Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 22:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
 «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;

Содержание

 Курстық жұмыс тақырыбы...........................................................3
 Курстық жұмыс мақсаты..............................................................3
 Курстық жұмыс құрылымы..........................................................3

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім

1.1. Қолдану саласына талдау.....................................................................4
1) Несие және несие қатынастарының пайда болуына сипаттама... ................................................................................................................5
2) Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар...................8

1.2. « Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты.........................................................................................................10
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..................................10
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар...................11
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар..................12
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы...................18


2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен
түрлері.....................................................................................................19
2.2. Кіріс ақпараты......................................................................................20
2.3. Шығыс ақпараты..................................................................................21

Қорытынды............................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................27

Қосымшалар................................................................

Работа содержит 1 файл

Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі.DOC

— 252.00 Кб (Скачать)
ify"> 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Толықтырулар:

 

Кіріс документтері:

DOKR – несие келісім-шарты (договор о кредите)

NOS – несие  ашуға арналған өтініш (заявление на открытие кредита)

DOP – қол қою үлгісі бар құжат (документ с образцами подписей)

RNN – салық төлеушінің тіркелген нөмірі (РНН)

UD – куәлік (удостоверение личности)

OOKR – несие бойынша есеп беру (отчет о кредите)

OVID_KRED –  несие түрі бойынша есеп беру (отчет по видам депозитов)

DPRKRED – «Несие өтімділігі бойынша есеп берудің» Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 –ТАРАУ.    Негізгі бөлім

     

Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен түрлері

 

              Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.

              Айырбас процесінде уақытша бқлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие берушімен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу – несиенің алғашқы қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни  несиенің қайта бөлу қызметінің  белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы – материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат (объект) әр түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді: қайта бөлінетін заттың құны. 

              Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нысандарына байланысты: аймақтықаралық, салааралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар – кәсіпорын басқа салада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек шаруашылық субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде пайдаланғанда туындайды.

               Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиенің қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнның меншік иесі өзгермейді, қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнының меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.

                Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырықша белгіліері бар:

      несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық игіліктерінің, өндіріс құрал – жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғнни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік құрал – жабдықтар мен тұтыну заттарының құны бөлінеді;

      несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;

      несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі – уақытша қолдануға уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;

      несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал – банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

              Несиенің келесі атқаратын қызметі – нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма – қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма – қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айнлымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға тән “қызметін” атқарады (тауарлы – материалдық құндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және тағы сол сияқты заттарға жұмсалады).

              Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала жасалған жағдайлар болуы шарт:

      дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда   оның маңызының жоғары болуы;

      экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем  құжаттарының еркін айналуы;

      оталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы (шығаруы).

              Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс - әрекеті, ал экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізгі және құралы болып табылады.

 

 

 

 

              Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады.

              Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.

              Несиенің маңызы сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несилерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.

              Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы , бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тартуарқылы қаржысын кеңейтіуібағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай – ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырады. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

              Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

              Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі.

              Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.

              Несиенің негізгі екі формасының – әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және тағы басқа.

              Несиенің түрлері – ол ұйымдастыру – экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Нсиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар – ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:

           несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына;

           экономиканың салаларында қолданылуына;

           несиенің қамтамасыз етілуіне;

           несие үшін төлем.

              Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс – тәжірибеде несиенің басқа көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.

 

2.2.             Кіріс ақпараты

 

          Кіріс ақпараты – АЖ қызметін орындау үшін қажетті құжаттар, мәліметтер түріндегі түсетін ақпарат.

Банк салымының келісім -шартындағы кіріс қатынас ақпаратының құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы

                                                                                                                    6 - кесте

 

Қатынас атауы

Идентификатор

Несие берудің келісім –шарты

DOG_OKR

 

Реквизит атауы

Есеп қойылымы

Реквизит ұзындығы

1

2

3

Несие түрі

VID_KRED

А(15)

Келісім –шарт нөмірі

N_DOG

9(3)

Клиенттің аты – жөні

FIO

А(25)

Соманы қабылдау

SUMMA

9(6)

Сыйақы мөлшерлемесі

PROSENT

9(6)

Жинақ шот нөмірі

N_SER_S

9(3)

Мекен – жайы

ADRES

A(25)

Күні

DATA

9(10)

Информация о работе Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі