Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің
теориялық негіздері 5
1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі, түрлері 5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен формалары 6
2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп
айырысу есебінің ұйымдастырылуы 12
2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы 12
2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау 16
2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың
синтетикалық және аналитикалық есебі 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымшалар 25

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы бойынша есеп айырысу.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір  текті жұмысты бір ай ішінде орындаған  жұмысшылар тобы үшін толтырылады. Өнімдік есеп тізімдемесі бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған қызметкерлер тобы үшін толтырылады.

Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік, Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін)  көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің (цехтың)  өндірістік бағдарламасы алынады.

Тексеріліп  қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі.

 

 

2.3 «АзияДент» ЖШС енбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі

 

Кәсіпорындардағы  жұмысшылар мен қызметкерлердің  бәріне және олардың әрқайсысына  бір айға төленуге тиісті әңбекақының  жалпы сомасын табу ұшін алғашқы  құжаттар бойынша өндірілген өнімдер  мен істелген жұмыстарға және қосымша  төлемдер мен еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталынатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізімдемесі деп атайды.

Ұйымдарда бұл  тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөніндегі  есеп айырысу төлеу тізімдемесі  әрбір жұмысшы мен қызметкер  бойынша есептелген еңбекақымен  басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынатын ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдеме жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыс сомалары көрсетіледі.

Жұмысшылар  мен қызметкерлер осы есеп айырысу  төлу тізімдемесі бойынша ұйымның  кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімжемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.

Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығы байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар емн қызметкерлерге төленген және депотентелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең осңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады.

Бұл жоғарыда аталған  құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының лдан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомаларының дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.

 Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерінде көрсетіледі.

Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, тебельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары бойынша толтырылады.

Бұл топтау журнал-ордерлердің  үлгі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттеленетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда есептелген еңбекақы сомасы бөлу тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға жазылады

 

Кесте 4 - «АзияДент» ЖШС еңбекақы есептеу бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Операциялар мазмұны

шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

Еңбекақы есептеу

1620;2920;

7110;8111

3350

Жеке табыс  салығын ұстау

3350

3120

Зейнеткерлік  жинақтау қорына міндетті түрде аудару ұшін ұсталған зейнеткерлік жарналар

3350

3220

Еңбеккерлердің  карт шотына аударылған, және кассадан алынған еңбекақы сомасы

3350

1030,1010

Сот шешімі бойынша жауапты тұлғалардың артық жұмасаған шығындары және т.б. еңбекақыдан ұсталған сомалар

3350

3390,3540

Келтірілген шығынды  қалпына келтіру, артық жұмсаған жауапты тұлғалардың қаржысын қайтару  үшін еңбек ақыдан ұсталған сомалар

3350

1250,2150,6160,6280

Кассадан әкімшілдік персоналдарға еңбекақы берілді

3350

1010

Жұмысшылар  мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді:

-негізге өндіріс  жұмысшыларына;

-қосалқы өндіріс  жұмысшыларына;

-цехтың қызметкерлеріне;

-кәсіпорынның  басқару аппараты қызметкерлеріне;

-маркетинг бөлімінің,  басқа да тауарларды сатумен  айналысатын жұмыскерлерге

 

 

 

8112

8312

8412

7440

 

7110

 

 

 

3350

3350

3350

3350

 

3350

Лауазымды тұлға  болып саналатын жұмысшылар мен  қызметкерлерге есептелген төлемдер

7210

3390

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

7210,8112

3150


 

«АзияДент»  ЖШС  жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін  есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қандайда болмасын кәсіпорында өнім шығарудың немесе қызметтер үлесінің артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты.

Еңбекақы  экономиканың категория ретінде жүмыскерлердің өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей  тұтынуына келіп түсетін қажетті  табыстың ақшалай көрінісі. Басқаша  айтқанда, еңбекақы жұмыскерлердің жасаған  еңбегіне алатын ақысы. Ол еңбектің құны немесе бағасы болып табылады. Біздің елімізде еңбекақы төлеуді жетілдірудің барлық жолдарын қарастыруымыз керек. Ең бастысы есептеудің қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу.Сонымен қатар өндірітер еңбек өнімділігін және өнім сапалығын көтеру үшін жәрдемақыларды, үстемелерді, жеңілдіктерді сондай-ақ бірдей лауазымды тұлғаларды аттестациядан өткізу жоғары нәтижелерге әкеледі.

Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициенті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізеді. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпке бекітіледі.

Еңбек кодексімен көзделген орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі.

Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған  демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көз қарас  өзгерудке  кім көп жұмыс істесе, сол көп  табыс табуы тиіс.

Тауарды сатудан  түскен қаржылар тауар өңдірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалығының және жеке табыстарының негізгі  көздері жоғары өлшеміне айналады.

Жалақының нысаны мен жүйесі жалақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағы байланысты белгілейді  және өз еңбегінің қортындысына  байланысты жалақынын белгілі тәртібін есептейді.

Кәсіпорында жұмыс  істейтің жұмысшылардың еңбек өнімділігінің  өсуі ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік  береді

«АзияДент»  ЖШС  стоматологиялық кабинет ЖШС Қазақстан Республикасының Павлодар облысында  орналасқан

Мыналар «АзияДент» ЖШС стоматология кабинеті қызметтерінің  негізгі түрлері:

- Ортопедиялық  стоматологиялық қызметтер;

- Терапевтикалық  стоматологиялық қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;

- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер);

- Тістің техникалық жұмыстары.

Қызметтерді негізгі  тұтынушылар халық және олардың  бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.

Кабинет  аумағы 350 шаршы метр  сатып алынған  ғимаратта орналасқан Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметрерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білім жәнге басқа белгілерін есепке алады.

Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі (Т-13, Т-13а) қолданылады.Бұл табельдің банкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-жөні, кәсібі, табель номері және т.б.Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерінде көрсетіледі.

Сондықтан да рапорттар  мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, тебельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары бойынша толтырылады.

Бұл топтау журнал-ордерлердің  үлгі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттеленетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда есептелген еңбекақы сомасы бөлу тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға жазылады

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР 2007 жылы 28 ақпандағы  №234-ІІІ Заңы
  2. ҚР Азаматтық Кодексі 27 желтоқсан 1994 ж
  3. ҚР Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі 12 маусым 2001 жыл №209-ІІ
  4. ҚР Еңбек Кодексі 15 мамыр  2007 жыл №251-ІІІ
  5. Қаржылық есептемеліктің  №1 Ұлттық стандарттары, ҚР Қаржы министрлігі 21.06.2007ж.№218   бұйрығымен бектіліген
  6. Қаржылық есептемеліктің №2 Ұлттық стандарттары, ҚР Қаржы министрлігі 21.06.2007ж .№217     бұйрығымен бектіліген
  7. Бухгалтерлік есепшоттардың жаңа үлгі жоспары, ҚР Қаржы министрлігі    23.05.2007 э№ 185 бұйрығымен бектіліген
  8. Қаржылық есептемеліктің Халықаралық стардарттары, 2007 ж
  9. ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы заңы 24.06.2002.
  10. «Жал есебі» №17 Халықаралық <span class="dash0411_0435_0437_0020_0438_043d_0442_0435_0440_0

Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі