Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:56, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің
теориялық негіздері 5
1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі, түрлері 5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен формалары 6
2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп
айырысу есебінің ұйымдастырылуы 12
2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы 12
2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау 16
2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың
синтетикалық және аналитикалық есебі 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымшалар 25

Работа содержит 1 файл

Еңбекақы бойынша есеп айырысу.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

 

 «АзияДент» ЖШС стоматологиялық емханасы бәсекелестік басымдығын мыналар құрайды:

- жоғары білікті кадрлар және клиникада заманауи, өзін жақсы жағынан көрсеткен  технологиялар мен материалдар;

- кешенді сапалы емдеу және пациенттерге ілтипатпен қарау;

- клиниканың  ыңғайлы орналасуы;

- клиниканың сауатты менеджменті.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ,                            инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады.

Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды.

Кәсіпорынның  ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады     (1-сурет).

1- сурет – «АзияДент» клиникасының ұйымдастыру құрылымы

 

Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке  жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және  жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді.

«АзияДент»  ЖШС  директоры фирманың жеке меншік мекеме мүлкін иеленеді, фирма атынан келісім шарт, еңбек келісім шартын жасайды, сенімхат береді, банкте есеп айырысу шоттарын және басқа да шоттар ашады, баптарды бекітеді, бұйрықтарды шығарады және тиісті нұсқаулар жасайды.

Басшының  лауазымдық қызметі:

Жарғыға және басқа  да құқықтық актілерге байланысты мекеме барлық бизнес түрінің қызметін басқарады;

Кәсіпорынның  қызметтеріне талдау жүргіземіз және оның төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылығын  кестеде табамыз.

 

Кесте 1 – «АзияДент» ЖШС 2010-2011 ж баланс бабының динамикасы

 

Көрсеткіштер

Абсолютті көрсеткіштер,

Салыстырмалы көрсеткіштер, %

01.01.2010

01.01.2011

өзгеріс

01.01.2010

01.01.2011

өзгеріс

Өсу қарқыны

Ұзақ мерзімді активтер

232643

210522

–22121

71,57

51,13

–20,44

–9,51

–материалды емес активтер

1446

1226

–220

0,62

0,58

–0,04

–15,21

–негізгі қор

231197

209296

–21901

99,38

99,42

0,04

–9,47

Ағымдағы активтер

92420

201209

108789

28,43

48,87

20,44

117,71

–ТМЗ 

73707

69587

–4120

79,75

34,58

–45,17

–5,59

–дебиторлық қарыз

3905

96109

92204

4,23

47,77

84,75

2361,18

– ақша

1102

2743

1641

1,19

1,36

–39,83

148,91

Басқа активтер

13706

11505

–2201

14,83

5,72

–2,39

–16,06

Мүліктің барлығы

325063

411731

86668

100,00

100,00

0,00

26,66

Меншікті  капитал

–170

2450

2620

–0,05

0,60

0,65

–1541,18

Жарғылық капитал

35000

35000

0

–20588,24

1428,57

22016,8

0,00

Бөлінбеген кіріс  (убыток)

–35170

–32550

2620

20688,24

–1328,57

–22016,8

–7,45

Міндеттемелер,

325233

409281

84048

100,05

99,40

–0,65

25,84

–ұзақ мерзімді міндеттемелер

212931

347817

134886

65,47

84,98

19,51

63,35

– қысқы мерзімді несиелер

112302

61464

–50838

34,53

15,02

–19,51

–45,27

–несиелік қарыздар

323180

174186

–148994

99,37

42,56

–56,81

–46,10


 

Кәсіпорын мүлігі, ағымдағы активтерге байланысты, бір  жағынан міндеттері мен меншікті капиталдары 26,66% немесе 86668 мың теңгеге ұлғайды.

Кәсіпорынның  ұзақ мерзімді активтерінің үлесі 51,13 % жалпы активтегі көлемі, 22121 мың  теңгеге азайды немесе 9,51 %, азайғанына байланысты негізгі қор 21901 мың теңге  болды.

Ағымдағы активтер 108789 мың теңгеге ұлғайды, дебиторлық қарыздың 92204 мың теңгеге ұлғайюына байланысты, ағымдағы активте 47,77 % орын алады. Ақша 1641 мың теңгеге ұлғайды, ТМЗ 4120 мың теңгеге азайды.

Меншікті капитал 2620 мың теңгеге өсті, бөлінбеген кірістің арқылы 2620 мың теңгеге өсті. Жарғылық капитал сол бұрынғы деңгейінде 35000 мың теңге көлемінде қалды. Міндеттеме 99,4 % жалпы пассив көлемінде орын алады, олар 84048 мың теңгеге ұлғайды. Ұзақмерзімді міндеттеме 134886 мың теңгеге ұлғайды, 84,98 % орын алды. Қысқа мерзімді несие және несиелік қарыздар 2009 жылға қарағанда азайтылды.

Кәсіпорынның  кіріс және шығын көрсеткіштерін  2 кестеде талдайық

 

Кесте 2  – «АзияДент» ЖШС 2010-2011 ж кіріс және шығын есебінің динамикасы

 

Көрсеткіш

Абсолютті көрсеткіштер, мың. тенге

Өсу қарқыны, %

01.01.2010

01.01.2011

өзгеріс

Атқарылған жұмыстан түскен табыс

37814

231298

193484

511,67

Істелінген жұмыстардың өзіндік құны

57941

198097

140156

241,89

Жалпыпайда

–20127

33201

53328

–264,96

Мерзім шығындары, в т.ч.

       

Жұмыстарды іскеасыруға шығыстар

0

3309

3309

0

Әкімшілікшығындар

12016

27307

15291

127,26

Басқа шығындар

1096

9719

8623

786,77

Созылатын қызметтен (шығын) пайда

–30113

2620

32733

–108,70

Салық төлеуге дейін (шығын) пайда

–30113

2620

32733

–108,70

Бірлескен салықбойынша шығыстар

0

0

0

0,00

Таза табыс (шығын)

–30113

2620

32733

–108,70


 

Кестеден кіріс көлемі 32733 мың теңгеге ұлғайды, бұл барлық шығын түрінің ұлғайғанына байланысты, кері кезеңдер ұсынған қызметтің  өзіндік құнының ұлғайғаны болып  табылады, әдетте ол сатып алушылар үшін қызметті төлеу бағасының өсуіне әкеледі. Кіріс өткізімділіктен түскен 193484 мың теңгеге ұлғайды. 

 

 

2.2 «АзияДент» ЖШС еңбекақыны есептеуді құжаттау

 

«АзияДент»  ЖШС кәсіпорны шаруашылық қызметін  жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып тұрады.

Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білім және басқа белгілерін есепке алады.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісім-шарты - жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны , келісім-шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да  мәселері туралы сұрақтар қарастырылады.

Жеке еңбек  келісім-шартында мыналар қарастырылады :

  • белгісіз мерзімге ;
  • белгілі мерзімге ;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.

Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім-шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қояды. Құрымдылық бөлімше бастығы  оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі.

Жылдың басында кәсіпорында  жалақыны есептеу мөлшерін жоспарлау  үшін «Штаттық кестесі» жасалынады, оның ішінде барлық жұмыс істейтін жұмыскерлердің санын, олардың еңбек мөлшерін көрсетіп, жалпы сомасын анықтайды.  

          Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шартының тоқтатылуы» туралы бұйрық қолданылады. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады.

Жұмысшылар  мен қызметшілердің жұмыс уақытының  белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істеген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін « Жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельде    жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауыткушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады.

Ай сайын  жұмыскерлерге жалақы есептелінеді және төленеді. Есептеу үшін жұмыскерлердің нақты окладын немесе нақты жұмыс жасау уақытын анықтаймыз. Басында жұмыс уақытын есепке алу табелі толдтырылады да, еңбекақы есептеу ведомості толтырылады. Ол ведомостте әрбір жұмыскердің жиынтық еңбекақысын, еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарын және нақты еңбекақысының сомасы көрсетіледі.

Нақты еңбекақы көрсеткіштері негізінде төлем  ведомості құрылып жұмыскерлерге  тиесілі сомалары ұсынылады. Ведомостте жазылған міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы қорларының шоттарына, ал жеке табыс салығы бюджет есебіне аударылады. Егер еңбекақы берілген күні кейбір тұлғалардың аванс алғаны белгілі болса, алынған аванстың сомасы нақты еңбекақы сомасынан шегеріледі.

 

Кесте 3 - «АзияДент» ЖШС шоттар корреспонденциясы

 

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Әкімшілік басқарудың қызметкерлеріне

7210

3350

2

Медициналық қызметкерлерге

2930

3350

3

Жеке тұлғалардан  табыс салығы ұсталынды

3350

3120

4

Жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы  жарнасы аударылды

3350

3220

5

Өтеу сомасы еңбекақыдан ұсталынды

3350

1250


 

Жыл сайынғы  және басқа да "Еңбек туралы " Заңға, ережелермен заң актісі, ұйымдық  шарт және демалыс графигіне байланысты  қызметкерлерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, біреуін кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді. Бұйрыққа не кәсіпорын басшысы немесе құрылыс бөлімі бастығы қол қояды. Осы бұйрық негізінде кадр бөлімі  қызметкерге  демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады. Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда жеке, еңбек шартының тоқтатылғандығы жайлы бұйрық шығарылып, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді. Барлық қызметкерлер категориясы жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режімінің сақталуына бақылау жасау үшін, істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс уақыты табелі жасалады.

Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының  орындалу есебі үшін жұмыс уақытының  есеп табелі (Т-13, Т-13а) қолданылады. Бұл табельдің банкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-жөні, кәсібі, табель номері және т.б. Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны  жүргізуге уәкілетті тұлғаға  бір данадан беріледі.

Табель тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын  қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.

Табельдік номір  кәсіпорында тәртіпке келтірілген  сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі  өздерінің барлық қызметкерлердің  аты-жөні енгізіледі.

Табельде жұмысқа  келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама және т.б.) .Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келмеген күндерін көрсету немесе тек ауытқуларын көрсету арқылы жүргізіледі.

Мезгілден тыс  жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл  жұмысты орындаған тұлға тізімінде  жүргізіледі. Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды. Соның мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады. Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.

Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.

Табельге бұл  деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебін бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде енгізіледі. Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып, карточкалық әдіспен - бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен - тапсыру және беру жолмен; бақылау - рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.

Қызметкердің  жеке құрамы туралы есепті арнайы тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбір қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік нөмірі жазылады. Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады. Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады.

Қызмет көрсету  немесе орындалған жұмыс есебі істелінген жұмыс саны, аяқталмаған қызмет және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материалдар санымен көрсеткен қызметтің сәйкестігін бақылау туралы нақты және уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Еңбекақы төлеу  жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа  ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы есеп және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады. Есепті оңайлату мақсатында  көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі