Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің
теориялық негіздері 5
1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі, түрлері 5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен формалары 6
2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп
айырысу есебінің ұйымдастырылуы 12
2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы 12
2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау 16
2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың
синтетикалық және аналитикалық есебі 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымшалар 25

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы бойынша есеп айырысу.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

Кіріспе            3

1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің

теориялық негіздері          5

1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлері     5

1.2 Еңбек  ақы түрлері мен формалары       6

2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп

айырысу есебінің ұйымдастырылуы       12

2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы               12

2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау           16

2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың

синтетикалық  және аналитикалық есебі       19

Қорытынды           22

Қолданылған әдебиеттер тізімі        24

Қосымшалар            25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.

Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»  Жолдауына сәйкес 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары орта шамамен 30%-ға жоғарылады.

Бұдан басқа, Еңбек кодексіне  сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге жыл сайын төленетін еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде белгіленді және жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына шығар кезде емделуге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілді.

Мұнымен бірге, Қазақстан  Республикасы Президентінің 2008 жылғы    6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі.

Еңбекақы төлеудің  маңызын,  қызметкерге еңбек міндетін  орындағаны үшін  берілетін сыйақы  деп  түсінеміз.

Еңбекақы төлеудің негізінде  еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен  шектелінетің, өндіріс факторы  ретіндегі еңбектің құны жатыр.  Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын  толтыратын  өнім өндіруге міндетті, олай болса  еңбекақы  қызметкердің  еңбек тиімділігіне  тәуелді.

Әлеуметтік экономикалық  категория бойынша еңбекақының  маңызын  қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы  оның жеке  табысының  негізі және басты бөлігі  болып табылады,  сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың  әл ауқат деңгейін  жоғарылататын  құрал болып саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 1350 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының  "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабына сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгi мөлшерi – 15 999 теңге құрады, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш – 17439 теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің (одан әрі – Кодекс) 10-бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартының құрамы Кодекспен  анықталған, оның міндетті кағидаларының  бірі болып еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттарының көрсетілуі саналады.

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономикада қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау.

Осы мақсаттарға қол жеткізу  үшін төмендегі міндеттер орындалады:

  • Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің теориялық негіздерін анықтау;
  • ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлерін анықтау;
  • Еңбек  ақы түрлері мен формаларын зерттеу;
  • «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің ұйымдастырылуын талдау;
  • «АзияДент» тіс емханасы сипаттамасын жасау;
  • «АзияДент» тіс емханасы еңбекақыны есептеуді құжаттау;
  • «АзияДент» тіс емханасы енбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебін талдау.

Зерттеу объектісі  – «АзияДент» тіс емханасы

Зерттеу пәні - «АзияДент» тіс емханасы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қызметкерлермен  енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің теориялық негіздері

 

 

1.1 ҚР-да  еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлері

 

Экономика ғылымында  еңбек ақы туралы мынадай ұғым шықты, яғни еңбекақы бұл – жұмыс берушінің жұмыскерге төленетін ақшалай қаражаты.  

Еңбек ұғымы  тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

Еңбекақы жөніндегі  саясат кәсіпорында басқарудың құрамды  бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.

Еңбекақы бұл  жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Жұмыс күші бұл  қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.

Еңбек тиімділігін  арттырудың мынадай әртүрлі ынталандыру  жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері.

Жұмыс беруші нақты  жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы  төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей  алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкерлер туралы» ережесін белгілей алады.  Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру  мен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.

Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша  жасалуы мүмкін. Іс жүзінде еңбек  ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді және мерзімді.

Мерзімді еңбек  ақының жай мерзімділік және сыйақылы мерзімділік төлемі болады.

Ал кесімді  еңбек ақы кесімді прогрессивті, жанама кесімді және еңбек төлемінің  аккордтық жүйесі болып үшке бөлінеді. Кейбір кәсіпорындарында есепті тариф мөлшерлемесімен жүргізеді.  Тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэфициенті белгілінеді.

Еңбек ақы есебі  және оның төлемінің  негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады. 

Жұмысшы мен  жұмыс беруші арасындағы қатынастары  нормативтік құқықтық актілермен  1999 жылдың 10 желтоқсанындағы шыққан  «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдерімен реттеледі.   Еңбек ақы бойынша есеп айырысулар еңбек ақыны төлеу үшін немесе еңбек ақыны және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі. Еңбек ақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес болатын болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді.

Еңбек ақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгілінген минимумнан төмен болмайды. Еңбек ақының бірнеше төлемдері болады:

  • демалыс уақытына төленетін төлем;
  • пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы ;
  • демалыс және мереке күндерінде істелген жұмысқа төленетін төлем.

Еңбекақы– еңбек  құнының (бағасының) ақшалай өлшемі Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға  көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік етеді.

Жалақыны дифференциялау және оның принциптері:

Еңбек ақы деңгейі  халық шаруашылығы саласына көбірек өзіндік ерекшелігімен айқындалады, ол келесі принциптерге негізделеді.

Бірінші принцип, еңбектің күрделігі. Күрделі білітілікті (квалиффикацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр: қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек  еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп  алуы керек.

Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.

Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады.

 

 

1.2 Еңбек   ақы түрлері мен формалары

 

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбекақының мерзімді және кесімді түрлері болады.

Мерзімді жалақы дегеніміз – бұл нақты жұмыс  істеген күніне және сағатына қарай  тарифтік мөлшерлемемен есептелетін  еңбекақы.

Кесімді жалақы дегеніміз бұл нақты жұмыс істеген уақытына қарай және жұмыстың нәтижесіне қарай есептелетін еңбекақы. (әрбір істелген жұмыс санына немесе сату көлемінің көптігіне пайыз түріндегі еңбекақы).

Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбекақы екіге бөлінеді: негізгі және қосымша.

Негізгі  -  бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы. Негізгі еңбекақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбекақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.

Қосымша – бұл  қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбекақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
  • жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • шыққанда берілетін жәрдемақы.

Қызметкерлер  еңбекақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.

Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі