Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:56, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.
Кіріспе 3
1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің
теориялық негіздері 5
1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі, түрлері 5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен формалары 6
2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп
айырысу есебінің ұйымдастырылуы 12
2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы 12
2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау 16
2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың
синтетикалық және аналитикалық есебі 19
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымшалар 25
Негізгі және қосымша еңбекақылар еңбекақы қорын құрайды. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбекақының сомасы кәсіпорындағы еңбекақының есептік қоры деп аталады.
Кәсіпорын практикаларында
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тарифтік мөлшерлеме – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынасы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктерімен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.
Қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.
Тарифтік жүйеге:
Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
ҚР еңбек
заңдарына сәйкес жұмысшылар мен
қызметкерлердің мынадай
1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты;
2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;
3. Нәрестені тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу;
4. Кезекті және
оқу демалыстарының уақытын
5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы.
Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа еңбекақы бойынша төленеді.
Орташа еңбекақыны анықтау үшін:
1.Күндік орташа
еңбек ақыны (жұмыс
2.Орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады;
Күндік орташа еңбекақы, еңбекке ақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын жұмыс күндерінің сомасына бөлу жолымен анықталады.
Нақты жұмысшының орташа еңбекақысының мөлшері күндік орташа еңбекақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.
Күндік орташа еңбекақы есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысының мөлшері орташа сағаттық еңбекақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:
1.Қызметкердің орташа еңбек ақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);
2.Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы алса (жүктілігі мен босануы бойынша, еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа еңбекақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ төленген сомалар алынып тасталынады.
Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша орташа еңбекақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.
1.Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.
2.Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан аспауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:
а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;
б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.
3.Нәрестені тамақтандыруға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемесі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген анықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа еңбекақы бойынша төленеді.
4.Демалыс уақытын төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы төленетін демалыс уақыты 24 күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа еңбекақысы демалысқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың еңбек ақысына орай анықталады
Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың еңбекақысына орай анықталады. Күндік орташа еңбек ақы есепті кезеңдегі еңбекақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады.
5. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стаж 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді:
2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің ұйымдастырылуы
2.1 «АзияДент» тіс емханасы сипаттамасы
«АзияДент» тіс емханасы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында орналасқан.
Мыналар «АзияДент» тіс емханасының қызметтерінің негізгі түрлері:
- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;
- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;
- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;
- Стоматологиялық бұйымдарды дайындау (тістің қабы, протездер);
- Тістің техникалық жұмыстары.
Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.
Кабинет аумағы 350 шаршы метр сатып алынған ғимаратта орналасқан.
Ортопедиялық емдеуге тістің қатты тіндерін тамырына жапсыру, алдын ала, соңғы, қолданыстағы және қосарланған оттискілерді алу; жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен тіректерін орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау, алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және оларды орнату кіреді.
Терапевтік стоматология тістерді консервативті емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық стоматологиямен айналысатын дәрігерлер тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті тістің шіруін емдеу, тісті сақтау шараларын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар емханада стоматолог-терапевтер қызыл иектің ауруын емдейді және тістерді жаңартады.
Хирургиялық стоматология мынадай емдеу әдістерін қолданады: тісті жұлу, жұлынған тістің орнына профилактикалық шаралар жүргізу, сүйек тінін орнату, тістерді дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.
Тістердің имплантациясы – жасанды «түбір» орнату әдісі, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйек үшін титаннан дайындалады. Имплантаттар не тістің қабы бекітілетін (түскен тісті толық ауыстыратын) немесе алынатын не алынбайтын тіс протездеріне арналған тірек ретінде қолданылады.
Конструкциялық
жағынан имплантат екі бөліктен
тұрады – жақ сүйекке хирургиялық
жолмен орнатылатын титан
Тіс емханасының ұсынатын қызметтер тізбесі 1-кестеде берілген..
1-кесте – «АзияДент» ЖШС ұсынатын қызметтердің тізбесі
Атауы |
Өлш. бір. |
Саны /1 айда |
Бағасы, тг. |
Стоматология - ортопедия креслосы |
|||
Металлокерамика |
дана |
50 |
11 000 |
Бюгель протездер |
дана |
2 |
50 000 |
Тұтас құйылған қоронкалар |
дана |
10 |
6 000 |
Пластик коронкалар |
дана |
10 |
3 000 |
Алып-салынатын протездер |
дана |
10 |
12 000 |
Штамптап жасалған коронкалар |
дана |
100 |
3 000 |
Стоматология - терапевт креслосы |
|||
Пломба |
дана |
150 |
5 500 |
Стоматология - хирургия және имплантология |
|||
Тістің күрделі жұлынуы |
дана |
90 |
3 500 |
Имплантация |
дана |
20 |
75 000 |
Құю қондырғысы |
|||
Қалпақшасын құю (металлокерамика. тіректерін, протездер дайындау үшін) |
дана |
330 |
4 600 |
Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін) |
дана |
330 |
600 |
Бюгель протезінің қаңқасын құю |
дана |
10 |
10 000 |
Тістің техникалық жұмыстары |
|||
Металлокерамика түбірлерін дайындау |
дана |
40 |
3 500 |
Бюгель протездерін дайындау |
дана |
2 |
7 000 |
Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау |
дана |
10 |
3 200 |
Пластмасса тіс қаптарын дайындау |
дана |
10 |
2 300 |
Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі