.7*120=3564 жиынды су пайдалану(суарылмаған және ылғалмен орташа қамтамасыз етілгенде)

 

 

 

1 м2 егістіктегі қолайлы сабақ жиілігіне есептеу қажет. Формуланы  М.С. Савицкий ұсынған:

 

,

 

мұнда,  Сн – себу мөлшері, кг/га;

  С – егін жинау  қарсаңындағы 1м2 алаңдағы сабақө саны, дана;

  А –1000 тұқымның  массасы, г;

  К – өнімді түптену  коэффициенті, дана;

  В – тірі қалу  көрсеткіші, тұқымның далалық өңгіштігі  мен өсімдіктің сақталуын қоса  есептегендегі байланыс, %;

  Сж – тұқымның  себуге жарамдылығы, %.

Солтүстік Қазақстанда  өсірілетін жаздық дәнді дақылдарда өнімді түптену 1,2-1,3 деңгейінде, орта есеппен тұқымның далалық өңгіштігі 70-90%, өсімдіктің тірі қалуы 65-70% болады.

Егін жинау қарсаңында 1 м2 егістікте дәнді дақылдардың сабақ саны ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай 200-360 дана аралығында болуы мүмкін.

НВ=320*2,5*100/1,3*85*90= 8 кг/га (минималды)

     

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мал азығына өсіру агротехникасының ерекшеліктері.

 

         Түйежоңышқа шептер аз мерзімге ғана енізілген ауыспалы егістерде орналастырылады, сортаң жерлерде оған теңдесетңн дақыл жоқ. Топырақты өңдеу мен түйежоңышқаның өсіру технологиясы эспарцетке ұқсас.

Құрғақ далалы аймақтарда түйежоңышқа бүркемесіз егістікте жақсы өніп-өседі, алайда өнімді екі жылда бірақ рет береді. Сондықтан оны бүркемелі дақылдармен өсірген дұрыс, муның өзі ылғалы қалыпты жылдары негізгі өнімді алғашқы жылы буркемелі дақылдардан алуға мұмкіндік береді, ылғалды жылдарда өнімнің белгілі бір бөлігін туйежоңышқа береді. Жартылай буркемелі егістіктер жақсы нәтижелер береді: итқонақ, арпа, тары, судан шөбі кең қатарлап себіледі, қатараралықтарға түйежоңышқа себіледі, ал қуаңшылықты аудандарда: ерте көктемде түйежоңышқа, сонымен бірге кең қатарлап бүркемелі дақылдар себіледі

Жылына 300 мм-ден  артық жауын-шашын тусетін аудандарда қатардағы әдісті, қуаңшылықты аудандарда кең қатарлы әдісті (30-45 см) қолдануға болады.

Жоғары агрофонда  және қатарлап себу әдісінде гектарына 3-4 млн өнгіш тұқым (6-7 кг) себеді, бүркемелі егістікге және сортаң топырақтарда оны 6-7 млн/га-дан /12-14 кг/га-ға дейін өсіреді, ал агротехника дәрежесі төмен болған жағдайда кең қатарлап 2-3 млн/га өнгіш тұқым 4-6 кг/га себіледі. Бүркемелі егістккетүйежоңышқаны астық-шөп сеялкаларымен қатарлап сепкен дұрыс. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см.Түйежоңышқаны көктемгі жұмыстар басталысымен топырақтың беткі қабатында жақсы ылғал қоры бар мерзімде, мүмкіндігінше сәуірдің екінші жартысынан қалдырмай сепкен дұрыс. Жазғы себу мерзімін (шілдеге) ылғалды жылдары бүркемесіз әдюпен арамшөплен ластанғаң бірақ әуелі олардан арылтып тазаланған алқаптарға қолданады, алайда бұл жағдайда түйежоңышқа тіршілігінің екініл жылында алынатын өнім ерте кәктемде себілген егістіктен төмен болады. Бүркемесіз егістікте арамшепті жерден биігірек алып шауып тастаған жөн

Туйежоңышқа тіршілігінің бірінші жылында оны шілде -тамыздың басында 15-20 см биіктікте, немесе қысқа кетер алдында (қыркүйектің екіаиі жартысында) әрбір 10-12 м сайын кеңдігі 20-30 см шабылмаған жолақ қалдыра отырып шабады. Мұның өзі қарды көбіректоқтатып өсімдіктердің қыстап шығуын қамтамасыз етеді.

Түйежоңышқа алшынкөгінің өркендері жоңышқадағы сияқты тамыр мойнынан (түбінен) емес, топырақтың беткі қабатында 20 см биікгікте орналасқан теменгі жапырақтардың қойнындагы бүршіктерден дамиды, сондықтан өсімдік тіршілігінің екінші жылында алшынкөк алу үшін бірінші шабысты 15-20 см биіктікте жүргізеді.

Гүлденудің  бас кезінде шабылған пішен мен  көкбалаусаның сапасы едәуіржоғары болады. Бұл кезеңдегі мал азығы өте сүйкімді, протеинге бай, қоректілігіжөнінен бәғалы жапырақтар барынша көп сақталады. Кешіктіріліп шабылғанда өнімі ғана емес, сапасы да төмендейді.

Тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. Тұқымды қалқаптарда арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейін орналастырады. Кең қатарлы әдіспен (45-60 см) гектарына скарификацияланған бірінші класты 1-2 млн өнпш тұқым (2-4 кг) себіледі. Түйежоңышқа себілген жылы арамшөпті 2-3 рет шауып тастайды және қатараралықтарды тыңғылықты өңдейді. Келесі жылы көктемде егістікті азот тыңайтқышымен үстеме қоректендіреді, ерте көктемде малалайды және қатараралықтарды культиватор жүргізеді.Бұршақ қаптарынның 40-50% қоңырланғанда бөлекгеп жинауды бастайды.

4.1  Дақылдың ауыспалы егісте алатын орны

Ауыспалы егістің көмегімен  топырақтың құнарлылығын арттыру, дақылдардың  өнімін арттыру, өнімнің сапасын  жақсарту, танаптардағы арамшөптердің  санын азайту, өсімдіктерді аурудан, зиянкестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Ауыспалы егістің экономикалық негізі ғылыми жұмыстарға сүйеніп анықталған, егілетін дақылдардың алатын жер  көлемі әр дақылдың алатын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі:

1. Шаруашылық орналасқан  жердің ауа - райы, топырағы.

2. Шаруашылықтың келешекке  өркендеу бағыты.

3. Ауыл шаруашылық  өнімдерін сату жоспары.

4. Мал шаруашылағына  қажет жем - шөппен толық қамтамасыз  етілуі

Түйежоңышқаның негізгі алғы дақылдарына оттамалы дақылдар (картоп, қызылша, жүгері) жатады.

      Түйежоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Түйежоңышқаның тамырлары шіріген кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты  суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1,5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен түйежоңышқа арам шөптерді мейлінше  тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді.

4.2  Тыңайтқыштар жүйесін әзірлеу.

Егіс алдындағы тыңайтқыштарды дала егістерімен қатар бірге енгізеді. Тыңайтқыштар қсімдікті қысқа уақыт ішінде егін көгінің, тамыр жүйесінің қалыптасуына әсер етіп, қоректік элемент терді және тықайтқыштарды оңтайлы сіңіру қабілетін арттырады.  Тұқым өнуінің екі аптадан соң өсімдікте фосфорға деген қиын-қыстау кезеңі басталады..Егіс алдындағы ендірілген тыңайтқыштар оңай еритін және тез сінетін болуы тиіс.

 Түйежоңышқаның 1т шөп алу үшін топырақтан 3,0-3,5 кг фосфор, 20-24 кг калий және 15-16 кг кальций қолданады . Ол  калийдің (1,5-2,0 ц/га) және фосфордың (3-4 ц/га) тыңатқыштарын ендіргенде жақсы өнім бередіу. Ал қышқылды топырақта фосфорит ұнын қолданған тиімді болып келеді. Түйежоңышқаның тамыр жүйесі  қиын еритін қоректік заттарды сіңіре алады. Сонымен қатар әктас қосқанда өнімділігі күрт жоғарлайды.

 

4.3  Топырақ өңдеу ерекшеліктері.

Ерте көктемде топырақты өндеу – топырақты жақсы жағңдай жасау үшін. Түйежоңышқа терең өңдеу жұмыстарына жақсы әсер етеді, сонда-ақ өмірінің бірінші жылында көбіне тамыр жүйесі дамиды. Тереңдігі 20-22см  ПН-8-35-мен егінді жинап алған соң өткізіледі.

 Топырақты  тегістеу-  БЗТС-1,0 4-5 см тереңдікте өткізеді. Ол топырақтаға тастармен улкен кесектерді ұсақтайды. Егістік топырағын түзу әрі көктемгі өндеу жұмыстары жеңілдету үшін атқарылады.

Қар тоқтату  –СВУ-2,6мен әрбір 5м сайын жел  бағытына көлдененнен бағытта жүргізіледі.

Ерте көктемде топырақты өндеу- топырақ физикалық піскен кезінде БИГ-3А –мен 3-4см тереңдікте жүргізіледі. Бұл жұмыс топырақ кесектерін ұсатып, топырақтағы  ылғалдылықты ағып кетпеіне көмектеседі.

 Топырақты  тығыздау- арамшөптерді арандату  және топырақ үстін  тегістеуүшін жүргізілед.  Себер алдында топырақты өндеу-  арамшөптердің өскіндерін кесіп, топырақты себуге дайындау. КПЭ-3,8бен 5-7см тереңдікте жүргізіледі. Себер алдында өндеуден кейін топырақты малалау, тырмалау және топырақты бастыру жүргізіледі.  Топырақты малалау немесе тырмалау тырмалауыш БЗСС-1,0мен, ал тығыздау Калчато-ш жүргізед.

4.4 Тұқымды себуге дайындау.

Түйежоңышқа қатты тасты  тұқымның 30-50%-ын құрайды, егін көгінің  өнуі үшін себер алдында 3-4 жұма бұрын  скарификациялайды - тұқымдық қабықтың бүтiндiгiнiң бұзу үшін. Ол үшін арнайы скарификаторлар СКС-1, СКС-2, СКС-30 жәе т.б. қолданады.

 Скарификаторлар болмаса  клеверотеркалардан 2-3 рет өткізеді.

  Түйежоңышқа тұқымын  алдын ала агроцид 50% 3кг/т, бенлант  50% 3кг/т, фундазол 50% 3,0кг/т және  т.б. препараттармен өндейді.

Түйежоңышқа  ең басты  өндеуінде жетістік беретін топырақта  түйнекті бактериялардың болуы. Сондықтан  егінді себер алдында  тұқымды  инокуляциялайды. Ол тұқым өнгіштігін 30-50%-ға дейін көтереді. Инокулянттар берілген дақылға сәйкес болуы тиіс.  Тіпті болмаса түйежоңышқаға жоңышқаныкін қолдануға болады. Инокуляция егін себер алдында қоймада немесе қалқаның астында өткізеді, себебі күн саулесі бактерияларды өлтіріп жібереді. Инокулянттар болмаған жағдайда ескі егістік алқаптарының топырақтарын  бактериялар және  майда түбірлермен – 5-6кг/г қолданады.

Инокуляциямен қатар түйежоңышқа  тұқымын микроэлементтермен өндейді, әсіресе  молибден жетімсіз келеді. Молибденқышқылы амониін 20г/ц қолданады.

4.5 Себу

Өмірінің бірінші  және екінші жылында азықтық массасын  ерте сепкенде алады. Себуді кейінге қалтыру немесе маусым-шілде айларына кешіктіру  шаруашылықты  бірінші жылы өнім алудан айырады және екінші жылы азық алуын төмендетеді.

Жазғы себу далалық  аймақтарда сәтсәз болып келеді , себебі  себу периоды(25 маусым-15 шілде) бұл кезде жауын-шашын аз жауып, егін көгі кеш шығып, қысөа әлсіз күйде кетеді. Орманды далалық аймақта жазда себу ылғал жеткілікті болған жағдайда, күзге қарай 25-30см биіктікке дейін өседі. Бұндай шабындық шөп болғанда жақсы қыстап шығадыда келесі жылы екі жылдық  болып тұқым береді.

 Түйежоңышқаны  күзде себу мүлдем жарамсыз  деуге болады.

Түйежоңышқаны екі қатарлы әдіспен мал азығына  тар өатарлы әдіспен (20-25кг/г) және кең қатарлы әдіспен тұқым  алуға (7-8кг/г)  себеді. Себу тереідігі -3см. Түйежоңышқаны әдетте ерте себеді. Кейде оның алғы дақылдарының 2-4 жапырағы пайда болғанда себеді.

 

Кесте -11.

Түйежоңышқаны себу мерзімінің өнімділігіне азықтық массасына (ц/га )

өмірінің            бірінші жылында ( 2012 жыл.).

 

 

Нұсқа

Түйежоңышқа

Жасыл массасы

Шөп

Ерте көктемгі – 10 мая

84,4

17,0

Көктемгі – 20 мая

77,5

15,2

Жазғы  – 20 июля

23,3

4,8

Күзгі

-

-

НСР0,5

6,8

1,4


 

 4.6 Егістікті куту

Егісті күтіп баптауда  базагран, эрадикан, алирокс, далапан гербицидтерді қолдану жақсы нәтижелер көрсетеді.

   Туйежоңышқаның  тұқым алқаптарындағы маңызды  жұмыстардың  бірі-өсімдік зиянкестеріне  карсы күрес.  Барынша көп жарақаттарды кең тараған зиянкестер мен аурулар келтіреді, олар егістік және шалғындық қандала, жоңышқа және асбұршақ шіркейлері, фитомонустар, тихиустар, жоңышқаның қызғылт бүршік шыбыны, жоңышқаның гүл шыбыны, шалғындық көбелек, жоңышқа көбелегі, аурулардан-тамыр шірігі, жалған ұн шығы, сары теңбелділік, бактериялық солу,фузариоздық солу, вирустық аурулар, қарасабақтылық. Туйежоңышқаның зиянкестері мен аурулары пішен өнімін 20-30% дейін төмендетеді.

    тұқымдық, танаптық, мал азықтық ауыспалы егістерде  орналастырады, сонымен қата тұқымдық оқшаулығын (2-3,5 км) қамтамасыз етеді. Бұл шара тұқымдық алқаптағы жоңышқада зиянкестер мен аурулардың барынша аз дәрежеде қоныстануына  мүмкіндік жасайды, өйткені олар ескішақты шөптіліктерде жылдар бойы жинақталған.

Информация о работе Егістік шаруашылығына қысқаша талдау